Рабочая учебная программа Специальность: для всех специальностей Өскемен Усть-Каменогорск 2013 Оқу жұмыс бағдарламасы «Дене тәрбиесі және спорт»



Дата01.04.2017
өлшемі182,69 Kb.
#12925
түріРабочая учебная программа




Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01


Менеджмент сапа жүйесі

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы


Стр. из




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ
БЕКІТЕМІН

факультет деканы

____________ Адрышев А.К.


____________2013 г.


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

Жұмыс оқу бағдарламасы


Мамандық: барлық мамандықтарға арналған
ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА

Рабочая учебная программа

Специальность: для всех специальностей

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


Оқу жұмыс бағдарламасы «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасында ҚР 23 тамыз 2012 жылы № 1080 бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы білім беру стандарты негізіне сәйкес жасалған.
«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы отрысында талқыланды

Кафедра меңгерушісі Асмолова Л.


Хаттама №____ _________________ж.

Тау-кен металлургия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді


Төраға Нұршайыкова Г.
Хаттама №____ ______________________ж.

Құрастырған


Кафедра меңгерушісі Асмолова Л.

Доцент Бучацкий В.

Аға оқытушы Елюбаев Д.

Аға оқытушы Лазарева З.

Аға оқытушы Шепелева Е.

Аға оқытушы Уанбаева Ф.

Оқытушы Дюсупов Б.
Норма бақылаушы Тютюнькова Т.

1 ПӘННІҢ ЖҰМЫС КӨЛЕМІ




Семестр

Кредит саны

Сабақ түрі

СӨЖ сағаттар саны

Жалпы сағаттар саны

Бақылау түрі

Барлық сағаттар саны

Дәріс сабағы

семинар.(практ.)

сабақтар


Іс-тәжір-ибелік сабақтар

СӨЖО

Барлық сағаттар саны

Күндізгі оқу түрі

1

4




60







60




60

сынақ

2

4




60







60




60

сынақ

2. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ


2.1 Оқылатын пәнді сипаттау

«Дене тәрбиесі» оқу пәні ретінде қосымша оқу түрі шеңберінде жүзеге асырылады да ООД топтамасы кредитінің жалпы көлеміне енгізілмейді.

«Дене тәрбиесі» пәні студенттерді оқытудың 1-жылы кәсіби дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады, оның маңызы рухани және дене күштерін үйлестіру, денсаулық, дене мен психологияның аман-саулығы, дененің жетілуі сияқты адамға тән қасиеттерді қалыптастыру арқылы белгілі болады.

Жұмыс бағдарламасының мазмұны ҚР 23 тамыз 2012 жылы № 1080 бекітілген мемлекеттік жалпыға бірдей жоғарғы білім стандартының талаптарында анықталған.

ЖОО-нда дене тәрбиесі бойынша сабақтар әр түрлі қозғалыс әрекеттерін меңгеру мен дененің негізгі қасиеттерін дамытуға ғана бағытталып қоймай, сонымен бірге арнайы жүйелендірілген білімдерін, қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады, ал ол студенттерде дене жетілдіруде және өзін-өзі тәрбиелеуде үнемі қажеттілік тудырып тұруға мүмкіндік береді.

«Дене тәрбиесі» оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқу сабақтары дұрыс ұйымдастырылып, 1-курс студенттеріне белгіленген 120 сағат көлемінде (4 кредит) тұрақты түрде жүргізілген жағдайда, осы оқу пәні бойынша мынадай талаптар толық орындалуы қажет:

-  студенттерді жалпы мәдени және кәсіби даярлаудағы дене тәрбиесінің орны. Оның әлеуметтік-биологиялық негіздері. Дене тәрбиесі мен спорт қоғамның әлеуметтік феномендері ретінде. ҚР дене тәрбиесі мен спорт туралы заңнамасы. Жеке адамның дене тәрбиесі;

- студенттің салауатты өмір салтының негіздері. Дене тәрбиесі құралдарын еңбекке қабілеттіліктерін оңтайландыру үшін пайдалану ерекшеліктері;


- дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы дене даярлығы және арнайы даярлық;

- спорт. Спорт түрлерін немесе дене жаттығуы жүйелерін жеке таңдау;


 - студенттердің кәсіби-қолданбалы дене даярлығы. Дербес сабақтар әдістерінің негіздері және өз ағзасын өзі бақылау.

     Бұдан басқа, «Дене тәрбиесі» пәні осы пән бойынша оқу курсы аяқталған кезде студенттің білімдері мен іскерліктеріне қойылатын мынадай талаптарды анықтауға мүмкіндік береді:

- адамның кемелденуі мен маманды даярлаудағы дене тәрбиесінің рөлін түсіну;
 - дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты негіздерін білу. Денсаулықтарын сақтауды және нығайтуды, психофизикалық қабілеттері мен қасиеттерін дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз ететін тәжірибелік іскерліктері мен дағдылары жүйесін меңгеру (жалпы дене және спорттық-техникалық даярлық жөніндегі бекітілген нормативтерді орындай отыра);
  - өзінің функциялық және қозғалыс мүмкіндіктерін көтеру үшін, жеке және кәсіби мақсаттарына жету үшін дене тәрбиесі-спорт қызметін қолдануда жеке тәжірибе алу.
2.2 Пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері
«Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты денені жетілдіруді, денсаулықты нығайтуды, шығармашылық және кәсіби жоғары белсенділікке даярлауды қамтамасыз ететін білім, тәжірибелік іскерлік пен дағды жүйесін меңгеру болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай тәрбиелік, білім беру, дамыту және сауықтыру міндеттерін шешу қарастырылған:

1) дене тәрбиесінің тұлғаны дамытудағы және оны кәсіби қызметке дайындаудағы әлеуметтік рөлін түсіну;

2) дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының ғылыми-биологиялық және тәжірибелік негіздерін білу;

3) дене тәрбиесіне мотивациялық-құндылықты қарым-қатынасқа, салауатты өмір стиліне, өзіндік дене жетілдіру мен өзіндік тәрбиеге, тұрақты дене жаттығулары мен спорт сабақтарына деген қажеттілік қалыптастыру;

4) денсаулықтарын сақтауды және нығайтуды, психикалық аман-саулықты, психофизикалық қабілеттері, қасиеттері мен жеке тұлға қасиеттерін дамытуды және жетілдіруді, тұлғаның дене тәрбиесінде өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін тәжірибелік іскерліктері мен дағдылары жүйесін меңгеру;


5) студенттің болашақ мамандығына деген психофизикалық даярлығын анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене даярлығы;

6) өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене-спорт қызметін шығармашылықпен пайдалану тәжірибесін меңгеру.


2.3 Пәннің пререквизиттері
«Алдында оқылатын пәндер» деп орта мектептердегі дене тәрбиесі бойынша бірүлгі жоспарлы сабақтарды шартты түрде санауға болады, себебі олар талапкер болып жоо-ның бірінші курсына келіп түсетін мектеп түлектерінің дене даярлықтарының орта деңгейін анықтайды.

ДТжС кафедрасы оқытушыларының жыл сайын бірінші курс студенттерінен бірүлгі жалпы дене бақылау нормативтерін алу тәжірибесі орта оқу мекемелері түлектерінің көпшілігі дененің саулығы жағынан қабылданған орта жас нормативтерінің мәндеріне сәйкес келмейтінін көрсетеді. Бұндай жағдай мектептегі дене тәрбиесі сабақтары негізінен оқушылардың қозғалыс белсенділігін дене қалыптасуындағы жаттығулардың, күш пен төзімділікті дамытудың, жаттығу үдерісін құрудағы қағидалардың, шынайы аман-саулық пен тағы басқаларды сезінудің ролін физиологиялық терең түсінбей дағдыларды дамыту деңгейінде дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады.

Осындай жағдай жоғарыда қойылған мақсаттар мен міндеттер үшін негіздеме болып табылады, олар университетте студенттердің оқу үдерісіндегі «Дене тәрбиесі» пәнінің осы жұмыс бағдарламасымен жүзеге асырылады.
2.4 Пәннің постреквизиттері
Университетте білім алу студенттің дүниетанымын әдістемелік ойлау деңгейінде қалыптастыруға міндетті, сондықтан «Дене тәрбиесі» оқыту пәні басқа да гуманитарлық пәндер сияқты студентте оның дүниетанымының бөлігі ретінде денсаулық және салауатты өмір салты құндылықтары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Университеттің жоғарғы оқу орнының оқу үдерісіне сай дене тәрбиесімен айналысатын студенттері үшін «келесі оқу пәні» болып сол «Дене тәрбиесі» пәні саналады, алайда оның құрылымы мен студенттерге оқыту әдістері әрбір келесі оқу жылында өзгертіліп отырады. Әрбір оқу жылында міндетті түрде оқытылатын сабақтарды бастап оқығанда студенттерді қандай да бір дене күш жүктемесі кезіндегі органдар мен ағза жүйелерінің физиологиялық қызметтері негіздерімен таныстырады, содан соң олар әр түрлі дене жаттығуларын орындау, қарастырылып отырған жүктемелердің жеке өлшемін анықтау бойынша дағдылар мен іскерліктерді меңгеретін болады.

Оқу-жаттығу үдерісін құру кезінде оқытушылар студенттің жас ағзасын дамыту динамикасын ескереді. Студенттердің дене қалыптасу үдерісі дәл төменгі курстарда аяқталатындықтан, осы жастағы жастар өз дене бітімін қиналып бағалайды. Сондықтан дене жүктемесінің түрі мен сипатын таңдаған кезде осы ерекшелікті ескерген өте маңызды: 1 курстағы ОФП бойынша сабақтарда студенттерге аз қарқынды, алайда ұзақ жасалатын динамикалық жүктемелерді көптеп береді, - төзімділікке арналған жаттығулар (көбінесе жүрек-тамыр мен тыныс алу жүйелерін, бұлшықет өсіру жаттықтыруларына арналған).

Оқу-жаттығу үдерісін осылай құру нәтижесінде студент дене жаттықғуларының өзінің ағзасына жақсы әсер еткенін сезінеді де, осындай жаттығуларды кесте бойынша өтетін сабақтарда ғана емес, сонымен қатар өздігінен орындай бастайды, ал ең бастысы – университетті тәмамдағаннан кейін де орындап тұрады. Әрі қарай ол өзінің дене мүмкіндіктерін көтеруге, сондай-ақ дене бітімін қолдауға жаттығу үдерісін өздігінен білімді түрде құрастыра алатын болады – сөйтіп студенттің – дене тәрбиесінің және салауатты өмір салтының болашақ маманының қажеттілігі қалыптасады.


3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Сабақтың тақырыптық жоспары


Наименование темы

Жұмыстың көлемі, сағаты

Оқыту түрі

Күндізгі

Күндізгі қысқартылған.

Сырттай

Сырттай қысқартылған.

Іс-тәжірибелік сабақтар – I семестр

Жеңіл атлатика

1. Төменгі сөреден жүгіріп шығудың техникасын үйрету.

2. Орнынан ұзындыққа секірудің техникасын үйрету.

3.Бұрылыстарда жүгірудің техникасын үйрету.

4. Жөғарғы сөреден шығуды үйрету.

5. Төменгі сөреден жүгіріп шығудың, сөрелік екпіндеу, қашықтықтағы жүгіру және сөреден өтудің техникасын жетілдіру.

6. Жүгіруге арналған арнайы жаттығулар техникасын үйрету.

7. Қашықтыққа жүгіруді және сөреден өтуді техникасын үйрету.


Волейбол

1.Допты жоғарыдан беру техникасын үйрету.

2. Допты төменнен беру техникасын үйрету.

3. Шабуыл соққысын тура соғу техникасын үйрету

4. Жанымен соғу шабуыл соққысын үйрету.

5. Допты ойынға қосудың әртүрлі тәсілдері (төменнен-жанынан, төменнен тура, жоғарыдан тура, жоғарыдан жанынан)

6. Жалғыз және топпен тосқауыл қоюдың техникасын үйрету.

7. Допты төменнен жығыла және аунап түсіп алу техникасын үйрету.


Лыжный спорт

1. Шаңғымен саптық жаттығулар үйрету.

2. Кезектесіп келетін екі қадамды жүрістің техникасын үйрету

3. Негізгі тұрыстан төменге түсу техникасын үйрету.

4. Шаңғымен тіреле тежеу тәсілі техни-касын үйрету.

5. Бірмезгілде бір қадам жасай сырғанау техникасын үйрету.

6.Бірмезгілде екі қадам жасай сырғанау техникасын жетілдіру



7. «Соқа» тәсілімен тежелудің техникасын үйрету.
Баскетбол

1. Баскетбол ойыншысының тұрысын, ойын барысындағы орын ауыстыру, тоқтау, бұрылуды үйрету.

2. Допты алып жүру, екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан беруді үйрету.

3. Доппен және допсыз қарсыласты алдау қимылдарын жасауды үйрету.

4. Допты шығыршыққа орнынан және қозғалып жүріп лақтыруды үйрету.

5. Доппен және допсыз қарсыласты алдау қимылдарын жасауды үйрету.

6. Екі шабуылшының екі қорғаушыға қарсы әрекетін үйрету.

7. Щиттен ұшқан допты қағып алуға үйрету.

8. Шабуыл кезіндегі әрекеттерге үйрету.

9. Қорғаушының аңдуынан құтылу техникасын үйрету және жетілдіру.

10. Шабуылдағы және қорғаныстағы жеке және топтық әрекеттерге үйрету.





48
8
8
4

6

8


8
6
28

4

4


2

2

8


4
4
24

2
4
4


2
4
4
4
20

2
2
2


2
2
2

2
2
2


2










БАРЛЫҒЫ

120










ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Аграновский М.А.Шаңғы спорты ФиС,М,1980ж.

2 Д.Д.Бутин Шаңғы спорты. Әдістемелік оқыту. Москва. 2003ж.

3 Березин Г.В. Шаңғы спорты. Оқулық, М, 1973ж.

4 Евсеев Ю.И. Дене тәрбиесі. Ростов Н/Д; Феникс, 2002ж.

5 Ильинич В.И. Жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіптік –дене қуаты даярлығы. М. 1978ж.

6 Ильинич В.И. Студенттің дене тәрбиесі. Гардарики 2000ж.

7 Кудряшов В.А., Мирошникова Р.В. Баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдер. Минск, Беларусь .1987ж.

8 Линдберг Ф. Баскетбол. Ойынды үйрету, М; ФиС, 1991ж.

9 Раевский Р.Л. Техникалық оқу орындарының студенттерінің кәсіптік –дене қуаты даярлығы. М. 1985ж.

10 Спорттық ойындар және оқыту әдістемесі. М.ФиС.1986ж.



11 Семашко Н.В. Баскетбол. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқулық ФК. М; ФиС 1986ж.

12 Уилко Г. Баскетбол стратегиясы. М., 1988ж.
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет