Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ 
ПЕДАГОГИКАНЫҢ РӨЛІ 
 
Жумабай Динара Орынбайқызы  
Алматы облысы, Іле ауданы 
№43 орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
«..Барлық дүние мектептен басталады.  
Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы  
орта білім беретін жүйеге көшіп,  
педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа  

207 
 
оқулықтар мен біліми технологиялардың  
сапасын арттыруымыз қажет..» 
Н.Ә.Назарбаев 
        
        Бүгінгі  білім  саласындағы  өзгерістер,  бірнеше  ойдан  таралған  аса  бай 
мұраларды  қолға  алу  арқылы  білім  алушылардың  ел  мүддесі  үшін  жұмыс 
жасауына септігін тигізіп отыр.  
        Оқыту  мен  тәрбие  бүгінгі  өмірмен  ғана  астасып  қана  жатқан  жоқ, 
тарихтың  тұңғиығымен  астасып  жатыр.  Сол  себептен  де  өткеннің  кейбір 
іргелі  тағылымдарына  ден  қоюға  тура  келеді.  Бүгінде  жаңа  бетбұрыс  жасау 
кезеңі  деп  білеміз.  Педагогика  ғылымы  алдында  оқу-тәрбие  жүйесін  ұдайы 
жетілдіру  мәселесі  қойылып  келеді.  Қазіргі  кезде  қазақ  мектебі 
оқушыларының  игеруіне  арналған  бағдарламалар  бұрынғы  жылдармен 
салыстырғанда  анағұрлым  күрделі.  Ақпараттарды  жоғары  ғылыми-
теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең 
және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі.  
       Еліміздің  болашағы  әлеуметтік  тапсырыстың  табысты  орындалу 
деңгейіне байланысты.  
       Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел  – жұрт, ауыл – 
аймақ,  тіпті  бүкіл  халықтық  қарым-қатынастан  берік  орын  алған  тәлім  – 
тәрбиенің  түрі.  Ендеше,  халық  педагогикасы  қоғам  дамуының  барлық 
сатыларынан  өтіп,  тәжірибеде  жүйеленіп,  ғылыми  педагогикалық  дәрежеге 
жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. 
       Халық  педагогикасы  –  халықтардың  ғасырлар  бойы  тәрбиелеу 
тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика  – халық 
педагогикасының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тағылымдарын  ғылыми  жүйеге 
келтіріп  зерттейтін  ғылыми  педагогиканың  бір  саласы.  Этнопедагогиканың 
мақсаты  –  халықтық  салт-дәстүрді,  өнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін 
қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты 
тәрбиелеу.  Сондай-ақ,  халықтық  тәрбие  түрлерін  жас  бүлдіршіндердің 
бойына  сіңіртіп  ілім,  білік  дағдыларын  дамыту,  сөйтіп  дене  еңбегіне  де,  ой 
еңбегіне  де  қабілетті,  жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  шығару.  Ол  басқа 
тәрбиелермен  қатар  жүргізіліп,  балалардың    қайрат-жігерін,  ақыл-ойын 
халықтың  өнер  туындылары  негізінде  оқытып,  тәрбиелеу  арқылы  іске 
асырылады.  Этнопедагогика  бала  денсаулығы  мен  денесінің  жетілуі 
жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-
эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен 
қайта  тәрбиелеу,  яғни  тұлға  қалыптастырудың  бүкіл  жетекші  бағыттарын 
қамтиды.  Халықтық  педагогикада  бала  дүниетанымын  қалыптастырудың 
және  оның  ақыл-ойын  дамытудың  бастау  кезі  ретінде  ең  алдымен  оның 
қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас - қанатсыз қарлығаш» – дейді 
халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және 
танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды. 

208 
 
         Халық  тәрбиешілері  үйрену,  оқуды  адам  бүкіл  жаңаны  ерекше 
қабылдағыш  балалық  шақтан  бастаса,  мақсатқа  лайықты  болатындығына,  
алынған  білімі  өмір  бойына  игілікті  қызмет  ететіндігіне  тәжірибеде  көз 
жеткізді.  Баланың  ақылын  тәрбиелеу  оның  танымдық  қабілеттерін  жан-
жақты  дамыту,  әртүрлі  түсінулердің  кеңдігі  мен  сезімталдығын, 
байқағыштықты,  естің  түрлерін  жаттықтыруды,  ойдың  елестетуін 
ынталандыруды  талап  етеді.  Мысалы:  жұмбақтар,  халық  педагогикасында 
осы  талапты  жүзеге  асырудың  аса  құнды  дидактикалық  материалы  болып 
табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды. 
         Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 
іргетасы  қаланды.  Болашақ  қазақстандық  мектептер  үлгілері  дарынды 
жастармен  жұмысқа  қуатты  күш  беретін  болады.  Әр  мектептің  өзіндік 
ерекше  сипаты  бар  екені  бәрімізге  белгілі.  Нақтырақ  ұлттық  мектептерге 
тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің 
көмегімен 
іріктеуден 
басталады. 
Оқушылардың 
зияткерлік 
және 
шығармашылық 
қабілеттерін 
анықтауға 
бағытталған 
кешенді 
психологиялық-диагностикалық  тексеру  міндетті  түрде  жүргізіледі. 
Тексерудің  нәтижесінде  баланың  жалпы  және  психологиялық  даму  деңгейі 
анықталып  қана  қоймай,  оның  өзіндік  қабілеттері  мен  дарындылығын, 
әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады.  
         Халық  педагогикасының  мақсаты:  бірнеше  ғасырларға  созылған  халық 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  болашақ  ұрпақты  еңбекке,  өмірге  ең  жоғарғы 
адамгершілік,  имандылық  қасиеттерге  тәрбиелеу.  Халық  педагогикасының 
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, 
халықтық  тәрбие  дәстүрлері,  халық  ойындары  т.б.  жатады.    Демек,  халық 
педагогикасы-ғасырлар  бойы  өмір  тәжірибесіне  негізделген  ұрпақ 
тәжірибесіндегі  дәстүрлердің  жиынтығы.  Халық  педагогикасының  құрамды 
бөліктері  қазақтың  ұлттық  ойындар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ертегілер 
т.б.  ерте  заманнан  бастап,  жас  өспірімдердің  ой-өрісін,  зеректігін  анықтау 
үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді. 
Дарынды оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-
тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға 
беруі мүмкін 
емес.  
         «Елiмiздiң,  ертеңі-бүгiнгi  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 
тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай әр 
мұғалiм  өзінің  бiлiмiн  үздiксiз  көтеріп  отыруы  қажет.  Бiлiмдi,  жан-жақты 
қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.  
       Ал,  қазақ  халқының  ұлттық  тәжірибелері  мен  тағылымдарының  мол 
қазынасы  –  халықтық  педагогика.  Бүгiнгi  қазақ  мектептерінің  алдында 
тұрған басты мiндет – оқушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана 
қоймай,  оның  бойына  халықтық  педагогиканы,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
тiл,  дiн,  тәрбие,  ұлттық  салт-дәстүр,  үлгi-өнегенi  сiңiрту,  яғни  тәрбие  беру 
мен  оқыту  әдістемелерінің  түрлерi  көп.  Ұлттық  тәлім  тәрбиенің  іргетасын 
дұрыс  қалай  бiлу  мұғалiмдердiң,  ата-аналармен  қосылып  жүргiзген 

209 
 
шараларына  байланысты,  өйткенi,  бiрiншi  ұлттық  тәрбиенің  ошағы  - 
отбасында,  екiншiден,  мектепте  болғандықтан,  ата-ана  мен  мектеп  болып 
бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. [1]  
       Халқымыздың  тiлiн,  тарихын,  ұлттық  дәстүрін,  ата  салтын  ұмыта 
бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi.          
Халқымыздың  асыл  қазынасын  тиiмдi  пайдалану,  оның  салт-дәстүрі  мен 
мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.  
       Соңғы  20  жыл  ішіндегі  өзгерістер,  шыққан  биік,  қайта  оралған 
құндылықтар,  өлмес-өшпес  мұра,  тапқан  табыстарды  тілге  тиек  етсек,  әр 
қазақстандықтың  жүрегіне  қуаныш  пен  мақтаныш  келер  күнге  деген  сенім 
ұялатады..  Осындай  жетістікке  жетуіміз  –  халқымызды  жасампаздыққа 
жұмылдырып,  еліміздің  тарихтағы  жаңа  орнын  айқындаған  Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  еңбегі.  Бұл  жетістіктер  –  бүкіл 
қазақстандықтардың 
мақтанышы. 
Бір 
сөзбен 
айтқанда, 
бүкіл 
қазақстандықтар  өз  елінің,  жерінің  өткенін  сезінбей,  оның  ерлікке, 
адамгершілікке  толы  тарихын,  өнерін  жете  ұғынбай,  отаншылдық  сезімді 
қалыптастыру мүмкін емес.  
         Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының 
пайдасына  жұмсап,  өз  мүддесі  үшін  адамзатқа  апат  әкелуі  мүмкін.  Оның 
мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы 
жинақталған  бай  рухани  мұрасымен  жастардың  бойына  адамгершілік  ізгі 
қасиеттерді  қалыптастырып,  сіңіртіп,  өзінің  Отанына  адал  азамат  етіп 
тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.  
         Оқу  мен  тәрбиелеудің  үлкен  ортасы  –  мектеп  екені  белгілі.  Ондағы 
жоспарлы  тақырыптық  сабақтармен  қатар,  сынып  сағаттары,  тәрбие 
сағаттары,  пәндік  олимпиадалар,  ғылыми  жобалар  оқу  мен  тәрбиенің  ең 
негізгі,  ықпалдастығы  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда,  ұрпағымыздың  азамат 
болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына 
қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі 
ата-ана  мен  мектептің  өзара  байланысынан  көрінеді.  Өскелең  ұрпаққа 
адамзат  тарихында  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  патриоттық 
тәрбиені,  отаншылдықты,  сапалы  білімді  дарыту  –  қазіргі  кезде  көкейкесті 
мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ақиқатында,  осынау  мәселе  еліміздің 
тұтастығын,  оны  ішкі  және  сыртқы  күштерден  сақтау  міндетінің  өзі 
жастарды  отаншылдық,  елжандылық,  патриоттық  рухта  тәрбиелеуді 
жүктейді.  Өткенін  білмеген  халқының  қадірін  білмейді,  халық  нені  бастан 
кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер 
төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. 
Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, 
оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған  өлкедегі  ұлттық 
құндылықтар  жатады.  Ұлттық  сезім  –  өзінің  ұлттық  өкілділігін  мойындай 
отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай 
білу.  Әрбір  адам  өз  Отанына  деген  мақтаныш  сезімі,  өз  ұлтын  терең  сүюі 
арқылы  басқа  ұлттарды  танып,  құрметтеуге  тиіс.Ұлттың  сана-сезімімен  ана 

210 
 
тілін  білу  де,  жері  елінің  тарихына  зер  салу,  төл  мәдениетін  игеру  де 
туындайды.  Ана  тілін  білмейтін  адам  өзінің  де,  ел-жұртының  да  қадір-
қасиетін  жетік  біліп,  бағалай  алмайды.  Жалпы,  патриоттық  сезімнің 
қалыптасуы  отбасынан  бастау  алады.  Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс, 
ұлттық  сана-сезім  рухани  байлықтан  көрініс  табады.  Олай  болса,  рухани 
байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – 
қазақ  болуымыз  үшін,  дін  –  адам  болуымыз  үшін,  салт-дәстүр  –  ұлт 
болуымыз үшін қажет. [2] 
          Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа 
тәлім-тәрбие  мен  білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап, 
педагогика 
ғылымында 
ұлттық 
сананы 
қалыптастыру 
көкейкесті 
мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек  ұрпақты 
ұлттық,  халықтық  тұрғыдан  тәрбиелеу  қажет.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 
берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан  -  2030»  халыққа  Жолдауында  былай  деп  жазылған:  «Толық 
өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз  тарихымызды 
бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз  жөн». 
Олай  болса,  басты  мақсат  –  жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен  адамзаттық 
құндылықтар,  рухани-мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай  отырып 
тәрбиелеу қажет.  
       Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 
тәрбиелеу үшін:  
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;  
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш 
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;  
-  ана  тілі  мен  дінін  ,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық 
мінездерін  қалыптастыру  сияқты  міндеттерді  орындағанда  ғана  басты 
мақсатқа жетеміз. [3] 
       Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді: 
ана  тілін,  ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды 
жетім  балалар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, 
нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған 
ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл 
болып  өседі.  Сондықтан  да  ұлттық  тәрбие  –  ел  болашағы.  Қазақ  халқының 
ғасырлар  тұңғиығынан  бері  тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан  ұрпақ 
тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани  мәдениет,  этикалық, 
эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер, 
әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық  фольклорлар  мазмұны  арқылы  жетіп 
отыр.  Сонымен  бірге  ұрпақ  тәрбиесіне,  жалпы  халықтың  рухани  дамуына 
байланысты  ұлттық  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерді:  Қорқыт  ата,  Әл-Фараби, 
Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 

211 
 
Қашқари,  Асанқайғы,  т.б.  қазақ  ақын-жырауларының  мұраларынан,  билер 
мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.  
        Ұлы  ағартушы,  Ы.  Алтынсариннің  қазақ  баласының  болашағы  үшін 
бойындағы  бар  күш-жігерін  арнағанын  қоғамдық  қатынастардағы 
шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрпы  мен  салт-дәстүрін  өте  жоғары  бағалап,  оның  оқу-тәрбие 
жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын көреміз.? 
       Кеңес  үкіметі  тұсында  Қазақстанда  қазақтың  ұлттық  тәрбиесi  жөнiнде 
арнайы  ғылыми  еңбек  жазуға  мемлекет  тарапынан  мүмкіндік  болмағаны 
белгiлi.  Оған  кеңес  заманында  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарын  талдау 
барысында  көз  жеткіздік.  Халық  педагогикасы,  немесе  ұлттық  тәрбие 
мәселесі 
арнайы 
ғылыми-зерттеу 
немесе 
пән 
оқулығы 
ретінде 
қарастырылмай,  негізінен  ғылыми  мақала,  тезис,  қосымша  мағлұматтар 
негізінде 
Т.Тәжібаев, 
М. 
Ғабдуллин, 
Б.Момышұлы, 
Б.Адамбаев, 
Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков т.б  еңбектерде көрініс тапқан.[4] 
       Қазақстанда  халық  педагогикасына  қатысты  тұңғыш  зерттеулерге  А.Х. 
Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ. Сейсембаевтың  
еңбектері жатады.  
       Сейтен  Сауытбековтың  “Тағылым  тегi”  кiтабы  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие  беруде  тамаша  әдiстемелiк-дидактикалық  нұсқау  болды.  Ұлттық 
тәрбие  атауын  өз  еңбектерінде  Қ.  Бөлеев,  Ш.К.Беркімбаева  және  К. 
Оразбекова енгiзiп, өзектi мәселе ретiнде қарастыру қажет екенiн дәлелдедi.  
       Қазақ  отбасында  балаға  тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ, 
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше 
көңіл  бөлген.  «Жеті  атасын  білу»  заң  болған.  Ата-бабаларымыз  өз  тегінің 
шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер 
жетім»,«Жеті  атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  деген  аталы  сөз 
содан  қалса  керек.  Баланың  өзі  шыққан  тегін  білуі  оның  азаматтық, 
елжандылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастырады  деп  есептеген. 
Отбасы  мүшелері  балаға  тек  жеті  атасына  дейінгі  бабаларының  атын 
жаттатып  қана  қоймаған.  Олардың  қандай  адам  болғанын,  өнегелерін  үлгі 
етіп  отырған.  Әрі  сол  арқылы  отбасы  шежіресін  жалғастыруға  баулуды 
мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз 
алыспай  қанның  тазалығын,  яғни  ұлттың  таза  болуына  әкеледі  екен, 
екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын 
дегеннен  болса  керек.  Мектеп  қабырғасында  тәрбиеленіп  жатқан  жас 
ұрпақтарға  білімді  өз  бетінше  ізденуіне,  ұлттық  тәрбиені  сіңіріп,  оның 
ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.  
        Елдің  туын  көтеріп,  тәуелсіздік  талаптарын  орындау  ісіне  батыл 
бетбұрыс  жасаған  бүгінгі  таңда  адамзатттық  игіліктерді,  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-
тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз 
болып қала бермек.  
       Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал 

212 
 
мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін 
негізгі 
құрал 
– 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдары 
екені 
даусыз.           
       Белгілі  педагог  В.  А.  Сухомлинскийдің  еңбектерінде  "мектептік-
отбасылық  тәрбие"  үғымы  кең  қолданылады.  Оның  пікірінше  тәрбиені 
мектептік  немесе  отбасылық  деп  қарастыруға  болмайды,  өйткені  бала 
тұлғасы бір тұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. 
Міне,  осындай  біртұтас  тәрбие  процесінде  мектеп  жетекші  рөл  атқарады. 
Ұрпақ тәрбиесі-адамзат баласының асыл мұраты. Түбегейлі өзгерістерге бет 
бұрған  жаңа  қоғамда  тек  білімді  болу  жеткіліксіз,  сондықтан  әрбір  жеке 
тұлғаның  бойында  әр  ұстаз  адамгершілік,  ізгілік  кішіпейілділік, 
қарапайымдылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  тәрбиелейді.  Бұл  ретте 
мектептегі  тәрбиенің  мақсаты:  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау 
дәрежесі  биік,  парасатты,  мәдениетті,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  бойында 
басқа  да  ізгі  қасиеттері  қалыптасқан  азаматтарды  тәрбиелеу.[5]  
        Халқымыздың  маңдайына  біткен  ұлттық  құндылықтарымызды,  сонау 
өткен  ғасырлардан  өшпес  мұра  болып  қалыптасып  келе  жатқан  дархан 
халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге 
ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , 
ықпалдастыру  мүмкін  болмайды.  Оқыту  мен  тәрбиені  ықпалдастырып 
қажымай  еткен  еңбек  арқасында  әлемдік  деңгейдегі  дарынды  да  тәрбиелі 
оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
     1. Адильбаева Е. «Ұлттық тәрбие берудің маңызы»  Бастауыш мектеп.  
-2010.№2.-47-48б 
     2 .Ұлттық тәрбиенің тағдыры һәм болашағы // Қазақстан мектебі. – 2006. –  
№ 1. – Б. 24-27. 
    3.  Ғұламалар ғибраты және ұлттық тәрбие // Ұлт тағылымы. –2005. – № 4. 
– Б.28-31. 
    4. Айтбаева Н. «Ұлттық тәрбие құндылығы мол дүние» Қазақстан мектебі. 
2008.№5.-57-58б 
    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

213 
 
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА  
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жуыстаева Рат Төлеуханқызы 
№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Алматы облысы, Іле ауданы 
 
   «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық  
намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетін  көркейту  
жолында Жа нтеріңмен еңбек ет.  
                                                                                                     Н.Ә.Назарбаев 
 
     Ұлттық  рухын  биік  ұстаған  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Менде 
Қазақстанның елдігін, елімнің тәуелсіздігін нығайтуынан  басқа арман жоқ» 
– деген сөздерімен әрбір қазақ азаматы елін, жерін сүюге тәрбиелеп отырған 
көшбасшымыздың  даналығына  шексіз  ризамыз!  Сәуір  айында  жарық 
көрген   «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  –  бағдарламаның  мақаласы 
қазақ халқын шаттандырып, санасын сілкінтіп тастады! 
Адамның халқы үшін жасаған жақсылығы – кейінгі ұрпақтар тарапынан 
да қазіргі бірге жасасқан халқы тарапынан да әділ бағасын алмай қоймайды. 
Елбасымыз  елге  не  жолдаса  да  бәрі  болашақтың  қамы,  елдің  ертеңі 
жастарға  арналған,  Қазақстан-  2030  стратегиясының  ең  алғашқы  сөзін: 
«Жастар, бұл сіздерге арналған», - деп бастаған Елбасының үстіміздегі жылы 
халыққа  Жолдаған   “Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыруын”-  ел  болашағы 
жастарға арнаған, жастар тәрбиесіне арнаған, олардың білім алуына,  заманға 
сай тұлға болуына, жаһандану көшіне ілесе алуына, көптілділікті меңгерген, 
бәсекеге  қабілетті  салауатты  тұлға  болып  жетілуіне,  өркениетті  отыз  елге 
жетуге  үлес  қосатын  ұрпақты  тәрбиелеп  отырған  ұстаздық  кәсібіммен 
мақтанамын. 
Рухани  жаңғыруды  Елбасымыз  өзіңнің  “қазақ”  деген  атына  сай  бол, 
ұлттық  кодыңды сақта- деген! 
Аралап туған жердің сай саласын
Ұрпағың ата жолын- қайталасын 
Ізіңді іштен шыққан ұлың қумай 
Қалайша қазақпын деп айта аласың? - дегендей, өскелең ұрпаққа өз ұлтын 
сүюді, салтын сүюді, елінің тарихын,  табиғатын сүюді насихаттап тәрбиелеу 
біз- ұстаздардың жауапты міндеті. 
Өскелең  ұрпақтың  ұлттың  рухын  бойына  сіңіру  -  тағы  да  біз 
ұстаздардың, ел алдындағы міндет! 
Ұлттық  кодымыз:  ана  тіліңді  сүюге  тәрбиелеу,  өнер  мен  мәдениетіңді 
сақтауға  насихаттау,  салт  дәсүрін,  ұстанған  діні,  ділі-ұлттық  кодтың 
тамырлары.  
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  патриотизм  қашанда  ұлттық  сипатқа  ие, 
өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар  қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа 

214 
 
жатады.  Қазақ  халқы  ежелден  басқа  халықтардай  Отанын,  ұлтын  сүйген. 
Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. 
Оны  Қазыбек  би  өз  сөзінде  былай  келтіреді:  «Біз   қазақ  деген  мал  баққан 
елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай,  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт  береке 
қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау  баспасын  деп,  найзаға  үкі  таққан 
елміз;ешбір  дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан  сөзді  асырмаған  елміз. 
Досымызды  сақтай  білген  елміз,  дәмі-тұзын  ақтай  білген  елміз;  асқақтаған 
хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп 
тумайды,  анадан  қыз  туса,  күң  боламын  деп  тумайды»  дей  отырып,  қазақ 
халқының  өз  елін,  жерін  қорғаудағы  қажырлығын,  жанын  аямайтын 
патриоттығын,  такаппарлығын  көрсетеді.  Олай  болса, біз  жастарға  осындай 
ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын 
сыйлауға,  Отанын  сүюге,  өз  еліне  деген  мақтаныш  сезімін  оятуға  бағыт 
береміз.   Қазақ  халқының  өз  елін  шапқыншылықтан  қорғауда  ерлігі  аңыз 
болып  өлең-жырға  қосылған  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын, 
Қабанбай   т.б.  батырлар  жастайынан  халық  тәрбиесінің  бесігінде  тербеліп 
өскен, елін, жерін сүйген батырлар.  Мұндай батырларға арналған батырлар 
жыры  да  қазақтың  елін,  жерін,  Отанын  сүюуінің  негізі  болып  табылады. 
Қазақтың  ұлтжандылығы,  отансүйгіштігі   ертеден   қалыптасқан.  Оған 
қазақтың  мақал-мәтелдері  де  дәлел.  Мәселен,  туған  жер-отан  туралы 
мақалдар-мәтелдерде:  «Туған  жердей  жер  болмас,  Туған  елдей  ел  болмас» 
т.б. болып кете береді. Мұндай мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, 
Отанын  сүюуіне  негізделіп,  өз  елін,  туған  жерін  құрметтеуге    табиғатын 
сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келе жатқанын 
есімізде ұстағанымыз жөн. Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, 
адамдардың  өз  елі  мен  оның  жетістіктері  үшін  ұлттық  мақтаныш  сезімінің 
өзгеруі  –  бұл  қоғамның  өнегесізденуінің,  халықтың  тұрақсыздануы  мен 
ыдыраушылығының  ажырамас  сипаты.   Қазірде  Қазақстанда  Отанға  деген 
сүйіспеншілік 
қоғамдық 
қатынастарды 
демократияландыру 
және 
гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.         
Ұлы дала ұландарының кемел болашағы, «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың 
рухани  байлығы  мен  мәдениетіне,  саналы  ойлау,  бәсекелік  қабілеті  мен 
біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде 
әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең 
білімді,  ізденімпаз, шығармашылық  қағиданы  ұстанатын  тұлғаны  тәрбиелеу 
ісінде  «жаңа  қазақстандық  патриоттық  тәрбие  беру»  мәселесінің 
маңыздылығы  ерекшелініп  тұр.  «Қазақстандық  патриотизм»  арқылы  Отан, 
мемлекет, атамекен, туған жер, туған ел, туған өлке, халқы туралы түсініктер 
оқу-тәрбие  үрдісінде,  сабақтан  тыс  іс-шараларда  отансүйгіштік  сезімді 
дамыту,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау,  мемлектік  рәміздерді  құрметтеу,  ана 
тілін 
қадірлеу 
сезімдерін 
қалыптастыру 
жүзеге 
асырылады. 
Елбасымыз,  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламасында  ең  басты  қағидалардың  бірі «Ұлттық  бірегейлікті 
сақтау» деп  анықталған:  «Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  – 

215 
 
ұлттық  кодыңды  сақтай  білу».  Ұлттық  сана-сезім,  ұлтқа  жанашырлық  – 
патриоттық  тәрбие  берудің,  саналы,  парасаты  мол  азаматты  тәрбиелеудің 
негізгі діңгегі, өзегі. 
   Оқу-тәрбие  үрдісінде  өзегі  өзгермейтін  мәселенің  бірегейі  – «Білімнің 
салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде 
ес  білгеннен  бастап  «білім»  категориясының  адам  өміріндегі  басты 
құндылық екенін сіңірту, дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек. Білімі таяз 
адам саналы түрде патриот болуы екіталай.  
Сондықтан  «Саналы  азамат»  тәрбиелеуде  білім  алудың,  алған  білімі 
арқылы  еліне  қызмет  жасау  қағидалары  негізгі  діңгек  болып  табылады. 
Көкірегі  ояу,  зердесі  ашық,  білімі  кемел,  біліктілігі  жоғары,  санасы  биік 
тұлға 
ғана 
еліне 
еңбегін 
риясыз 
сіңіруге 
дайын 
болады. 
Өз  халқыңның  тарихының  өнегелі  жақтарын  білу,  өз  еліңнің  кешегі  және 
бүгінгі  қаһармандарын  мақтаныш  ету,  олардың  ерлігіне  тағзым  ету,  оларға 
сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда 
алғанда,  республикамыздың  оқу-тәрбие  мекемелерінде  белгілі  деңгейде  әр 
түрлі  шаралар  жүргізілуде.  Қазақстан  тарихы  мектептерде,  орта  арнаулы 
және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың 
есімдері  ұлықталып,  олардың  аттары  елді  мекендерге,  көшелерге, 
мектептерге,  түрлі  мекемелерге  берілуде.  Алайда  тарихтың  ақтаңдақтарын 
жеткіліксіз  оқып-үйрену,  түрлі  тарихи  және  ғылыми  теориялардың 
арасындағы  келіспеушіліктер  мен  айырмашылықтар,  жастардың  төл 
тарихына  деген  қызығушылығының  айтарлықтай  аз  болуы,  өзге,  әсіресе 
батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі 
жасауда.  Көп  ретте  жастардың  бұқаралық,  тіпті  кейде  арзан  мәдениетке 
елтіп,  этномәдени,  дәстүрлі,  ұлттық  бастаулардан  алыстап  кетуі,  өкінішке 
қарай,  қалыпты  және  кеңінен  тараған  үрдіске  айналды.  Біздің  ойымызша, 
одан шығудың басты жолы  — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени 
білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу. 
 Сонымен бірге, сауат ашу саласына да: Рухани жаңғыру - үлкен серпіліс 
жасады. Жастарды көп тілділікке баулу, қазақ тілін латын әліпбиімен жазуды 
ұсынған  Елбасымыз  -  латын  әрпімен  қаншама  зиялы  қауым  өкілдері, 
Алаштың ардақтылары сауат ашқандығын, латын әрібі - компьютердің кілтті 
табысқа апарар жол екендігін түсіндіре отырып ұсыныс жасаған: 
Жас ұрпақ, түптегі асыл затыңды ізде 
Жалғасқан бабалардан хатыңды үзбе 
Жаhандық ұлы көшке ілесе біл 
Жат  емес,  кеше  көрген  “Латын”  бізге,  -  деп,  латын  әрібіне  өту  арқылы 
Жаһандық  ұлы  көшке  ілесудің  жолы  ашылатынын  түсіндірген  ақын  тілі 
қандай керемет! 
Өзінен көрсең әркім көз алдаса 
Заманның өзгергенін сезе алмаса 
Шаң жұтып, ескі жұртта отырамыз 

216 
 
Санамыз  саф  алтындай  тазармаса,  -  деп  сананың  арылуын,  жаңалыққа 
ұмтылуын  Рухани  жаңғырудың  үнімен  жастар  санасына  жеткізуге 
тырысайық, кеш қалмайық! 
 Елбасымыздың  халықтың  болашағын  ойлап,  жастарға  жол  көрсетіп, 
бағыт бағдар беруінде біз жас ұрпаққа насихаттап, түсіндіре білуіміз шарт! 
Дұшпаны байған елден жалақтамау 
Қасқырдай көзіңді кеп, тамақтамау 
Дәстүрлі денеміздің шырқын бұзды 
Шошайған  теке  сақал,  шолақ балақ,  - деп, қасиетті  Ислам  дінінің  атын 
жамылған,  теріс  бағыттағы  діндердің  ағымына  еріп  кеткен  жастарды  жолға 
салу,  жүрегін  тазарту  –  ұстаздардың  ең  жауапты  міндеттерінің  бірі  екенін 
ұғынуымыз қажет! 
      Ел  тарихын,  ел  үшін  басын  оққа  тіккен  батыр  бабалар  есімдерін 
ұлықтау – тағы да біз, ұстаздардың, ұлағатты парызы! 
Баладан  әке  үйренбесе,  анадан  қыз  ақыл  –өнеге  алмаса,  ұстаздан  білім 
мен  тәлім  алмаса  –  өскелең  ұрпақ  қайдан  өнегелі  болмақ?!  Ұрпағымыз, 
жастарымыз  ата  жолын  қайталасын,  даланың  дархандығындай  мінездері 
жайсаң  болсын,  ең  бастысы  елін  жерін  сүюге,  Отаны  үшін,  оның  көркеюі 
жолына  бар  саналы  ғұмырын  арнайтындай  ұрпақ  тәрбиесі  –  құрметті 
әріптестер біз ұстаздардың мойынындағы жауапты іс! 
Сүймейді сергек халық жалғандықты 
Тектінің тұқымында талғам мықты 
Алып шың, асқар таудың жотасына, 
Отаның иығыңа салған жүкті, – деп, өзімнің әріптестеріме, ақын тілімен 
Елбасымыздың  Рухани  жаңғыруындағы  ізгілік  нұрын  өскелең  ұрпаққа 
жеткізейік,  мойнымызға  алған  жүкті  көтере  білейік,  –  деп  ұран  тастағым 
келеді. 
Білім іздеп шетте жүрген қазақ жастарына да, енді түлек болып, шетке 
оқығысы келген жастарға да: 
Төгіліп, зердесінен алтын бұлақ 
Қазаққа күллі дүние салсын құлақ 
Жүрсең де қай қиырда, қай түкпірде 
Туған  ел  жүрегіңде  тұрсын  бірақ!  -деп,  алысқа  ұшсаңда,  қиянға  құлаш 
сермесең де туған еліңді ұмытпа, сенімін ақта, еліңе оралып еліңе қызмет ет – 
дегенді  айтып,  өскелең  ұрпаққа  өсиет  айтар  –  тағы  да  біздер,  ұстаздар 
екенімізді есімізден шығармайық! 
Еліміздің жүрегі Астанамызды еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевты, 
Ел  Туын,  Елтаңбасын,  Ән  Ұранын  сүюді,  құрметтеуді,  отбасын  қадірлеуді, 
туған жерге, бір тал жусаны мен ұшқан құсына, жүгірген аңы мен орманына, 
таулары  мен  бауларына  бәріне  деген  ыстық  сезім,  үлкен  сүйіспеншілік, 
патриоттық сезімге тәрбиелеу – тағы да біз ұстаздардың жауапкерлік міндеті. 
Осындай  игі  шара,  ел  тағдыры,  ұрпақ  тағдырының  жауапкершілігі 
сеніммен  тапсырылған  –  “Ұстаз”  атты  мамандығыммен  өзімді  бақытты 
сезінемін! 

217 
 
Ұлттық салтымызды, руханиятымызды ардақтау, сақтау, Елбасымыздың 
Рухани жаңғыруына үн қосу, қолдау, жастарға түсіндіру, санасынга сіңіру  – 
ұлағатты кәсіп иесі ұстаздардың жауапкершілігі екендігімен мақтанайық! 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Мен,  барша  Қазақстандықтар,  елімнің 
болашағы  барлық  жастар  –  Рухани  жаңғырудағы  ұсыныстардың  маңызын 
терең түсінеді деп сенемін» – деп сенім білдірген еліміздің болашағы өскелең 
ұрпақ тағдыры бізге сеніп тапсырылған. Құрметті әріптестер, Елбасы сенімі – 
ел  сенімі. Ел сенімін ақтаудан артық бақыт жоқ! Осы сенімді ақтай білейік. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет