Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Б.И. Иманбекова, «Тәрбиеге жетекші» - Алматы, 2011жыл; 
2.  С. Қалиев Б. Иманбекова, «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі 
көрінісі және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану» - 
Алматы, 2010 жыл; 
3.  Қ. Бағашаров, «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» - Алматы, 
«Көкжиек» баспасы, 2015 жыл; 
4.  С. Пірәлиев, «Ұлттық тәрбие және жаһандану», «Егемен Қазақстан»; 

30 
 
5.  А. Мырзахан, «Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие», «Ана тілі», 20-
қазан, 2011 жыл; 
 
 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ 
БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Тұлғаны тәрбиелеу 
және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы 
 
                     Қазіргі  заманда  жалпы  әлемге  ортақ  адамзаттың  бірлігі  өлшеусіз 
жетіліп келеді, жалпы тағдыр және жалпы жауапкершілікпен бірлескен жаңа 
жүйе  қағидасы  дамуда.  Сонда  да  бірқатар  өзекті  мәселелер  туындап, 
жалпыәлемдік    өткір    мәселелерді  ұғындыратын,  халықаралық  әрекет  етуде 
өз  шешімімен  келісуін  талап  ететін,  барлық  адамдардың  өмірлік 
қызығушылығына  түрткі  болатын    -    «қазіргі  жаһандық  мәселелер»  деген 
атау алды. Қазіргі кезеңде адамзат дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің 
барлық  деңгейлерінде  түрлі  дағдарысқа  тірелді.  Осының  бәрі  адамзатқа 
дамудың  жаңа  жолын  іздестіруді  талап  етеді.  Бұл  мәселелердің  шешімі  – 
рухани-адамгершілік білім. 
Білім  -  ғылымның  іргетасы  және  мемлекет  дамуының  алтын  арқауы 
екеніне ешкім де күмән келтірмейді. Бүгінгі білім алушы балалар уақыт өте 
келе  елдің  және  жаңа  заман  тағдырының  жасампаздары  болатынын  нық 
сеніммен  айтуға  болады.  Бірақ,  осы  тұста  «жауабы  тек  біреу  ғана  болатын 
сұрақтай» сұрақтар туындайды. Олар қандай білім? Сол білімді алып ұшқан 
жасөспірім қандай болмақ?... 
Білім тек адамның өмір сүруі үшін ғана емес, ол тіршілік үшін, өмірді 
толық,  мәнді  және  терең  түсініп  сүру  үшін  қажет.  Жаһандық  мәселелердің 
шешімі бар ма? Өмірді білім арқылы толық, мәнді, мағыналы етуге бола ма? 
Болады. Жолы – жеткіншектерге тұтастай білім беру. Тұтастай білім беру  – 
білім берудің екі аспектісі: зияткерлік білім (сыртқы білім, ақыл үшін) және 
рухани-адамгершілік  білімнің  (ішкі  білім,  жүрек  үшін)  әдемі  бір  үйлесімде 
бірге  жүзеге  асырылуы.  Зияткерлік  білім  керек  оқушының  ақылы  үшін,  ал 
сол  білімді  өмірде  тиімді  қолдана  білуде  жүрек  үшін  де  керек  білім  қажет. 
Д.И.Менделеев:  «Ізгілігі  жоқ  адамға  берілген  білім  –  ақымақтың  қолына 
ұстатқан қылышпен тең» дегендей, адамның екі-үш дипломы бар, зияткерлік 
білімі  жоғары,  бірақ  ол  рухани-адамгершілік  білімнен  алыста  болса,  оның 
алған  білімі  де,  өмірі  де  толыққанды  мәнді  де,  сәнді  де  болмас.  Адамның 
өмірінде зияткерлік білімнің алатын орны бар, бірақ, өкінішке орай, бұл білім 
жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  және  материалдық  құндылықтарға  қол 
жеткізуге  бағыттайды,  алайда  жақсы  табыс  пен  жетістікке  қалай  қол 
жеткізуге  болады,  бұл  білім  бізге  шынайы,  мәңгі  бақыт  әкеле  ме  немесе 

31 
 
уақытша  ма,  адамның  шынайы,  басты  бақыты  туралы  ойланып,  толғануға 
жеткілікті дәрежеде үйретпейді. Зияткерлік білімді барынша меңгеріп, алайда 
руханият,  өмірдің  мәні,  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар, 
мейірімділік,  шынайылық,  адалдық,  қайырымдылық,  қанағат  жайлы 
ойланбаған  адам  өзін  бақытты  сезіне  алмайды.  Қазіргі  таңда  жеке 
материалдық  әл-ауқатқа,  зияткерлік  дамуға  және  жоғары  әлеуметтік 
мәртебеге  талпыну  бағытында  шынайы  болмысынан  тайып,  мәңгілік 
құндылықтарға  емес,  уақытша  құндылықтарға  бағдарланып,  ақиқатын 
ұмытып  жүрген  рух  иелері  айқын  байқалады.  Бұл  –  руханилықтың  ұмыт 
болып бара жатырғандығының көрінісі.  
Осы  заманның  жаһандық  мәселелері  –  экономикалық,  саяси  немесе 
ғылыми  мәселелер  емес,  ең  алдымен  рухани-адамгершілік  мәселелері.  Бұл 
мәселелердің  шешімі  адамзаттың  ішкі  жан  дүниесіндегі  өзгерісте, 
адамдардың  материалдық  игіліктен,  рухани-адамгершілік  құндылықтарға 
қайта  бағдарлану,  рухани  өзін-өзі  кемелдендіруге  қайта  бағдарлау  болып 
табылады.  Бұл  жағдайлардың  негізінде  қазіргі  таңда  білім  берудің  мақсаты 
мен басым бағыттарына ерекше назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Осы  тұста  біз  зияткерлік  біліммен  қатар  рухани-
адамгершілік  білімнің  өзара  әдемі  үйлесімінің  маңыздылығын,  орнын  анық 
байқауға  болады.  Білім  беру  үдерісінде  бала  тұлғасының  физикалық  және 
зияткерлік  аспектілерін  дамытып  қана  қоймай,  баланың  жоғары  рухани-
адамгершілік табиғатын ашу керек.  
Рухани-адамгершілік  білімнің  маңыздылығы  жайында  ұлы  қазақ 
классиктері  де  айтқан  болатын.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  ғалымдарға 
«Адамды  тәрбиелеу  үдерісіне  Ар-ұждан  ілімін  енгізу  қажет.  Бұл  туралы 
ғалымдар  ойлануы  тиіс.  Олар  бұл  ілімді  баршаға  міндетті  пән  ретінде 
әзірлеулері  керек»  деп,  оның  барлық  білім  беру  ұйымдарына  міндетті  пән 
ретінде енгізу жөнінде айтқан екен.  
Қазақстанның  барлық  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  көп  ғасырлық 
халық  педагогикасына  және  балаларды  мәңгілік  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  оқытуға  негізделген  «Өзін-өзі  тану»  пәні  сабағы  өткізілуде. 
Ол – ар-ұждан сабағы болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні адамға шынайы 
бақытқа,  өзін-өзі  тану  мен  ішкі  тыныштыққа  жетуге  мүмкіндік  береді, 
мінездің кемелденуін және тұтастай үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз 
етеді. 
Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары 
рухани-игіліктерді  нығайтудың,  кемел  мінез  бен  адамгершілік  қасиеттері 
жарқыраған азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.  
Балалар  мен  жеткіншектерден  бөлек,  ересек,  саналы,  білім  беру 
ұйымдарының  пән  мұғалімдеріне  арналған  қысқа  мерзімді  біліктілікті 
арттыру курстарында да рухани-адамгершілік білім туралы дәрістер міндетті 
дәріс  ретінде  де  оқытылып,  рухани-адамгершілік  білім  мен  тәрбие  беру 
бағытындағы  көптеген  шаралардың  ұйымдастырылып,  жүзеге  асырылу 
үдерістері  қуантады.  Себебі,  балалар  айтқанды  емес,  көргенді  қайталайды, 

32 
 
жасайды.  Дәлірек  айтқанда,  рухани-адамгершілік  білім  беру  үдерісі 
мұғалімнің  де  ойы,  сөзі  және  ісі  бірлікте  болғанда  ғана  табысты,  нәтижелі 
болады. Ұстаздың ойы мен сөзі және жасаған істері біріне-бірі қарама-қарсы 
болатын болса, оның басқа әрекеттерінен нәтиже шықпайды. Егер мұғалімнің 
рухани-адамгершілік  және  зияткерлік  білімі  бар,  шынайы  болмысынан 
таймай,  таза  болса,  мыңдаған  бала  бойынан  мәңгілік  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  жарыққа  шығарып,  адамгершілік  қасиеттерді  дамытып, 
ұлтымыз мейірімді, қайырымды мінез-құлыққа ие білімді мыңдаған  
ұл-қыздарға  кенеледі.  «Өзін-өзі  тану»  пәнін  білім  беру  ұйымдарының 
тұтастай  педагогикалық  үдерісіне  интеграциялау  арқылы  да  балалардың, 
педагогтардың  және  ата-аналардың  да  өмірін  құндылықтармен  байытып, 
жоғары ішкі мағынамен толықтыруға мүмкіндік береді.  
«Үдеріс нәтижеден де маңызды» деген Лао-Цзының (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.) 
айтқан сөзін басшылыққа ала отырып, қорытынды жасауға болады. Көпшілік 
халық  нәтижеге ұмтылады,  алайда  нәтиженің  қандай  болуы  үдерістің  қалай 
жүзеге асырылуына байланысты. Біз бүкіл адамзат қауымы білім мен өмірді 
әдемі  бір  үйлесімге  біріктіру  мақсатында  ұйымдастырылып,  жүзеге 
асырылып  жатырған  жұмыстарды,  яғни  оқушыларға  рухани-адамгершілік 
білім  мен  зияткерлік  білімдерді  құстың  қос  қанатындай  қатар  бірге  оқу 
пәндері  рухани-адамгершілік  біліммен  интеграцияланған  үдеріс  әрі  қарай 
терең оқытылып,  жүзеге асырылып,  сол  үдеріске  бірінші кезекте мән  беріп, 
соның маңыздылығын жете түсінсе – жарқын болашақ болары сөзсіз.  
 
Пайдаланылған әдебиет: 
1.  Тренерге  арналған  нұсқаулық  «Бөбек»  Ұлттық  ғылыми-практикалық 
білім беру және сауықтыру орталығы, Алматы, 2014 ж. 
 
 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРІН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА 
ПАЙДАЛАНУМҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Қонысбаев Қанат Болатұлы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік 
 педагогикалық институты, АрқМПИдоценті  
                                                             
        Ел  Президентінің  «Қазақстан-2030»  жолдамасындағы  ұзақ  мерзімді 
басымдықтың  бірі  –  «Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білім  мен  әл-
ауқаты»  тармағында  «...азаматтарымыздың  өз  өмірінің  аяғына  дейін  сау 
болуы  және  оларды  қоршаған  табиғи  ортаның  таза  болу  үшін» 
азаматтарымызды  салауатты  өмір  салтына  әзірлеу  қажеттігі  көрсетілген. 
Сондықтан  елімізде  салауатты  өмір  салтының  пайдасына  пәрменді  білім 
беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет [1.58б.]. 
        Халқымыздың  тарихи-мәдени  мұраларының  ішіндегі  ерекше  орын 
алатын салаларының бірі – қазақтың ұлттық ойындары болып саналады. 

33 
 
        Жалпы ұлт ойындарының шығуы мен қалыптасу тарихына көз жіберсек, 
халқымыздың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына  байланысты,  яғни 
көшпелі  тұрмысқа  лайықтанып,  арнайы  материалдарды,  әзірліктерді 
қажетсінбейтін,  ұлтымыздың  психологиялық  ерекшеліктеріне  бейімделген  
құрал – ұлттық ойындар. 
Ұлттық  ойындары  ата  бабаларымыздың  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жеткізіп, 
артына  қалдырған  мәдени  мұрасы.  Бүгінгі  мен  болашақ  ұрпақтарымыздың 
сол  мұраны  үйрене  отырып  халқымыздың  психологиялық  болмысына  көз 
жүгіртіп, дәстүрлер жалғасын байланыстыратын деген сенімдеміз. 
Жалпы  ойын  жөнінде  айтатын  болсақ,  бұл  қай  халықтың  болсын 
көңілін  көтеретін,  көзін  күлімдетіп,    бойын  шаттандыратын,  сергітетін, 
уайым  –  қайғыдан  қашықтататын  адамның  бір  ғажайып  қасиетті,  іс-әрекеті 
деуге  болады.Ойынның  ойналатын  жері  де,  шыққан  тегі  де  халықтың  той-
думаны,  сонда  дүниеге  келіп,  халық  өз  игілігіне  жаратты.  Ойын-халақтың 
алғашқы  мәдениеті,  ой  еңбегінің  жемісі,  дүние  танымының  айнасы  деп 
тұжырымдауға  болады.  Қазақ  халықының  әдеби  мұраларын  алып  қарасақ, 
онда  үнемі  ұлттық  ойындарының  әдет  –  ғұрып  салттардың  алуан  түрлерін 
кездестіреміз. 
Батыр  да,  халық  қайраткері  де,  шешен  де,  ақын  да  ойын  арқылы 
шынығып, еркін бәсекеде жеңіп шығады. Халық ойындары жастардың күш – 
қуатын  молайтып,  оларды  шапшаңдыққа,  дәлдікке  тәрбиелейді,  олардың 
ақыл  –  ойын  толықтыруға  көмектеседі.  Қазақ  халқы  ұлттық  ойындарға  бай 
халықтардың бірі. Олардың көбі бізге жетпей қалған [2.43б.]. 
         Ұлт  ойындары  ұжымдық  ой–қиялдан  бас  құрап,  жеке  адамдардың 
игілігіне  асатын,  ұлт  өкілдерін  түгел  қамтитын,  тұтас  ұлтқа  атадан  балаға 
мұра  болып  келе  жатқан  рухани,  мәдени  қазына.  Олай  дейтініміз,  ұлт 
ойындары  сол  ұлттың  өсіп  жетілу  барысындағы  ұзақ  жолда  пайда  болып, 
оның  сан  мыңдаған  ұрпағының  рухани  азығына  айналған,  қиялын  қозғап, 
ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген 
дәстүрлі  құбылыс.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  ұлт  ойындары  сол  ұлттың 
ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне 
қызмет  ететін,  оның  жас  ұрпағын  жетілдіріп  шыңдайтын  әлеуметтік–
педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы. 
Ұлт  ойындары  әр  халықтың  әлеуметтік  эканомикалық  жағдайларына, 
шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халықының 
ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Кәсіби мал 
шаруашылығына  негізделгендіктен  халықтың  ұлт  ойындарыда  осыған 
икемделген.  Әсіресе,  қойды  көп  өсіргендіктен,  балалар  ойынның  көбі  қой 
асығымен  байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  асық  ойындары  ұлт 
ойындарының  ішіндегі  ертеден  келе  жатқан  көнелілерінің  бір  болып 
табылады.                       
Асық  ойыны  баланың  жастайынан  нерв  жүйелерін  шыңдап,  оларды 
дәлдікке,  ұстамдылыққа,  байсалдылыққа  тәрбиелейді.  Ал  ойынның  түпкі 
мақсаты  жастарды  ерлікке,  өжеттілікке,  батылдыққа,  шапашаңдыққа, 

34 
 
ептілікке  тәрбиелеп,  өзін,  елін  қорғай  алатын  мықты  азаматтар  дайындап 
шығару  болып  табылады.  Сонымен  қатар  бұл  ойындар    әділдік  пен 
адамгершіліктің  игі  қасиеттерінің  адамның  бойына  жас  кезінен  бастап 
сіңіруге кемектеседі. 
Ойындар  халықты  көңілдендіріп  қана  қоймай,  спорттық  дайындық, 
өнерлік,  шаруашылық,  тәжірибелік  маңызы  бар  мәселелерді  шешуде  үлкен 
көмек жасайтындығы айқын.  
Ұлттық  ойындар  балалар  бақшаларында,  мектеп  оқушыларының 
үзілістерінде,  сабақтан  бос  кездерінде  (кейбірі  сабақ  үстінде  де)  айтылып, 
спорт  дайындықтарыда  ойналады.  Бұның  өзі  балалардың  алған  білімін 
толықтырып,  жедел  ойлай  білуін,  іштей  жинақы  болуын  сезімталдығын 
шындайды. 
Ойын алдымен таза ауада, тегіс жерде (ашық алаңда, көгалды жерде), 
ашық  шуақты  күндері  өткізілгені  жөн.  Бұл  десаулықты  жақсартуға  үлкен  
септігін  тигізеді.  Ауа  райының  қолайсыз  күндері  ойын,  спорт,  дене 
шынықтыру  залдарында,  мәдениет  үйлерінде  өткізіледі.  Кейде  кейбір 
ойындар  үй  ішінде  де  өткізілуі  мүмкін.  Бұған  жататындар:  асық  ойындары, 
көрші, сақина салу сияқты ойындары.  
Ойынның  түріне  мазмұнына  қарай  ойыншылардың  саны  да  әр  түрлі 
болуы  мүмкін.  Жаппай  қатысатын  ойындар,  немесе  шектеулі  адамдар  ғана 
қатысатын  ойындар  бар.  Мысалы;  “Айгөлек”  ойынында  бір  сынып 
оқушылары  түгел  қатысса,  ал  “Асық”  ойынын  4-5  бала  ғана  ойнайды, 
“Қазақша  күрес”  немесе  “Қыз  қууда”  екі  –  екіден  ғана  шығады.  Көпшілік 
жағдайда  ойынға  қатысушылардың  санын  ойын  алдында  келісіп  алады. 
Ойынның  дәл,  тез,  адал  және  қызықты  жүргізілуі  ойын  басқарушыға 
байланысты.  
 Қазақтың  ұлттық  ойындары  табиғатпен,  құстармен,  жануарлармен 
тығыз байланысты. Оларды негізгі мақсаты денені самдап шынықтыру, өмір 
тәжірибесін молайту, қыз жігіттерді таныстыру т.с.с. игі істерді, ата салтын 
жалғастыру болып табылады. 
           Тоғызқұмалақ.Тоғыз  құмалақты  арнайы  ағаштан  жасалған  төрт 
бұрышты  тақтада  ойнайды.  Тақтаның  екі  қатарға  тоғыз-тоғыздан  ойылған 
сопақша  келген  ұясы  (оны  кіші  отау  дейді),  әр  қатар  үшін  бір-бірден 
жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске боялады (ақ пен қара). 
Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ беріледі. Сол құмалақтарды 
әр ұяға 9-дан орналастырады. Ерте кезде ұяларды жерден де қазып та ойнай 
берген.  Әр ұяның  1-ден  9-ға дейін  өзінің реттік  са-ны болады.  Олар  солдан 
оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-
дан 9- ға дейін ) қапталы бар, 5 ұя орталық ұя деп аталады[3.49б.]. 
Ойын ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойыншы 
өзінің  кез  кезден  отауына  бір  құмалақты  ғана  қалдырып,  өзгесін  қолына 
алып, оларды сағат тіліне қарсы бағытпен бастап, бояу түсіне қарамастан бір 
–бірлеп  ұяларға  салады.  Егер  ең  соңғы  құмалақ  түскен  бәсекелестің 
ұясындағы  тас  саны  (2, 4,  6,  8, 10т.б.)  жұп болса, онда ойыншы  сол  ұядағы 

35 
 
құмалақты  түгел  алып,  өз  қазанына  аударады.  Ойынның  барысында 
ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс 
барысында өзінің  ең  соңғы  тасын  түсіріп  үлгерсе,  ол  үш тасты  түгел  алады 
да, ұя ойын аяғына дейін “тұздыққа” айналады. Сонан соң әрі қарай сол ұяға 
түскен  тастар  “тұздың  иесінің”  қазанына  көшіп  отырады.  Әр  ойыншы  өз 
қарсыласының  жағында  тек  бір  ғана  “тұздыққа”  ие  болады.  Қазанына  82 
құмалақ жиналған  ойыншы ұтады. 
Ортаға түспек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен 
алаңда  өтуі  тиіс.  Ортадан  көп  ойыншы  сиярлықтай  үлкен  төрт  бұрыш 
сызылады. Бірінші топ сол төрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан 
орын  алады.  Ойын  басталған  соң  сырттағы  ойыншылар  тік  төрт  бұрыштың 
ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы 
сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге 
түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. 
Тік төрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 
10  не  20  рет  сызықты  айнала  жүгіруіне  айып  бұйырады.  Ол  бұл  сыннан 
сүрінбей  өтсе,  сырттағы  өз  тобын  тү-гел  ішке  кіргізіп  алады.  Егер  айнала 
алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. 
Қимыл  –  жаттығулар  бейнелі  әсермен  жеңіл  меңгеріледі.  Мысалы: 
қолды тіреп секірген кезде снарядқа қолды дұрыс қою тәсілін түсіндіру үшін 
мұғалім  “  Сендер  ыстық  пешке  қолдарыңды  қоямыз  деп  есептеңдер”,  -  деп 
ескертеді. Таныстыру кезінде белгілі бір іс-қимылдарды оқушының бұрынғы 
жаттығу  әрекеттерімен  байланыстырудың,  олардың  арасындағы  ұқсас 
қимылдарды тауып, өзара үйлестіре білудің маңызы ерекше. 
          Алғашқы  қимыл-жаттығуды  мұқият  бақылап,  шәкірттің  жіберген 
қатесін  түсіндіріп  беру-табыс  кепілі.  Жаттығулардың  арасында  үзілістер 
болуы  қажет.  Бұл  аралықта  оқушылар  өздерінің  іс-әрекет  қимылын  қалай 
жақсы орындауға болатынын ойластырады.  
 Екінші  сатыда  қимыл-жаттығулардың  жалпы  құрылымы  нақтыланып, 
күрделі жаттығулар меңгеріледі. Бұл  қимыл-жаттығуларды сан рет қайталау, 
қателерін  түзету,  қосымша  түсініктер  беру,  іс  –  қи-мылдың  қиын  жерлерін 
бейнелейтін  сызба,  кестет.б.  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Жаттығу 
қимылдары әбден машықтанғанша жал-ғасады, белгілі бір күрделі іс – қимыл 
әр түрлі жағдайда таза орындай-тындай дәрежеге жеткенше қайталанады.  
  Мұғалімнің 
басты  міндеті  жаттығу  қимылдарын  үйретумен 
шектелмейді,  сондайақ  үйренген  жаттығу  қимылдарын  одан  әрі  дамытуды 
алдына мақсат етіп қояды.  
Шапшаңдық-жаттығу  қимылдарын  тез  орындауға  жәрдемдесетін 
қасиет.  Дене  тәрбиесі  үрдісінде  қарапайым  іс-әрекеттің  өзін  шапшаң 
орындауға, тез қимылдауға және бұлшық еттердің жиырылуы жылдам-дығын 
жетілдіруге  ерекше  мән  беріледі.  Оған  жету  үшін  шапшаңдыққа  баулитын 
арнайы жаттығулар орындау арқылы қол жеткізіледі. Оқушы өзін үнемі тың 
сезінгенде  ғана  бұл  жаттығулар  өз  нәтижесін  береді.  Бәсекелеске  қарсы 

36 
 
қолданылатын 
әдіс-тәсіл 
қимылдары 
түрлі 
спорт 
ойындарында  
жетілдіріледі[4.76б.]. 
Мұғалім  сабақта  әр  оқушының  қимылын  бақылап,  оларға  түсетін 
салмақ  пен  күштің  мөлшерін  байқап,  оңтайлы  орын  таңдап  алуына  және 
өзара көмек пен қауіпсіздік шарасын мүлтіксіз сақтауға міндетті.Ел арасында 
ең  көп  жайылған  Әйкөл,  қашпа  доп  ақсүйек,  айгөлек,  ақсерек-көксерек 
сияқты  тағы  басқа  ойындарда  халықтық  дене  тәрбиесінің  негізі  бар.  Бірақ, 
тұрмыс жақсарып, рухани ой өрісіміз өскенсайын  жоғарыда  аталған  ұлттық 
ойындарды  қолданбай  келеміз  Бұл  осы  ойындар  мүлде  керексіз  деген  ой 
туғызбауы  керек.  Себебі  халықтың  өткендегі  тарихын,  мәдениетін, дәстүрін 
зерттеуде  ойындарды  білудің  тигізер  көмегі  зор.  Әлі  маңызын  жоғалтпаған 
ойындар  да  көп.  Керісінше,  қара  бал  тоқтымақ,  қара  лақ  ойындарының 
жастарға  ерсі  болып  көрінуі  де  мүмкін.  Ойындарды  орынды  пайдалана 
білудің  де  маңызы  зор.  Мысалы  «Қыз  Жібек»,  «Көксерек  фильмдеріндегі 
сайыс,  күрес  сияқты  ұлттық  спорт  түрлерімен  қатар  көрсетілген    асық 
ойындары тым әсерлі, қызықты шыққан. Сондықтан да, көптеген ойындарға 
соны мазмұн мен жаңа форма беруге ат салысып, халқымыздың ертеден келе 
жатқан осы қазынасын баға жетпес байлығымызға айналдыруымыз қажет. 
           Жас  ұрпақты  бала  күнінде  дұрыс  тәрбиелей  қажеттілігін  өте  дұрыс 
түсінген халық, ойынның да ойлы, ақылды ұстаз ролін атқару жағын мұқият 
қарастырған.  Сонымен  бірге  ойындарда  ой  мен  еңбектің  бірлігі  ескерілген. 
Жастарды жан-жақты дайындау мақсат етілген. Қазақтың ұлттық ойындарын  
түр сипаттары мен мазмұндарына қарай былайша төртке болуге болады.   
   1  Балаларға арналған ойындар 
   2  Жасөспірімдерге арналған ойындар 
   3  Бозбалалар мен бойжеткендерге арналған ойындар 
   4  Үлкен-кішіге ортақ ойындар 
         Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  ойындарға  алғашқы  кезде 
үлкендер  қатынасып,  оны  үйреткен  жөн.  Сонда  оны  меңгеру  оңай  болады. 
«Балалықтың  жанына  ойын-азық  »  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  айтқандай, 
балалар  үшін  ойын  үлкен  талқы.  Түрлі  ойындар  кезінде  олардың  дүние 
танымы  кеңейіп,  мінездері  қалыптасады.  Туған  халқының  әдеп-ғұрпы  мен 
жақсы  дәстүрлерімен  танысады.  Менің  осы  еңбегімде  қазақ  халқының 
ұлттық  ойындарының  ұлттық  ойындарының  тұп-төркінін  ашып,  көрсету 
ерекшеліктерін  балалар  санасына  жеткізу  түгелдей  қамтылды  деп  айта 
алмаймыз. Олар ұшан – теңіз, көп вариантты. Бірақ ел арасында кең тараған, 
Қазақстанның  қай  облысында  болмасын  жұртшылыққа  жақсы  таныс 
көптеген  ойындар  туралы  мағлұмат  беруге  тырыстым.  Енді  соларға  жеке- 
жеке тоқталамыз. 
Әткеншек.  Әткеншек  тебу  үшін  аралары  4-5  метр  қашықтыққа 
қазылған екі бағанға қос қабат арқан керіледі. Оның ортасына ұзындығы 1-3 
метрлік жалпақ тақтай бекітіледі, де екі басына екі адам немесе ортасына бір 
адам  отырады.  Керме  арқандардан  ұстап  түрегеліп  тұруға  да  болады. 
Әткеншектегілерді  жерде  тұрғандар  тербетеді.  Әткеншек  үстінде  ән 

37 
 
айтылады.  Ойында  ежелгі  заман  көріністері    молынан  сақталу  себебі,  олар 
халқымыздың  ізгі  қасиеттеріне  шаруашылық  кәсібіне  этикалық  және 
эстетикалық  дәстүріне  тәрбиелеудің  бірден-бір  тиімді  жолы  болды. 
Балалардың  көпшілік  ортасында  өзін-өзі    ұстаудың,  қысылғанда    жол 
табудың,  қоғамда  өз  орнын  сезінудің    алғашқы  мектебі  де  осы  ойындар 
болды десек асыра айтқандық емес[5.49б.]. 
АлтыбақанАлтыбақан осы күнгі демалыс парктерінде әткеншекке өте 
ұқсас.  Алтыбақан  аталу  себебі  үш-үштен  алтыбақанның  басы  мықты 
арқанмен  буылып,  байланыстырылады  да,  бір-біріне  қарама-қарсы 
орнатылады.  Бақандардың  арасы  арқанмен  керіліп,  ортасына  екі  немесе 
бірнеше  адам  отыратын  орын  жасалады.  Алтыбақан  тебушілер  бірін-бірі 
ізетпен  тосып,  қарапайым  өлеңмен  әзіл-шынды  араластырып,  көңіл  сырын 
шертеді. Алтыбақанда жаңылтпаш, жұмбақ ойындары да орындалады 
Ақсерек-көксерек.  Бұл  ойынға  қатысушылар  екі  топқа  (командаға) 
бөлінеді.  Бір  –біріне  қарама-қарсы  тұрады.  Екі  жақта  «тұтқындар»  үшін 
арнаулы  шеңбер  сызады.  Ақсерек-көксерек  варианттары  көп.  Бұл  ойынның 
барлық  түрлері  де  эстафеталық  ойындарына  ағайындас.  Балалардың  жан-
жақты шынығуына, жүйрік болуына әсер етеді, тапқырлыққа тәрбиелейді.  
Қыз  қуу.Қазақ  халқының  өмірінде  жылқы  түлегі    үлкен  орын 
алғандықтан ат спорты ғана емес, атпен өткізілетін ойындар да ел арасында 
көп тараған. Солардың қатарына қыз қуу, теғге ілу, салма ілу, жатады. Қазақ 
жастары,  әсіресе,  қыз  қууды  құмарта  ойнайды.  Қазіргі  күндері    бұл  ұлттық 
ойындарымыздың  ішінде  ерекше  орын  алған  десек  артық  айтқандық  емес. 
Бұл көбінесе мереке, тойларда жастарымыздың сүйікті ойындары болып қала 
бермек.  Ойын  үшін  жігіттер  мен  қыздар  іріктеліп,  ұшқыр,  жүйрік  аттарға 
мініп  шығады.  Қашықтығы  300,  ал  ені  30-40  метр  тоніс,  топырағы  жұмсақ, 
ашық  алаң  таңдалып  алынады.  Жарыстың  басталатын  жері  балаңның  бір 
маңдайында болады. Ал екінші маңдайында қатысушылар орағатып өту үшін 
қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.  
Жарыс  жекелей  және  қомандалық  есеп  бойынша  өткізіледі.  Команда 
болғанда  қыздар  мен  жігіттер  саны  тең  болуы  қажет.  Төрешінің  бірінші 
белгісі бойынша қыз жігіттен 10  метрдей алда тұрып шабысқа дайындалады. 
Келесі  белгіде  олардың  екеуіде  аттарының  басын  жіберіп  шаба  жөнеледі. 
Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, оның жең ұшына ілінген орамалды 
ілгері  алып  қашу  керек.  Егре  жігіт  қарақшыдан  сөреге  дейін  қуғыншыға 
жеткізбесе,  онда  –  жеңгені,  ал  егер  қыз  қуып  жетсе,  жігіттің  атын  әйтпесе 
өзін  қамшының  астына  алады.  Мұнда  қыз  жеңді  деп  есептелінеді.Жарысқа 
қатынасушыға  бір  –  бірінің  атын  тоқтатуға  алаңнан  сыртқа  шығуға, 
қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді[6.86б.]. 
Салма  ілу.  Салма  ілу  ойынын  ойнар  алдында  жер  қазып  оған  қошқар 
немесе  тайыншаның  денесі    тасталады.  Қазіргі  кезде  қапа  буылған  ауыр 
затты  да  тастауға  болады.  Жігіттер  атпен  шауып  келе  жатып,  салманы  іліп 
алып кетуге тиіс. Аттың қарқынын бәсеңдетіп тізгінін тартуға болмайды. Бұл 

38 
 
адамды  ептілікке,  күштілікке  тәрбиелейді.  Ойыншының  астындағы  атының 
мықтылығы да үлкен міндет атқарады.  
         Соқыр теке. Соқыр теке кең  бөлмеде, клуб залдарында, қорада, аулада 
ойнауға  болатын  қызықты  ойын.  Шеңбер  сызылып,  оның  ортасына  көзі 
байланған  «теке»  жіберіледі.  Қалғандары  оны  «соқыр  теке,  бақ-бақ»  деп 
мазақтап,  түртіп  қашады.  Бірақ  олар  шеңберден  шығып  кетпеуге  тиіс.  Егер 
«теке» ойыншылардың бірін ұстап алса, дауысына қарап, оның атын атайды. 
Дәл  тапса,  ұсталған  бала  көзі  байланып,  «соқыр  теке»  болады.  Ойыншылар 
көзі  байлаулы  адамды  әдейі  сөзбен  жетектеп  отырады,  алдап  шұқырға, 
бағанға қарай бағыттайды. Бұл ойынды, күлкілі етеді. Соқыр теке балаларды 
сезімтал, аңғарымпаз болуға тәрбиелейді. 
Қазан  –  доп.  Қазан  –  доп  ойынын  ойнайтындар  тереңдегі  10-20  см, 
диаметрі 30-40 см қазан қазуға тиіс, одан сәл қашықтықта оның құлақшалары 
жасалынып,  оны  екі  адам  аяқтарымен  басып,  қорғап  тұрады.    Басқа 
ойыншылар  допты  қазанға  тастауы  керек.  Қорғаушылар  допты    таяқпен 
ұрады  осы  кезде  олардың  аяқтары  құлақшадан  шығып  кетіп  қалған 
ойыншылар  орнын  таяқтарымен  басып  қалса,  қазанды  қорғаушылар 
өздерінің  орнын  береді.  Егре  қорғаушылар  ұрған  допты  қалғандары  жерге 
түсірмей, қағып алса, онда да ойыншы ұтқан болып есептелінеді. Балаларды 
дәл көздеуге шапшандыққа тәрбиелейді. 
Қашпа доп. Қашпа доп ойынында ойнаушылар екі командаға бөлінеді. 
Бір  команда  мәре  жанында  тұрады.  Екінші  жатқан  сөре  белгіленеді.  Екінші 
команда  мәре  мен  сөренің  аралығында  тұрады.  Мәредегі  команда 
ойыншысының  бірі  келте  таяқпен  допты  қатты  соғады.  Осы  сәтте  қалған 
ойыншылар  тез  жүгіріп  сөреге  барып,  қайтып  оарлу  керек.  Ал  қарсы 
команданың ойыншылары оларды доппен көздеп ұруға тиіс. Доп тиген бала 
ойыннан  шығады.  Егер  ойын  басында  допты  дұрыс  соға  алмаған  бала 
«Қолынан»,  яғни  доп  ұру  правосынан  айрылады.  Команда  мүшелерінің 
барлығы допты ұру правосынан айрылса олар жеңілген болып есептелінеді. 
Қашпа  доп  балаларды  мергендікке,  жүйріктікке  тәрбиелейтін  қызық 
ойын[7.67б.].  
Халқымыздың 
тарихи-мәдени 
игіліктерінің 
бірі 
ұлттық 
ойындары.Оларды  халық  педагогикасының  құрамды  бөлігі  ретінде  танып 
отыр.Ұлт  ойындары  сөніп  қала  жаздаған  салтымыз  бен  дәстүріміз  сияқты 
халқымыздың  санасында  сақталмай,  күнделікті  өмірде  қолданылмай  өшіп 
бара жатқандығы айдан анық.  
        Ұлттық  ойындар  бала  тәрбиесіндегі  негізгі  екі  жауапты  қызмет 
атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене 
дамуы  жақсарса,  екіншіден,  ұлт  ойындарының  мазмұнын,  ойлау  тәртібін 
түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. 
Тәрбие  жұмысын  ұлттық  дәстүрге  сәйкес  жүргізу,  ал  тәрбиенің  негізгі 
мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іске, бойында басқа да игі 
қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 

39 
 
 Қорытындылай  келгенде,  халықтың  ұлттық  ойындары  елдің  өмірімен 
тығыз  байланысты,  оның  шаруашылық,  экономикалық,  әлеуметтік 
тұрмысынан  туған.  Сондықтан,  оның  тәрбиелік  маңызы  аса  жоғары,  әрі 
құнды.  Ұлт  ойындары  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып,  жалғасын  тауып  бізге 
жеткен,  оның  өткені  мен  бүгінін  байланыстыру  –жетілдіру,  дамыту, 
пайдамызға  асыру  бүгінгі  ұрпақ  міндеті.  Ұлттық  ойындарды  бір  жүйеге 
келтіріп,  топтап,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  жіктеп,  жоғары 
әдістемелік  тұрғыдан  ұйымдастырсақ  және  оларды  ұлттық  ойындарды 
мектептерде  қолдана  білуге  дағдыландырсақ,  нәтижелі  межелерге  жеткен 
болар едік. 
Бүгінгімен  болашақ  ұрпақтарымыздың  сол  мұраны  үйрене  отырып, 
халқымыздың  психологиялық  болмысына  көз  жүгіртіп,  дәстүрлер  жалғасын 
байланыстырады деген сенімдеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет