Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз. А еңбек өмір ажары. Синоним болатын қатарды табыңыз



Дата04.02.2020
өлшемі130 Kb.
#57126
түріҚұрамы
Байланысты:
тіл

Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.

Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.

B) Көзінен.



Көп мағыналы сөзді табыңыз.

Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр..

C) Басында.



Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

B) Сыр, шық.



Омоним сөзді көрсетіңіз.

С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.



Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек - өмір ажары.



Синоним болатын қатарды табыңыз.

D) Келемеждеу, мазақтау.



Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.

E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.



Антонимді бар қатарды белгілеңіз.

А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.



Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.



Мақалды табыңыз.

E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.



Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

B) Таяуда әкемізге ас береміз.



Диалект сөзді табыңыз.

D) Кәсе.


Кәсіби сөзді табыңыз.

B) Қоза, терімші.



Диалект сөзді табыңыз.

B) Құдағай.



Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.

E) Әңгелек, торлама.



Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.



Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.

А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың.



Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.

E) 2.


Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

Е) Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді.



Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.

С) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық.



Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.

Мектеп, тәрбие.

В) Араб.


Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

D) Жарлық.



Араб тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Мектеп.



«Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.

E) Тұқым.



Орыс тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Сөмке.



Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

D) Нөкер.



Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді қалай атайтынын табыңыз.

C) Диалект сөздер.



Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.

D) Ағашшылық, суретшілік.



Қазақ тіліндегі терминдердің жасалу жолын анықтаңыз.

А) 2.


«Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

B) Кешен.



Термин сөзді қатарды табыңыз.

B) Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады.



Кәсіби сөзді анықтаңыз.

E) Торлама.



Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз.

А) Глобус.



Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.

Аммиак, азон.

B) Химия.



Термин сөзді табыңыз.

D) Жер серігі.



Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.

C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.


Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.

B)Жазба,баспатүрі.



1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз.

B) Латын әліпбиі.



Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.

E) 9.


«Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.

А) 5 дыбыс, 4 әріп.



Орыс әліпбиіне көшкен жылды көрсетіңіз.

А) 1940.


Қазақ тіліне тән дыбыстар топтастырылған қатарды белгілеңіз.

А) Ә, ғ, қ, к, ң, ө, ү, ұ, і.



Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.

C) Ашық, қысаң.



«Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.

B) Жуан, езулік, қысаң.



Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.

B) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.



Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.

B) Жуан, жіңішке.



Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.

C) Келіссөз, жеңілдік.


Сөз соңында келмейтін дауыстылар қатарын табыңыз.

E) Ө, ұ, ү.



Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.

C) Ұлағат, байланыс, құнарлы.



Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келген сөздерді табыңыз.

D) Ғарышкер, бапкер, Ақтөбе.



Бірыңғай жуан дауыстылардың қатарын табыңыз.

D) О, а, ы, у, ұ.



Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.

D) Сезім, төзім, білім.



Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.

А) А, ә, о, ө, е, э.



Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.

E) Түлкі, күлкі.



Ашық және қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарын табыңыз.

B) Масаты, төзім.



Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.

B) Бұлбұл, құс.



Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.

А) Құштарлық, құлаш.



Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.

А) О, ө, у, ұ, ү.



Бірінші буыны езулік дауыстыдан тұратын сөзді анықтаңыз.

B) Қарақұм.



Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз.

C) 26.


Дауыссыздар жасауға қажетті қатарды анықтаңыз.

B) Үн мен салдыр.



Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.

E) 3.


Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.

А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.



Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.

E) Лаула, өнер.



Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.

А) Р, л. й, у, м, н, ң.



Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

А) 4.


Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.

А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.



Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.

E) Лаула, өнер.



Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.

А) Р, л. й, у, м, н, ң.



Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

А) 4.


Ортаңғы буында ұяң дауыссыз келген қатарды табыңыз.

E) Қажырлы.



Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

C) Дарбыз.



Ұяң дауыссыздан басталған қатарды табыңыз.

D) Жол азабы – көр азабы.



Құрамында ұяң дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.

E) Тағдыр.



Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.

E) Ң.


Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.

C) Ғ.


«У» дыбысы дауыссыздың қызметін атқаратын жауапты таңдаңыз.

B) Жауын.



Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.

D) Ң.


Буынның неден құралатынын табыңыз.

B) Фонемадан.



Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.

А) Тарс.


Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.

А) Қарт.


Төрт буынды сөзді табыңыз.

B) Қарапайым.



Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.

D) БҰҰ, 50см.



Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.

C) Шаруашылық.



Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.

A) Дала, бала.



Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

C) Есіл, Іле.



Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.

A) Дауысты дыбыстар.



Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.

C)Құ-мыр-сқа.


Ашық буынды қатарды көрсетіңіз.

C) Дала, жылы, орама.



Мақал-мәтелдің ішінен ашық буынды қатарды анықтаңыз.

E) Бала ісі шала.



Ашық буынның ережесін белгілеңіз.

А) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.



Тіркестердің ішінен ашық буыны бар қатарды анықтаңыз.

D) Тас жүрек.



Тұйық буынды сөзден басталатын қатарды анықтаңыз.

E) Ас адамның арқауы.



Бірыңғай ашық буынды қатарды көрсетіңіз.

E) Тілегіне жету.



Тұйық буыны жоқ қатарды анықтаңыз.

А) Көңіл, тамақ, сайра.



Тұйық буынды еліктеуіш сөздер қатарын көрсетіңіз.

D) Арс ету, ыңқ ету.



Бітеу буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

B) Бақбақ, шындық, маңғаз.



Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.

B) Баппен сөйлеу.



Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.

B) Бірлік болмай, тірлік болмас.


Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.

D) Оңтайландыру.



Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.

С) Әрең.


Тасымалдауға келмейтін жауапты табыңыз.

D) Сылқ ету.



Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.

B) Орақ.


Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.

D) Сингармонизм.



Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

B) 2.


Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.

D) Өнерлі.



Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.

B) Кітап.



Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.

B) Еңбекқор.



Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.

B) Әуезов.



Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.

A)Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.



Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздерінің жазылуын белгілеңіз.

С) Бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке жазылады.



Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз.

E) Күнәлар.



Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.

А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.



Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.

D) -нікі, -ов, -тал.



Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.

E) Атамекен, ауыл-үй, жай-күй.



Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.

С) Томск.



Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

B) Әкетай.



Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.

D) Сәрсенбек, Ауданбай.



Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы дыбысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.

B) Тәуелдік жалғауы.



Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

С) Көптің құрығы ұзын.



Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.

D) Кеп, жап.



Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.

E) Піл көтермегенді тіл көтереді.



Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.

А) Ала-құла, іске қосу.



Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.

А) Ережеге сай айтылу.



Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.



Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.

B) Үйінде озған – түбінде озар.



Түбір сөзді табыңыз.

B) Дидар.



Түбірдің ережесін анықтаңыз.

B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.



Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

E) Бөлшек, жақсылық.

Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.

D) - ырақ, -ірек.

Туынды түбірлерді анықтаңыз.

В) Өнім, жолдастық.

Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

B) Адалдық, рақымсыз.



Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.

B) Қағаз бастылық, қалжың бас.



Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.

С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.



Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.

B) Білезік, әпер.



Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Аб жылан, ақ сұңқар.



Дыбыстық өзгеріске ұшырап қосарланған сөзді анықтаңыз.

D) Жалт-жұлт.



Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.

Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.

С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер.



Қос сөзді көрсетіңіз.

E) Бәле жала.



Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.

B) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.



Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз.

E) Бұқаралық ақпарат құралдары.



Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.

D) Күрделі атаулар.



Дерексіз зат есімді табыңыз.

B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.



Жалқы есімдерді табыңыз.

E) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”.



Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.

E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.



Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімді табыңыз.

B) Шаттық.



Туынды зат есімді табыңыз.

B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.



Күрделі зат есімді табыңыз.

А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.



Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.

С) Айтыс, келісім.



Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.

А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.



Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.

B) 2 кг алма, тары, мол.



Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.

С) Барыс, табыс, жатыс.



Баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.

E) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.



Дерексіз зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Оның есінде сақтау қабілеті де айналасындағыларды таң-тамаша қалдыра-тын.

С) Бастауыш.



Мезгіл мәнді пысықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.

С) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.



Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Маған жауабыңыз ұнады.

D) Бастауыш.



Табыс септігіндегі зат есімнің толықтауыштық қызметін табыңыз.

В) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.



Көмекші есімді табыңыз.

B) Ауылдың жаны терең сай.



Көмекші есімді қанатты сөзді табыңыз.

E) Жалқаудың жанына барсаң,

Сылтаудың астында қаласың.

Туынды сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.

D) - шыл, -шіл.



Туынды сын есімді анықтаңыз.

D) Айлалы батыр алдырмас.



Туынды сын есімді қатарды анықтаңыз.

С) Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.



Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

B) Шағын, кең, толық.



Қатыстық сын есімді табыңыз.

А) Әрлі болғанша, арлы бол.



Қатыстық сын есімді қатарды көрсетіңіз.

E) Өнегелі болса- бала көрікті.



Салыстырмалы шырайды табыңыз.

B) Толықша.



Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.

С) Келер күн ең ауыр күннің өзі болды.



Салыстырмалы шырайды табыңыз.

С) Қоңырқай өңді қыз.



Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.

B) Анықтауыш.



Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.

С) Ақылды аузын жауып, ділін ашар.



Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз.

E) Жаманға жолдас жақпас.



Қатыстық сын есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.

С) Аулымыздың жастары шетінен жігерлі.



Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.

E) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.



Күрделі сан есімді қатарды анықтаңыз.

B) Атамның жасы сексен бес, сексен алтыларда.



Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

D) Үшеу.


Топтау сан есімін көрсетіңіз.

А) Ол сол кездерде, шамасы, он-он бестен алып қойған.



Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) Соңғы екеуіне ескерту жасалды.


Дефис қойылмайтын жауапты анықтаңыз.

С) 25-шілде.



Сан есімнің емлесіне сай жазылғанын таңдаңыз.

B) Жүз қаралы.



Қате жазылған қатарды анықтаңыз.

А) Сізді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.



Сан есімнің емлесіне сай келмейтін жауапты анықтаңыз.

С) Романның ІІ-томын да оқып үлгердім.



Сан есімнің қай септікте анықтауыш қызметін атқаратынын табыңыз.

В) Ілік.


Пысықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Біз екі-екіден бөліндік.



Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

E) Жеті – киелі сан.



Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Үшеуі де елдің бағына туған маңдай алды азаматтар еді.

D) Бастауыш.



Анықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

D) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.



Сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты.



Болымсыздық есімдігін табыңыз.

С) Бейтаныстың қаперіне түк те кіріп шығатын емес.



Табыс септігіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.

E) Көрпе-төсектің біразын қағып-сілкіп берген.



Белгісіздік есімдігін табыңыз.

А) Әрқашан күн сөнбесін.



Кей есімдігінің дұрыс жазылған нұсқасын табыңыз.

В) Кей кезде шындап сағынатын.



«Еш» есімдігімен қосылып жазылатын сөзді табыңыз.

D) Қашан.



Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

D) Әрбір, бірнеше.



Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.

E) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.



Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Біреудің бойы аласа,

Біреудің ойы аласа.

В) Анықтауыш.



Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Атымның сыры өзіме мәлім.

E) Толықтауыш.



Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігін анықтаңыз.

С) Бәрі хабардар болып үлгерген сияқты.



Толықтауыш қызметіндегі болымсыздық есімдігін табыңыз.

E) Әлі күнге дейін ешкімге тіс жармады.



Туынды етістікті анықтаңыз.

E) Кешікпе, ақта.



Негізгі етістікті табыңыз.

С) Жүгір.



Туынды етістікті анықтаңыз.

С) Ойна.


Болымды етістікті табыңыз.

С) Әжібек жүгіріп барып, қарсы алдына тұра қалды.



Сабақты етістікті анықтаңыз.

В) Кешкісін Шынар біздің үйге жаңа етігін киіп келген.



Шығыс септігіндегі сөзбен тіркескен салт етістікті анықтаңыз.

E) Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.



Салт етістікті табыңыз.

E) Кел.


Ырықсыз етісті анықтаңыз.

D) Сол күні бұл үйдің есігіне құлып салынған.



Ортақ етісті анықтаңыз.

С) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.



Өзгелік етісті анықтаңыз.

А) Ақырын жүргізді.



Есімшені табыңыз.

В) Еңсеп сол күні зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ.



Есімшені табыңыз.

А) Жолдассыз жолың болмас.



Көсемшені табыңыз.

В) Жаудан жер де жиренеді.



ІІ жақта жіктеліп тұрған есімшені табыңыз.

D) Сен сонда істің мәнін білгенсің.



Есімшенің жасалу жолын анықтаңыз.

D) Төрт түрлі.



Көсемше қимылдың мақсатын білдіріп, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын табыңыз.

С) Пысықтауыш.



Тұйық етістікті көрсетіңіз.

С) Ер шешуде, нар кешуде сыналар.



Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.

С) Сүрініп кетіп, құлап қала жаздады.



Тұйық етістікті көрсетіңіз.

В) Жүзуден алдына жан салмайды.



Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.

В) Де, ет, жазда, е.



Нақ осы шақты көрсетіңіз.

E) Әмірші сол орнында мелшиіп тұр.



Болжалды келер шақты көрсетіңіз.

D) Енді қайтып жуыса қоймассыз.



Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.

E) Мұндай күндері сіркесі су көтермейтін.



Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.

А) Сен ойнайсың.



Бұрынғы өткен шақ жасалатын етістік фомасын көрсетіңіз.

D) -ған, -ген.



Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.

А) Ана мәселені ерекше көрсетіңіздер.



Етістіктің қалау райын анықтаңыз.

А) Екі жас бақытты болғай.



Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.

С) Үлкеннің алдын кеспе.



Етістіктің шартты райын анықтаңыз.

А) Екі қошқар сүзіссе, ортасында шыбын өледі.



Көсемшелердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Сәрсен бірден одырайып қарайды.

E) Пысықтауыш, баяндауыш.



Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Көргені көп көш бастайды.

С) Бастауыш.



Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.

А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.



Жіктелмейтін көсемше жұрнақтарын табыңыз.

E) -ғалы, -гелі, -қалы -келі.



Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Ұйымдасқан ұтады.

А) Бастауыш.



Туынды үстеуді анықтаңыз.

С) Онсыз да бітер істі тіпті осыншалық нығарлап жіберіпті.



Күрделі үстеуді табыңыз.

E) Бұның екеуін бір күнде күздігүні жер қарада алған.



Септік жалғауының көмегімен жасалған туынды үстеуді табыңыз.

В) Көңілденіп алған қонақтар кезекпен ән шырқады.



Негізгі үстеулерді анықтаңыз.

В) Жоғары, әдейі.



Үстеудің қанша мағыналық түрі бар екенін көрсетіңіз.

D) 7.


Мөлшер үстеуін анықтаңыз.

С) Недәуір, біраз.



Күшейткіш үстеуді анықтаңыз.

В) Мүлдем, тіпті, тым.



Сын-қимыл үстеуін табыңыз.

А) Берілген сұраққа қолма-қол жауап берді.



Мөлшер үстеуін көрсетіңіз.

E) Недәуір.



Қате жазылған үстеуді көрсетіңіз.

В) Бірғыдыру.



Пысықтауыш қызметіндегі мекен үстеуін көрсетіңіз.

С) Арнайы соғып, апасын ала кетті.



Баяндауыш қызметіндегі сын-қимыл үстеуін табыңыз.

А) Айнала жым-жырт, қаннен-қаперсіз.



Көп нүктенің орнына қажетті еліктеуішті көрсетіңіз.

Әжем ернін ... еткізді.

С) Сылп.


Қажетті еліктеуішті табыңыз.

Санат уана қоймай ... жылады.

E) Қорс-қорс.



Еліктеуіштер қатарын көрсетіңіз.

В) Қарш-қарш, пыр-пыр.



Көп нүктенің орнына қажетті еліктеу сөзді табыңыз.

Өзге жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды.

В) Абыр-сабыр.



Етістіктен жасалған туынды бейнелеуішті көрсетіңіз.

D) Бауырындағы көк күшік домалаңдап қалды.



Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Артына жалтақ-жалтақ қарап кете барды.



Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

С) Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді.



«Кең» мағынасындағы бейнелеуішті табыңыз.

D) Қолп-қолп.



Еліктеуіштің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Дабыр-дұбыр еткен үндеріне қарағанда өздері біраз адам сияқты.

E) Анықтауыш.



Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Төр алдында жатқан екі баланың кішілеуі сақ-сақ күліп басын көтеріп алды.

В) Пысықтауыш.



Одағайға тән атауды көрсетіңіз.

С) Оқшау сөз.



Одағайдың мағыналық түрлерін көрсетіңіз.

D) Шақыру, жекіру, көңіл-күй.



Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз.

... жаңылып қалғанын қарашы!

С) Қап.


Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

Түу бауырын сағынып қалыпты ғой

В) Үтір, леп белгісі.



Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

Жаным-ау бәрекелді талабыңа нұр жаусын

D) Үтір, үтір, леп белгісі.



Cептеулік шылауды табыңыз.

В) Кейін.



Септеулік шылауды табыңыз.

E) Сіздердің бастамаларыңыз жыл сайын қолдау табады.



Cептеулік шылаулар қанша септікпен байланысатынын табыңыз.

С) 4.


Жалғаулықтармен сәйкес келетін септік жалғауларын көрсетіңіз.

А) Жатыс, көмектес.



Талғау мәнді жалғаулықты табыңыз.

D) Әлде.


Жалғаулықтардың мағыналық қатынастарын көрсетіңіз.

А) Ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себеп-салдар.



Демеулік шылауларды табыңыз.

А) -ақ, -ау.



Сөйлемге қажетті демеулікті көрсетіңіз.

Аңсаған күніміз, аңсаған шағымыз осы ... .

С) ғой.


-ды, -ді демеулігінің мағынасын табыңыз.

В) Нақтылау.



Сөзге үстейтін мағынасына қарай демеуліктердің қанша топқа бөлінетінін көрсетіңіз.

E) 6.


Сөздер бір-бірімен қанша түрлі тәсіл арқылы байланысатынын табыңыз.

В) 4.


Шылаулар арқылы байланысқан жауапты табыңыз.

E) Естіген жаңалығымыз туралы оңаша отырып ақылдастық.



Анықтауыштық қатынаста матаса байланысқан тіркесті табыңыз.

В) Жайықтың толқындары.



Бағыныңқысы көсемше тұлғалы етістіктен жасалған байланысу түрлерін анықтаңыз.

С) Қабысу мен жанасу.



Есімді меңгеруді табыңыз.

E) Арман – адамға қанат.



Қабысудың жасалу жолын анықтаңыз.

Айтылған сыр.

В) Есімше мен зат есім.



Есімді сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

А) Талапты бала, ескі дос.



Етістікті сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

С) Орнынан тұру, шалғынға құлады.



Етістікті тіркестің құрамын анықтаңыз.

Орамалын жайды.

D) Табыс септікті зат есім мен етістік.



Сөйлемге жатпайтынын табыңыз.

В) Ел мен жер.



Сұраулы сөйлем сұрақтарының түрін анықтаңыз.

В) Негізгі, жетек, анықтауыш сұрақ.



Сөйлемнің лепті сөйлемге айналу жолын табыңыз.

Жібермесем сағы сынады.

В) -ау.


Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз.

Бұл мәселемен өзгелер айналыссын.

E) Бұйрық райдың 3-жақ көпше түрі.



Хабарлы сөйлемді табыңыз.

В) Саға шырылдады.



Бастауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние.

С) Тұйық етістік.



Үйірлі бастауышты табыңыз.

С) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.



Күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Көшеде біреу кетіп барады.



Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Жемісті ағаштың басы төмен.



Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

В) Екі сегіз он алты.



Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себебін көрсе-тіңіз.

Оқу және оқу – менің басты мақсатым.

D) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.



Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

Жемісті жұмыс жаныңды тындырады.

С) Қатыстық сын есім.



Есімшеден жасалған анықтауышты көрсетіңіз.

А) Ой жетпейтін жер болмайды.



Тура толықтауыш жасауға негіз болатын септікті анықтаңыз.

С) Табыс.



Күрделі толықтауышты табыңыз.

Е) Адам атаулыны ісіне қарап бағалау керек.



Мақсат пысықтауышты табыңыз.

А) Барлығынан надан қалмау үшін барлығын білуге талаптанба.



Бастауышты дәлелдеп түсіндіруші мүшені табыңыз.

Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!

В) Оңашаланған айқындауыш.



Қосарлы айқындауышты қатарды көрсетіңіз.

С) Біржан сал, Ақан сері.



Бірыңғай анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Әдепті, мәдениетті адамның талғамы да биік.



Бірыңғай мүше мен жалпылауышқа қатысты қойылған тыныс белгісін атаңыз.

В) Пайда, мақтан – бәрі тұл.



Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

D) Соған дейін мәселені шешіп қалу керек.



Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

Е) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.



Жақты сөйлемнің бастауышы нешінші жаққа қатысты екенін табыңыз.

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

В) 2-жақ, жекеше.



Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

Е) Сіз айтып көріңізші.



Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

В) Бұлар жүріп кетті.



Жақсыз жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Қаптаған аттыларға маған алыстан қарауға тура келді.



Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

В) Дала. Егіс даласы.



Толымсыз сөйлемде көрсетілмеген сөйлем мүшесін белгілеңіз.

Келіп кетті ме?

D) Бастауыш.



Толымсыз сөйлемдер жиі кездесетін қатарды көрсетіңіз.

С) Диалогты сөйлем.



Толымды сөйлемді анықтаңыз.

Е) Шеткі ауыл бұларды көріп қалды.



Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.



Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз.

В) Қарсылықты салалас



Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты табыңыз.

А) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, ол ауыл жігіті болатын.



Не, немесе,болмаса жалғаулықтарының көмегімен талғаулы салалас жасаңыз.

А) Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек.



Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

С) Қорыққаным соншалық-қаным басыма шапшыды.



Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.

Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.



Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.



Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? сұраулықтарына жауап беретін сабақтас түрін көрсетіңіз.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.



Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

А) -у+үшін, -мақ болып.



Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

В) Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.



Көп нүктенің орнына қажетті қаратпа сөзді анықтаңыз.

..., мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

С) Жүрегім.



Қаратпа сөзді қатарды табыңыз.

В) Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай.



Сын есімнен жасалған қаратпаны табыңыз.

D) Сұлу-ай, қалмай маған ердің неге?



Тыныс белгісінің қойылу себебін табыңыз.

Дүркіре, бұлт! Жау, жаңбыр! Күркіре, Күн!

В) Бұйрық раймен қатар келген қаратпа сөз.



Сөйлем соңында келген қыстырманы табыңыз.

Е) Бұларыңызға мен де қосыламын, әрине.



Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.

С) Қыстырма сөз.



Одағайды көрсетіңіз.

D) Мен не қылдым, япырмау?



Одағай сөзді анықтаңыз.

C) Моһ-моһ, сен менің асау тайым.



Одағай сөзді көрсетіңіз.

A) Бәрекелді, мынау қызық екен.


Төл сөзге тән құрылымды көрсетіңіз.

Серғазы аттанарда: «Аттан түспе, абайла!»-деді.

D) Автор сөзі, төл сөз, автор сөзі.



Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзбен қандай көмекші етістік тіркесіп айтылатынын табыңыз.

D) Екенін.



Төлеу сөзді көрсетіңіз.

А) Құрбысы Ботагөздің неден ұялғанын сұрады.



Сұраулы сөйлем түрінде келген төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын көрсетіңіз.

- Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер.

Е) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.



Автор сөзі қандай етістіктің көмегімен берілетінін көрсетіңіз.

В) Де.


Төл сөзге қатысты сызықшаны табыңыз.

Е) «Өлеңге әркімнің де бар таласы», - дейді Абай.



Тыныс белгісінің дұрысын анықтаңыз.

В) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?-деп сұрады ол.



Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.

Әкем былай деді: «Кекшіл болма, көпшіл бол!»

В) Автор сөзінен кейін.



Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.

Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.

Е) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.



Нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.

Түн. Қала. Тыныштық.

D) Атаулы сөйлем.



Көп нүкте қойылатын сөйлемді табыңыз.

А) Қазір бітірейін, сосын.



Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз.

Е) «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы.



Жақшаның не үшін қойылғанын табыңыз.

Ақмолада совдептің бір топ басшыларын тұтқынға алады. (Оның ішінде Сәкен де бар.)

А) Хабарлай айтылған қыстырма сөйлем.



Қазіргі қазақ тілінің стиліне жатпайтынын көрсетіңіз.

D) Техникалық стиль.

Бетпе-бет жүздесу арқылы жүзеге асатын стиль түрін көрсетіңіз .

А) Ауызекі сөйлеу.

Іс-қағаздары мәтінінің стилін анықтаңыз.

Е) Баяндау.



Ғылыми стильге тән етістік формасын табыңыз.

В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.



Шешендік өнердің негізгі бастауларын көрсетіңіз.

С) Греция, Рим.



Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған авторды көрсетіңіз.

А) Әл-Фараби.



Тәуке хан ұйымдастыруымен қазақтың белгілі билері жүйелеген еңбекті анықтаңыз.

D) Жеті жарғы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет