Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 
 

245 
 
ЖАС ҰРПАҚҚА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Сартбаева Лена Татановна 
Бейнеу ауданының әкімдігінің                                                                             
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ 
 
Адамға  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  ісі  отбасынан 
басталады.  Адамгершілік  қасиеттерді  (имандылық,  қайырымдылық, 
мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық,т.б.)  адам  бойына  дарыту  үшін  әуелі 
үйрету,  содан  кейін  дағдыландыру,  талап  ету,  мәжбүр  ету  тәсілдері 
қолданылады.  Жалпы,  бала  тәрбиесінің  негізі  5  жасқа  дейін  қаланады.  Осы 
саладағы  мамандардың  айтуынша,  бес  жасқа  дейін  жүргізілген  барлық 
тәрбие,  білім  -  бүкіл  тәрбие  ісінің  90  пайызын  құрайды.  «Сүтпен  сіңген 
сүйекпен кетеді» деген қанатты тіркес ана бауырындағы бастапқы тәрбиенің 
қаншалықты күшті екендігін көрсетсе керек. 
Ертеде  қариялар  жас  баланы  көпшілік  жиналған  жерге  ертіп  апарады 
екен.  Бұны  «тағылым»  деп  атаған.  Дастарқан  басындағы  құйма  құлақ 
жасөспірім  жақсы  сөз  үйренеді,  тіл  ұстартады,  қаншама  тың  мағлұмат  пен 
жаңалыққа қанығады... Үлкеннің сөзін бөлмей, сыпайы тыңдау, орайы келген 
жерінде тіл қату, жасы үлкеннің алдын кеспеу –  өнегелікке бастар тәрбиенің 
құрамдас  бөліктері  ғой.  «Кісі  болатын  бала  қонаққа  үйір»  деп  қазақ  халқы 
бекер айтпаған. Мұнда қаншалықты сыр жатқанын біз бен сіз де білесіз. Әр 
қонақ  -  адам. Қонаққа  есік  ашып,  жылы  да сыпайы  сәлемдесіп, хош  алудан 
бастап, шешіндіріп, киімін ілу, қолына су құйып, орамал ұсыну - жас балаға 
әрі  мәртебе,  әрі  өнеге.  Жас  бала  адам  танып,  адамды  сыйлауды,  сүюді 
үйренеді. 
Жалпы,  шыншылдық,  өтірік  айтпау,  қонақжайлылық,  әлсіздерге 
қамқорлық,  мейірімділік,  кеңпейілділік,  жомарттық,  ысырап  жасамау, 
ұрламау,  сыпайы  сөйлеу,  әділдік  секілді  қасиеттер  діни  тәрбие  арқылы 
қалыптасады.  Ал  осы  қасиеттерді  баланың  бойына  сіңіретін  бірінші  ретте 
ата-ана екені рас [1]. 
Парасатты,  ізгі  тәрбие,  тәрбиенің  кемелдігі  неден  басталмақ?  Бұл,  ең 
әуелі, баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, 
еңбекқор,  кішіпейілділік  секілді  ізгі  қасиеттерді  бойға  сіңіруі.  Есейгенде 
қоғамға  пайдалы  азамат  болуы,  жас  кезінен  анаша,  есірткі,  автомат 
ойындары,  сыра,  арақ,  темекі,  зинақорлық  секілді  теріс  қылықтарға  үйір 
болмауы,  ешкімнің  ала  жібін  аттамауы.  Әдепті  болуы,  қай  кезде  де  текті 
тәрбиенің жемісін көрсетуі. Міне, мұндай ұрпақ - Абайша айтсақ, ата-ананың 
көз қуанышы, қызығы мен сүйініші. 
Өз үлгіңмен тәрбиелеу  – әлемдегі ең жақсы тәрбие! «Ананың iзiн қыз 
басар,  атаның  iзiн  ұл  басар».  Әрбір  ата-ана  ұмытпауы  керек:  оның  өмірі, 
оның  мінез-құлқы  –  бұл  бала  үшін  үлгі.  Балаларыңыздың  жақсы  болғанын 
қалайсыз ба? Жақсы тәрбиеші болу аз.  Ал ата-ананың міндеті неде? Қазіргі 

246 
 
заманғы  ата-аналар  әрқайсысы  өз  отбасында  бала  дамуы  мен  тәрбиесі  үшін 
оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдермен және 
мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс. 
Бала  мүддесіне  немқұрайлылық  атмосферасы  орнаған  отбасыларда, 
ата-ана  балаларын  белсенді,  жауапкершілікпен  тәрбиелеуден  қашқақтайтын 
отбасыларда балалардың оқуда, мұғалімдерімен және құрдастарымен қарым-
қатынаста  қиналатынын  бәріміз  білеміз.  Ата-ана  немқұрайлылығы  немесе 
ата-ана  озбырлығының  қысымында  болатын  бала  екіжүзді  және  оның 
қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласады. Сонымен бір мезгілде оның өз 
абырой сезімі мәңгілікке жоғалады. 
        Жасөспірімдік  жаста  бұл  девианттық  мінез-құлықтың  көптеген 
формаларына  әкеп  соғады:  жасөспірімдер  шылым  шеге  бастайды,  бейпіл 
ауыз  болады,  өз  міндеттерін  елемейді,  кейде  тіпті  алкоголь  мен  есірткі 
тұтынады  немесе  шынайы  өмірден  компьютерлік  ойындардың,  әлеуметтік 
желідегі қарым-қатынастардың виртуалды әлеміне кетеді. Отбасында қолдау 
мен  түсіністік  болмағандықтан,  жасөспірімдер  теле  және  интернет-
тәуелділік,  нашақорлық,  ойынқұмарлық,  дүниеқоңыздық  секілді  қазіргі 
әлемнің  көптеген  жағымсыз  азғырындыларына  оңай  еріп  кетеді, 
эмоционалдық  тұрғыда  салқын  болады.  Ал  егер  отбасы  сүйіспеншілікте, 
сыйластықта және өзара түсіністікте, мейірімділікте және тілектестікте өмір 
сүрсе,  онда  балада  дұрыс  өзін-өзі  бағалау  қалыптасады,  ол  өзіне  сенімді, 
оның жақсы оқуға деген ынтасы бар; ол сыныптастарымен достасқысы келеді 
және дос болады; педагогтарға сыйластықпен қарайды. Есейгенде ол алдына 
жоғары  мақсаттар  қояды  және  мақсатты  түрде  оларға  қол  жеткізеді  [2]. 
Керісінше,адамдық  қасиеттеріне  көңіл  бөлмей,  тек  материалдық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етумен  шектелсе,  онда  бала  қоғамды  ішінен  ірітетін  зиянкес 
болып өспек. 
         Отбасындағы  тәрбие  ұстаз  ұлағатымен  ұштасып,  бірін-бірі  байытып, 
асқақ  арманға,  ұлы  мұраттарға  қанат  қағуы  қажет.  Мектептегі  білім  мен 
тәжірибе  –  егіз  ұғымдар.  Мектепті  білім  тірегі  десек,  ұстаз  -  оның  жүрегі. 
Мұғалім  жас  ұрпақтың  жан  –  жақты  терең  білім  алуымен  қатар  саналы  да 
тәрбиелі,  зерделілік  деңгейі  жоғары  болуы  үшін  тер  төгіп,  еңбек  етеді. 
«Тәрбие  -  тал  бесіктен»  дегендей,  біліктілік  пен  білімділік  негізі  мектептен 
бастау  алады».  Адамның  адамшылығы  ...  жақсы  ұстаздан  болады»,-  деген 
ұлы Абай сөзінде өмір шындығы бар[3]. 
      Адамгершілік  тәрбиесі  -  белсенді  процесс.  Ол  жағымды  қасиеттерді 
қалыптастыруды  ғана  емес,  жағымсыз  қасиеттерді  жеңуді  де  қарастырады. 
Адамгершілікке  жат  қылықтарға  -  маскүнемдікке,  бұзақылыққа,  бейпіл 
ауыздылыққа,  тоғышарлық  көңіл  күйге,  тұтынымпаздық  психологияға 
тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен. 
       Адамгершілік  тәрбие  берудің  негізгі  мазмұнын  патриотизм  және 
интернационализм,  ұжымшылдық,  еңбекке  деген  көзқарас,  тәртіптілік  және 
ұйымшылдық,  принципиалдылық  және  өзіне  сын  көзімен  қараушылық, 
шыншылдық  және  әділеттілік,  жоғары  жауапкершілдік,  және  қоғамдық 

247 
 
парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. 
Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез- құлық дағдылары мен 
әдеттерін меңгеру, өзін көпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық 
тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады... Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен 
әділеттілік,  қарапайымдылық  пен  сыпайылық,  үлкенді  сыйлаушылық  пен 
кішкентайларға  қамқоршылық  сияқты  адамгершіліктің  өте  қарапайым 
нормаларын сіңіру қажет. [4] 
      Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны зор. Өз тәжірибемнен 
байқағаным, сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі. 
                                            Сынып жетекшісі 
                                                               
              
                                                Оқушы идеалы 
                                            
Адами қасиет үйретеді                                   Рухани тәрбие береді 
 
Мәдениетке шақырады                                 Мол білім береді 
 
                                  Жеке тұлға қалыптастырады 
 
      
Оқушы  бойындағы  өзін-өзі  тәрбиелеу  және  дамытуға  саналы 
көзқарасты  қалыптастыру  үшін  жоспарлы  тәрбиелік  шаралар  жүйелі  өткізу 
уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Мектеп бітірген түлектеріме 5- сыныптан 
бастап жетекшілік еткен кезімде бірін- бірі көре алмау, қызғаныш, бұйырып 
сөйлеу, кемсіту секілді келеңсіз әрекеттер көптеп кездесті. Алғашқы кездерде 
сынып  оқушыларын  бірлікке,  татулыққа  шақыру,  достық,  жолдастық,  ата-
ананы  сыйлау,  білімді  насихаттау  мақсатында  тәрбиелік  шаралар  жүйелі 
өткіздім.  Еңбекке  баулу  үшін  сыныптағы  тазалық  жұмыстарында  өзім  бел 
ортасында жүріп, олармен тең құрбыдай еңбек еттім. Табиғат аясына шыққан 
кезінде бірігіп заттарды тасу, табиғат аясына қамқорлық, яғни тазалыққа мән 
беру керектігін нақты әрекет арқылы жүзеге асырдым. 
        Халық  педагогикасы  даналықтың  көзі  десем,  артық  айтпаған  болар 
едім.  Қазақтың  мақал-мәтелдерінің  өзі  жас  балаларды  өзінен-өзі    тәрбиелі 
болуға  жетелейді.  Балалар  бойындағы  талантын,  дарынын  ашу  үшін 
намысын  қайрап,  жақсы  оқуға  толық  мүмкіндігі  бар  екендігіне  көздерін 
жеткіздім.  Бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  достасуға,  қайырымдылыққа 
үйретіп,  ұлы  адамдар  өмірінен  мысалдар  келтірдім.  Қатігездікке,  құқық 
бұзушылыққа  қарсы  тұруға,  өз  тәртіптерін,  істерін  бағалай  білуге  барынша 
үйреттім.  Сынып  оқушылары  бір  үйдің  баласындай  тату  болу  керектігін 
санасына  құйдым.  Нәтижесінде  сыныпта  «бірі  бәрі  үшін,  бәрі  бірі  үшін» 
принципі  қалыптасты.  Кезекті  ашық  сабақтарымды  өз  сыныбыма  өткізу 
дәстүрге айналды. Мақсатым - оларды топ алдында қысылмай еркін сөйлеуге 
қалыптастыру,  білімін  молайту.  Іздендіру,  шығармашылық  қабілетін  ояту. 

248 
 
Өнер мектебінің сурет бөлімін бітірген Боранбаева Айгүл есімді оқушым әр 
сабақтың суреттерін өз қолымен салатын. 
      
Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, балалар бойындағы 
жақсылы-жаманды  қасиеттерін  байқап,  дер  кезінде  қателігін  түзеуге 
тырыстық. 
      
Міне,  уақыт  өте  келе  жүйелі  тәрбие  өз  жемісін  беруде.  Балалар  ойлы 
сөзге тоқтайды. Сөз қадірін ұғынады. Көп білуге тырысады. Болашаққа, өзіне 
деген  сенімі  бар.Бәрі  де  білімнің  керек  екендігін  жан  дүниесімен  сезінеді. 
Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа 
жетеді. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. 
        Сынып  жетекшісі  оқушыларға ұрсып  емес,саналы  тәрбие, аз сөзге  көп 
мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін 
түзеп,  қайталамайтын  жағдайға  жеткізуге  үйретуге  болады.  Жақсы  тәрбие 
беріп, дер кезінде қолдау көрсетіп жүрсеңіз, бала сізді асыға күтеді. Өзін қай 
жағынан  болсын  көрсетуге  тырысады.  Әр  шәкірттің  бойындағы  қабілет, 
дарынын  уақытында  байқап,  пән  мұғалімдерімен,  ата-  анамен  тығыз 
байланыс  жасап,  болашақ  өмір  жолына    пайдасы  тиетіндей  олимпиада, 
ғылыми  жоба,  тағы  басқа  да    жарыстарға  қатысуын  қадағаласаңыз,  орасан 
пайда  келтіргеніңіз.  «Қатал  тәртіптің  қыспағына  алмай,  қайта  жылы  шырай 
танытып, үнемі қолдау көрсетіп, ынталандырар едім»,- деген Диана Луманс 
пікірі  балаға  үйретіп  жатқан  тәрбиемнің  бағыты  дұрыс  екендігін  айқындай 
түседі[1].  Неге  десеңіз,  өмірге  шығатын  баланың  қасында  ұстаз  немесе  ата- 
анасы  бірге  жүрмейді.  Оны  қоршаған  басқа  әлем,  дос-жолдастары  бар. 
Сондықтан  бала  кез  келген  ортада  өзін  жеке  тұлға  ретінде  дұрыс  ұстап, 
басқарып,  тура  жолмен  жүру  керек.  Ешкімнің  жетегіне  ермей,  өзін  басқара 
білген бала - дұрыс тәрбиенің жемісі. 
Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалу  үшінсыныпта  өтілетін  тәрбиелік  шараларға  ерекше  мән  берген  жөн. 
Тәрбиелік  шараларды  түрліше  формада  өткізуге  болады[5].  Атап  айтсақ, 
таңғажайып алаң, кездесу, лидер, пікірталас, дөңгелек үстел, ауызша журнал, 
әдеби кеш, конференция т.б. Соның ішінде пікірталастың оқушы өмірі үшін, 
сынып  жетекшісіне  баланың  ішкі  жан  дүниесін  зерттеп,  білу  үшін  де  көп 
пайдасы  бар.  Оқушылардың  ойын  ауызша  да,  жазбаша  да  жарыққа 
шығартып,  ситуациялық  жағдаяттарды,  өмірдегі  таза  шындықты  көрсету 
арқылы олардың жүрегіндегі ақ пен қараны айыра білу, еңбекқорлықа баулу, 
адамгершілік  секілді ізгі қасиеттерді бойға жиып, қатігездіктен аулақ болуға 
шақырады.  Сол  себепті  10-сыныпта  «Адам  болам  десеңіз»  тақырыбында 
пікірталасты ұйымдастырдым. Мақсатым - сыныптағы әрбір оқушының өзін- 
өзі  тануына,  сын  көзбен  қарай  білуіне  жол  ашу;  өзін  тәрбиелеуші  ортадағы 
адамдарға  құрметпен  қарауға,  айтылған  ақыл-кеңестерді  ыждағаттылықпен 
тыңдап, жеке адам боп қалыптасуына мүмкіндік туғызу болатын.          
Оқушыларға  ойланатындай  төрт  түрлі  сұрақ  бердім.  1)  Абай  айтқан  5 
асыл  қасиет  (талап,  еңбек,  терең  ой,ұанағат,  рақым)  өз  бойыңда  бар  ма?  2) 

249 
 
Ата-ана алдындағы парызыңды өтеу өзіңді ойландыра ма? 3) Өзіңді қоршаған 
ортада,  әсіресе,  достарыңа  көңілің  тола  ма?  4)  Кімге  еліктейсің?  Жазбаша 
түрде  пікірлерін  оқығанымда,  төменгі  сыныпқа  қарағанда  ой-санасының 
өскенін,  өзіндік  көзқарасы  қалыптасқанын  байқадым.  Кейбіреуі  өмірде 
жақсы  адамдарға  еліктесе,  тағы  біреулері  ата-ана  алдындағы  парызын 
түсінетіндігі,  ең  асыл  адам  деп  танып,  өскесін  бар  жақсылықты 
жасайтындығын  жазған.  Жастар  өмірге  шынайы  көзбен  қарап,  өз 
тағдырларына  өздері  иелік  ете  алатын  азаматтар  болуы  үшін  оларға  үлгі 
ұсынуымыз керек. [5]  Олай 
болса, 
9-11-сыныпта 
өтілетін 
тәрбие 
жұмысында ел үшін еңбек еткен тұлғалардың жетістікке жетудегі төзімділігі 
мен еңбекқорлығы,  бәсекелестік қабілеттерімен таныстыра отырып, өмірлік 
мақсат қоюға ұмтылдыру керек. 
           Ескеретін  жағдай: кейде  оқушының  ойлауы  мен  шынайы  өмірде  өзін-
өзі ұстауы, мәнері басқаша болуы мүмкін. Ендеше, баланың санасы, өзіндік 
қабылдауына  да  бақылау  жасап,  өзіне-  өзі  баға  бергізу  керек.  Сонда  бала 
сыннан  қорытынды  шығарады.  Бұл  ретте  К.Д.Ушинский  қарастырып, 
күнделігіне  жазып  қойған  мінез-құлық  ережелері  ерекше  назар  аударуға 
тұрарлық. Оған мынадай пункттер енген: 
1. Өте байсалдылық, тым болмаса сырттай байсалдылық. 
2.Сөз бен қылықтағы туралық. 
3. Ойланып әрекет жасау. 
4. Батылдық. 
5. Қажетсіз жерде өзің жайлы бірде-бір сөз айтпау. 
6. Уақытты саналы өткізу, кез келген іс емес, көңілің ауған істі істеу. 
7. Құмарлықпен емес, қажетті немесе ұнамды нәрсеге шығындану. 
8. Әр күннің соңында саналы түрде өз қылықтарың жайлы есеп беру. 
9. Ешқашан да болып өткен, болып жатқан, келешекте болатын нәрсені      
    мақтан етпеу. 
10. Осы журналды ешкімге көрсетпеу [4]  
  
 Қорыта айтқанда, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруді    
 ұйымдастырудың тиімді жолдары мыналар: 
1. Отбасындағы тәрбие. 
2. Әр сынып сайын берілетін жүйелі тәрбие  
3. Білімді саналылықпен меңгеруге жол ашу (компьютерлік сауаттылық, үш        
   тілді толық меңгеру) 
4. Мінез-құлық ережелерін сақтау. 
5. Бәсекелестік қабілетін арттыру, өз мүмкіншілігін көрсете білуге      
    дағдыландыру. 
6. Ұлы адамдардың өмірінен деректер ұсыну, өмірлік тәжірибелерін 
талқылау. 
7. Рухани мәдениетімізді, әсіресе, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігіне       
    үлес қосқан тұлғалардың жетістігін талқылау арқылы оқушылардың ой-      
    санасына әсер ету. 

250 
 
Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған 
жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу 
-  шынайы  патриотизмнің  маңызды  көріністерінің  бірі...  Біздің  бабаларымыз 
ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты  талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын 
ұлан-ғайыр  аумақты  ғана  қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер 
ұрпағын, бізді қорғады... Ендеше, осынау тәуелсіз Қазақстанда біз тәрбиелеп, 
ұядан ұшырған түлектеріміз де заманға қажетті мамандықтарды терең игеріп, 
туған жеріне бір кірпіші боп қалану керек дегім келеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қ.Бағашар «Исламдағы бала тәрбиесі» кітабы. «Алматы, «Көкжиек»    
       баспасы, 2010 ж.159-бет.  
 2.  «ХХІ  ғасырдағы  қазақстандық  ата-  ана:  өз  балаңа  үлгі  бол» 
республикалық ата-аналар конференциясын өткізудің сценарийі», 2018 ж. 
 3.   Н.И.Болдырев «еМектептегі тәрбие жұмысының методикасы» кітабы.     
      Алматы, «Мектеп» баспасы, 1987 ж. 
 4.    «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 
халыққа арнаған Жолдауы, « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар.  
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ 
 
Тажигалиева Айгерим Куракбаевна  
Атырау облысы, Атырау қаласы  
№12 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы 
халқымыздың  тарихындағы  терең  мағыналы  бағдарламалық  мақалаға 
айналғаны  баршамызға  белгілі.  Бәсекеге  қабілеттілік,  ұлттық  бірегейлікті 
сақтау  ,білімнің  салтанат  құруы  секілді  бағытындағы  мақсат-міндеттерді 
айқындап  берген  бұл  мақалада  рухани  жаңғырудың  алғышарты  болатын 
нақты  жобалар  ұсынылған.  Елбасы  мақаласы  Қазақстан  халқының  өткеніне 
сараптама  жасап,  болашағына  нақты  байламдар  айтуымен  әрі  сындарлы 
ұлттық  басымдықтарды  қамтып,  ұлттың  мәдени  кодын  көрсетуімен  құнды. 
Еліміздің  әр  азаматы  үшін  бірігудің  және  жалпы  ұлттық  ұқсастықты 
нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған.  
Елбасы қазіргі тасты назарғаңда жеке адам ғана емес , тұтас халықтың 
өзі  бәсекелік  қабілетін  арттырса  ғана  табысқа  жетуге  мүмкіндік  алатынын 
басты  назарға  қойып,  болашақта  ұлттың  табысты  болуы  халқының  рухани 
тұрғыда  бәсекеге  қабілеттілігімен  айқындалатынын  баяндайды.  «Бәсекеге 
қабілет  дегеніміз  –ұлттың  аймаұтыұ  немесе  жахандық  нарықта  бағасы,  я 
болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл жай ғана 
материалдық  өнім  ғана  емес,  сонымен  бірге,  білім,  қызмет,  зияткерлік  өнім 
немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Сол үшін де әрбір еліміздің 

251 
 
азаматы  мен  азаматшалары  ,осыарқылы  тұтас  ұлт  XXI  ғасырға  лайықты 
қасиеттерді  бойына  сіңіре  білуі  шарт.  Мысалы,  компьютерлік  сауаттылық, 
шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әрбір 
Қазақстандықтың ілгері басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында». 
Екі  тарау  мен  алты  тармаққа,  алты  тапсырмаға  құрылған  Елбасы 
бағдарламасы  –жаһандану  кезеңіндегі  рухани  жаңғыруымыздың  тың 
көрсеткіші  мен  биік  белесі  іспеттес.  «XXI  ғасырдағы  ұлттық  сана  туралы» 
атты  бірінші  бөлімінің  «Бәсекелік  қабілет»,  «Прагматизм»,  «Ұлттық 
бірегейлікті 
сақтау», 
«Білімнің 
салтанат 
құруы», 
«Қазақстанның 
революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты 
тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен 
идеялар  «Мәңгілік  ел»  идеясын  іске  асырып,  мемлекетімізді  нығайту  мен 
дамытудың,  қазақ  руханиятын  көркейтудің  үздік  үлгісі  деп  түсінуіміз 
маңызды. Еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған 
барша тиімді тұстар мен мүмкіншіліктерді пайдаланып, ұлттық кодты сақтай 
отырып, рухани жаңғыруға бел буды. Мұндағы басты мақсат-Ұлт жоспарын 
орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып саналады. 
Соның  бір  жарқын  көрінісі  ретінде  Елбасымыздың  Үндеуіндегі  «Білімнің 
салтанат  құруы»  бөлімінде  осы  жағдайды  меңзеп,  халықты  жаппай  білім 
алуға шақыруын айтуға болады. 
Ел  келешегіне  үміт  артқан  елбасымыздың  аталған  тұғырнамасында 
білім  мен  ғылымға  айрықша  назар  аударылып  отыр.  «Терең  білім  –
тәуелсіздігіміздің  тірегі»,-  деп  атап  өткен  Елбасымыз  «Мәңгілік  ел  болуға 
қадам  басқан  егемен  еліміздің  жаhандану  алдында  ұлт  ретінде  жойылып 
кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған,яғни сонау ата-бабаларымыздан қалған 
ұлттық  мәдениетіміз  бен  әдебиетімізді,  ғасырлар  бойы  тарихымызда 
сақталған,  қаймағы  бұзылмаған  қазақ  халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатырған  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлеріміз,  ұлттық 
тіліміз  бен  дінімізді,әдебиетімізді,  бір  сөзбен  айтқанда  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  ұлттық  рухымызды  дәріптеп,ұлттық  құндылықтарымызды  өн 
бойына  сіңіре  білген  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 
саналы ұрпақ қалыптасу керектігін алға тартады. 
  
Қазіргі таңда адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған 
оқу  мен  білімнің  қарыштаған  дәуірінде,  ұлт  көшбасшымыз  рухани 
жаңғырудың  негізгі  талабы  –  «білімнің  салтанат  құруы  -  білімді  бәрінен 
жоғары  қоятын  ұлт  қана  табысқа  жете  алады»  деп  айтқан  болатын.  Осы 
орайда  көрегендігі  мол,  мақсаты  айқын  Елбасымыздың  «Болашаққа 
бағдар  :рухани  жаңғыру»  мақаласы  жарияланғанынан  бастап,  білім 
ордамызда  рухани  жаңғыруымызға  байланысты  оқушыларымыздың  бойына 
патриоттық  сезім  ұялату,  Отанға  деген  құрметін  арттыру  мақсатында 
көптеген  патриоттық  іс-шаралар  ұйымдастырылып,  жұмыстар  жүргізіліп 
келеді. 
Бүгінде  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  Атырау  облысы, 
Атырау  қаласы,  жалпы  білім  беретін  Ф.Досымова  атындағы  №12  орта 

252 
 
мектебінде  «Мәңгілік  ел»  бағдарламасы  бойынша  оқушыларымыздың 
бойына  патриоттық  сезім,  туған  жерге  деген  құрметін  арттыру  мақсатында 
көптеген  патриоттық  іс-шаралар  ұйымдастырылып,  бірқатар  жұмыстар 
жүргізіліп  келеді. Мектебімізде  Отанын  сүйетін  патриотты  ұрпақ  тәрбиелеу 
мақсатында «Туған жерге тағзым» атты жергілікті мұражайлар мен қасиетті 
жерлерге  танымжорықтар  ұйымдастырылды.  Сонымен  қатар,  кітап  оқуды 
насихаттау  барысында  «Оқымысты  ұлт»  акциясына  орай  «Кітап  –  өмір 
ұстазы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді. Елбасымыздың осы бір 
мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімінде 
алдағы  уақытта  жүзеге  асырылатын  нақты  жобалар  айқындалған  .  Латын 
қарпіне көшу туралы Елбасы өзінің құнды мақаласында «Латыншаға көшудің 
терең  логикасы  бар.  Бұл  қазіргі  заманғы  технологиялық  ортаның, 
коммуникацияның,  сондай  ақ  XXI  ғасырдағы  ғылыми  және  білім  беру 
процестерінің ерекшеліктеріне байланысты» дп атап көрсетті. Сонымен қоса, 
таяу  жылдардағы  міндеттердің  ішінде  латын  әліпбиіне  көшуіміз  де  жан-
жақты зерделенген. «Біріншіден,қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру 
жұмыстарын  бастауымыз  қажет.  Бұл-  ғаламдық  кең  өрістегі  ақыл  ойға  , 
ғылым  мен  инновацияға  жақын  ,бәсекеге  қабілетті  болуға  бастайтын  үлкен 
қадамдардың бірі. Осыған сәйкес қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің 
жетекшілігімен  «Латын  әліпбиіне  көшу:  мәселе,  пікір,  ұсыныс»  атты 
дөңгелек  үстелдер  өткізілді.  Сонымен  қоса,  «Менің  Президентім»  атты 
тақырыпта  10-11  сынып  оқушылары  арасында  эссе  байқаулары  өткізіліп, 
жалпы сыныптар арасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолдары», «Туған 
өлке-тұнған  шежіре»  тақырыбында  сынып  сағаттары  мен  «Болашақ 
жастардың  қолында»  атты  тақырыппен  дебат,  Тәуелсіздік  күні  қарсаңында 
«Тәуелсіздік  –  біздің  тұғырымыз,  тұрақтылық  –  біздің  мақсатымыз» 
тақырыбында  7-10  сыныптар  аралығында  бейнероликтер  байқауы  және 
«Рухани  жаңғыру  –  отбасылық  құндылық»  атты  тақырыпта  ата-аналар 
жиналысы  ,«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  бойынша  облыстық  өлкетану 
мұражайымен  бірлескен  тәрбиелік  шара,  сондай  ақ,  мектеп  ұстаздарының 
тарапынан  «Мәңгілік  ел  –  ұлт  болашағы»  атты  тақырыпта  баяндамалар 
тыңдалды. Сонымен қатар, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой, 
салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге  құрылған  маңызды  құжатында 
қарастырылған ұлттық кодымызды сақтау аясында оқушылар арасында ғана 
емес,  тіптен  мектебіміздің  ұстаздарының  арасында  да  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  бағдарламасына  сәйкес  «Нұр  себеле,  Ұлыстың  ұлы  күні 
Наурыз»  атты  тақырыпта  мерекелік  бағдарлама  ұйымдастырылып, 
педагогтар  арасында  ұлттық  ойындар  ойнатылып,  аталған  шара  барысында 
«Келіндер сайысы» да өз кезегін тауып жатты. Бұндағы біздің мақсатымыз - 
ертеңгі  ел  болашағы  өскелең  ұрпақтарымыздың  қолында  болғандықтан, 
қазіргі таңнан бастап, олардың санасына ел мен жердің қадір-қасиетін сіңіре 
білу,  сонымен  қатар  қайырымды  істерді  орындауға  үйрете  білу  болып 
табылады. 

253 
 
  
Ағымдағы  жылдың  17-28  қыркүйек  аралығында    Алматы  қаласында 
«Өрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалы  Білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-
педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  Республикалық 
институтында «Мәңгілік ел» идеясы негізінде тәрбиенің мазмұнын жаңарту» 
тақырыбында 
мектеп 
директорларының 
тәрбие 
ісі 
жөніндегі 
орынбасарларына 
арналған 
біліктілікті 
арттыру 
курсы 
өткізілді. 
Республикамыздың  түкпір-түкпірінен  жиналған  әріптестерімізбен  тәжірибе 
алмасып,  тұлға  тәрбиелеудегі  ұсыныстарымыз  бен  идеяларымызды  ортаға 
салдық. Курс жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Маханбетова 
Агима  Абиловнаның  басқаруымен  жобалық  жұмыстар,  өзіндік  жұмыс  және 
шағын  сабақ  үлгілерін  қорғау  жүзеге  асырылды.    Әрбір  тұлғаны  жетістікке 
жеткізу  жолдарында,  ізденіс  пен  еңбек  қашанда  қиын,  қазіргі  заманға  сай 
жан-жақты,  сауатты  болып  қалыптасу  үшін  осындай  курстар  өте  пайдалы. 
Сонымен  қатар  Тәрбие  және  тұлғаны  әлеуметтендіру  кафедрасының  аға 
оқытушылары  Рысқұлбекова  Құралай  Қалдыбайқызы,  Қапизаева  Қарлығаш 
Әбдіғұлқызы,  Сахова  Ақжарқын  Тәжіханқызы  және  т.б  ұстаздардан  дәріс 
алып,  тренинг сабақтарына қатыстық. 
«Адал жанды өнеге тұт өзіңе», деп Жүсіп Баласағұни айтып өткендей 
курс  барысында  үлгі  тұтар  тәжірибелі  ұстаздарымыздың  арқасында 
жүргізілген мазмұны терең, мағынасы мол сабақтардан ой түйіп, білім қорым 
кеңейіп,  тәжірибемізге  орасан  зор  бағыт  –бағдар  алдық.  Өзім  жас  маман 
ретінде  келешекте  аталмыш  курстың  білімімді  одан  әрі  жетілдіріп, 
тәжірибемді молайтуда үлкен үлес қосарына кәміл сенемін.     Сонымен қатар 
институт директоры, п.ғ.д .,профессор Ж.А.Махатованың басқаруымен 2018 
жылдың  26  қыркүйегінде  Тәрбие  және  тұлғаны  әлеуметтендіру 
кафедрасының ұцымдастыруымен  «Рухани жаңғыру – ұлттық білім беру мен 
ұлттық  сананың  жаңа  белесі»  тақырыбында  Республикалық  ғылыми-
практикалық  конференция  өткізілді.  Аталған  іс-шараға  республиканың  әр 
аймағынан  келген  мектеп  директорларының  тәрбие  ісі  жөніндегі 
орынбасарлары  және  Өрлеу  БАҰО  АҚ  филиалдарының  оқытушылық-
профессорлық  құрамы,  барлық  типтегі  білім  беру  ұйымдары  басшылары, 
сондай  ақ  басқа  да  педагогтар  қатысты.  Білім  беру  ұйымдарында  ұлттық 
рухани  құндылықтарды  қалыптастыруға  бағытталған  тәрбие  жұмысын 
жүйелеуге  ықпал  ету,  білім  беру  ұйымдары  басшыларының,  педагогтардың 
кәсіби  құзыреттіліктерін  арттыру,  тәжірибе  алмасу  мақсатында  өткізілген 
ғылыми-практикалық  конференция  өз  кезегінде  біліктілікті  арттыру 
жүйесіндегі  кәсіби  шеберлік  тәжірибелер,  инновациялар,  рухани  жаңғыру 
аясында  ұлттық  тәрбие  мен  білім  беру,  жас  ұрпаққа  рухани-адамгершілік 
тәрбие  беруді  ұйымдастырудың  тиімді  жолдары  секілді  жұмыс  бағыттарын 
қамтыды.  Осы  орайда  еліміздің  түкпір-түкпірінен  келген  мектеп 
директорларының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарлары  шараға    белсене 
атсалысып, марапатқа ие болды.       
Институт  ұжымына  және  курс  ұйымдастырушыларына  үлкен 
алғысымызды білдіреміз.   Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз 

254 
 
солай  болмақ.  Келешегіміздің  қожасы  балаларымыздың  білімді  де 
мәдениетті,  тәрбиелі  де  әдепті,  кішіпейіл  де  қарапайым  етіп  тәрбиелеу  өз 
қолымызда. 
Қазақстандық 
патриотизм 
және 
азаматтық 
тәрбие 
қалыптастыруда  Елбасымыздың  тапсырмасына  сәйкес  болашақ  өскелең 
ұрпаққа дұрыс жол сілтеу біздің басты мақсатымыз. Осы орайда , аталған іс-
шараларымызды  мұнымен  шектемей,  үздіксіз  жүргізіп  отыратын  болсақ  , 
сонда  ғана  елбасымыздың  салиқалы  терең  бағдарламалық  мақаласындағы 
идеяларды жүзеге асыра аламыз. Күтілетін нәтиже осы тың идеялар арқылы 
біз  ұлт  болашағының  жарқын  болатынына  жағдай  жасай  аламыз  деп 
ойлаймын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет