Реферат тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты Орындаған: Анарбекова А. У



Дата03.04.2020
өлшемі148 Kb.
#61466
түріРеферат
Байланысты:
КЭ срсп №9 Анарбекова.А.У
7 кл тіл календарный, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, 8-Практикалық сабақ экохимия, практика 28.10, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, ӨЗІН ӨЗІ басқару жоспары, Т рбие ж мысы бойынша 13 міндетті жат, ктж 6 сынып, Документ Microsoft Word (2)


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңілік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Орындаған: Анарбекова А.У

Тексерген: Тлеубергенова М.А


Мамзұны

1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі

мен саясатының негіздері

1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі

1.2. Инвестициялық қызметті басқару

1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері

1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі


Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:



  • қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

  • жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

  • бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

К
әсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.

Н
егізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

1.2. Инвестициялық қызметті басқару
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:



  • инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;

  • жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;

  • жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет).

К
әсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:

  • жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;

  • ұлттық табысты бөлудің динамикасы;

  • мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;

  • инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.

Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.

Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:



  • осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;

  • бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;

  • өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;

  • осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.

Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.

Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.

Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.

Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.



1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:



  • кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;

  • өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;

  • инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;

  • кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;

  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;

  • жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

  • қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

  • өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

  • инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

  • өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;

  • инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

  • бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



  • нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;

  • инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;

  • қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;

  • отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы жағдайлар жасау;

  • барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек экономикалық табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды) тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;

  • меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;

  • елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.


Қорытынды


Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

  • жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

  • бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:


  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;

  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;

  • жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

  • қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

  • өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

  • инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

  • өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;

  • инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

  • бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық. Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV); 2) инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).



Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

  • ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;

  • өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;

  • ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;

  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;

  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;

  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

  • салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;

  • Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;

  • отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;

  • «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;

  • инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;

  • инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;

  • инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;

  • инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы

  2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

  3. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2

  4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998

  5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

  6. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1

  7. Попов В. М., «Бизнес-план инвестиционного проекта», Москва – 2001

  8. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002

  9. Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы - 1998

  10. Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №2

  11. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3

  12. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 1997


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет