Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

              РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ - МҰҒАЛІМНІҢ ҰЛЫ ЕҢБЕГІ 
  
Жумажанов А.Т., 
Байтуыс орталау мектебінің директоры 
Жумажанова Д.М. 
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы 
Бостандық орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі 
 
Ғалым да, шахтер де бас иетін
Ұстазым, бар сенің қасиетің. 
Білім берген, ой берген, ақыл берген, 
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең 
  
Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал 
жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл 
тауып  айтқан.  Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ.  Ұстаз  берген 
тәрбие   мен  білім  нәрі  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары 
анық. 
        «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап 
сыйлайды»  демекші,  ұстаз  қай  кезде  де  мектептің  жүрегі,  қоғамның  тірегі. 
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты 
дәрежеде  дамытады.  Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру  ең  маңызды 
мәселе болып табылады. 
Жаһандану  заманында  ұлттық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көрсеткіші  – 
білім  деңгейімен  өлшенеді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп, 
білім  беру  жүйесін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек  күттірмейтін  өзекті 
мәселе. 
Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі 
тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді.  Адам  тәрбиелеу  –  ұлы  міндет.  Ол 
міндетті  атқарушы  –  ұстаз.  Ұстаздың  негізгі  құралы  –  сабақ. 
Менің  түсінігімдегі  ұстаз  –  рухы  таза,  ой  –  өрісі  биік,  ұлты  мен  Отанының 
болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  табандылықтың  үлгісін 
көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен  білімін  болашақ  ұрпақтың 
бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың 
бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. 

218 
 
Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де  болар.  Бұл 
мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды 
аямау,  басқаның  бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі  жаныма  өте  жақын. 
Болашақта  мұғалім  мамандығы  ең  беделді,  әрі  жоғары  ақы  төленетін 
мамандықтың  біріне  айналуы  үшін  оны  сүйіп,  талмай  еңбек  ету  қажет. 
Ұстаздық  қызметте,  шәкірттермен  қарым  –  қатынаста  ізгі  ниеттілік, 
кішіпейілділік  және  мәдениеттілік  бірінші  кезекте  тұру  керектігіне  көзім 
жетті.  Бүгін  білім  берудің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан  – 
жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына 
деген  шынайы  сүйіспеншілігінің  және  ешқандай  дипломмен  бірге 
берілмейтін  шығармашылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз  адамгершілік 
қасиеттері болуы шарт. 
Біздің  өміріміздегі  ұлы  бақытымыз  –  жүрек  қалауымен  ұстаз 
болуымызда.  Бұл  сөзді  жай ғана  айта салмаймыз  себебі,   бұлай  айтуымыз  – 
үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – 
адам  бағдарын  жасаушы.   Егер  де  өмір  қоғамға  бейім,  білім  нәрімен  терең 
сусындаған,  тәрбиелі  де  ізгі  жүректі  адам  өмірге  үлкен  мақсаттар  қойып, 
талапшылдықпен,  мақсаткерлікпен  алға  аттатсақ  –  бұл  біздің  өмірімнің  ең 
шынайы  әрі  ғажайып  мәні.  Өйткені,  мен  ҰСТАЗБЫН.  Келешек  ұрпақтың 
сәулетшісіміз. Біз мұны мақтаныш сезіммен айта аламыз. Біздің шәкірттерім 
егемен  елдің,  Тәуелсіз  Қазақстанның  толыққанды  азаматы  болып  шықса, 
одан артық менде арман болмас… Міне, осындайда «Ұстаз – ұлық емес ұлы 
қызмет»  деген  Бауыржан  Момышұлының  керемет  дана  сөзін  әрқашан 
есімізге аламыз. 
«Ұстаздық» атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын 
мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа  қол жеткізе аласың 
деп  білеміз.  Бұл  біздің  ұзақ  жылдар  ұстаздық  еткен  қызметіміздің  алтын 
арқауы, бәйтеректей биік діңгегі. 
Ұстаз ретінде біз,  тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға 
барынша  тырысамыз.  Ешбір  сәтте  есімнен  ұлы  ғұламамыз  Әбу  Насыр  Әл  
Фарабидің  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  беру  керек,  тәрбиесіз 
берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы»  деген  ұлағатты  сөзі  естен  шыққан 
емес. 
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы 
үйретуден  де  тереңірек  жатыр.  Алдымыздағы  әрбір  бала  қайталанбас  бір 
ғажайып  әлем  десек,  сол  зерттелмеген  таза  құпияға  терең  үңіліп,  баланың 
басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне 
жол  таба  білу  –ұстаздардың  бұлжытпас  борышы.  Екіншіден,  мұғалім  шын 
мәнінде  баланы  жан  тәнімен  беріле  сүюі  қажет.   Алдымен  рухани  қуат, 
мейірімділік,  шыдамдылық,  кешіре  білу,  баламен  тең  жағдайда  сырласу, 
оның  мүмкіндіктеріне  сену,  ойын  әрқашан  құлақ  қоя  тыңдау  тәрізді 
қасиеттер  арқылы  ғана  мұғалім  өз  мәртебесін  көтере  алады.  Үшіншден, 
балаға  үнемі  қолдау  көрсету  –  үлкен  мәнді  гуманды  ізгі  ұстаным.  Оның 
астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру 

219 
 
ортасын  шама  жеткенше  ұйымдастыру,  баланың  бойынан  өзінің  балалық 
шағын  зерделі  көзбен  көру.  Төртіншіден,  мұғалім  әр  оқушының  мінез  – 
құлқын, көзқарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз 
шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. 
Бұл 
сағаттар 
– 
ғибратты 
да 
әсерлі 
болуы 
тиіс-ақ. 
Ұстаз  -  жас  ұрпақтың  рухани  сәулеткері,  қоғам,  халық  өзінің  үміті  мол 
болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі 
де  зерек,  парасатты,  ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтарды  бойына 
дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. 
Ұстаз  –  ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім-
тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-
бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға 
ретінде ерекшеленеді. 
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге 
атымызды  танытып  жатқан  кезеңде  ұлттың,  елдің  болашағы  –  жас  ұрпақ 
тәрбиесіне де мықты көңіл бөліну қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда 
өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, 
жүрегі – мұғалім. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында 
дамудың   жеті  басым  бағытын  айқындады,  оларды  жүзеге  асыру  әлемдегі 
бәсекелестікке  қабілетті  елдердің  қатарына  біздің  еліміздің  де  қосылуына 
жол  ашатын  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді.  Осындай  ең  өзекті 
басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып 
табылады.  Білім  беру  жүйесі  –  бұл  ұлттық  мәдениеттің,  ұлттық  сана  – 
сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас 
ұрпақтарды  тәрбиелеуде  ұстаздардың  алдындағы  жауапкершілік  салмақтана 
түскендей.  Жаңа  формациялы  мұғалім  кәсіби  шеберлігін  жетілдіретін  жаңа 
стильдегі  тұлғалық-адамгершілік бағыттарын,  педагогикалық  шындықты 
және ондағы үздіксіз іс  – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән 
саласындағы  еркін  бағытты  меңгеріп  және  қазіргі  педагогикалық 
технологияларды  игеруі  тиіс.  Білім  беру  талаптарын  өзгерту,  біліктілікті 
арттыру  жүйесін  жаңашылдандыру міндетін  алға  қояды,  ал  оның 
мақсаттарын  жүзеге  асыру  біздің   алдымыздағы  міндетіміз.  Білімді  ұрпақ  – 
болашақ  еліміздің  жарқында  кемелденген  көшін  алға  бастайтын  білімді  де 
білікті  жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын. 
Қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің 
технологияландыру  мәселесін  басты  орынға  қойылып  отыр.  Жаһандану 
үрдісінде,  шығармашылық  ізденістегі,  әр  баланың  ақыл-ой  еңбегінің 
дамуына  ықпал  жасайтын  негізгі  тұлғаның  бірі  –  оқушының  ұстазы. Қай 
кезеңде  болмасын  мектептегі  басты  тұлға  мұғалім  десек,  дүниежүзілік 
даму деңгейінен  кем  түспейтін,  иық  тірестіре  алатын,  алған  білімі  мен 
тәрбиелік қазынасын  туған  еліне,  адамзат  игілігіне  жұмсай  алатын  саналы 
азаматты  қалыптастырып,  жетілдіру  -  мұғалімге  жауапты  міндет.  Қазіргі 

220 
 
таңда  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  үлгісі  қалыптасуда.  Білім  берудегі 
ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. 
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру  - үйреншікті 
жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  –  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,-деген  екен. 
Сондықтан  қазіргі  таңдағы  педагогика  жаңалықтарын,  пән  ерекшелігіне 
қарай  қолдана  білу  –  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден-бір  жолы. Ұстаздық 
тәжірибемде  алдыма  қойған  мақсатым  -  баланы қалайда  өзінше 
қызықтыратын,  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу.  Оның  бастысы  оқу 
үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқудағы  іс-әрекеті  арқылы 
ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет 
ету.Ұлы  Абай  «Тегінде  адам  баласы  бір-бірінен  ілім,  білімі  жағынан 
ерекшеленіп  тұрады»,-  дегендей мұғалімнің  құзыреттілігі,  ең  біріншіден, 
өзін-өзі  дамытып,  жан-жақты  көрсетуіне  байланысты  деп  ойлаймын. 
Мұғалім  кәсіби  біліктілігін  өзіндік  дамытуы  үшін  өзінің  іс-тәжірибесіне 
педагогикалық-психологиялық  талдау  жасауы,  озық  тәжірибелерді  оқып 
үйренуі, ғылыми әдебиеттермен қарулануы, әріптестермен тәжірибе алмасуы, 
ата-аналарымен бірлесіп, мәселелерді шеше білу құзыреттілігін игеруі қажет. 
Қазіргі  кезде  білім  берудің  әлемдік  озық  тәжірибелерін  саралай  отырып, 
бүгінгі 
оқытуда 
жасөспірімдерден 
күтілетін 
нәтиже, 
негізгі 
құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.  
Жалпы  құзыреттілік дегеніміз  -  дара  тұлғаның  білім,білік  дағдыларды 
және  өзіндік  қабілеттерді  жан-жақты  игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі. 
Білім беру  мазмұнындағы  өзгерістер,  тұлғаға  бағытталған  оқытуды  жүзеге 
асыру - мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу 
үшін  мұғалім  әрқашан  ізденіс  үстінде  болу  керек.  Ендеше  қазіргі  таңдағы 
қазақ  педагогикасының  міндеті  де  осы  қасиеттерді  кез-келген  қазақ 
оқушысының  бойында  қалыптастыру.  Ертеңгі  күні  қазақ  мектебін  бітірген, 
соның ішінде ауыл мектебін бітірген, жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік 
көрсетпеуі  үшін,  шаруашылықтың  кез-келген  саласына  қажетті  ортақ  білік, 
дағдыны  қалыптастырып  мектептен  алып  шығуы  тиіс.  Өз  ұлтымызды, 
мемлекетімізді өркендететін білімді, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу 
үшін,  бірінші  кезекте  балалардың  сезімталдығын,  ойын,  тілін  дамытуды 
жолға алған жөн деп ойлаймын. «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне 
деген  сүйіспеншілікті  жинақтаса  ғана  ол  -  нағыз  ұстаз»,-  деп  айтқандай 
мұғалімнің ізденісі 
жан-жақтылығы, 
құзыреттілігі 
арқылы 
айқындалады. Мұғалім құзыреттілігін дамыту, оқушылардың сабақтан алған 
білімдері арқасында шығармашылығын қалыптастырады. 
Жаңа  инновациялық  технологияларды  пайдалану  —  заман  талабы. 
Қазіргі  жаңа  талаптар  оқушыға  емес,  қазіргі  заман  мұғаліміне  қойылады, 
мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын 
адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты 
емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім 
беру  процесін  түсінетін,  жаңа рөлді  қабылдай  алатын  педагог болуы  қажет. 
Ол  үшін  ол  жаңашылдыққа  дайын  болуы  керек.  Осы  жерде  Елбасымыз 

221 
 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Адам  үшін  XXI  ғасыр-жаңа  технологиялар  ғасыры 
болмақ,ал  осы  жаңа  технологияларды  жүзеге  асырып,  өмірге  енгізу,игеру 
және жетілдіру  - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың 
тағдыры 

ұстаздардың 
қолында» 
деп 
атап 
көрсетті.  
А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат 
та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та 
–  тіл»  деп  жазған.  Жеке  тұлға  тәрбиелеуде  тіл  құзыреттілігінің  маңызы 
ерекше.  Әлеуметтік  топтарда,  қоғамдық  түрлі  әлеуметтік  орындарда 
тұлғалармен  қарым-қатынас  жасауды  және  әрекет  етуді  қамтамасыз  ететін 
ана  тілін  және  басқа  тілдерді  меңгеру  –  заман  талабы.  Білім  алушының  тіл 
құзыреттілігін  жетілдіруге  критериалды  бағалау  жүйесінің  ықпалы  өте 
зор.Қазіргі  заманда  дамытудың  нақты,  бағытты,  жүйеленген  әдістемелері 
жасалып,  психологиялық  қолайлы  жағдайлар  тудырып  отырса,  кез 
келген   ерекше  қабілетті  оқушы  дарынды  оқушыға  айнала  алады.  Ал 
дарынды  ұрпақ  –  елдің  ертеңі  екенін,  оқушы  жастан  белсенді  азаматтық 
позициясымен  ерекшеленетін  бала  қоғамымыздың  ертеңгі  интеллектуалдық 
потенциалы,  зияткерлік  тобы  екенін  үнемі  есімізден  шығармайық. 
Адамның жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары 
дәрежеде  ұйымдастыру  егеменді  елімізді  одан  әрі  дамытатын  азаматтарды 
тәрбиелеуде  маңызды  қадам  болып  табылады.  Терең  білім  –  білім 
тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  азаматтығымыздың  алдаспаны  деген 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылағымыз келеді. 
 
МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 
 
Исаханова Акмарал  Аманхановна 
№127 мектеп директорының тәрбие жұмысы 
жөніндегі орынбасары 
 Астана қаласы 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты 
қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге 
құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық 
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен 
үйлестіріп,  Қазақстанның  игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер 
туралы  өзекті  мәселе  көтеріліп  отыр.  Онда  ел  Президенті  Қазақстан  үшін 
қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси  реформа  мен 
экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін 
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні 
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. [3] 
 «Егеменді  еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас 
ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,  –  деп  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 
айтқандай,  Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн 

222 
 
тәртібінде  тұрған  келелі  мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту,  өркениет 
біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. [1] 
Қазіргі  қоғамдағы  ұстаздар  мәртебесі  туралы  сөз  қозғар  алдында, 
қазақтың  хас  батыры  Бауыржан  Момышұлының:  «Ұстаздық  –  ұлы  құрмет. 
Себебі,  ұрпақтарды  ұстаз  тәрбиелейді.  Болашақтың  басшысын  да,  данасын 
да,  ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де,  кеншісін  де  ұстаз  өсіреді.  Өмірге 
ұрпақ  берген  аналарды  қандай  ардақтасақ,  сол  ұрпақты  тәрбиелейтін 
ұстаздарды  да  сондай  ардақтауға  міндеттіміз»,  –  деген  сөзі  еске  түседі. 
Ұстаздың қадірі, мұғалімнің мәртебесі туралы Мағжан Жұмабаевтың: «Алты 
алаштың басы қосылса төрдегі орын мұғалімдікі» – деуі тегін болмаса керек. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «100  нақты  қадам»  Ұлт 
Жоспарында  ұлттық  білімнің  сапасын  арттыруда,  орта  білім  беру  саласына 
жаңа стандарттар енгізу бойынша нақты тапсырмаларды белгілеп берді. Осы 
орайда  білім  ордасы  мектеп,  ал  мектептің  жаны  –  мұғалім  екендігі 
баршаңызға  мәлім.  Ұстаз  қолында  адам  тағдыры,  болашақ  ел  тағдыры. 
Мұғалім  –  қоғам  айнасы,  оқытушы,  мұғалім  –  ұстаз,  оқулық  авторы, 
технолог,  жаңалықты  дәріптеуші,  таратушы.  Ұстаз  –  деген    құрметті  атаққа 
ие болудың өзі бір бақыт.  
Ұстаз  –  өмірлік  тәжірбиесі  мол,  нағыз  еңбекқор,  ізденімпаз,  ұшқыр 
ойлы  жан.  Жақсы  ұстаз  шәкіртінің  мәңгілік  мақтанышына  айнала  алады. 
«Ұстазы  жақсының  –  ұстамы  жақсы»  демекші,  шәкірт  бойындағы 
ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз 
ғана,  салауатты  да  саналы,  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға 
қалыптастыра алады.  
Бүгінгі  жаңа  ғасырдың  жаңашыл  шәкірттерін  тәрбиелеуші  мұғалімдер 
– ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған жандар. Мектеп өмірінде мұғалім – 
басты  тұлға.  Мектеп  мұғалімі  балаларды  оқытып  қана  қоймайды,  сонымен 
бірге оларды тәрбиелейді. 
Кез  келген  маман  иесінің  құзырлығына  баға  берерде  «Мұғалім  кім 
болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық 
даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар 
ерекше орнын аңғару қиын емес. 
Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан 
абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың: 
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты 
Білімділік бір биікке шығар саты. 
Ең алғаш басталады сол адамнан 
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты [4] - деген өлең жолдары дәлел бола 
алады. 
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттігін нығайту өлшеусіз үлес қосып жүрген, 
республикамыздың  білім  беру  жүйесінде  жүргізіліп  жатқан  реформалардың 
табыстары  мен  жетістіктері  үшін  өздерінің  кәсіби  шеберлігін,  патриоттық 
пен  имандылығын  арнаған  мұғалімдер  қауымының  бүгінгі  педагогикалық 
оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс-шара. 

223 
 
Білім  қызметкерлерінің  I-құрылтайында  Елбасымыз  Н.Назарбаев 
«Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  –бүгінгі  мектеп  оқушыларын 
мұғалімдер  қалай  тәрбиелесе,  Қазақастан  сол  деңгейде  болады»  [3]  -деген 
еді.  Ия,  бұл  сөздерде  қарапайым  мектеп  мұғалімдеріне  бүтін  бір  елдің 
болашағына  жол  салар,  жас  ұрпағын  нұрлы  аспанға  көз  тіктіріп,  ұлы 
армандарға  қанаттандырар құдірет иесіне  деген үлкен  сенім,  жауапкершілік 
жатыр. 
«Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі»,  –  деген  Н.Ә.Назарбаев 
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану 
алдында  ұлт  ретінде  жойылып  кетпеуі  үшін  ұлттық  кодын  сақтаған,  терең 
білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы 
кемел  тұлға  болуына  маңыз  береді.  Осы  бағдарда  ол  бабалар  ұлағатымен 
астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі 
ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.  
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2016-2019 
жылдарға  арналған  бағдарламасында  білім  беру  саласына  «Экономиканың 
орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру,  адами  капиталды  дамыту»  деп  атап  көрсетілген.  Еліміздің 
халықаралық  экономикалық  қауымдастыққа  енуі  білім  беру  саласындағы 
өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог 
қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. [2] 
Қазіргі  уақытта  қоғамның  дамуына  байланысты  оқушыларға  білім 
беру,  оларды  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері  барған  сайын  күрделеніп 
бара  жатыр.  Басты  міндеттің  бірі:  орта  мектепті  бітірген  оқушы  өмірге 
белсене  араласып,  ғылымның  шапшаң  дамуына  ілесуі  қажет.  Ашылған 
жаңалықтарды  өз  бетінше  оқып  үйреніп,  оларды  өз  ісіне  жаратуы  керек. 
Жеке  тұлғаның  дамуының,  мәдениетаралық  алмасулар,  әр  оқушы  пікірін 
еркін  айта  алуы,  жаңашыл  жобаларды,  шығармашылық  ойларды  іс  жүзінде 
қолдана  білу  керек.  Барлық  пәндер  бойынша  оқытудың  басты  мақсаты 
оқушыға  белгілі  бір  білім  туралы  түсінік  беру  ғана  емес,  оны  бақылауға, 
ойлауға  үйрету  маңызды.  Білімді  терең  де  жүйелі  меңгертуге  септігін 
тигізетін  оқуға  ынталылық,  пәнге  деген  қызығушылық,  ата-анасы  алдында, 
достарының  алдында  жауапкершілікті  сезіну,  қажеттілікті  ұғыну,  білімнің 
мәнін,  қажеттілігін  түсіну.  Алған  білімдерін  тиісті  жағдайда  қолдана  білу, 
талапты  оқушылардың  дамуына  ықпал  етеді.  Сабақтың  негізгі  мақсаты 
мәтінмен  жұмыс  жасай  білу  болса,  оның  ерекшеліктері  мұғалімнің  басты 
қаруы  –  сөз  арқылы  оқушы  жүрегіне  ықпал  ету,  әсерлендіру,  пәнге 
қызықтыру, логиқалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар оқушылар 
мектеп  қабырғасында  жүріп-  ақ  әлемдік  құрылым  қалыптасуының  негізгі 
ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс- тәсілдерін меңгеруі қажет. 
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету 
керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай 
оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз 

224 
 
ісін  жоспарлай,  өзінің  нақты  мақсаттарын  болжап,  көре  алуын,  баланың 
әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек. 
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, 
кәсіби шеберлікті ұштап отыру- ұстаздың басты парызы 
Қай  ұстаз  болсын  қазіргі  күн  талабына  сай  оқыту  мен  тәрбиенің  ең 
тиімді  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдану  арқылы  оқушылардың  білімін 
тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге, таным белсенділігін арттыруға 
қажет.  
Әрине  ол  мұғалімнің  үнемі  ізденуіне,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді 
қолдануына, әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. 
Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу 
ұяттырақ».  Қорыта  келе,  жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың 
білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы  дамуын 
қойып  отыр.  Тәуелсіз  елді  өркениетті  әлемге  танытатын  дамыған  елдер 
қатарында  терезесін  тең  ететін  күш  –  білім  және  білімді  ұрпақ  болмақ. 
Сондықтан  білімді  ұрпақты  тәрбиелеу  —  біздің  қасиетті  ұстаздық 
борышымыз деп білемін. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші  өнер 
кәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан 
халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.). 
2. 2016 
жылдың  1  наурызындағы  №205  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2016-
2019  жылдарға  арналған  білім беру  және  ғылымды  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы.   
3. Н. Назарбаев  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» (12.04.2017ж). 
4. С.Мұқанов.  Ұстазға  //Таптым-таптым!  Эврика!  //  Алматы.  –  2005.  —  №2. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет