Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет2/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

экспедицияларын ұйымдастыру.  
  Қазақстанның 
өркениет 
тарихының 
үздіксіз 
дамуын 
көрсететін деректі-қойылымдық 
фильмдердің, 
телевизиялық 
сериалдар  мен  толықметражды  көркем  картиналардың  арнайы 
циклін өндіріске енгізу. 
  Ұлт  қаһармандарын  үлгі  тұту  үрдісін  қалыптастыруға  жол  ашатын 
сапалы  балалар  фильмдері  мен  мультипликациялық  сериалдарды  аса 
қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару(2). 
         Өз  халқының  тарихы  мен  мәдениетін  терең  зерделеу  арқылы  ұлттық 
сананы  жаңғыртуға  нақты  бағыт-бағдар  берген,  елдің  рухани  дамуына  зор 
ықпал  ететін  осы  еңбектердегі  идеялар  білім  беру  ұйымдарының  жас 
ұрпақты тәрбиелеудегі басты ұстанымына айналуы тиіс. Барлық тәрбиелік іс-
шаралар мазмұнында осы жобаларды жүзеге асырудың жолдары белгіленіп, 
педагогтар, ата-аналар мен оқушыларды  кеңінен қатыстыру қажет.   
        Білім  мен  тәрбие  егіз  ұғым.    Мағжан  Жұмабаевтың  пікірмен  айтсақ: 
«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан 
әрбір  тәрбиеші  сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесімен  таныс  болуға  тиіс...»  (3). 
Балаларымызды 
қалай 
тәрбиелесек, 
болашағымыз 
солай 
болмақ. 
Балаларымызды  білімді  де  мәдениетті,  тәрбиелі  де  әдепті,  кішіпейіл  де 
қарапайым  етіп  тәрбиелеу  өз  қолымызда.  «Өткенін  мақтан  тұтып,  бүгінін 
нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты 
болуының  кепілі  дегеніміз  осы»  деген  Елбасының  пікіріне  сүйене  отырып, 
жас  ұрпаққа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  тәрбие  беруді  жүйелі 
жүргізу  арқылы  терең  бағдарламалық  мақалалардағы  идеяларды  іс  жүзінде 
жүзеге асыра аламыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласы. 
12 
сәуір 
2017. 
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-
basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy. 

11 
 
2.  Мемлекет  басшысының  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  атты  мақаласы.  21 
қараша 
2018. 
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-
basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy. 
 
ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИЛІГІН ДАМЫТУДЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДА 
КОЛЛАБОРАТИВТІК ОРТА ҚҰРУ 
 
Тайтанова Нұржамал Қамбыловна 
«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны 
әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы 
 
 «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»   
(Сенека Луций) 
 
Қазіргі  таңда  оқыту  саласында  болып  жатқан  өзгерістер  тек  білім 
мазмұнын  ғана  емес,  оның  ұйымдастыру  формаларын,  әдіс-тәсілдерін, 
материалдық-техникалық  жағынан  жабдықталуын  жүйелі  түрде  өзгертуді 
қажет  етеді.  Ең  бастысы  осы  жаңалықтарды  жатырқамай,  өзгерісті  тез 
қабылдайтын,  икемді  болу  үшін  маманның  өзі  өзгеруі  қажет.  Себебі 
оқушылардың оқуда да, өмірде де табысты болуы, әлеуметтенуі, тәрбиесі мен 
тұлғалық  дамуы  ең  алдымен  мұғалімнің  қабілетіне,  жеке  тұлғалық 
қасиеттеріне,  оның  кәсіби  құзыреттілігіне,  өзіндік  мәртебесіне  байланысты. 
Жеке  тұлғалық  әлеуеті,  кәсіби  құндылықтары  жоғары  ұстаз  шәкіртіне  кез 
келген жағдайда көмек көрсетуге дайын болады.  
«Егеменді  еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас 
ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,  –  деп  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 
айтқандай,  Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн 
тәртібінде  тұрған  келелі  мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту,  өркениет 
біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.  
Қоғамның  жас  ұрпақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  терең  сезіліп 
отырған  бүгінгі  таңда  оқу  тәрбие  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  бағытында 
барлық  мүмкіндіктер  мен  ресурстарды  пайдалануды  көздейді.  Міндеттерді 
орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер 
өрістеуде. Мұғалімнің міндеті - заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана 
білетін, көпшілікпен араласып қарым-қатынас жасайтын, өз ойын еркін айта 
алатын, өзіндік шешім қабылдай білетін тұлғаны жетілдіру. 
Коллаборативтік  оқу  –  мұғалімдер  тобының  немесе  оқушылардың 
мәселені  шешудегі,  тапсырманы  орындаудағы  немесе  өнім  шығарудағы 
бірлескен  жұмысын  болжайтын  оқыту  мен  оқудың  білім  беру  тәсілі.  Оның 
негізін  оқу  –  бұл  өз  ерекшелігі  бойынша  әлеуметтік  қызмет,  мұнда 
қатысушылар бір-бірімен араласады және оқу үдерісі қарым-қатынас арқылы 
жүзеге асырылады деген ой құрайды. өзін-өзі бағалау. 

12 
 
Коллаборативтік 
оқыту 
жағдайында 
білім 
алушылар 
түрлі 
көзқарастағы  пікірлерді  естіп,  өздерінің  идеяларын  дұрыс  қалыптастыруды 
және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-
ақ  эмоционалдық  тапсырмалар  қойылады.  Сол  арқылы,  білім  алушылар 
өздерінің  ұғым-түсініктерін  қалыптастырып,  және  де  оқулықта  ұсынылған 
түсініктерге  немесе  сарапшылардың  пікірлеріне  ғана  сенуден  бас  тартуды 
үйрене  бастайды.  Яғни,  коллаборативтік  оқу  үдерісінде  тыңдаушылар  өз 
ойымен осы ортада бөліседі, басқаның ойымен санасады,өз пікірлерін айтуға 
және оны қорғауға мүмкіндік алады. 
Ұсынылған  ойын  жаттығулар  тыңдаушылардың  өз  ойларын  жүйелі 
жеткізуге ықпал етеді, алған білімдерін іс-тәжірибелік тұрғыдан қолдануды 
көздейді,  өзіндік  креативтілікті  –  шығармашылық  қабілеттерін  ашуға,  жаңа 
білім алуға және өзін дамытуға, дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Себебі,  бұл жаттығулардың құндылығы тыңдаушылардың бойына білу мен 
түсінуіне түрткі  жасау болып табылады. 
 
Әлеуметтік әрекеттестікті белсендіру 
Кезеңдері  
Тәсілдері 
Іс-қимылдар 
Танысу 
 
Қарлы кесек 
Топтың  алғашқы  мүшесі  өзінің  есімін 
және  өзіне  тән  қасиетті  (мінезінің 
ерекшелігін)  атайды,  немесе  өз  есімінің 
алғашқы әрпінен басталатын, өз мінезінің 
қандай  да  бір  қасиетін  бейнелейтін  сын 
есімді 
атайды. 
Келесі 
қатысушы 
алдыңғының 
есімін 
және 
қасиетін 
қайталайды, 
осыдан 
кейін 
өзін 
таныстырады  
Менің 
есімімнің 
тарихы 
Әр  қатысушы  кезекпен  өз  есімінің  шығу 
тарихын,  оны  кім  қойғанын,  қандай 
мағына  беретінін  әңгімелейді.  Мені  ... 
атағаны маған ұнайды  
Корпоративтік 
мәдениет 
Топ 
қағидалары 
Жалпы 
қабылданған 
қағидаларды 
құрастыру  үшін  әрбір  қатысушыға  өзі 
үшін  3  қағида  ойластыруды  ұсынамын, 
осыдан  кейін  оларды  4–5  адамнан 
құралған  шағын  топтарға  біріктіремін. 
Мұнда 
бәрін 
өз 
қағидаларымен 
таныстыру  қарастырылады  және  шағын 
топ мүшелері саралап, барынша жарамды 
5-уін 
таңдайды.  Ақырғы    кезеңде 
ұсынылған  постерлердің  мазмұнымен 
таныса  келе,  топ  жұмысының  жалпы 
қағидаларын құрастырамыз  
 

13 
 
 
Топтың ықтимал, барынша көп таңдалатын қағидаларының тізімі  
•  Ұқыптылық (сабаққа уақытында келу). 
•  Белсенді қатысу (сұрақтарға жауап беру, барлық тапсырмаларды орындау, өз 
пікірін айту).  
•  Құпиялылық (топта айтылғандардың бәрі оның шекарасынан шықпайды).  
•  Сыпайы  қарым-қатынас  (топ  мүшелерінің  және  жүргізушінің  сөзін  бөлмеу, 
кезекпен сөйлеу, тақырыптан ауытқымау, әр адамның пікірін құрметтеу).  
•  Қатысушылардың бірі сөзін аяқтаған соң сөйлеу, өзгелердің пікіріне төзімді 
болу.  
•  Аудиторияның назарын асыра пайдаланбау. Өзгелердің де пікірімен бөліскісі 
келетінін естен шығармау.  
 
Топ қатысушыларына қиялын, ойын білдіруге, шиеленісті басуға, бөтен 
ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін жаттығулар  
Мен туған ай 
Әрбір қатысушы өзі туған айдың атауын атамай, оны 
сипаттайды, өзге қатысушылар оны табады  
Менің хоббиім 
Әр қатысушы өзінің қызығушылықтары мен сүйікті 
істері туралы әңгімелейді  
Қиялдағы сыйлық 
Әр қатысушы жанында отырған адамға қиялдағы 
сыйлықты сыйлайды  
Затты қолданудың 
жаңа 20 тәсілі 
Топ мүшелері осы затты қолданудың әртүрлі 
нұсқаларын ұсынады  
 
Эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру  
«Ауа райы»  
(3 мин.) 
Қатысушылар  жұпқа  бөлінеді.  Біреуі  серіктесіне 
арқасын  беріп  тұрады,  ол  –  қағаз,  екіншісі  –  суретші. 
Жүргізуші «суретшілерге» «қағазға» (арқасына) алдымен 
жылы,  жұмсақ,  ақырындап  үдей  түсетін  желдің;  осыдан 
кейін  жаңбырдың,  бұршаққа  ұласатын  қатты  жауынның; 
жылы самалға көшетін желдің, соңында – мейірімді жылы 
күннің суретін салуды ұсынады. 
Жаттығу 
аяқталғанда 
қатысушылар 
орындарын 
ауыстырады.  Әрқайсысы  өз  пікірін  айтады  және  ойын 
барысында туындаған әсерлерін әңгімелейді  
«Қар 
ұшқындары» 
 (2 мин.) 
Қатысушыларға  қағаз  беріледі,  олар  оны  умаждап,  «қар 
ұшқындарын»  жасайды.  Ойыншылар  екі  командаға 
бөлінеді  және  бір-біріне  «қар  ұшқындарын»  лақтыра 
бастайды.  Ойын  аяқталғанда  шекарасында  барынша  аз 
«қар ұшқындары» қалған команда жеңіске жетеді  
Сәлемдесу 
(2 мин.) 
Жүргізуші бір-бірімен дәстүрлі емес әдіспен сәлемдесуді 
ұсынады: иықпен, табандарымен, алақанның сырт 

14 
 
жағымен және т. с. с.  
«Арқан» (3 мин.) 
Жүргізуші  құлақ  арқылы  өтетін  арқанды  елестетуді 
ұсынады.  «Арқанды»  ұшынан  ұстап,  оның  ары-бері 
жылжығанын  имитациялап,  құлақ  деңгейінде  қолмен 
жылжыту  керек.  Бұл  ретте  әр  қозғалған  сайын  миды 
толық «тазалағанға» дейін басымыздағы жағымсыз ойлар, 
алаңдаушылықтар, мәселелер жоғалады  
 
Рефлексивтік дағдыларды жетілдіруге арналған тренинг 
Бұл  кезеңде  сессияға  қатысушылармен  еркін  қарым-қатынасқа  баса 
назар  аударылады.  Сіз  бүкіл  топқа  бір  провокациялық  (арандататын)  сұрақ 
қоясыз  немесе  алдын  ала  мәлімделген  күн  сауалын  қарастыра  аласыз. 
Міндетті  талап:  жауап  15–20  сөзден  аспауы  тиіс.  Уақытты  ескере  келе 
жауаптар жеке, жұптық және топтық болуы мүмкін.  
Онлайн іс-тәжірибеден кейінгі сұрақтар мен тапсырмалар  
•  Сіздің ең үлкен жетістігіңіз қандай?  
•  Сіздің өміріңіздегі ең бақытты күн қай күн?  
•  Өзіңізбен болған ең күлкілі оқиғаны әңгімелеп беріңіз.  
•  Қандай адам сізде таңданыс тудырады?  
 
 
Кәсіби біліктілікті талдауға арналған сұрақтар  
•  Жұмыс  кезінде  жеке  ойларды,  армандарды,  құндылықтар  мен  жетістіктерді 
ашу керек пе?  
•  Осы жаттығудың нәтижелеріне қатысты сізде қандай күмәндар туды?  
•  Осы  жаттығулармен  біз  қандай  нормаларды  қалыптастырамыз?  Бұлар 
бұрындары неге болмаған?  
Ескертпе. Жылдам пікірсайыс өткізіңіз. Пікірсайысқа бағыт беру үшін 
бірінші сұраққа өзіңіз жауап бере аласыз.  
 
Егер  сізде  уақыт  қалса,  топқа  болашақ  пікір  сайысқа  сұрақ 
дайындауды ұсыныңыз. Сондай-ақ сіз «жауаптар тарихын» жазып алып, осы 
материалды қатысушыларға тарата аласыз.  
Өзіндік талдауға арналған мысалдар  
  Әр  қатысушыға  бір  парақ  беріледі  және  ол  осы  парақты  4  бөлікке 
бөледі.  Нұсқау  беріледі:  «Мен  кіммін?»  сұрағына  10  жауап  жаз».  Мұны 
жылдам орында, сұрақтарды алғашқыда ойыңа келген формада жаз. Оларды 
бірінші бағанға жаз. Екінші бағанғаосы сұраққа жақындарың (нақты біреуді 
таңда)  сен  жайлы  қандай  пікірде  екеніне  қарай  жауап  жаз.  Үшінші  бағанға 
дәл  осы  сұраққа  сенің  сол  жағыңда  отырған  топ  мүшесінің  сен  жайлы 
пікіріне қарай жауап бер. Енді парақты жазбаларың көрінбейтіндей етіп жина 
да, көршіңе бер.  

15 
 
Парақты алғаннан кейін қалған бос бағанға «Маған осы парақты берген 
адам  қандай  адам?»  сұрағына  10  жауап  жаз.  Осыдан  кейін  парақтар 
араластырылып,  соңғы  бағандағы  мінездемелер  кезек-кезек  дауыстап 
оқылады,  ал  топ  кім  жөнінде  айтылып  жатқанын  табуы  тиіс.  Топтың  осы 
портретпен қаншалықты келісетіні талқыланады.  
Парақтар  қатысушыларға  қайтарылады,  және  олар  жауаптардың  4 
жинағының  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  талдай  келе,  оларды 
өздері  салыстырады.  Соңында  мынадай  тапсырма  беріледі:  тренинг 
аяқталғанда өз жақындарыңа 10 анықтама беруді ұсын және оларды өзіңнің 
ықтимал жинағыңмен салыстыр.  
  «Сен 
кімсің?»Қатысушылардың 
арқасына 
бір 
парақ 
қағаз 
жапсырылады.  Бәрі  әр  параққа  кезек-кезек  жауап  жазады.  Осыдан  кейін 
жалпыланған мінездемелер топта талданады және талқыланады.  
  «Пікір алмасу» ойын жаттығуы. Аяқтауға немесе талқылауға арналған 
сұрақтар:  
•  Мен  бұрындары  бұл  сауал  жөнінде  ойланып  көрмеппін,  бірақ  ...  дей 
аламын  
•  Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді  
•  Бүгін мен ... екенін сеніммен айта аламын  
•  Егер мен жұмыс қағидаларын өзгерте алсам, мен ... бастар едім  
•  Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді  
•  Маған бұл сұрақта ең күрделісі ... болып табылады  
•  Мені бұл сұрақта ... мазалайды  
•  Мен ... деп ойлаймын  
•  Мен үшін бүгін ... жаңалық болды  
•  Мені бұл мәселеде ... барынша қызықтырады  
•  Мен үшін осы мәселеде ең бастысы ... болып табылады  
•  Күнделікті осы мәселеге адам ... тап болады  
•  Мен үшін бұл мәселе күрделі емес, себебі ...  
•  Мен ... деп санаймын  
•  Маған ... секілді көрінеді  
Кері байластын түрлері 
«635» әдісі 
Бұл идеялар мен ұсыныстарды генерациялау әдісі. 6 қатысушы, 3 идея, 
5 минут. Дөңгелене отырған әрбір қатысушы қағазға 3 идеядан жазады да 
келесі қатысушыға береді, ол алған қағазға тағы да 3 идеяны тіркеп, ары 
қарай  береді.  Жана  идея  таусылғанша  5  минут    аралығында  үдеріс 
тоқтаусыз жүріп отырады.   
«515» әдісі 

16 
 
Мұғалім  қорытынды    білімін  бақылау  «515»  әдісімен  жүргізілетіндігі 
туралы  ақпараттандырады.  Әдістің  шарттары:  5  минут  ішінде  әр  оқушы 
немесе  тыңдаушы  осы  сабақ  үдерісінде  меңгерген  15  жаңа  термин 
(глосарий)  құрастыру  қажет.  Сосын  оларға  орындалған  тапсырма 
нәтижелерін  өзара  тексеру  ұсынылады.  Мұғалім  жауаптарына  түзету 
енгізеді. 
«Нашар  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,   ал  жақсы 
мұғалім   оқушының  өзін  ізденуге   жетелейді»,-  деп  неміс  педагогы 
А.Дистерверг айтып өткендей, бүгінгі заманның мұғалімдері жақсы мұғалім 
атану  үшін  түрлі  әдістерді  пайдалану  арқылы   бала  білімін  ұштауы  қажет. 
Ұсынылған  жұмыс  формалары  тек  коллаборативтік  ортада  оқу 
тағайындалымын  ғана  ашпайды,  сондай-ақ  ол  пән  мұғалдерінің  кәсіби 
құзыреттілігін жетілдіруге септігін тигізеді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші  өнер 
кәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» 
Қазақстан халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.). 
2. Н. Назарбаев  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» (12.04.2017ж). 
3. Мұғaлiмгe  apнaлғaн  үлecтipмeлi  мaтepиaлдap,  2012,  2013,  2014,  2015 
жж.  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру 
бағдарламасы. 
“Нaзapбaeв 
Зияткepлiк 
мeктeптepi” 
ДББҰ  Пeдaгoгикaлық шeбepлiк  opтaлығының бacпacы. 
4. Тайтанова  Н.К.  Приемы  формирования  коллаборативной  среды  на 
уровневых курсах /журнал Менеджмент в образовании №2, 2016ж. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ  НЕГІЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  БІЛІМДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Кенжан А.М.  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен 
тұратынын  байқауға  болады.  Олар:  біріншіден,  адамдар  өмір  бойы  алған 
білімдерін  жаңғыртып,  дамытып  отырады;  екіншіден,  оқушының  жас,  ой, 
мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру 
жұмысы  халықаралық  деңгейде  басқалармен  қатар,  қат-қабат  іске  асы-
рылады. Білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің талабына сай жұмыс істеуге 
бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің өзінде бізге байқалып келеді.                                                                                                                 
Мысалы,  ақпараттық  технология  саласындағы  жаңалық  күн  сайын 
емес, сағат сайын жаңару үстінде. Бұл салада бір сәт кеш қалу дегеніміз ізбе-
із өкшелеп келе жатқан бәсекелесімізге орын беріп, жолдан ығысып, шығып 

17 
 
қалу  деген  сөз.  Ал,  сол  жаңарған  технологияны  өз  уақытында  тілін  тауып, 
жұмыстың  мүддесінен  шығудың  өзі  тыным  таппай  ізденуді,  білмегенімізді 
күні-түні  үйренуді  талап  етеді.  Жоғарғы  технология  саласын  айтпағанның 
өзінде,  қарапайым  өмірде  осыдан  оншақты  жыл  бұрын  компьютерді  игеру 
дәл  бүгінгідей  жалпыхалықтық  сипатқа  ие  болуы  мүмкін  еместей  көрінуші 
еді.  Өзіміз  куә  болып  отырғандай, жағдай  жылдам өзгерді.  Бүгін  кез  келген 
жұмысты  компьютерсіз  елестете  алмаймыз.  Бұған  итермелеп  отырған  да 
заман  талабы.  Бұдан  былай  білім  берудің  өзінің  жаңа  технологиясын  игеру 
керектігін  аңғартады.  Яғни,  білім  беруді  де  жаңа  әлемдік  стандарттар  мен 
жаңа  нормаларға,  тың  қалыпқа  негіздеу  керек.  Бүгінгі  дүниежүзілік  білім 
бәсекесі  бізден  осыны  талап  етіп  отыр.  Білім  бәсекесі  демекші,  алған 
біліміміз басқалардың білімімен бәсекеге түсе алмаса, онда уақыттың босқа 
шығын  болғаны.  Сондықтан  алған  білімнің  бәсекелестікке  қабілетті  болуы 
білім  алушының  бейіміне  тікелей  байланысты.  Оның  маңыздылығы  да 
осында  жатыр.  Өйткені,  білімді  игеру  –  айтуға  оңай  болғанмен,  жай  шаруа 
емес,  аса  күрделі  құбылыс.  Білімді  игеру  үшін  тынбай  іздену,  үйрену 
жеткіліксіз, сонымен бірге білім алушының бейім-қабілетін білу керек, сонда 
ғана белгілі бір нәтиже шығатынына сенуге болады. Әйтпесе, төгілген тер де, 
кеткен  шығын  да,  бәрі  бекер.  Бейімнің  тасасында  табандылық  пен  құш-
тарлық, батылдық пен өз құнын білетін алғырлықтың жасырынып тұратыны 
белгілі.  Ойымыз  жұртшылыққа  түсінікті  болу  үшін,  оны  үлкен  кеңістікке 
алып шығып дамытуымыз қажет.[1] 
      Қазіргі  жаһандану  процесінде  рухани  жаңғыру  негізінде  инновациялық 
білімді қалыптастыру мен қатар, ұлттық тәрбиені болашақ ұрпақтың бойына 
сіңіру де аса қажет. 
      Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында    «Білім 
беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен 
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және 
кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағыдайлар  жасау» 
екендігі атап көрсетілген.                                                                                                                                       
      Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  жас  ұрпаққа  жан- 
жақты    білім  мен  тәрбие  берудің  мемлекеттік  саясатының  негізгі 
ұстанымдарын  айқындап  берді:  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  білім 
алуға  тең  құқылы,  әрбір  азаматтың  интеллектуалдық  дамуына,    психо-
физиологиялық  ерекшеліктеріне  қарай,  білімнің  барлық  деңгейіне  кең  жол 
ашылды. Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын негізге ала отырып, оқушы 
бойына  ұлттық  құндылық  қасиеттерін  қалыптастырып,  құрметтеуге 
тәрбиелеуде  дидактикалық  шарттар,  яғни  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту, 
қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.  
      Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын,  тегін,  салт-дәстүрін, 
тілін,  білімін  меңгерген  мәдениетті,  адами  қасиеті  мол,  шығармашыл  тұлға 
етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.[1] 

18 
 
     Қазақ  мәдениеті  –  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  мәдениет.  Ол 
ұлттық  тәлім-тәрбиенің  негізінде  дамып  қалыптасады.  Ұлттық  тәрбие  сол 
ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады.  
     Әлемдік  тәжірибеде  мойындалған  бір  ақиқат  бар.  Ол  –  ел  болудың  биік 
мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, яғни  ұлттық мемлекет. Тек 
мемлекет  құрған  ел  ғана  әлемдік  көшке  ілесе  алады,  өзіндік  келбеті  бар 
өркениет  жасай  алады,  өз  кезегінде  өркениет  жасай  алған  ел  ғана  басқа 
өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі 
болмысы  мен  әлемдік  кеңістіктен  өз  орнын  табуға  ұмтылысын 
мемлекетшілдік  бастаулары  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Ресейге  отар  ел 
болып  тұрғанымызда  “туған  ұлт”,  “ұлттық”,  “ұлтшылдық”,  “ұлттық  идея”, 
“ұлттық  мүдде”,  “ұлттық  тәрбие”  мәселесі  туралы  сөз  қозғау  мүмкін 
болмады.  Өйткені,  бұл  жайында  сөз  қозғау  отарлаушы  елдің  “жасампаз” 
интернационалистік  идеологиясына  қарсы  шыққандық  деп  есептелетін.  Ал, 
бүгінгідей тәуелсіздіктің ақ таңында өмір сүріп отырған қоғамда өз ұлтының 
ұлттық  қаймақтарын,  соның ішінде  тіл,  дін,  діл,  салт-дәстүр, ұлттық  тәрбие 
сияқты  негізгі  құндылықтарын  бетке  шығармаған  ұлт  өз  мәртебесін 
жоғалтады. Сондай-ақ, ұлттық мүддені сақтау және оны қорғау  сол ұлттың  
әрбір  азаматының  адамдық  борышы.  Әрбір  мәдениетті,  білімді  адам  өзінің 
дүниетанымдық,  кәсіптік  деңгейін  ұлттық  мәдениетпен  ұштастыра  білуі 
керек. Білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, 
ондай  адам ұлт  алдында  мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де,  халықтың 
наразылығына  ұшырайды.  Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау 
үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан сөзін еске түсірейік: «Мектеп бітіріп 
шыққан  соң  бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және  өзінің  өміріне  білім  жүзімен 
ашылған  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне  білімдендірудің  көздейтін 
түпкі  мақсаты  осы.  Мектеп  осы  бағытта  баланың  келешекте  жетілуіне  
мықты негіз салуы керек», – деген екен. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын 
ұйымдастыру ғылыми педагогика және халықтық педагогика арқылы жүзеге 
асырылады. [2] 
      Ұлттық мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері: 
-  Оқушыларды ұлт алдында тұрған ерекше өзекті мәселелерді шешуге даярлау; 
-  Өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарын бағалау; 
-  Ата-баба салтын, дәстүрлі әдет-ғұрпымен қайта табыстыру; 
-  Мектептің  тәрбие  жүйесін  ғылыми  педагогика  мен  ұлттық  педагогикаға 
негіздеу; 
        «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берген 
білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне опат әкеледі»,-
деді  әлемнің  екінші  ұстазы  атанған  әл-Фараби.  Оның  аса  көрегенділікпен 
айтқан пікірі өз құндылығын қазірдің өзінде де сақтап келеді. Халқымыздың 
ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін 
сіңіре  отырып,  дені  сау,  рухани  бай,  парасатты,  қазіргі  қоғам  дамуының 
үрдісіне  сай білімді,  жеке  тұлғаны    қалыптастыру  тәрбиенің  өзекті  мақсаты 
болып табылады.                                                        

19 
 
      Осы  орайда,  тәрбие  мен  білім  беруде  этнопедагогиканы  мүмкіндігінше, 
әр-түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  бере  отырып,  төмендегідей  нәтижелерге  қол 
жеткізуге болады: 
-  Жастардың танымдық қабілетін жетілдіру; 
-  Ұлттық тәрбие арқылы адами қабілеттерді қалыптастыру; 
-  Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу; 
-  Шығармашылық қасиеттерін оятады; 
-  Данышпандық, көрегендік қасиеттердің дамуына жол ашады. 
      Ұлттың  мүддесі  мен  мақсатын,  алдымен  қазақ  жеткіншектерінің  сана-
сезіміне  басты  нәрсе  етіп  орнықтырған  жағдайда  ұлттың  тәрбиесі  ықпалды 
болмақ.  Бұл  құбылысқа  бастамашылық  өз  ұрпағымыздан  қолдау  тапқаны 
орынды. 
Осы 
тұста, 
ойымызғахалқымыздың 
ардақты 
азаматы 
М.Жұмабаевтың  мынадай  пікірі  оралады:  «Әрбір  ұлттың  бала  тәрбие  қылу 
туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері 
сыналып,  көп  буын  қолданып  келе  жатқан  тақтақ  жол  болғандықтан,  әрбір 
тәрбиеші,  сөз  жоқ  ұлт  баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет 
қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 
міндетті. Ұлт тәрбиесінің жақсылығы көп». [2] 
      Ұлттық  тәрбиенің  топтасу  жүйесі  әр  жасерекшелігіне  байланысты 
болмақ,  себебі,  түрлі  ұлттық  ойындар  мен  баланың  дамуына  әсер  ететін  іс-
шаралар баланың жасына байланысты таңдалынып, жүзеге асырылады.  
      Ғалымдардың еңбектерінде ұлттық тәрбиенің жалпы әдіснамалық серпіні 
басым  болғанымен,  әрбір  топтағы  жастардың  жас  ерекшелігі  ескерілмеген. 
Онда  ұлттық  тәрбиенің  құрылымдық  сипаты,  мазмұны  мен  мәні  жалпы 
сипатта тұжырымдалған.  
      Қазақстан  Республикасында  қазақ  ұлтының  бірегейленуі  жүріп  жатыр. 
Бұл  мндетті  жүзеге  асыруда  ұлттық  тәрбие  зор  ықпал  етеді.  Ол  үшін 
халқымыздың тарихи жетістігі мен мақтаныштарын арқау етіп, бүгінгі қоғам 
жағдайымен үйлестіре жүргізгенде ғана қуатты болмақ.[3] 
Ұлтымыздың  тарихи  өрнегі  бар  табандылығы  мен  жігерін,  батырлығы  мен 
жасампаздығын,  адамгершілігі  мен  мәдениетін  басқа  ұлттарға  үлгі  етуге 
ұмтылуымыз қажет. Өйткені, ел мен жер қазақтың игілігі, өз байлығы. Оған 
қазақтан  артық  ешқандай  жанашыр  жоқ.  Жалпы,  ұлттық  тәрбие  дегеніміз  – 
тек  өз  ұлтының  құндылықтарын  ғана  емес,  басқа  да  ұлттардың  рухани 
мәдениетінен үлгі алуы тиіс. Ондағы ұлттық мұраттар, бостандық сүйгіштік, 
қайырымдылық,  ізгілік  т.б.  қасиеттері  ұлттық  мазмұны  арқылы  жалпы 
адамзатқа  пайдалануға  беріледі.  Олай  болса,  Шекспир  мен  Гетенің, 
Достоевский  мен  Толстойдың,  Абай  мен  Әуезовтың  шығармалары  ұлттық 
тәрбие негізінде кез-келген адамды жетілдіруге көмектеседі.  
       Студенттердің  ұлттық  құндылық  қасиеттерін  қалыптастырып  дамыту 
негізінің  бірден  бір  көзі  –  оқу  орындарында  жүргізілетін  тәрбиелік  іс- 
шаралар.  Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы, 
өнер-білімді  игеруі  өскен  ортаға,  тәрбиеге  ғана  емес,  үлгі-өнеге  берер 
ұстазға,  отбасындағы  тәрбиеге  де  байланысты.  Әрбір  халықтың  өсіп-

20 
 
өркендеуі  үшін  әлеумет  ортада  қалыптасқан  рухани,  мәдени,  саяси 
құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет.[4]                                                                              
      Қазіргі  кезеңде  әлемнің  әр  түкпірінде  өткір  қойыла  бастаған  ең  өзекті 
жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, 
әрине. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Бұлай 
дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін 
іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып 
жалпыадамзаттық  қоғамға  лайық  орнын  белгілеуі  қажеттігін  сіңіруі  болса 
керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы мемлекетшілдік, ұлттық сана, ұлттық 
ұстаным,  ұлттық  мүдде  туралы  болып  отыр.  Өйткені,  біздің  төлтума 
бітімімізді, 
қайталанбас 
ұлттық 
болмысымызды, 
ұлттық 
ойлау 
машығымызды,  қала  берді  ұлттық  кейпімізді  сақтап  қалу  бәрінен  маңызды. 
Өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, 
бірегей  ұлттық  ойлау  машығын,  өзіндік  дүниетанымын,  ана  тілі  мен  ділін, 
дінін  дәстүрлі  мәдениетін  аман  алып  қалу  және  оны  одан  әрі  дамыту 
жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық 
тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындауға мәжбүрміз. 
       Әрбір халықтың өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума қасиеттеріне 
бойлауы  арта  түсуде.  Бірақ  осындай  ұмтылыстар  басқа  халықтардың 
мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан Қазақстанның өркениет өріне 
бастар  бағыты  –  адамгершілік-ізгілік  қасиеттерге  негізделген  ұлттық 
тәрбиеге табан тірейді.[5]     
        Ел  болу,  мемлекет  құру  сонау  түркі  заманынан  желісі  үзілмей  келе 
жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол 
болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, 
ешкімнен  кем  болмайтынымыз  анық.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –  ұлттық 
тәрбие  идеясы  ата-бабалар  алдындағы  –  қарыз  бен  өкшебасар  ұрпақтың 
алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер 
тұсы  осы  ұлттық  тәрбие  деп  білеміз.  Сондықтан  мұнда  алдымен  мемлекет 
жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға 
тиіс. Ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да 
ұлттық  тәрбиедегі  негізгі  қағиданың  біріне  айналуға  тиіс.  Бұл  үшін  қазақ 
ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп 
алу тиімді. 
       Бүгінгі  қазақ  ұлты  –  өркениет  орталығы  саналатын  қала  халқына 
айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, 
индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. 
       Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  кез  келген  мемлекеттің 
экономикалық,  әлеуметтік  гүлденуі  мен  қауіпсіздігі  халықтың  білімі  мен 
интеллектілік  ресурстарымен  тығыз  байланысты.  Интеллектуалды  ұлт  болу 
деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық 
кейіп,  ұлттық  болмыс  жатыр.  Ұлттың  сапалық  құрамын  арттыру  тек  қан 
тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы 
да биік мұратқа жетуге болады.[6]                                              

21 
 
       Біздің қазақы болмыс,  салт-санамыз,  тұрмыс-тіршілігіміз қазіргі  заманға 
сай  айқындалғанымен,  ғасырлар  тереңіне  үнілген  дініміз,  салт-дәстүр  мен 
әдет-ғұрпымыз,  ерлікке  толы  тарихымыз  батыстанбақ  түгілі,  оңдай  ұғымды 
да  мойындай  қоймайды.  Өйткені  ұлттық  рухтың  түп-тамыр  қазығы  ұлттық 
тәрбие діңгектеріне негізделген. Ұлттық тәрбиенің негізгі діңгектері – ұлттық 
сана, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, ұлттық діл, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-
ғұрып  категорияларына  сүйенеді.  Сол  себепті  «кімде-кім  өткеніне  терең 
үңілсе,  болашағын  көреді»  деп  Шығыс  ойшылы  М.Руми  айтқандай,  бізді 
болашаққа  апарар  жол  ұлттық  тәрбиенің  негізгі  діңгектерінде  жатыр.  Осы 
тұрғыда,  бізге  керегі  –  қоғамда  болып  жатқан  жаһанданудың  пайда-зиянын 
саралап, ұлттық құндылықтарымызға жат мәдениеттен арылу. 
       Ұлттық  тәрбие  өзара  тығыз  байланысты  екі  бастаудан  нәр  алуға  тиіс. 
Оның  біріншісі,  қазақ  халқының  тарихи  тағдыры  қалыптастырған  мейірім, 
жарасым,  төзім,  шапағат,  парасат,  ізет,  бақыт  туралы  арман-аңсар.  Таратып 
айтсар болсақ, осындай арман-аңсардың мәдениет пен өнерде, салт-дәстүрде, 
тіл мен ділде, діни сенім-нанымда түрліше көріністері болуы керек. Екіншісі, 
бүгінгі  тарихи  кезең  аясындағы  нақты  бастан  кешіріп  отырған  қоғамдық-
психологиялық ахуал. Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан әрі өрбітер 
болсақ,  халықтың  мәдениеті  мен  әдебиеті,  өнері  мен  салт-дәстүрі,  тілі  мен 
ділі,  сенім-нанымы  мен  діні  дегенде  тарихтың  сүзгісінен  сараланып  өткен 
рухани құндылықтарға басымдық сипат берілуі керек. Мұның өзі қоғамның 
тарихи,  психологиялық  даму  бағытында  екінші  мәселенің  де  оң  шешімін 
табатын жолмен ілгері басуына кепіл бола алар еді. [7]                                                  
       Әрине,  бүгінгі  қоғамдық-психологиялық  ахуал  дегенде  осы  бағыттағы 
әлемдік  тәжірибелердің  озық  үлгілері  мен  жетістіктері  де  назардан  тыс 
қалмауға тиіс. Түсінген кісіге қазіргі заман көзімен қарасақ, қоғам түбегейлі 
өзгерген.  Жастардың  психологиясы,  таным  түйсігі  мүлдем  басқаша.  Бүгінгі 
қоғамдық қатынастар өкшебасар ұрпақты бәрібір өз дегеніне көндіруде. 
       Ұлттық  тәрбиені  қалыптастыруда  халықтың  ұлттық  қайнар  көздері 
фольклор,  ауыз  әдебиеті,  ұлағатты  қағидалар,  от  ауызды,  орақ  тілді  би-
шешендеріміздің шешендік сөздері болып табылады.  
       Мысалы, нақты бір зат туралы тұспалдап, бейнелеп айту арқылы баланы 
ойлату,  танымдық,  білімділік  түсініктерді  ой  елегінен  өткізіп,  тұжырым 
жасап, тапқырлық пен дүниетаным дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ 
ауыз әдебиетінің бір түрі саналатын жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. 
Ал, мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, 
сөз  мәйегі.    Шешендік  сөздер  –  ел  құралып,  халық  қалыптаса  бастағаннан 
бергі  халықтың  өнеге  тұтып,  өмір  тәжірибесінде  пайдаланып  келе  жатқан, 
билер  мен  хандардың,  ел  ағасы  болған  данышпандардың  аузынан  шыққан 
өнегелі, қасиетті сөздер.   
      Ұлттық  тәрбиенің  өзегі  –  отбасы,  маңызды  бөлшегі,  яғн  тармағы,  халық 
тарихы  мен  мәдени  ескерткіштер  болып  табылады.  Бұл  ретте  көптеген 
рухани  жұмыстар  кезеңін  күтіп  тұр.  Себебі,  тарихи  салт-сана,  ұлттық  зерде 
мәдениетті адамзаттың рухани қазынасы.                                                               

22 
 
     Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-
қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, 
ұлттық  сана-сезім,  ұлттық  адамгершілік,  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік 
қасиеттері,  ізгілік  сынды  тағы  басқа  сапалық  белгілер  ұлттық  тәрбиенің 
негізгі көрінісі болады.  
      Қорыта  келе,  қазіргі  жаhандану  кезінде  әлемнің  алпауыт  елдерімен 
ұлттық  салт-сана  мен  дәстүрімізді  сақтап  және  оны  болашақ  ұрпақтың 
санасына  сіңіру  арқылы  бәсекеге  түсуіміз  керек.  Ол  үрдіс  адамның  сәби 
кезеңінен  бастап,  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  дейін  жалғасуы  керек. 
Осы орайда“Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген аталы сөздің де алар орны 
ерекше.  Ұлттық  тәрбиені  қалыптастыру  және  дамыту  барысында,  отбасы, 
мектеп, қоршаған орта факторларының әсер етуі өте маңызды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет