Құрамы Мектеп: Қарағанды қаласы ниш уақыты: 40 минут



Дата27.08.2017
өлшемі115,43 Kb.
#29933
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Қазақстан халқының діни құрамы

Мектеп: Қарағанды қаласы НИШ

Уақыты: 40 минут

Мұғалімнің аты - жөні: Мұхтарұлы Ғабит

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог жасау жолдарын түсіну


Сабақтың мақсаты

  • түрлі мәдениеттер арасындағы шиеленістердің алдын алу жолдарын қарастыру

  • әртүрлі көзқарастар мен мәліметті сыни тұрғыдан бағалау




Алдыңғы білім


әлемдегі түрлі мәдениеттер мен өркениеттер алуантүрлілігі мен құрлымын білу


Тілдік мақсаттар

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

2 мин
2 мин
2 мин

1 мин
8 мин



Ой қозғау үшін презентацияда қазақстан картасы мен түрлі суреттер көрсетіледі. Сол жерде оқушылар өздерінің сол суреттерге байланысты ойларын ортаға салады.

  • 1. Картадан не көріп тұрсыздар?

  • 2. Бастапқыда қандай ой береді?

  • 3. Мағынасы неде?

  • 4. Маңызы неде деп ойлайсыздар

Содан кейін ғана оқушылардің ойынын негізінде сабақ тақырыбы шығуы тиіс.

Сабақ мақсаты мен оқушыларды таныстырамын.

Тақырып барысында жаңа сөздермен таныстырып, олардың кейбіреуін жаздырып аламын.
Одан кейін Қазақстанның 2009 жылғы санақ бойынша берілген мәліметімен таныстырып, оқушылардан сол презентация бойынша пікірлерін сұраймын.

Одан кейін оқушыларды топтарға бөлемін. Оқушылардың туған күндері жыл мезгілі бойынша топтарға бөлуге ұсынамын.

Бөлінген топтар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.


Презентация
Қалыптастырушы бағалау кезінде

5 қосымшаны қолданамын.

7-8 слайд


Қыс-Көктем,

Жаз- Күз

1 қосымша



5 мин
3 мин
3 мин

10 мин




Бұл жұмыс жасалғаннан кейін әр оқушы жеке өзі сұраққа жауап беріп көреді. Содан кейін барлық оқушылар бір ортақ жауапты дайындайды.
Онымен барлығын таныстырады.

Содан кейін кабинеттін төрт қабырғасына діндердің атауларын іліп қойып, оқушылар мәтіндегі халықтарды қандай дінді ұстатындығына байланысты барып тұруы керек. Бұл жерде жетістік критерийлері бойынша баға берілу іске асырылады.


Содан кейін видео көрсетіліп, олар сұрақтарға жауап береді. Сол жерде постер жасаулары қажет. Жасалған постерлерді бағалауды топтар өзара жүргізеді.

Бұл жерде мен өзімнің парақшаммен топтағы оқушыларды бағалаймын.

Оның қорытындысын барлық топтармен бөліседі.

Топтағы барлық оқушыларды жетістік критерийлері бойынша баға берілу іске асырылады.



13 слайд

2 қосымша

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

4 қосымша
5 қосымша

Қалыптастырушы бағалау


1 мин
Рефлексия

2 мин
Үй жұмысы

1 мин


Жұмыс жасалып біткеннен кейін өзара бағалау жүргізіледі.

Сабақ жайлы өздерінің пікірлерін білдіреді.


Статистика Агенттігінің ҚР діни құрамы бойынша деректерді талдап, диаграмма құрап, қорытындылаңыздар?




22 слайд
23 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1 қосымша

Халықтың діни құрамы.

Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді ұстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.

Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.

Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Кәрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.

Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.

http://el.kz/m/articles/view/content-4986

Қосымша 2

Сүнниттік ислам


Қазақ

Өзбек


Татар

Түрік


Ұйғыр,

Күрд,


Тәжік,

Башқұрт,

Қырғыз,

Шешен,


Ингуш,

Дүнген


Шииттік ислам

Әзірбайжан



Православие

Белорус


Орыс,

Болгар


Шуваш,

Мордва,


Удмурт

Марий


Протестанттар

Кәрістер


Неміс

Католиктер

Поляктар


Неміс


3 қосымша

Иә, адамзат қанша өзгерсе де, дәстүрлі діндерге негізделген, талай ғасыр елегінен өтіп шыңдалған діни құнды ұғымдар мен танымдар, әдет-ғұрып пен мораль негіздері өзгермек емес. Әлемдегі қай қоғамның болсын қалыптасып, ұйысуына дін ықпал еткен. Қазіргі глобализация, нанотехнологиялар заманында да, индустриялық революцияның жаңа кезеңі болып жатқан кезде де, бұрын-соңды болып көрмеген сын-тегеуріндер заманында да адам діннен рухани пана және азық іздейді.

Осы жайттарды ескере келе, еліміздегі көпдінді, алуан мәдениетті қоғамды игі істерге жұмылдыра білген Елбасы осынау алмағайып заманда әлемдегі көнеден келе жатқан діни қауымдар арасында қарым-қатынас пен жарастықты баянды ету ісіне Қазақстан да өз үлесін қоса алады деп сенді.

Қазақстан әлемдегі дін және өркениетаралық үнқатысуды өрістетуге батыл кіріскен мемлекеттердің бірі болды. «Саяси реттеу сүрінген кезде Құдай сөзі бітімгершілік пен үміттің жалғыз ғана құралы болып қалады. Адамгершіліктің аса жоғары үлгілеріне негізделген діни дәстүрлердің рөлі біздің қазіргі астан-кестен әлемімізде өте жоғары маңызға ие», деді Елбасы 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының тұңғыш съезіне қатысқан меймандарға қошемет көрсете отырып.

Діни жетекшілердің алғашқы съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы ғаламдық дін және өркениетаралық үнқатысудағы Қазақстанның орнын былай деп түсіндіріп өтті: «Көптеген ғасырлар бойы Ұлы Далада тәңіршілдікті, зороастризмді, буддизмді, христиандықты, иудаизмді, исламды және басқа діндерді ұстанған талай халық тату-тәтті тіршілік еткен. Бұл жер сонау бағзы заманнан қазіргі күнге дейін сауда және мәдени байланыстар арқылы Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан өзіндік бір өткел тәрізді. Ол бүгінгі күні де көптеген халық пен дін өкілдері үшін атақоныс».

2003 жылдан бергі он жыл ішінде Съезд әлемге танымал болды. Астанада өткен төрт Съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ, әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды.

Съезд өз мақсаттары мен мұраттарын келесідей айқындады:

– діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық үнқатысуды баянды ету;

– діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп, нығайту;

– араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру;

– діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің бастамаларын жүзеге асыру ниетімен Қазақстанның ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 17 желтоқсандағы №62/90 қарары 2010 жылды «Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы» деп жариялады.

Съездің институттану үдерісі жалғасуда. Атап айтқанда, 2012 жылы 30-31 мамырда елордада өткен IV съезд барысында Дін көшбасшыларының кеңесі құрылды. Оның құрамына дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері енді. Негізгі міндеттері: Съезд жұмысын үйлестіру, мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды ілгерілетуді көздейтін басқа да форумдар және халықаралық ұйымдармен әрекеттестік пен ынтымақты кеңейту.

Ал Съезд Хатшылығы болса, Астанада 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде өткен I Съездің ұйғарымымен құрылған болатын. Хатшылық құрамына діндер жетекшілері мен көрнекті қайраткерлерінің өкілдері енген. Хатшылық пен оның жұмыс топтары ұдайы жиналып отырады.

2006 жылы өткен ІІ съездің ұйғарымымен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылды. Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан бұл ұйымның мақсаты діни және мәдени мәселелермен айналысумен қатар, ағартушылық, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру, әлемдегі діни ахуалдың мүмкін болатын жанжалдық жайттарын зерттеу.

Жалпы, Съезд еліміздің сырт әлемдегі беделінің артуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақстан халықаралық қоғамдастықты игі істерге құлшындыра отырып, дүниенің әр түкпіріндегі адамдардың ықыласы мен ілтипатына бөленді. Себебі, Съезді өткізіп жүрген тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы Елбасымызға еріп, жарқын болашаққа адымдап бара жатқан балғын еліміз. Себебі, Съезді ұйымдастырушы өзінің тәуелсіз дамуында тамсанарлық жетістіктерге жетіп, аймақтың даму моделіне айналған жас қоғамымыз.

Съезд Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, қазақстандықтарға әлемді танытты. Бұл ауқымды іс-шара әлемдік дінаралық және мәдениетаралық үнқатысу, түрлі діни қауымдар арасындағы жарасым мәселелеріне қатысты қоғамымызға білім мен ақпаратты таратумен қатар, осы саладағы қазақстандық бастаманың әлеуетін де көрсетіп берді.

Съездер аясында түрлі діндер мен діни ағымдар өкілдері арасында байланыстар орнап, бекіді. Осылайша ортақ үйіміз – Жер планетасындағы бейбіт қатар өмір сүру мен жарастықтың өзегі болып табылатын сенім мен өзара құрмет діни қауымдар арасында орныға түсті.



Қайрат МӘМИ,

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы. (Егемен Қазақстан: 18.09.2013)

Қосымша 4

Жетістік критерийлері


Өз ойларын мейлінше жетік,нақты және ұтқыр білдіре алады

Тапсырма бойынша талдау жасайды

Тақырып бойынша тиімді дәйектер келтіреді

Тақырып бойынша білімінің қолданылуын көрсетеді













5 қосымша

Жетістік критерийлері




Оқушының аты-жөні

Жеке жауабы

Белсенді жұмыс жасайды

Қызықты идеялар ортаға салады

Білімі мен дағдылары жақсы қалыптасқан



















Каталог: site -> nis -> repository -> file -> 16%2004%202015
16%2004%202015 -> Қалыптастырушы бағалау. Қазақ тілі және әдебиеті, 2-сынып, 2-тоқсан
file -> 7 сыныпқа физика пәнінен зертханалық ЖҰмыстарға арналған әдістемелік ңҰСҚАУ
file -> Сабақтың тақырыбы:«ххі ғасыр көшбасшысы»
16%2004%202015 -> Сабақ тақырыбы: Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
16%2004%202015 -> Сабақтың мақсаты Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше дерек көздердің ақпаратын салыстырып, қолданады
16%2004%202015 -> Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Әр иммунитет барынша қарапайым сөздермен сипаттай алады


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет