Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі379,95 Kb.
#4639
түріРабочая учебная программа
1   2

2 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


Бакалавр деңгейіндегі студенттерді дайындауда «Қазақ тілі» пәні міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған силлабус қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне сәйкес, орташа (А1, А2, В1, В2) деңгей бойынша оқитын орыс бөлімі 5В070900 «Металлургия», 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі», 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау», 5В071100 «Геодезия және картография», 5В090700 «Кадастр» мамандықтары бакалаврларына арналған. Курстың мазмұны қазақ тілін мәдениаралық, болашақ кәсіптік қызметінде кәсіби-іскерлік қатынас құралы ретінде игеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
2.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі пәні жалпы білім беру пәндерінің ішінде міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларын байытады. Оқытуда студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын дамыту, жетілдіру негізгі мақсат болып табылады.
2.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану; қоғамдық саяси, әлеуметтік, кәсіби-іскерлік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; кәсіби бағдарлы мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрену.

Қазақ тілін үйрену нәтижесiнде типтік бағдарламада қарастырылғандай, орташа ( А1, А2, В1, В2 ) деңгей көлемінде студенттер:

1 Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін меңгерулері;

2 Типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына қажетті минимумды меңгерулері: а) оқылымның барлық түрлерін игеруі; б) диалог, монолог, полилог түріндегі баяндалған мәтіннің мазмұның түсініп тыңдауы, сондай-ақ тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруі; в) қатысымдық міндеттерді орындауда типтік бағдарламада көрсетілгендей тіл дамытуға қажетті минимумды (сұхбат құра білуді, пікірталас жүргізе білуді, сипаттама, хабарлама жасай білуді) игеруі; г) фонетика, орфография, грамматика, лексика тұғысынан типтік бағдарламада көрсетілген минимум көлемінде сауатын жетілдіруі қажет.


2.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі (мысалы):

Білім алушылар білуге тиіс:

- грамматикалық білімдерін, жазбаша сауаттылықтарын арттыру;

- терминдерді меңгерту;

- студенттердің сөздік қорларын жетілдіру.

Дағдылары:

- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

- қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;



  • қазақ тіліндегі әр түрлі мәліметтерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:

- сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру;

- студенттердің білімдерін практикалық жолмен меңгерту;

- ақпараттарды саралауға, оларды орнымен қолдана алу;

- орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау.


2.4 Пререквизиттер
Қазақ тілі пәнін оқу үшін студентке келесі пәндер бойынша білім қажет: қазақ тілінен орта мектеп бағдарламасы бойынша алынған білімі, орыс және шет тілінен, мамандықтану пәнінен.
2.5 Постреквизиттер
Қазақ тілі бойынша алған білімі өзге тілдерді үйренуде, мамандық бойынша пәндерді, «Кеңселік және құжаттамалық жұмыс негіздері», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерін оқытуда қажет болады.

3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


3.1 Оқу жұмысының жоспары


Тақырып атаулары

Көп еңбекті қажет ететін пән,сағат

Оқу түрі

күндізгі

Күндізгі қысқ.

Сырттай

Сырттай қысқ.

1

2

3

4

5

Семинарлық (тәжірибелік) сабақ

1 семестр

Қазақстан Республикасының тіл саясаты.

ҚР Тілдер туралы заңы. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Мемлекеттік тілдің қолдану аясы. Үндестік заңы (буын үндестігі, дыбыс үндестігі). Буын, оның түрлері.



+

-

-

-

Қоғам және жастар. Менің замандастарым.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Омонимдер. Антонимдер. Синонимдер.



+

-

-

-

Тәуелсіз Қазақстан. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы. Қанатты сөздер. Ағымдағы бақылау.

+

-

-

-

Қазақстанның астаналары.

Зат есім, түрлері. Көмекші есімдер. Зат есімнің жалғаулары. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.



+

-

-

-

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.


Жіктік жалғау. Септік жалғаулары. Септеуліктер.

+

-

-

-

Қазақтың өнері мен мәдениеті. Қазақ драма театры. Абай және қазақ музыкасы. Зергерлік өнер. Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің септелуі. Ағымдағы бақылау.


+

-

-

-

Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары.

Сан есім, оның түрлері.



+

-

-

-

Менің оқу орным. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарихы. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Сын есім, түрлері. Сын есімнің шырайлары. Аралық бақылау.

+

-

-

-

Мамандық әлемінде.

Тау-кен металлургия факультеті. Инженер деген кім?

Етістік, оның түрлері. Болымсыз етістік. Терминдердің жасалу жолдары.


+

-

-

-

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы. Болымсыз етістік. Ағымдағы бақылау.

+

-

-

-

Әлемдік экологиялық проблемалар.

Экология ғылымы. Етістіктің шақтары.



+

-

-

-

Қоршаған ортаны ластаушы көздер және оның зардабы туралы газет, журнал беттеріне сүйене отырып қосымша материал айту.



+

-

-

-

1

2

3

4

5

Ғаламдық жылынудың экологиялық мәселелері

Есімше, оның сөйлемдегі қызметі. Есімшенің жасалуы мен түрлері.



+

-

-

-

Экологиялық дағдарыс. Көсемше, көсемшенің сөйлемдегі қызметі, жасалуы.

+

-

-

-

Туған өлке табиғатын қорғау.

Етістер (өзгелік, өздік, ырықсыз, ортақ). Аралық бақылау.



+

-

-

-

ІІ семестр

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Үстеу, мағыналық түрлері.



+

-

-

-

Орман экологиясы. Шылау сөздер туралы түсінік. Септеулік шылаулар.

+

-

-

-

Қызыл кітап. Жалғаулықтар. Демеулік шылаулар. Шылаулардың емлесі. Ағымдағы бақылау.

+

-

-

-

Ғылыми прогресс жетістіктерінің экологияға әсері. "Протон" қалдықтарының зияны. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөйлем мүшелері.

+

-

-

-

Ядролық жарылыстардың зардабы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер.

+

-

-

-

«Семей-Невада» халықаралық қозғалысы.

Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер. Ағымдағы бақылау.



+

-

-

-

Олжас Сүлейменов – «Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі.

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш, баяндауыш. Аралық бақылау.



+

-

-

-

Радиацияның ағзаға әсері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

+

-

-

-

Шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оқшау сөздер.

+

-

-

-

Туған өлке экологиясы. Өскемен қаласының экологиясы. Жай сөйлемнің түрлері. Жалаң және жайылма сөйлем. Жақты және жақсыз сөйлемдер. Ағымдағы бақылау.

+

-

-

-

Су – тіршіліктің қайнар көзі.

Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.



+

-

-

-

Арал тағдыры – адам тағдыры. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

+

-

-

-

Экология және атмосфералық ауа. Балқаш көлі

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ағымдағы бақылау.



+

-

-

-

Каспий теңізі.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.



+

-

-

-

Қазақстандағы экология мәселесі. Балқаш көлі

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі. Аралық бақылау.



+

-

-

-

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасының тіл саясаты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге байланысты БАҚ материалдарымен танысу. Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Буын түрлерін ажырату.



+

-

-

-

Тәуелсіз Қазақстан.

Берілген мәтіннен зат есімнің жалғауларын ажыратып, қай жалғау екенін түсіндіру. БАҚ материалдарына сүйене отырып, Қазақстан туралы айтып беру.



+

-

-

-

Қазақстанның астаналары.

Мәтін бойынша лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Әр астананың тарихын мазмұндау.



+

-

-

-

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.


Жіктік жалғау. Септік жалғаулары. Септеуліктер.

+

-

-

-

Қазақтың өнері мен мәдениеті.


Қосымша ақпаратпен жұмыс. Мәтіндерден есімдіктерді тауып, олардың мағыналық түрлерін ажырату.

+

-

-

-

Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

"Университетте", «Қай мамандықта оқисың?», «Сабақ кестесін білесің бе?» тақырыптарына рөлдік ойындар дайындау. «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі туралы материал жинау.


+

-

-

-

Менің оқу орным. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарихы. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс. “За знание” газетінен университет туралы мақалалармен танысу.

“Білім – байлығымыз” тақырыбы бойынша сұхбат жүргізуге дағдыландыру.



+

-

-

-

Мамандық әлемінде.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

Мәтін мазмұны бойынша сұхбат жүргізу.


+

-

-

-

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы.

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына шағын шығарма жасауға төселдіру.



+

-

-

-

Әлемдік экологиялық проблемалар.

Экология ғылымының зерттейтін мәселелері жөнінде әңгіме жүргізуге жаттықтыру.

Етістіктің шақтарына байланысты лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.


+

-

-

-

Қоршаған ортаны ластаушы көздер. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берe.


+

-

-

-

Ғаламдық жылынудың экологиялық мәселелері

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.



Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.

+

-

-

-

Экологиялық дағдарыс.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Көсемшенің жасалу жолдарын түсіндіру. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру. Тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға жаттықтыру.



+

-

-

-

Туған өлке табиғатын қорғау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Етіс түрлерін ажыратуға жаттықтыру. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.



+

-

-

-

ІІ семестр

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.



+

-

-

-

Орман экологиясы. Лексика грамматикалық жаттығуларды орындау.

Тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға төселдіру.



+

-

-

-

Қызыл кітап. Шылау түрлерін ажырату, олардың жазылу ерекшеліктеріне назар аудару. Шығыс Қазақстан бойынша Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тізімін жасау.

+

-

-

-

Ғылыми прогресс жетістіктерінің экологияға әсері. "Протон" қалдықтарының зияны. Сөздікпен жұмыс. Мамандыққа байланысты терминдерді меңгеру. Мәтінді оқып түсіну және грамматикалық құрылымдарды таба білу. Сөздердің байланысу тәсілдері бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу.

+

-

-

-

Ядролық жарылыстардың зардабы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздерді меңгертуге арналған жаттығу жұмыстарын орындау. Мәтін мазмұны бойынша әңгіме жүргізуге дағдыландыру.

+

-

-

-

«Семей-Невада» халықаралық қозғалысы. Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.

+

-

-

-

«Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Синтаксистік талдау жасаға жаттықтыру. Терминологиялық сөздікпен жұмыс. Қосымша ақпаратты қолдана отырып, мәтін мазмұнын айтуға төселдіру.



+

-

-

-

Радиацияның ағзаға әсері. Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтін мазмұнына байланысты сұхбат құрастыру. Сабақ тақырыбы бойынша Студенттерді сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

+

-

-

-

Шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары Жақты және жақсыз сөйлем.

+

-

-

-

Туған өлке экологиясы. Өскемен қаласының экологиясы.Жай сөйлем түрлерін ажырата білуге жаттықтыру. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

+

-

-

-

Су – тіршіліктің қайнар көзі. Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

+

-

-

-


СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


1

2

3

4

5

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбына шығарма жазу, қосымша материал айту.

+

-

-

-

«Мен және қоршаған орта» тақырыбына шағын әңгіме дайындау.

+

-

-

-

«Қазіргі жастардың қоғамдағы рөлі» тақырыбына эссе жазу. «Қоғам және жастар» тақырыбына рөлдік ойын өткізу.

+

-

-

-

«Қазақстан экономикасы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді ел” тақырыбына сұхбат құрастыру.

+

-

-

-

«Қазақстан – 2030» бағдарламасын оқып, негізгі ойларды тезис түрінде жазу.

+

-

-

-

«Астана – бас қала» тақырыбына эссе жазу.

+

-

-

-

ҚР рәміздерінің авторлары туралы ақпарат жинап, әңгіме жүргізу.

+

-

-

-

«Қазақтың қолөнері» тақырыбына дискуссия өткізу. Қазақтың өнері мен мәдениеті туралы әңгімелеп беру.

+

-

-

-

«Білім ордасында» тақырыбында шағын шығарма жазу.

+

-

-

-

“Менің мамандығым – менің болашағым” атты пікірталас өткізу. “За знание” газетінен университет туралы мақалалармен танысу.

+

-

-

-

“Студент – болашақ маман иесі“ тақырыбы бойынша рөлдік ойынға дайындық.

+

-

-

-

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасындағы табиғатты қорғау, оның сарқылмас байлығын үнемді пайдалануға байланысты конспект жазу.

+

-

-

-

«Қоршаған ортаны ластаушы көздер» тақырыбына эссе жазу.

+

-

-

-

«Ғаламдық жылынудың экологиялық мәселелері» тақырыбында шағын шығарма жазу.

+

-

-

-

2-семестр

«Туған өлке – бай өлке» тақырыбына шығарма жазу.

+

-

-

-

«Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары болады?» тақырыбында эссе жазу.

+

-

-

-

«Жер туралы заң» мәтіні негізінде сұхбат құрастыру. М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін жаттау.

+

-

-

-

«Алтайым – алтын бесігім» тақырыбында эссе жазу.

+

-

-

-

«Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау» жарнама мәтіндерін құрау.

+

-

-

-

Шығыс Қазақстан бойынша Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тізімін жасау.

+

-

-

-

БАҚ материалдарынан «Протон» зымыраны туралы ақпаратты тауып, хабарлама жасау.

+

-

-

-

«Ядролық жарылыстардың зардабы» тақырыбына слайд жасау.

+

-

-

-

Олжас Сүлейменов қозғалысының ұйымдастырушысы» тақырыбына шығарма жазу.

+

-

-

-

«Зиянды қалдықтардың адам ағзасына әсері» тақырыбына хабарлама жазу.

+

-

-

-

Табиғат, табиғат құбылыстары туралы мақал-мәтелдерді жаттау, мағынасын түсіндіру.

+

-

-

-

«Арал тағдыры – адам тағдыры» тақырыбына жоба жасау.

+

-

-

-

«Балқаш байлығымыз» тақырыбына слайд жасау.

+

-

-

-

«Каспий теңізі» тақырыбына әңгіме өткізу.

+

-

-

-

Реферат, жоба тақырыптарын қорғау

+

-

-

-

4 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1 Қазіргі кездегі кірме сөздердің қазақ тіліне әсері.

2 Жаргон сөздер.

3 Шығыс говоры.

4 Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.

5 «Сан есім – зат есім»типті сөз тіркестері.

6 Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.

7 Абайдың ақындық мектебі.

8 Интернет басылымдарындағы тіл мәдениеті.

9 Интернеттегі қазақ тілі.

10 Лингвомәдениет – жаңа бағыт.

11 Ахмет Байтұрсынұлы – тілші.

12 Мемлекеттік тіл – татулық тірегі.

13 Сөздік қорды байыту әдістері.

14 Ана тілім – ардағым.

15 Жер, су атауларының тарихи көрінісі.

16 Сапалы білім – бәсеге қабілетті қоғамға негіз.

17 ҚР тіл саясаты.

18 Шығыс Қазақстан облысындағы танымал тұлғалар.

19 Жастар және қоғам.

20 Айналайын атажұртым.

21 БАҚ және тіл мәдениеті.

22 Еліміздің батыр қыздары.

23 Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктері.

24 Тәуелсіздік – берік тұғырым.

25 Қазақ тілі – Қазақстанның болашағы.

26 Термин сөздерді қолданудың ғылыми негіздері.

27 Қазақ әлемінің жеті кереметі.

28 Қазақ елінің тұңғыш президенті.

29 Кірме сөздердің қазіргі ауызекі сөйлеу стиліндегі қолданысы.

30 Көпмағыналы сөздер және омонимдер.

31 Жаргондық лексика және әдеби тіл.

32 Қазақ тіліндегі терминжасау ерекшеліктері.

33 Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің түрлілігі.

34 Техникалық терминдерді аудару мәселесі.

35 Ұлт татулығы – мемлекеттің беріктігі.

36 Мақал – сөз мәйегі.

37 Қазақстандық ғарышкерлер.

38 Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

39 Абай Құнанбайұлының тәрбиелік көзқарасы.

40 Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі диалект сөздер.



5 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5.1Негізгі әдебиеттер
  1. Әлмұрзина Г., Назбиев Ж. Қазақ тілін жеделдетіп оқыту курсы. –Өскемен, 2000.


  2. Бектұров Ш. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. –Астана, 2003.

  3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы).
    –Алматы: Әділет, 1998.

  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Кен ісі және металлургия. – Алматы: Мектеп, 2003.

  5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер. – Алматы: Рауан, 2000.

  6. Құпиялы өлкенің ғажайыптары. Энциклопедия. – Өскемен, 1999.

  7. Мурзалина Б., Нуркеева С. Қазақ тілі учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку. – Алматы, 1998

  8. Мухамадиева Н., Атабаева М., Ибраева Р. Іскерлік қазақ тілі. – Алматы, 2000.

  9. Мұхамадиева Н. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2004.

  10. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. – Алматы: Білім, 1996.

  11. Сейілхан А., Советова З. Қазақ тілі: тау-кен металлургия институтының студенттеріне және қазақ тілі пәнінің оқытушыларына арналған оқу құралы. – Өскемен: ШҚМТУ баспасы, 2004.

  12. Сейлхан А.Қ., Советова З.С. Қазақ тілі: Тау-кен металлургиялық факультетінің студенттеріне өздік және оқытушы мен студент арасындағы жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Өскемен: ШҚМТУ, 2009. – 62 б.
    1. Қосымша әдебиеттер





  1. Аяпова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2000.

  2. Бектаева Ш. Казахский язык. – Алматы, 1995.

  3. Маманов И. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 1989.

  4. Оразалин С. Қазақ тіліндегі септіктер жүйесі. Оқу құралы. – Өскемен, 1999.

  5. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. – Алматы, 1989.

  6. Сейлхан А., Советова З. Қазақ тілі: тау-кен металлургия факультетінің студенттеріне және қазақ тілі пәнінің оқытушыларына арналған мәтіндер жинағы. – Өскемен, 2007.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет