Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаіңғыру».-12 сәуір 2017 
2.  Қ.А Оразбекова Халық тәрбиесі, Алматы: РБК  -   2003. – 32 б. 
3.  М. Жұмабаев Педагогика 1992  - 160  б.   
4. Қ. Жарықбаев  С.Қалиев. Қазақ тәлім тәрбиесі . Алматы : Ана тілі -  1995 – 
138 б. 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ-САНАНЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ 
 
Шаштыгарина Сарагул Мустафақызы 
 Асанбай Бәдигүл Зейнуллаевна 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  
 
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: Рухани 
жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы кеңінен айтылған. 
«Қазақ  тілін  біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын  бастауымыз 
керек»  деген.  Осы  сөйлемдегі  «біртіндеп»  деген  сөздің  жүгі  ауыр.  Себебі, 
қоғамда  бұл  мәселеге  қатысты  түрлі  көзқарас  бар.  Десек  те,  түгел  түркі 
әлемін  біріктіретін  тарихи  шешімнің  дұрыс  екенін  уақыттың  өзі  көрсетеді. 
Сондықтан  бұл  батыл  шешімді  жан-жақты  зерттеп,  зерделеп,  біртіндеп 
жүзеге асыру аса маңызды.   
Елбасы да бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, 
байыппен қарау керектігін қадап айтты. 2012 жылдың соңында жария еткен 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясында  «2025  жылдан  бастап  латын  әліпбиіне 
көшуге  кірісуіміз  керектігін»  мәлімдеді.  Содан  беріде  алты  жылдай  уақыт 

274 
 
өтті,  аталған  мәселе  жан-жақты  талқыланып  келеді.  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында  да  2025  жылдан  бастап 
латын  әліпбиіне  көшуге  кірісетініміз,  болашақта  барлық  саладағы  іс-
қағаздар,  мерзімді  баспасөз,  оқулықтар  осы  қаріппен  жазылуы  тиіс  екендігі 
анық  көрсетілді.    «Ол  кезең  де  таяп  қалды,  сондықтан  біз  уақыт  ұттырмай, 
бұл  жұмысты  осы  бастан  қолға  алуымыз  керек.  Біз  осынау  ауқымды 
жұмысты  бастауға  қажетті  дайындық  жұмыстарына  қазірден  кірісеміз. 
Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», 
— деп нақты көрсетті Елбасы.  
        «Тіл – ақылдың өлшемі, ұлттың жаны» - деген ұлы адамдар. Бүгінгі күні 
үшінші мыңжылдықтың есігін ашып,  ХХІ ғасыр табалдырығын аттап кірген 
шақта  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  ендігі  болашағы,  шығар  биігі 
саяси-экономикалық  жағдайлармен  қатар,  оның  мемлекеттік  тілі  -  қазақ 
тілінің  тағдыры  талайына  тікелей  байланысты  екенін  бәріміз  де  жан-
жүрегімізбен  сезініп,  терең  түсінеміз.      «Мәңгілік  ел»  болатын  Қазақстан 
мемлекетінің  биік  тұғырда  тұратын  тілі  –  бір  ғана  қазақ  тілі.  Осы  орайда, 
халқымыздың  біртуар  перзенті  Мағжан  Жұмабаев:  “...Ұлттың  ұлт  болуы 
үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри 
бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс»,- деген.  
Тілде  сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Ол 
әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы 
даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.  Қазақ тілі  
білімінің,  әліпбиінің  негізін  салған  бірегей  ғалым  А.Байтұрсынұлы:  «Біздің 
заманымыз  –  жазу  заманы:  жазумен  сөйлесу  ауызбен  сөйлесуден  артық 
дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу 
керектігі  одан  да  артық»,  -  деген  болатын.  Бұл  –  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қоғамдағы  коммуникациялық  үрдістерді  зерделеуден  туған  ой  болатын. 
Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі 
елдердің  басым  бөлігі,  соның  ішінде  туыстас   түркі   халықтары  қолданатын 
латын  әліпбиіне  көшу  –  жаһандану  дәуіріндегі  рухани  жаңғырудың  берік 
іргетасы деп білеміз. «Рухани жаңғыру» деген ұғымның өзі ұлттық сананың 
кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің 
көкжиегін  кеңейту.  Екіншіден,  ұлттық  болмыстың  өзегін  сақтай  отырып, 
оның бірқатар сипаттарын өзгерту. 
Біз  ақпараттық  технологияны  өндіруші  ел  болсақ  қана  бәсекеге 
қабілетті  бола  аламыз.  Себебі  ХХІ  ғасыр  ғылым  мен  смарт,  сенсор, 
ақпараттық және жалпы сандық технологиялардың тілі. Тіл білімінің негізін 
қалаған  ғалым  Ахмет  Байтұрсынұлы  айтқандай:  «Жақсы  әліпби  тілге  шақ 
болуы  керек.  Артық  әріптері  көп  әліпби  қолайсыз  болады».  Осы  талапты 
ескере  отырып,  Н.Нығматуллин  латын  әліпбиіне  көшу,  ең  алдымен,  қазақ 
әліпбиі  мен  орфография  ережелерін  реформалауға  бағытталғанын  және  сол 
арқылы  тілдің  фонетикасы  мен  графикасының  сәйкестігін  қалыптастыруға 
мүмкіндік беретінін атап өтті. Латын әліпбиіне көшу  –бұл уақыт талабынан 

275 
 
туған  тиімді  шара  және  латын  тіліне  енуіміз  мәдени,  рухани  жетілуіміздің 
нәтижесінде жаңа белеске, жаңа деңгейге шығуымыз.  
Жазу – ұлы міндет.   Жазу  өткен мен бүгінгі және болашақ өмірімізді 
ғасырдан ғасырға жеткізетін құрал. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз 
ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің 
барлық  саласына,  рухани  әлемі  мен  мәдени  деңгейіне,  тіпті,  әлеуметтік 
психологиясына әсер етеді. 
Қазіргі  таңда  біз  әлем  таныған  мемлекетпіз.    Тілдің  жаңа  реформасын 
енгізу  арқылы өркениеттен алатын орнымызды көрсете аламыз. Бұл:  

 
шет елдердегі қандастарымызбен  мәдени, рухани байланысты нығайта 
түседі;  

 
 ел азаматтарының шет елдермен тәжірибе алмасуда аудармашыларсыз 
коммуникацияны жетілдіру; 

 
қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, 
ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді; 

 
қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді

 
ағылшын тілін және интернеттің тілін  меңгеруді жеңілдетеді; 

 
әлемнің ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді 
         Бүгінде  латын  әліпбиін  дүниежүзі  халқының  80  пайызы  қолданады. 
Сондықтан  латын  қарпін  білген  отандастарымыз  жер  шарының  қай 
түкпірінде  жүрсе  де  ақпар  алып,  хабар  алмаса  алады.  Латын  графикасы 
халықаралық  сипат  алып,  өзге  елдерге  біздің  бай  және  көркем  тілімізді 
танытуға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыламыз 
десек, латын әліпбиіне көшіп қана қоймай, тез арада жетік меңгеріп алуымыз 
керек.  
            Қазақ  жазуы  үлкен  реформа  алдында  тұр.  Латын  әліпбиіне  көшіп, 
тарихтың  жаңа  парақтары  ашылмақ.  Бұл  қазақ  халқын  батыс  және  түркі 
әлеміне  жақындай  түсіреді.  Сонымен  қатар  әлемге  әйгілі  алпауыт  елдердің 
қатарына  енеміз.    Тілдің  төл  дыбыс  құрамын  ажырату.  Өзге  тілден 
айырмашылығы  дыбыс таңбасы дыбысты ұстап тұратын қауызы сақталады.  
Түркі  тілдес  мемлекеттермен  мәдени  байланысын  жаңғыртуға  мүмкіндік 
туғызады.  Тілдің  ұқсастығы  мен  шрифттің  біркелкілігі  арқасында,  мәтінді 
әрбір  жазу  танитын  адам  түсіне  алатыны  сөзсіз  түркі  әлемінде  ортақ 
құндылықтар  мол.  Сондықтан,  бұл  үрдіс  аясында  қарым-қатынас  жақындай 
түседі.    Қазақстандықтардың  өзіндік  рухани  құндылықтарын  нығайтып,  өз 
мүдделеріне бағытталған өркениетке бұруға себеп болады.  
Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. 
Халықаралық  терминологияны  алыңыз,  немесе  медицина  мен  басқа 
ғылымдар  тілі  көбінесе  латынша  жазылады.  Біздің  ойымызша,  ынтасы  бар 
адамдарға  латын  әліпбиін  үйренудің  еш  қиындығы  жоқ.  Қазір  көп  адамдар 
әлеуметтік  желілерде  отырады.  Сонда  отырып-  ақ,  өзара  латынша  жазуды 
үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты- жөндері латынша болып 
келеді.  Электрондық  пошталары  да  солай.  Сонымен  қатар,  күні  бүгіннен 
бастап, қолданыстағы маңдайша мен жарнаманы қосымша латын әліппесімен 

276 
 
жазылуына    көз  үйренуде.  Теледидардағы  жүгіртпе  жолдар  мен  көше 
атауларын да латын әліпбиіне көшірілуде. Латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің 
бай  мәдениеті  мен  мұрасымен  көптеген  шетелдік  оқырмандардың  терең 
танысуына да жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің 
мол  жинақталған  техникалық,  әдеби  тағы  басқа  туындыларын  түп  нұсқада 
оқуға  зор  мүмкіндік  туады.  Реформаның  маңыздылығын  тілдің 
функционалдылығын  арттыру  тұрғысынан  бағалауда                белгілі  ғалым 
Шәкір  Ыбыраев  әліпбиді  латынмен  ауыстырғанда  ұтатын  жақтарымызды 
былай таратады:  
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды 
таңбалайтын  әріптерді  қысқартып,  сол  арқылы  қазақ  тілінің  табиғи  таза 
қалпын  сақтауға  мүмкіндік  аламыз.  Қазақ  тілі  грамматикасына  мүлдем  жат 
баса  артық  әріптердің  (ь,  ъ,  ч,щ),  екі  тілдің  қосарлануы  қазақ  тіліндегі  төл 
сөздер,  екі  түпнұсқадан  ауытқымай  жазуға  арналған  әріптер  жүйесі,    кірме 
сөздердің енуі қиындық тудыруы. 
          Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты 
емле,  ережелердің  қысқаратыны  белгілі.  Ол  мектептен  бастап  барлық  оқу 
орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.    
           Үшіншіден,  латын  әліпбиіне  көшу  –  қазақ  тілінің  халықаралық 
дәрежеге  шығуына  жол  ашады.  Қазақ  тіліне  компьютерлік  жаңа 
технологиялар  арқылы  халықаралық  ақпарат  кеңістігіне  кірігуге  тиімді 
жолдар ашылады.  
       Төртіншіден,  түбі  бір  түркі  дүниесі,  негізінен,  латынды  қолданады. 
Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, 
тығыз байланысты күшейтуіміз керек 
      Қорыта  келе,  қазіргі  әліпби  реформасының  тарихи  алғышарттарының 
болуы  да, оның  заман  талабы  екені  де дәлелдеуді  қажет  етпейді.  Бұл қадам 
Қазақстанның  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілігін  артуына,  әлемдік  ғылыми 
кеңістікке  енуіне,  озық  технологияларды  меңгеруіне,  халықаралық 
ақпараттық  кеңістікке  кіруіне,  соңғы  жаңалықтар  мен  жетістіктерді 
уақытылы пайдалануына қажет. 
  
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  // 
мақала. 21  сәуір 2017ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 

277 
 
 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ 
ГЕОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКСПЕДИЦИЯ 
     
Аубакиров Бауыржан Сердалиевич 
Астана қаласы, №21 орта мектебі  
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
    
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын 
көрсеткен  тарихи  құжатқа  айналды.  Сана  сезімі  биік,  дүниетанымы  мол, 
парасаттың,  мәдениеттің,  салт-дәстүрдің  құндылығын  түсінген  адамға  бұл 
мақалада  ұлттың  алдағы  кезеңдегі  жүріп  өтер  бағыт  жолы  айқындалған. 
Рухани  мәселе  адамның  санасын  күрт  өзгерту,  сайып  келгенде,  қоғам 
жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы. 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуы, 
білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы 
жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан 
Республикасының  орта  білімді  дамыту  тұжырымдамасында  «Тәрбие 
үрдісінде  қазақстандық  патриотизм,  гуманизм,  адамгершілік  идеяларын 
қалыптастыру  негізінде  құру  керек»  деп  баса  көрсетті.  Бала  бойына 
адамгершілік  тәрбиесін  сіңіру  мақсатында  жалпы  педагогтардың  іс-
тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі 
жаһандану  үрдісінде  елімізде  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  басты 
назарда  болып  отыр.  Ал  адамның  жан  қазынасын,  адамгершілік  болмысын 
қалыптастыруда  кей  адамдардың  түрлі  жағдайлармен  бір-бірін  түсінбеуі  де 
сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның 
мүшесіміз.  Иә,  бұның  бәрі  шындық  десек  артық  болмас.  Бәсекеге  қабілетті 
ұрпақты  жан-жақты  қылып  тәрбиелеу  үшін  алдымен  жан  қазынасының 
негіздерінің  бірі,  сенімділік  пен  шындықтың  бастауына  үңілу  керек  шығар. 
Оқыту,  білім  беру,  тәрбиелеу  -  баланың  ішкі  жан  –  дүниесінің  біртіндеп 
дамуына  әсер  ететін,  түрткі  болатын,  жағдай  жасайтын,  оларды  іске 
асыратын  сыртқы  факторлар  екені  анық.  Еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың 
болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім.    
Олардың  қамын  ойлау  баршамыздың  парызымыз.  Кез-  келген  мектептің 
мақсаты  мен  мұраты  өркениетті  елдердің  қатарынан  көріну,  жер  мен  су 
байлықтарын  ысырапқа  салмай  игере  білетін  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ол  үшін 
бүгінгі  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  бере  отырып,  елдің 
өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін 
етене  таныстыру  қажет.  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы, 
келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп 
Әл-Фараби  айтқандай,  педагогика  ғылымының  зерттейтін  негізгі 
мәселелерінің бірі - тәрбие. 
      
Елбасы  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында 
«Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасын  жүзеге  асыруды 

278 
 
жүктеген  болатын.          Осыған  байланысты,  «Қасиетті  Қазақстан»  ғылыми-
зерттеу орталығында үлкен жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы мен 
сараптамалық кеңесі құрылып, жұмыстар атқарылуда.
 
Сарапшылар кеңесінің 
ғалымдары  мен  өлкетанушылардың  пікірлері  негізінде  «Қазақстанның 
жалпыұлттық қасиетті орындары» жобасына республика бойынша 100 нысан 
енгізілді. 
     
 Жоғарыда  аталған  жобаны  іске  асыру  мен  үшін  үлкен  мәртебе.  Ұстаз 
ретінде  аталған  жоба  тәрбие  процесіне  тікелей  байланысы  бар  екендігін 
сезіне отырып мектеп оқушыларымен үлкен жұмысты бастадық. 2017 – 2018 
оқу  жылының  жазғы  демалыс  уақытында  Астана  қаласы  әкімдігіне  қарасты 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  туризм  және  өлкетану  орталығының 
қаржыландыруымен  қаламыздың  14  мектебінің  оқушыларынан  құралған 
экспедициялар  Қазақстанның  түпкір  –  түпкіріне  тарих  сырларын  біліп  тану 
мақсатында  экспедицияға  аттандық.  Осы  мақсатты  көздеп  9  –  19  шілде 
аралығында  №21  Орта  мектебінің  оқушыларынан  құралған  «Мәңгілік  Ел» 
экспедициялық 
тобы 
«Рухани 
Жаңғыру» 
бағдарламасы 
аясында 
«Қазақстанның  қасиетті  жерлерін  –  киелі  жерлеріне»  атты  қасиетті  мекен 
Маңғыстау  облысына  экскурсия  жасады.  Экспедицияның  мақсаты: 
Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске 
асыру, елдің, өлке тарихын түсіндіру, ұғындыру, зерттеу, рухани азық алып, 
тарихи  білімдерін  жетілдіру,  ішкі  туризмді  дамыту,  елге,  Отанға  деген 
патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру.  Экспедиция  құрмында:  5-9  сынып 
оқушы  аралығындағы  8  оқушы  және  топ  жетекшілері  балалар  мен 
жасөспірімдер  туризм  және  өлкетану  орталығының  әдіскері,  тәрбие  ісі 
жөніндегі орынбасары Маңғыстау өңіріне аттанған болатынбыз.  Маңғыстау 
өңірінен  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясына»  15  нысан  енген 
болатын.  Олардың  қатарында  Шопан-ата,  Шақпақ-ата,  Масат-ата,  Қараман-
ата,  Сұлтан-үпі  орта  ғасырлық  жерасты  мешіттері,  Бекет-атаның  мешіттері, 
кіші жүздің батырлары, билері мен ру басылары жерленген пантеон - Сисем-
ата қорымы, «Адай-ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, ЮНЕСКО-ның 
алдын-ала  есепке  алу  тізімінде  тұрған  орта  ғасырлық  «Қызылқала 
қалашығы»,  Форт-Шевченко  қаласындағы  Т.Г.Шевченконың  мемориалды 
кешені.  
  
   Қорыта  келгенде  экспедиция  тобы  алға  қойған  мақсатына  жетті. 
Маңғыстау  өңірімен  танысу  біз  үшін  ұмытылмас  үлкен  әсерін  тигізді. 
Өңірдің тарихын, мәдени кешендерін зерттеу және танысу жасөспірімдердің 
алғы  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы  мектептегі  оқу  –  тәрбие 
процесіне өз ықпалын тигізді.   
 
 
 
 

279 
 
РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
ЖӘНЕ МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ РУХАНИ САУАТТЫЛЫҒЫ 
 
Гапу Сапаржан Гапуқызы 
Павлодар ауданы Ефремовка орта мектебі 
 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған  
әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу,  
өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу
Әбу Насыр Әл-Фараби 
 
 
Ұрпақ  тәрбиесі  -  ол  еліміздің  болашағының,  ертеңінің  қамы,  жалпы 
ұлттық  жоғары  саналы  мәні  бар  маңызды  мәселе.  Қазақ  халқының  бала 
тәрбиесі  жөнінде  бұрыннан  бері  жиып  –  терген  мол  тәжірибесі,  өзіндік 
ерекшелігі мен құндылығы бар.       
Ата-бабамыз  өз  бойындағы  ең  жақсы  қасиеттерін  жеткіншек  ұрпаққа 
күнделікті  үйретіп,  бала  бойына  сіңіріп  отырған.Ұлттың  болашағы 
ұрпағында  болса,  ұрпақтың  тәрбиесі  ұстаз  қолында.  Ал  ұстаздың  міндеті 
бала бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттері мен ұлттық кодын сақтап, 
жетілдірген,  толыққанды  нағыз  азамат  тәрбиелеу.  Пән  мұғалімдері 
балалармен  сабақ  барысында,  әңгімелесу  барысында,  оқушымен  қандай 
жұмыс  атқарса  да,  олардың  мінез  –  құлқының,  тәртібінің,  сана  сезімінің 
қалыптасуына ықпал етуі абзал.  Заманауи білім беру үдерісіндегі рухани – 
адамгершілік  тәрбиенің  алар  орыны  ерекше.  Бала  бойындағы  рухани 
қасиеттерін  дамытуда  мектеп  ұжымының  қосар  үлесі  оразан  зор.  Бала 
тәрбиелеу  үдерісіне  қатысушылардың  барлығы  рухани  сауатты  болған 
жағдайда,  күткен  нәтижемізге  қол  жеткізе  аламыз.  Яғни,  ойлаған  ойымыз, 
айтқан  сөзіміз    бен  жасаған  ісіміз  бір  ізді  болу  керек.  Оқушыларды  жылы 
жүрекпен  қарсы  алып,  олардың  биік  рухына  құрметпен  қарасақ,  олардың 
бойындағы кішкентай күннен алар нұрымыз шексіз болар еді. Қазіргі заманда 
біз  үлкендер  балаға  көңіл  бөлу,  баламен  әңгімелесу,  баланың  ойын  жүзеге 
асыру,  балаға  үлгі  болу  сияқты  міндеттеріміз  бен  құндылықтарымызды 
жоғалттық.  Руханилық  –  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші. 
Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар – ұят, өзін - 
өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі  мейрімділікке, 
отансүйгіштікке, ізгілікке шақырады
.
 
«Мәңгілік  Ел»  ұлтық  идеясын  жүзеге  асыру  мақсатында,  жеті  бағыт 
арқылы  жүзеге  асырылатын  тәрбие  жұмысындағы  ең  маңызды  тәрбие  беру 
бағыты  ол  –  рухани  –адамгершілік  тәрбие  беру.  Яғни,  білім  беру 
ұйымдарында  рухани  –  адамгершілік  тәрбиені  басшылыққа  алып,  жұмыс 
жоспары, мектептің барлық үдерісі іске асырылған жағдайда, оқушыларымыз 
бойында  тек  ғана,  рухани  сауаттылық,  мейірімділік,  қамқорлық, 
кішіпейілділік, сүйіспеншілік, риясыздық қасиеттері дамып, жетілумен қатар, 

280 
 
отансүйгіштік,  еңбекқорлық,  зияткерлік  қабілеттері  бірге  дамып,  жетіледі. 
Сондай  – ақ, оқушылардың білім сапасын көтеруге әсерін тигізеді.  Осыған 
орай,    республикамыздың  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  үдерісінің 
басты  факторы  ретінде  рухани  –  адамгершілік  тәрбие  беру  мәселесін, 
аталмыш  тәрбиені  жүзеге  асыратын  мектеп  ұжымдарының  рухани 
сауаттылығын ояту, жетілдіруге бағытталған іс-шаралар және оны өткізу әдіс 
– тәсілдерімен бөліскім келеді.  
Рухани  -  патриоттық,  адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек 
жақсылыққа тәрбиелеп, одан кейін білім берсе, соны мақсат тұтса, ұстаздың, 
ата  -  ананың  да  болашағы  жарқын  болмақ.  «Мен  үш  қасиетімді  мақтан 
тұтам»- депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм 
ешкімнен  ештеңнені  қызғанбадым.  Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз  құдайы.  Өз 
құдайынан  айрылған  адам  бос  кеуде,  өлгенмен  тең  деген  екен.  Олай  болса 
жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сеніммен қарап, әр  – 
бір іс әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оның орындауға, өзіне - өзі талап 
қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету 
үшін  сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін.  Ондай  кедергілерден  өте  беруді 
бала бойына жас кезінен бастап әр пән мұғалімі қалыптастыру жеке тұлғаны 
қалыптастыру  негізін  қалайды.  «Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші  - 
жылауында  »  демекші  біздің  күшіміз,  қорғанышымыз,  сеніміміз 
адамгершілігімізде болуы керек.  
Мектеп  оқушыларына  тәрбие  беру  тек  жеке  пәндерде  ғана  емес, 
мектептің  барлық  үдерісінде  орын  алу  керек.  Оқушыларды  рухани  – 
адамгершілікке тәрбиелеу үшін орта білім беру мектептерінің алдында келесі 
міндеттер қойылуы керек: 
-  Оқушылардың  зияткерлік,  дене  тәрбиелік,  еңбек  тәрбиесін  дамытудағы 
бірден бір КӨМЕК рухани жағынан дамуына ықпал жасау. Барлық жағдайда 
баланың жеке рухани көзқарасы ескертілуі керек.  
-  Ұжымда жұмыс жасау, ұжымда қол ұшын, басқаны құрметтеу, түсіну сияқты 
әдіс – тәсілдерге ҮЙРЕТУ. 
-  Рухани  қажеттілігін  дамытуға  бағытталған,  тәуелсіз  шығармашылық 
ойлауын дамытуға арналған ЖАҒДАЙ жасалуы қажет. 
-  Оқушының өзіне деген сенімділігін, өзіне дегн құрметін БАҒАЛАУ керек. [3, 
23 бет]. 
Оқушыларды  рухани  –  адамгершілікке  тәрбиелеу  дегеніміз  –  оларды 
мінез құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Рухани – адамгершілік тәрбие 
–  адамның  моральдық  қасиеттерін  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 
қалыптастыру. Отбасы болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы 
қадамдарын  жасайтын  бастапқы  адым.  Ол  балаға  моральдық  қалып  туралы 
алғашқы  түсініктер  береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету 
дағдыларын  қалыптастырады.  Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір 
сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдылық,  адамгершілік,  әлеуметтік-
саяси құндылықтар беріледі. [2, 6 бет] 

281 
 
Руханилыққа  тәрбиелеу,  баулу,  бағыттау  мәселесі  негізінен  ұлттық 
құндылықтарға  сүйене  отырып,  тәрбие  берудің  әдістемелік  жолдарына 
негізделеді. 
-  Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқу  –  тәрбие  үдерісінде  оқушылардың  және 
педагогикалық ұжымның рухани мәдениетін қалыптастыру. 
-  Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқушылар  мен  педагогтардың  психологиялық 
ерекшеліктерін зерттеп, дамыту. 

Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық кодымыз, ұлттық психология 
ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарға баулу. 
Дегенмен,  рухани-адамгершілік  тәрбиелеу  мәселесін  тек  білім  беру 
ұйымдарының  міндеті  ретінде  қарауға  болмайды.  Толыққанды  рухани  – 
адамгершілігі  дамыған  тұлға  тәрбиелеуді  көздесек,  біраз  мәселелерді  шешу 
жолдарын  қарастырғанымыз  жөн.  Қазіргі  заман  мектептері  рухани 
тәрбиеден, рухан  – адамгершілік  көз  – қарастардан біраз  алыстап,  заманауи 
әртүрлі технологияларға тәуелді болып қалғанымыз құпия емес. Ата – ананы 
руханилыққа тәрбиелеу, рухани тәрбиенің аспектеріне баулу мүмкін емес. Ең 
заманауи  әдіс  –  тәсілдерді  жеттік  меңгерген,  бірақ  рухани  жағынан  кедей 
мұғалім  оқушыға  рухани  –  адамгершілік  тәрбие,  білім  бере  алмайтыны 
сөзсіз. [4, 19]. Әрине, мұғалім оқушыларына өзінің жүріс – тұрысы, балаларға 
деген  қарым  –  қатынасы,  дүниетанымдылығы,  іскерлік  бейнесі  және  беделі 
арқылы  үлгі  бола  алады.  Көптеген  оқушылар,  өз  мұғалімдерін  үлгі  тұтады. 
Оқушы  бойындағы  рухани-адамгершілік  тәрбиесін  дамыту,  рухани  тұлға 
тәрбиелеу  отбасы  мен  білім  ордасы  арасындағы  бірлескен  жұмыс 
нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. 
Мектебімізде  атқарылатын  жұмыстар  білім  беру  үдерісінің  барлық 
қатысушыларының  рухани  сауаттылығын  арттыруға  бағытталған.  Мектеп 
ұжымы,  ата-аналар  және  оқушылардың  рухани  сауаттылығын  арттыруға 
бағытталған 
жұмыстарды 
жүзеге 
асыру 
барысында 
туындайтын 
қиыншылықтар мен мәселелер де аз емес. Мектептегі барлық пәндерді өзін-
өзі тану пәнімен кіріктіру, рухани адамгершілік тәрбие беретін сұрақтар мен 
тапсырмалар  дайындауға  әдістемелік  көмек.  Әртүрлі  конференциялар  мен 
семинарлар  ұйымдастырумен  қатар,  барлық  іс-шаралар  мен  сайыстар 
оқушыға  рухани  тәрбие  беруге  көзделуі  керек.  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық 
идеясын  негізге  алып,  білім  мен  тәрбиенің  бір  ізділігін  қадағалау 
мектебіміздің  басты  миссиясы.  Мысалы:  «Ізгі  істер  керуені»  бір  жылдық 
әлеуметтік  жоба.  Бұл  жоба  барысында  ата-аналар,  мұғалімдер  және 
оқушылар  бірлесіп  жұмыс  жасаумен  қатар,  өз  ұсыныстары  арқылы  әр  айда 
ұйымдастырылатын  әр  акцияға  өз  үлестерін  қосады.  Акциялар  барлығы 
қайырымдылыққа бағытталған.  Ал «Қамқор боламын...» балалар үйіне бару 
әлеуметтік  жобасының  мақсаты  ата-аналар,  оқушылар  және  ұстаздар 
бойындағы рухани  – адамгершілік қасиеттерін ояту, жетілдіру. «Өз үйім, өз 
ауылым...»  жобасының  мақсаты  өз  үйіне  және  өз  ауылына  деген 
сүйіспеншіліктерін  оята  отырып,  рухани  адамгершілік  және  патриоттық 
тәрбие  беру.  Ата-аналарға  арналған  ашық  есік  күндері,  «Мәңгілік  ел» 

282 
 
жалпыұлттық  идеясын,  «Рухани  жаңғыру»  республикалық  бағдарламаны, 
жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын  ата-аналарға түсіндіруге 
бағытталған 
тренинг, 
конференция, 
семинарлар 
мен 
отырыстар 
ұйымдастырылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет