«Рахым Сәрсенбин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесінде өтілетін «Алғашқы қоңырау» салтанатты мерекесінің сценарийі



Дата18.03.2017
өлшемі88,54 Kb.
#11774
«Рахым Сәрсенбин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесінде өтілетін «Алғашқы қоңырау» салтанатты мерекесінің сценарийі.
(Салтанатты мереке өтілетін жерге сары және көк түсті шарлармен безендірілген арка орнату,банерге жазылған мектеп туралы қанатты сөздер жазып ілу,түрлі-түсті жалаушалармен безендіру,бірінші сынып оқушыларының қолында көкке ұшырылатын қызыл,сары,жасыл шарлар)

Фанфар ойналады !!!


1-жүргізуші

Күзгі күн шуақ шашады,

Жаз бітіп, жетті қыркүйек.

Басталды білім сапары,

Мектепте думан дүркіреп.
Армысыздар,ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! «Қазақстан-2050» сратегиясы

«Бір халық-бір ел-бір тағдыры» атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші

Учеба здравствуй!

Школа,здравствуй!

Идем за знаньями в поход!

Сегодня праздник

Школьный праздник-

Встречаем мы учебный год!
1-жүргізуші

Құрметті қауым! Бүгінгі мерекенің басты қонақтары –енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер.Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі егемен еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошаметпен қарсы алайық.!.


2-жүргізуші.

Сегодня школа Рахима Сарсенбина встречает тех,кто впервые переступает порог нашей школы.Поприветствуем наших первоклассников.!


1-жүргізуші

Балдырғандар келіңдер,

Білім үйін көріңдер.

Әріптерді таныңдар

Бәрін жаттап алыңдар.
Ортаға 1 «а» сынып оқушылары шақырылады,сынып жетекшісі Устемирова Сауле Сағиқызы. (музыка ойналады,оқушылардың қолында түрлі-түсті шарлар және жалаушалар)

Ертең өсіп толасың

Жұлдыздарды шоласың.

2050-ң мақтанышы

Мына сендер боласың
Ортаға 1 «ә» сынып оқушылары шақырылады,сынып жетекшісі Байтоқаева Гулвира Исабекқызы. (музыка ойналады,оқушылардың қолында түрлі-түсті шарлар және жалаушалар)
2-жүргізуші

Первоклашка,первоклассник,

У тебя сегодня праздник.

Будь серьёзный и весёлый-

Встреча первая со школой.
На середину приглашаются ученики 1 «б» класса, кл.руководитель Ибраева Сауле Зикановна ( музыка ойналады,оқушылардың қолында түрлі-түсті шарлар және жалаушалар)
1-жүргізуші

Аспанымдай мөлдір бол!

Жайлауымдай жазық бол!

Өзенімдей өршіл бол!

Бәрінен де адам бол!
Ортаға 1 «д» сынып оқушылары шақырылады,сынып жетекшісі Примбетова Салиха. . (музыка ойналады,оқушылардың қолында түрлі-түсті шарлар және жалаушалар)
1-жүргізуші

Назар аударыңыздар! Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын!.
1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:





  1. Қарасай ауданының білім бөлімінің бас маманы




  1. Аким Карагайлинского сельского округа Құлыншақов Ришат Сергеевич




  1. Мектебіміздің зейнеткер ұстазы Шокенова Мариға Шокенқызы.

  2. Председатель уйгурской диаспоры Исраилов Касымжан Юнусович.


2-жүргізуші. В исполнении танцевальной группы танец «Чачача»
1-жүргізуші

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз»деген аяулы,ардақты адам.
Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз кезегі, мектеп директоры Жақсымбетова Сәуле Әділбайқызына беріледі.
1-жүргізуші

Мұратова Дананың орындауындағы Ән «Ұсатазым» қабыл алыңыздар


1-жүргізуші:

Құттықтау сөз Қарасай аудандық білім бөлімінің бас маманы --------


2-жүргізуші:

Слова для поздравления предоставляется акиму Карагайлинского сельского округа Кулынчакову Ришату Сергеевичу


1-жүргізуші:

Құттықтау үшін сөз мектебіміздің зейнеткер ұстазы Шокенова Мариға Шокенқызына беріледі.


2-жүргізуші:

Слова для поздравления предоставляется Исраилову Касымжану Юнусовичу


1-жүргізуші

Көңілге шырақ жандырған,

Болашақ бір-бір үмітсің.

Қош келіпсің,балдырған,

Қадамыңа гүл бітсін!
Құрметті қауым!Оқушылық өмірге қадам басқалы тұрған 1-сынып оқушыларының лебіздерін тыңдайық!
1-оқушы

Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен.

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Соғылған қоңырау үнімен.

2-оқушы
Сәлем саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу,білім, тәрбие,

Ой санама еккенің.




3-оқушы

Мектепке биыл барамын

Қолыма кітап аламын

Дайын тұр сауыт-сайманым

Дайын тұр жазар қаламым.
4-оқушы

Біз мектепке барамыз

Ауласына келеміз

Кітапты да оқимыз

Құшағына енеміз

5-оқушы

Я сегодня первый раз

Отправляюсь в первый класс

Постараюсь я во всем

Лучшем быть учеником

6-оқушы

Здраствуй,школа! Здраствуй класс!

Школьный день встречает нас.

Вот уже звенит звонок,

Начинается урок.

1-жүргізуші
Мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің құрметіне

Бөлегенова Аянаның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Есіңде болсын ұмытпа

Білім керек бәріңе.
Қымбатты қауым! Бүгінгі біздің ортамызда 11-ші Алғашқы қоңырауды қарсы алып тұрған түлектеріміз тұр. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ізбасарларды құттықтау сөз кезегін 11а -сынып оқушысы Мұратов Дастанға береміз.
Қымбатты біздің ізбасарларымыз! Сендерді Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, білімнің шынар басына шығуға,тәртіпті болуға, үлкендерді сыйлауға,кішілерге ізет көрсетуге,сабақтан қалмауға,кешікпеуге,әрқашан шындықты айтуға, Егеменді еліміздің білімді азаматы болып шығатындарыңа 11-сынып оқушылары атынан кәміл сенеміз және біздің естіп тұрған 11-ші Алғашқы қоңырауды табыс етуге рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:

Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 «а»-сынып оқушысы Аубакиров Сабит пен 1 «Ә»- сынып оқушысы Сашке Алинаға тапсырылады.

(1-сынып оқушылары қолдарында ұстаған шарларын аспан әлеміне ұшырады.
Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!
1-жүргізуші:

Құтты болсын «Алтын ұя» мектебің!

Азамат бол асқақтатар туған елдің ертеңін.

Әр қадамың шаттық пен нұрға толсын,

Жас бүлдіршін, ашты саған білім орда есігін

.

Жас бүлдіршіндерімізді «Алтын ұя» мектебінің табалдырығын қошеметпен аттатайық. 1-сынып оқушылары «Мектебім»әуенімен ортада орналасқан арканың ішімен мектепке кіреді)




  • Мектебімізге 1а сыныбы шақырылады,сынып жетекшісі Устемирова Сауле Сагиқызы

  • Мектебімізге 1ә сыныбы шақырылады,сынып жетекшісі Байтоқаева Гульмира Исабекқызы

  • В школу приглашется 1 б класс,кл.руководитель Ибраева Сауле Зикановна

  • Мектебімізге 1 д сыныбы шақырылады сынып жетекшісі Примбетова Салиха

2-жүргізуші:

В добрый путь,дорогие друзья,в страну Знаний!


1-жүргізуші: Құрметті қауым! Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын дей отырып, 2013-2014 оқу жылына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Бекітемін

Мектеп директоры

С.Жақсымбетова
«Рахым Сәрсенбин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2013 жылдың 1 қыркүйек-Білім күнін өткізу мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспары




Атқарылатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

жауапты

1

1 қыркүйек «Қазақстан-2050» сратегиясы «Бір халық-бір ел-бір тағдыры» атты сценариді бекіттіру.



25 тамыз

Қ.Джартаева

2

«Алғашқы қоңырау»саланатты жиыны өткізілетін орынды эстетикалық талғамға сай безендіру.



31 тамыз

Бастауыш сынып бірлестігі

3

1-қыркүйек-Білім күніне сабақ жоспарларын дайындау,бекіту.



25-30 тамыз

1-11 сынып жетекшілері

4

«Алғашқы қоңырау»салтанатты жиынына,Білім күні сабағына қонақтар шақыру.


1-қыркүйек

1-11 сынып жетекшілері,тәрбие орынбасарлары

5

Сынып кабинеттерін «Қазақстан-2050» сратегиясы «Бір халық-бір ел-бір тағдыры» атты тақырыпқа сай безендіру.



27-30 тамыз

1-11 сынып жетекшілері



Бекітемін


Мектеп директоры

С.Жақсымбетова


«Рахым Сәрсенбин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын оралықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Алғашқы қоңырау»


«Қазақстан-2050» сратегиясы
«Бір халық-бір ел-бір тағдыры»
атты сценарийі



Қарағайлы ауылы

2012-2013 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет