Реферат Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою.



Дата17.04.2020
өлшемі297,65 Kb.
#62962
түріРеферат
Байланысты:
Срс экология

Әл-Фараби атында-ғы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

«Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәні бойынша
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫСЫ

№ 5

Реферат
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою. («Азаматтық қорғау» ҚР заңы бойынша)

Орындаған: Акимбаева Акжунис

Мамандығы: 6В05102 - Биология, 1 курс
Қабылдаған:

аға оқытушы Рысмагамбетова А.А.


Бағалау кестесі



Белгісі

Максималды балл

Қойылатын балл

1

Материалдың тақырыпқа сәйкестігі

5




2

Тақырыптың толық қамтылуы

5




3

Студенттің тақырыпты меңгеруі және оны талдай алуы

5




4

Техникалық талаптарға сәйкес ресімдеуі

5




5

Дедлайнды сақтауы

5




Барлығы

25




Алматы, 2020

Жоспар:


1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Кіріспе

Табиғат зілзаласы– бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады

Жер сілкінісі деп жер қыртысы немесе жер мантиясының жоғарғы қабатының кенеттен сөгілуі мен жылжуының салдарынан пайда болып, сонан кейін үлкен қашықтықтарға берілетін жер дүмпулері мен тербелістерін айтады. Жер сілкінісі техтоникалық не жанартау себептерінен болады. Жер сілкінісінің шыққан жері жер сілкінісінің ошағы деп аталады, бұл ошақта жерде жинақталған энергияның көп мөлшері бөлініп шығады. Ошақтың кіндігін гипоцентр (гипорталық) деп атайды да, оның жер үстіндегі проекциясын эпицентр (жер сілкінісінің кіндігі) дейді. Жер сілкінісі кезінде гипоцентрден жан-жаққа қарай серпімді сейсмикалық толқындар тарайды. Бұл толқындар қума және көлденең толқындар түрінде болады да жер бетіне шыққан соң беттік толқын түріне айналып жан-жаққа үлкен аумаққа тарайды. Күшті жер сілкіністерінде жер топырағының тұтастығы бұзылады, үйлер мен құрылыстар қирайды, коммуналдық-энергетикалық тізбектер, қатынас коммуникациялары мен байланыс желілері істен шығады, сумен қамтамасыз ету және канализация желілерінің зақымдануына, КӘУЗ тарайтын химиялық кәсіпорындағы,АЭС-тағы атмосфераны РЗ улайтын апаттарға себеп болады, адамдар шығыны да болуы мүмкін. Сонымен қатар жер сілкінісі опырылма, көшкін, сел, цунами, су тасқыны (бөгеттердің қирауынан), өрттер (мұнай сақтағыштар мен газ өткізгіштердің зақымдануынан) сияқты табиғат зілзалаларының тууына себеп болады. Жер сілкінісі кезінде әртүрлі дыбыстар (гүріл-сарыл) қосарлана шығады, бұл дыбыстар күшті сілкініс кіндігінің қашықтығына байланысты болады. Жер сілкінісі жер шарында күн сайын, ал ылына барлығы 100 000 шамасында болады. Алайда барлық жер сілкіністері

2.Негізгі бөлім

Жер сілкінісінің негізгі сипаттамасы мыналар: ошақ тереңдігі, магнитуда және жер бетіндегі энергия қарқыны.Жер сілкінісінің ошағының тереңдігі (ауқымы) әдетте 10 км-ден 30 км дейін, кейбір жағдайда одан да көп болуы мүмкін.Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды және эпицентрден 100 км қашықтықта сейсмограмма бойынша өлшенген топырақтың микронмен есептелген ығысуының ең үлкен амплитудасының логарифімін көрсетеді. Магнитуда (М) Рихтер шкаласы бойынша 0-ден ... 9-дейін (ең күшті жер сілкінісі) аралығында өзгереді. Оның әр бірлікке артуы топырақтағы тербеліс амплитудасының он есе өскенін және энергияның 30 есе артқанын білдіреді. Мысалы, М=7 жер сілкінісінің топырақ ығысуы М=5 болған жағдайдағымен салыстырғанда 100 есе артық, сонымен бірге жер сілкінісі энергиясы 900 есе артады.

Жер бетіндегі энергия қарқыны баллмен өлшенеді. Ол ошақ тереңдігіне, магнитудаға, эпицентр қашықтығына жердің геологиялық құрылысына және тағы да басқа факторларға байланысты. Біздің елде жер сілкінісінің энергия қарқынын өлшеу үшін 12 баллдық МSК-64 шкаласы қолданылады.Шартты түрде жер сілкінісі әлсіз (1-4 балл), күшті (5-7 балл) және өте күшті (8 балл және жоғары) болып бөлінеді. 4 баллдық жер сілкінісінде заттардың жеңіл қимылдағаны байқалады; ал 6 баллда ғимараттардың жеңіл зақымдалуы орын алады; 9 баллда тас үйлер күшті зақымдалады және қирайды; 11 балл кезінде жер бетінде үлкен жарықтар, опырылмалар пайда болады; 12 балл кезінде өзен арналарының өзгеруін бақылауға болады.



Техногендік сипаттағы тетенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:



  • Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).

  • Көлік жүйесіндегі апаттар.

  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа Техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою фактор-ларымен байланысты.

Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, обьектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді

3.Қорытынды


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Азаматтық қорғау туралы


Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі – әкімшілік бірлік аумағында орналастырылған барлық шұғыл жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін күштердің, телекоммуникациялық жабдықтардың бағдарламалық және аппараттық құралдар мен көлік құралдарының ұйымдық-техникалық бірігуін қамтитын уәкілетті орган құрған қызмет;

2) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

3) авариялық-құтқару жұмыстары – төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдарын жүргізу кезінде табиғи ортаны қорғау, оқшаулау және жою немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін барынша төмен деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимыл;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.“Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылар мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 27.03.1997ж.

2. “Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 7.05. 1997ж.

3.https://surak.baribar.kz/542139/



4.http://medialaw.asia/posts/25-10-2012/66437.html

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет