Құрастырушы: оқытушы Г. А

Дата04.07.2018
өлшемі186 Kb.
#46247

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

ГП факультетініњ деканы

_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2011 жыл

Құрастырушы: оқытушы Г.А. Жұмабекова

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2011__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2011__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

_______ Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2010_ж. «_____»___________

(қолы) (аты-жөні)

1Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары

Жұмабекова Гаухар Айтбекқызы

Қазақ филологиясы кафедрасы А1 корпусында (мекен-жайы), 324 - аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255
2 Пән туралы мәліметтер :
«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәні 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандыѓында 1 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны-90с, дєріс-15с, тєжірибешілік-15 с, СӨЖО-4с, СӨЖ-60с.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

Бар-лығы

2

90

15

15

-

-

-

90

4

емтихан

4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

1 Пәннің мақсаты

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты – маман әдебиетші дайындау, оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру, игеру міндетімен сабақтас.

Пәннің міндеті

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» жалпы қазақ әдебиетіне қатысты бұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу нәтижелері, ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндері жөнінде түсініктері болуы;

  • өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;

  • жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда , ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білуде икемді болуы;

- образдар жүйесіне талдау жасай білу;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білуде практикалық машықтарды иемдену қажет;

.

2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

-Философия.

-Халы ауыз әдебиеті.

- Ежелгі дәуір әдебиеті

3 Постреквизиттер

- ХІХ ғасыр әдебиеті

- ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

- Қазіргі қазақ әдебиеті.
8 тақырыптық жоспар
1-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

2-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттары. Қазтуған жырау.

3-тақырып. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.

4-тақырып. ХҮІІғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.

5-тақырып. ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын

6-тақырып. ХҮ-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген жырау толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» курсында Асан Қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Доспамбет, Жиембет, Бұқар жырау, Тәтіқара ақын, Шал ақын, Көтеш ақын, Марғасқа, Үмбетей жыраулардың шығармалары, толғаулары қарастырылады. Әр ақын-жыраудың шығармасы идеялық-көркемдік тұрғыда талдана отырып, жанрлық, тілдік, көремдік ерекшеліктері де сөз болады.

10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары
1-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.

Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).

Асан қайғы шығармаларының жиналып жариялануы, зерттелу жайы.

2-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттары. Қазтуған жырау.

Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екғ шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.

Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.

3-тақырып. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.

Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жыраудың өмірінен мәлімет. Жырау толғауларының басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді-жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар»).

Доспамбет жырау толғауларында билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының жырлануы. Өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су»), дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстарының жырлануы.

Ш.Тіленшіұлы (1456-1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы – ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл-қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»).

Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер. Жырау шығармашылығының зерттелуі.

4-тақырып. ХҮІІғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.

Қазақ әдебиеті тарихында ХҮІІғ. әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірмен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі – Жиембет жырау және жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен – Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық өмірбаяны Есім ханмен байланысты.

Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер. Жиембеттен қалған елеулі мұра – Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделді көрініс табуы. Арнау-толғауларында билеуші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.

Марғасқа жырау (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері. Марғасқа жырау – ерлікті, беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.

5-тақырып. ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын

ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. ХҮІІІ ғасырдың қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі қазақтар иен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.

ХҮІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік жағынан толығуы. Адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері – Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы. Жыраудың өмірінен мәлімет. Ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны. Толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру. Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.

Тәтіқара ақын- қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын. Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.Ақын өмірінен деректер. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны. Абылайға арналған «Кебеже қарын , кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.

Үмбетей (1706-1775) -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау. Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып,жырлануы. Үмбетей –Абылай және ХҮІІІ ғ батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.Үмбетейдің даңқын шығар,ан «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту»

Толғаулары. Жырау шығармашылығындағы жоңғарға күрестің қаһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.

Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668 -1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау. Жыраудың өмірі туралы мәлімет. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай : адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұхардың өзіндік шеберлігі .

Көтеш ақын (1745-1818) –жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер ақын. Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа Ойылдың құба жон түсер қатар» т.б. өлеңдері.

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы- жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал ақынның өмірінен мәлімет. Ақынның жазбаша сауаты болғандығы, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері :этика, мораль мәселелері,

Кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері. Ақын поэзиясында әйел тақырыбының ерекше жырлануы, шығармаларының сатиралық сипаты. Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.

6-тақырып. ХҮ-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген жырау толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері.

Жыраулар поэзиясының тақырыптық, көркемдік, жанрлық жағынан толығуы. ХҮІІІ ғасыр поэзиясында адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Өлең құрылысы, өлшемі, айшықтау түрлері мен тіл көркемдігі.

Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазмұны

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)

Коллоквиум

(және т.б.)

20

4

Бақылау шараларына дайындалу

1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

10

Барлығы:

60

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.

¦сынылатын єдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. М.Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.

3. Толғау жанрының табиғаты туралы.

¦сынылатын єдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.

5. Жыраулар шығармашылығындағы арнау толғаулар.

¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет.

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А; 2007.

Ќосымша:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.

11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

12. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

13. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.

14. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – А; 1991.

15. Өмірәлиев Қ. 15-19 ғғ. Қазақ поэзиясының тілі. –А, 1976.

16. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. –А, 1992.

17. Қуғанов Ш. Бұхар жырау және оның заманы. –А, 1993.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет