Реферат тақырыбы: Аминқышқылдар Орындаған: Маратханова З. Тексерген: Турганбекова М. Алматы 2020 жоспар



бет1/4
Дата07.02.2020
өлшемі125 Kb.
#57371
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
АМИН КЫШКЫЛДАРЫ (1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Аминқышқылдар

Орындаған:Маратханова З.

Тексерген: Турганбекова М.

Алматы 2020



ЖОСПАР
І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Аминқышқылдары туралы жалпы түсінік

2.2 Белок кұрамына кіретін аминқышқылдары

2.3 Полярсыз бейтарап амин қышқылдары

2.4 Полярлы бейтарап амин қышқылдары

2.5 Полярлы қышқыл (гидрофильді) амин қышқылдары

2.6 Амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік (амфотерлік) қасиеттері

2.7 Аминқышқылдарының химиялық қасиеттері


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Аминкышқылдары-суда еритін, түссіз кристалдық заттар.


Олардың кейбіреулерінің тәтті дәмі болады. Аминқышқылдарының балку температурасы жоғары болады. Аминқышқылдарының молекуласында сипаты жағынан карама-қарсы екі функционаддьіқ топ бар: қышқылдық қасиеті бар; карбоксил және негіздік қасиеті бар амин топшасы. Соған қарай аминқышқылдары бетаиндер деп аталатьш ішкі тұздар түзеді:

Бетаиндерде оң және теріс зарядтар болатындықтан, оларды биополюсті иондар деп атайды.

Аминқышқылдарының ішкі тұздарының түзілуін олардың ерітінділерінің нейтралдық реакциясынан, органикалық еріткіштердң аз еруінен жөне т. б. белгілерінен көруге болады.

Биополюсті ион қышқылдық ортада катион түрінде, ал сілтілік ортада анион түрінде болады.

АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ

Молекула құрамында бір немесе бірнеше амин топшалары бар қышқыл туындыларын аминқышкылдары деп атайды.

Аминқышқылдарының молекуласыңда бір немесе бірнеше карбоксил топшалары болуы мүмкін. Соған сәйкес, бір, екі және көп негізді аминқышқылдары болады.

Аминқышқылдарының қалдығынан тіршілікке қажетті белокты заттар құрастырылады, сондықтан олардың маңызы өте үлкен.

Бұл тарауда бір негізді, молекуласында бір амин топшасы бар аминқышқыддары. қарастырылады. Олардың жалпы формуласы:





Изомериясы жөне номенклатурасы

Аминқышкылдарының изомериясын оксид қышқылдардың изомериясына ұксас келеді, яғни оларда амин топшасының жағдай изомериясы және тізбектік изомерия байқалады.

Халықаралық номенклатура бойынша, аминқышылдарын сәйкес карбон кышқылдарының атына амин деген сөзді қосып, амин топшасының орнын цифрмен көрсетіп атайды.

Рационалды номенклатура бойынша, амин топшасынын орнын


грек таңбаларымен () көрсетіп, карбон қышқылының
туындысы түрінде атайды. Көптеген аминқышқыллдары тарихи
номенклатура бойынша да аталады

Осы ғасырдың 20-жылдары швед ғалымы Т.Сведберг белоктардың молекулалық массасын (салмағын) және тазалығын анықтау ушін алғашқы рет ультрацентрифугалау әдісін қолданады. Екінші швед ғалымы А.Тизелиус ұсынған белоктарды электрофорез әдісімен зерттеу бұл саладағы аса уздік табыс болды (1933 ж.)

И.П.Павловтың, әсіресе белоктардың ферменттік табиғатын анықтаған Дж. Самнердің (1926 ж.), Дж. Нортроптың (1930) бағалы жұмыстарынан кейін белоктарды зерттеу кең көлемде қолға алынды. Белоктар биохимиясында Ф. Сенгер ашқан жаңа-лық (1953) дәуірлік құбылыс болды. Ол полипептид тізбегіндегі амин қышқылдарының әрқашанда белгілі бір рет бойынша байланысатынын анықтады.

Белоктық заттар өсімдікте тузіледі. Ол үшін топырақтағы азот қосылыстары пайдаланылады. Ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа құрамындағы азотты пайдаланып, белок түзе алады. Жануарлар дүниесі және адам белокты амин қышқылдарынан және басқа да азоты бар органикалық заттардан синтездейді. Олар ондай заттарды өсімдіктерден және басқа өздері қорек үшін пайдаланатын жануарлардан алады.

Белоктардың ең қарапайым кұрамына мынадай элементтер кіреді (% есебімен): көміртегі 50 - 54; оттегі 21,5 - 23,5; сутегі 6,5 - 7,3; азот 150-17,6; күкірт 0,3 -2,5.

Қайсыбір жеке белоктар құрамында темір, фосфор, цинк, кобальт, марганец, молибден, йод, мыс және басқа да элементтер шағын мөлшерде кездеседі.

Белоктар құрамындағы азот мөлшері тұрақты және ол құрғақ массасы бойынша алғанда орта есеппен барлық элементтер-дің 16 проценті мелшерінде.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет