Құрамы жөнінде түсініктерін кеңейту.Ұзындық өлшемі бірлігі -дециметр туралы алғашқы ұғым қалыптастыру



Дата28.06.2017
өлшемі58,31 Kb.
#20212
түріСабақ
Тақырыбы: 10 саны,оның жазылуы /1-сынып/

Мақсаты:

Білімділік: 10 саны, оның екі цифрмен жазылуы және құрамы жөнінде түсініктерін

кеңейту.Ұзындық өлшемі бірлігі -дециметр туралы алғашқы ұғым қалыптастыру



Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелі ойлауға және мейірімді болуға баулу.

Дамытушылық: Бір және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін кеңейту. Зейіннің тұрақтылығын

дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері

Көрнекіліктері: сандар, кесінділер,көжектер, мысық, карындаш,кубик, т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу және оларды түгендеу.


Сабақ құрылымының жоспары

10саны


І-кезең ІІ-кезең ІІІ-кезең

Қызығушылықты Мағынаны Ой толғаныс

ояту тану


Негізгі бөлім

Өткен сабақты қайталау «9 саны және оның құрамы»

І. Қызығушылықты ояту

«Сыңарын тап» ойыны

Тақтада мойындарына 9 санын іліп,ал қолдарына 0,1,2,3,4 сандарын ұстаған оқушылар тұрады. Отырған оқушыларға 5,6,7,8,9 сандары таратылып , өз сыңарларын табу ұйғарылады.


Жаңа сабақ

ІІ. Мағынаны тану
Мұғалім: Тал қасына бір көжек

Келуші еді күнәра

Бүгін тоғыз туысың

Ертіп келген бұл көжек

Барлығы болды қанша ? көжек
Оқушылар: 1 + 9 = 10

9 + 1 = 10


Мұғалім: Тал қасына 10 көжек

Келуші еді күнәра

Бүгін сол көжектерден

Кетіп қапты 1 көжек

Қалды қанша ? көжек
Оқушылар: 10 – 1 = 9
Мұғалім: Осы көжектерді жегісі келіп, күнде аңдып жүрген мысық талдан құлап, ауырып отыр екен.

Сол мысыққа көмектесеміз бе?


1. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы мысықтың денесін құрастыру

Сұрақ: 1.Қандай сандарды қосу арқылы 10 санын шығаруға болады?

2.Мысықтың денесін құрастыруда қандай фигураларды пайдаландық?




10

1 + 9 9 + 1


2 + 8 8 + 2
3 + 7 7 + 3

4 + 6 6 + 4


5 + 5 0 + 10

2. Карындаш және оның достары» ертегісі

/автор,карындаш,кесінділер, дециметр/



Автор: Ертеде бір карындаш болыпты.Ол түзу бойымен жүріп-жүріп шегін таба алмай шаршайды.

Карындаш: Уф, шаршадым.Мына түзудің шегі жоқ қой! Адаспай тұрғанда кейін қайтайын.

Түзу: Мен түзумін,түзумін!

Шетсіз,шексіз түзумін

Менің шегімді таба алмассын

Егер шегімді тапқын келсе бойымнан екі нүкте белгіле



Карындаш: О,жақсы болды ғой! Енді осы нүктелермен дос болып,күнде қыдыратын болдым.

Түзу: Бұлар менің кесінділерім

Карындаш: Міне, менің достарым көбейді,бірақ сендердің ұзындықтарын әртүрлі екен.

5 см кесінді: Менің ұзындығым 5 см

7 см кесінді: Менің ұзындығым 7 см

10 см кесінді: Ал менің ұзындығым 10 см.Қасымдағы кесінді екеуміз бірдейміз

1 дециметр: Біз екеуміз егізбіз

Біз екеуміз бірдейміз

Менің атым 1 дециметр

Карындаш: Сонда сені 10 см десек те болады ма?

1 дециметр: Болады

Карындаш: Ал сені 1 дециметр десе болады ма?

10 см кесінді: Болады

Карындаш: Түсіндім балалар! Сонда 10 см = 1 дм немесе 1 дм = 10cм

Қане бәріміз бірге айтайықшы!



10 см = 1 дм 1 дм = 10cм

Карындаш: Көрдіңдер ғой менің достарым көбейді.

Автор: Кесінділер мен түзу кетіп бара жатады Сол кезде карындаш: «Тоқтаңдар,мен де сендермен

бірге барамын» деп соңдарынан еріп кетеді.


Оқулықпен жұмыс

Мұғалім: Оқулықты ашып, №5 орындайық
ІІІ. Ой толғаныс

1. «Ойлан тап!»

Мұғалім: Марат келіп майшамның

Жағып қойды үшеуін.

«Жарық болып кетті(« деп

Қайта өшірді екеуін

Неше майшам қалады

Жауабын кім айтады?

/1 майшам/
Алмаста бар он алма

Жалғыз жеуге бола ма?

Шыға салып аулаға

Таратты бар балаға

Ұсынды ол екеуін

Қарындасы Қамарға

Артық етіп біреуін

Берді інісі Манарға

Көрші үйдің баласы

Құр қалмады Дидар да

Екі алманы жеп алып,

Болды риза Алмас та

Жүйрік болсаң есепке

Жалықпай сен есепте

Қалдырды ол өзіңе

Неше алманы себетте?

/2 алма/

Мұғалім: Ұмыт қалған сандарды өз орнына орналастыруымыз керек

Өсу реті: 0 .......3.........7...........10

Кему реті: 10........7........3......... 0
Венн диаграммасы бойынша сандарды салыстыру
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

бір таңбалы сандар,10-нан кем сандар ең кіші екі таңбалы сан



Қорытынды
Мұғалім: біз қандай санмен таныстық?

/ Оқушылар көрсетілген сандарды атап отырады/



  1. білім ал,

  2. ерлік көрсет,

  3. үлгі тұт,

  4. тәртіп керек,

  5. бестік баға ал,

  6. алғыр бол,

  7. жеңіс біздікі,

  8. сенім керек,

  9. тоқу керек,

  10. оқу керек.



Бағалау
Үйге тапсырма: 1. Ұзындығы 5см, 10см кесінді сызу

2.Санамақтар жаттау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет