Құралай Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады



Дата26.06.2018
өлшемі33.53 Kb.
Тақырыбы: « Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі,олардың қасиеті неде екенін түсіндіру.Ананы сыйлай білуге,талғаммен киінуге, әсемдікке,сұлулыққа,эстетикаға тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Ана» туралы нақыл сөздер,шарлар,әдемі гүлдермен безендіру,күннің суреті.

Құралай Құрметті асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келді.Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз да,бәйшешектей,барлық қиындыққа төзімді.Аналар,көктемдегі гүлдей жарқырап,гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Рауан:Арулар - асыл жандар,

Шуақ болып шашылғандар,

Қуат боп тасығандар,

Құшақ болып ашылғандар.

Жимайды - ау бір шашылған шуақтарың.

Саясында келеді-ау шуақтағың.

Жамандыққа қиярсың қалай ғана,

Жинаған бір-бір үйдің шырақтарың.

Арулар,аяулылар,ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар,- деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай,қыз өмірдің гүлі.Қыз нәзіктіктің белгісі.



Жүргізуші: Құралай Бүгін сіздерге арналған шағын концертімізге қош келдіңіздер!Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын демекпін.

Рауан: Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Құралай .Ана - бұл сөз әр халықтың тілінде бар.Бұл сөз әр анаға нәзік,мейірімді жылы естіледі.

Қазақ тілінде - ана,орыс тілінде мама,ағылшын тілінде - маздэ.



Жүргізуші: Рауан. Расул Ғамзатов ағамыздың мынандай сөзі бар:»Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі,оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ол тіршілік,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі.Ана сөзі бізді елең еткізбей,жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды»

Хадиша: (Қ.Мырзаәлі)

Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады.

Сен деп жаздым алғаш өлең -дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар

Жыладыс ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де,ана өзіңнен басталады.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем,бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.



Алихан: (Т.Молдағалиев. «Менің анам»)

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбәт анам,ай анам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да...

Аружан:( С.Мәуленов)

Қуанып көз алдыңда жүргеніме.

Құмарсың менің келер күндеріме.

О, ана, жетсе екен кәрі өмірің

Қартайған шағымда да бір көруге.

Гулназ.( І.Жансүгіров)

Бауырсақ шайнап жегізген,

Жая десем бал беріп,

Аялап мама емізген,

Аяулы анам,аман бол!

Жүргізуші: Құралай Міне, көрдіңіздер ме,сонау қазақ классиктерінен бастап,бүгінгі ақындарымыздың ішінде анаға өлең арнамаған бірде-бір қаламгер жоқ десек қателеспейміз.

Әсем әнім сырнайдай,

Әлем сүйіп тыңдайды-ай

Тамылжытып ән салмай

Күнде думан болмайды-ай,-дегендей, сіздердің алдыларыңызда

Батырхан: Ана деген асқақ ән

Орындайтын әрқашан

Анадай қымбат сыйлықты

Таба алмайсың ешқашан.



Алибек: Ана деген ақылшың

Анаң барда батырсың

Қасыында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.



Жүргізуші: Құралай Көрініс: «Торғай мен ит»

Автор:Бақша арасынан аяңдап келемін.Итім алдымда жүгіріп бара жатқан.Кенет ол төрт тағаңдап бұға бастады.Торғайдың сары жағал,ақ үрпек балапанын көрдім.Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан қанатын дәрменсіз жайып,қимылсыз отыр.Ит балапанға жақындай түсті.Кенет бір торғай зу етіп,иттің дәл алдына келіп қонды.

Торғай.Кет бұл жерден,тиіспе менің балама!

Ит. Аф-Аф,балапанды жеймін.

Торғай.Жемейсің менің балапанымды.Бермеймін!Кет,кәне!

Автор:Торғай жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапаны үшін өзін құрбан өткелі жүр.

Торғай: Темеші менің балапаныма.мені жеші,тимеші!



Автор:Менің итім тоқтап,кейін шегінді.Ол да әлі күшті мойындаған тәрізді.кішкене ғана торғайдың ұлы аналық жүрегінің күші мені таң қалдырды.

Тәрбиеші:Міне,көрдіңдер ма,балалар перзенті үшін ештеңеден тайынбайтын,баласын жауыздан,қауіп-қатерден қорғауға барлық күшін салатын ол біздің ( бәрі) Анамыз!

Жүргізуші: Рауан Тлеулина Сабираның орындауында песня «О маме»

Жүргізуші:Құралай. Қабылдина Мадинаның орындауында»Балдырған» күйі

Жүргізуші: Рауан. Нұрланқызы Балнұрдың орындауындаАйгөлек жұрналының редакторы Абильдинаның «О,Ана» өлеңі

Жұргізуші: Құралай Гүлназ,Абылай,Заринаның орындауында»Менің әжем осындай» әні

Жүргізуші: Рауан. Шакиров Русланның орындауында «Ай-дидарлы анашым» әні

Жүргізуші:Құралай. «Welcome to Kazakstan» би ұлдар тобы

Жүргізуші: Рауан. Барбилер тобы: «Қуыршақ» биі.

Жүргізуші:Құралай. Аружан,Сара,Айбар,Айбек,Гулназ,Мадина

«Анашым,Анажаным» әні

Жүргізуші: Құралай Аналар бүгін қанша жылы лебіздер естиді!Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді,ең қамқор адамсыздар.Енді сіздердің назарларызға қыздар тобының орындауында «Қуыршақ» биі

Ән «Сыйынар ем,Ана деген тәңірге»



Бәріміз өздері еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын тапсырады.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет