Рефераты қызылорда, 2012 ж



бет1/3
Дата07.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#3362
түріРеферат
  1   2   3
ӘОЖ 159.922.7. Қолжазба құқығында

Садакбаева Венера Бисенбаевна


Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына

психологиялық әсері

6М010300 – Педагогика және психология

мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті музыка-педагогикалық факультетінің «Психология» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ.Б.Ағыбаева






















Ресми оппонент:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Калматаева





Магистрлік диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №____ дәрісхана) диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста отбасындағы қарым-қатынас, оның бала дамуына психологиялық әсері және оның өте маңызды әлеуметтік орта ретінде зерттеу жүргізілген. Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың бала дамуындағы туындататын қиыншылықтары сараланады.

Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның дамуы — күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Некелік-отбасылық қатынас адамзаттың өзара қарым-қатынасында жетекші маңызға ие. Сондықтан жастарды бұл қарым-қатынасқа даярлау әрбір өркениетті қоғам үшін үлкен қызығу тудыратыны даусыз. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Тәжірибеге қарағанда, баланың психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы отбасында дұрыс қарым-қатынастың болуына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін көрсетеді. Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды. Кейде толық отбасының өзі баланың дұрыс қалыптасуына негіз бола бермейді. Балалар бірдей биологиялық, психологиялық заңдылық бойынша дамиды. Демек, отбасы өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастырады немесе бұзады, оның мүшелерінің психикалық денсаулығының нығайып немесе нашарлауы отбасы билігінде. Отбасы қауіпсіздік, бақыт, өзін қалыптастыруды құрылымдаушы. Идентификацияның шекарасын көрсетіп, тұлғада “Мен” бейнесінің пайда болуын қамтамасыз етеді.

1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болғанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттарымен қаруландыру мәселесін шешпейді.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, Е.О. Смирновалар атап көосеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова, балаға отбасы жылулығының әсерін атап өткен. Жақын адамдардың әсерін баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запорожец, А.Д.Кошелева және т.б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю.П.Азарова, И.В.Гребенников, Т.А.Маркова, А.Г.Харчев т.б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова, А.И.Захарова, Е.И.Кульчицкая т.б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А.И. Захарова, психолог Д.Б.Эльконин, А.Я.Варга т.б. зерттеген [4.17].

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. Уманов, К. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З.Әбілова т.б. еңбектері бар.

Ата-ана — алғашқы тәрбиеші балаға ең үлкен әсер етушілер. Ж.Ж.Руссо: “Балаға соңғы тәрбиешінің әсерінен гөрі алдыңғысынікі көбірек”, - деп тұжырымдаған.

Отбасылық қатынастың ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г.Эйдемиллер, Ю.Гиппенрейтер, М.Буянов, З.Матейчик, Г.Хаментаускас, А.Фром, Р.Снайдер, т.б. ғалымдар зерттеген [5.20].

А.Е.Личко отбасылық қарым-қатынас мәселесін зерттей келе отбасындағы жайсыз жағдайларды көрсетті. (гиперопека, қараусыздық, “отбасы пірі”, жетім қыз” жағдайы).

Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі, мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігі мен психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.

Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының көкейкестілігін көрсетеді.

Зерттеу мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына әсерін ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: Отбасындағы қарым - қатынас процесі .



Зерттеу пәні: Отбасындағы қарым - қатынастың бала дамуына психологиялық әсері.

Зерттеу болжамы: Егер отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері, оның бала дамуына әсері ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, онда үйлесімді тұлға қалыптастыруға болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері туралы ғылыми әдебиеттерді зерттеу.

  2. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсер ету ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу көздері: философия, психология, педагогика ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (2005), «Білім туралы» Заңы (1999); зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер.

Зерттеу әдістері: «Отбасылық қобалжуды анықтау», «ата-ана мен бала өзара қатынасы» сауалнамалары, социограмма, эмоционалды қатынасты анықтау, қажеттілік базасын анықтау нәтижесі, жеке тұлғаның қақтығысын анықтау тесттері, психологиялық тренингтер.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласы, №140 орта мектеп ата-аналары.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу:

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Педагогика» кафедрасында орындалды. Зерттеудің теориялық түйіндері мен негізгі қорытындылары кафедра мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылған (Қызылорда, 2012). Сонымен қатар, диссертацияның негізгі тұжырымдары мен ой-түйіндері университеттің ғылыми басылымдарында жарық көрді:



  1. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері. Қызылорда, 2011.

  2. Баланың шығармашылық ойлауының дамуына отбасы қарым-қатынастарының ықпалы, Қызылорда, 2011.

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, қорғауға ұсынылған басты тұжырымдары, жұмыстың сыннан, практикалық мәні, тәжірибеге енгізілуі, құрылымы мен көлемі көрсетілген.

«Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориялық мәселелері» атты бірінші тарау екі тараушадан тұрады.

Бірінші тарауша «Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің теориялық негіздері» деп аталады. отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің теориялық негіздері мәселелеріне қысқаша талдауы берілген. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасалынып, авторлардың көзқарастары қарастырылады.

Отбасы — адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерінің бірі. Оның жеке тұлғаға әсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген әр түрлі көзқарастар мен ғылыми әдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.

Отбасы — неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. «Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді» деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.

А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады».

Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.

Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық–тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.

70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.

З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы» туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.

70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.

Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең студенттік кезең [7.252].

Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л.Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина Р. зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық – еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді.

Отбасы туралы басқа көзқарас А.И.Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Әлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ — отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай «тәсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ»

Н.Я. Совольевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы — ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас».

Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы — бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік».

А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді[8.22].

Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И.Я. Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы» атты кітабы көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды.

Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У. Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ф. Знанецкий, Ж. Пиаже, З. Фрейд және т.б. жатады.

Қандай да болмасын жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады. Отбасы — бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсінік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі — әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал.

Аталған тараушаны қорытындылай келе, отбасы — баланың тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Баланың даму жақтарының қайсысын алмасақ та, отбасы төмендегі маңызды қызметтерді атқара отырып қандай да болмасын жас кезеңінде шешуші рөл атқарады:


  1. Баланың физикалық және эмоционалдық дамуын ретке келтіру;

  2. Баланың психологиялық жынысын дамытуға ықпал ету;

  3. Баланың ақыл-ойының дамуына ықпал ету;

  4. Баланы әлеуметтік нормалармен таныстыру;

  5. Құндылық бағдарды қалыптастыру;

  6. Әлеуметтік қорғау.

Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің әр түрлі ұрпақтарына тән отбасылық қарым-қатынастық климат, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір-біріне деген талаптарының деңгейі), іс-әрекет мазмұны да мүмкіндік жасайды.
Екінші тарауша «Жасөспірімдік шақтағы балалар мен ата - аналардың қарым -қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері» деп аталады.

Жасөспірім өзге жастағыларға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгімелес болып, жие көтеріледі. Себебі, бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшеліктері жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады [38.236].Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдар мен қарым-қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс,т.б. жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатындығында.

Ал, жалпы алғанда жасөспірім тым өзгеше сипатта болады. Мысалы, жасөспірім төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жасөспірім жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.

Жасөспірім «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектер құсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай. Жасөспірімдердің осы сияқты қасиеті қазірде де және өткен дәуірлердің жасөспірімдеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына оңайлықпен көне кетпейді.

Себебі, біріншіден, қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағының көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Екіншіден, радио арқылы ересектерге арналған хабарларды естіп, не фильмдерді көріп, соларға еліктейді. Үшіншіден, әсіресе қаланың жерде жасөспірім өзімен қатар, не үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әдеттеріне еліктейді.

Ал жасөспірімнің бала кезеңінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыған ауысудың себебі, сол болып келген психикалық дамудың салдарынан: егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады.

Әдетте, жасөспірімдерді тәрбиеге көнбейтін «қиын» жас деп сипаттайды. Сонымен қатар оларды бөліп көрсетуге болады.Олар:

Біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатындығынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімдерде бір уақытта кездеспейді).

Екіншіден, осындай психиканың жаңа сапасының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді. Мұндай үлкен өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді.

Осы ғасырдың басында психолог З.Фрейд жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын» дейтінін таныс қасиетінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндіреді. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жасөспірімді тәрбиелеуге ықпалы зор [40.336].

Жасөспірімдер үлкендердің өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенінен емес: оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен, бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр» дейді. Егер де осындай қатынас көпке созылса, жеткіншекпен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті жолда болып, үлкендер не айтса да, соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншек жеңеді деуге болады. Үлкендер әуелі жасөспірімдерді тәртіпке шақыруға тырысады, тіпті жазаламауы да ықтимал. Бірақ осыған жасөспірімнің кейбіреулері көнбей, түбінде үлкендер шаршап «енді сенің айтқаның бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «айлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деудің өзі жеткіншектік пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес. Жасөспірімдердің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады [52.67]. Ондай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлерде отбасыларда жиі кездеседі.

Жалпы алғанда жасөспірімдердің үлкендерге қоятын талабы түгел қате деуге болмайды.

Біріншіден; үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік...» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласыда сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі, үлкендердің жас кезімен жасөспірімдердің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес;

Екіншіден; бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдері өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді. Егер біреулер өзгелердің қолданған амал –тәсілдерін бұлжытпай көшіріп алып, соны бірден игілігіне айналдыра алса, өмір тым жеңіл келген болар еді.

Жасөспірімдік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады [55.122]. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жасөспірімнің өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектігі сезіну әлі болмайды.

Отбасы мынадай міндеттер атқаратыны баршамызға білгілі:



  • әсер ету әдістерін, салт-дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндет;

  • балалардың сабақтарын, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндеті;

  • ата-аналар арасындағы, ата-аналар мен балалар, балалар арасындағы, жақын туысқандар арасындағы тағы сондай ара-қатынастар нормаларын құрастыратын коммуникативтік міндеті.

Қарым-қатынас мәдениеті дағдыларын қалыптастыру үрдісі адамгершілік және гуманизм қағидаларына негізделген. Отбасының педагогикалық үрдісінде дұрыс ұйымдастырылған ара-қатынастар балалардың көзқарастарының дамуына, мінез-құлықтарына, балалардың басқа адамдармен араласуына әсері зор [62.10].

Көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік - экономикалық, нарықты жағдайларға байланыстырып, өз балалардың адамгершілік мінез-құлықтары үшін жауапкершілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды. Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды. Кейбір ата - аналар бала тәрбиесіне уақыт жеткіліксіз деп жұмыстың қиындап кетулерінен шаршағандарын себеп етіп тұрса да, адамзат тарихында олардан да көбірек қоғам үшін қызмет ете отырып, өз балаларының тәрбиесіне аса көп көңіл бөле алған белгілі қайраткерлер мысалдары қаншама [63.25].

Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар барысында мынадай ерекшеліктер айқындалады.


  • ата-аналардың коммуникативтік мүмкіншіліктері;

  • ата-ана мен бала арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас сипаты.

  • ата-аналардың қарым-қатынасты шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеттері;

  • баланың дербес ерекшеліктері.

Ата-аналар үшін қарым - қатынас өнерін меңгерулері балаларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын,құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге, оған артқан сеніміне негізделеді Егер де ата-аналар өз сөздеріне тұрмаса, берген уәделерін орындамаса бала жүрегінде сенімсіздік пайда болады, бала сырын көп ашыла айта беретін болмайды, ал ата-аналар өз абыройларын төмендетеді [64.78].

Тараушаны қорытындылай келе, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады деп айта аламыз

«Отбасылық қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің деңгейін эксперименттік зерттеу» деп аталатын екінші тарау үш тараушадан тұрады. Бұл тарауда отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсерінің деңгейін эксперименттік зерттеу негізіне талдау жасалынған.

Бірінші тараушада «Зерттеудің мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістерін негіздеу және сыналушыларға сипаттама» беріледі.

Тәжірибелік бөлімде эксперименталді алаң етіліп, Қызылорда қаласындағы № 140 орта мектептің, 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) жасөспірімдер алынды Алдымен ата-аналар мен жасөспірімдер мен әңгіме әдісін қолдана отырып, ара қатынасын байқауға сауалнама жүргізілді. Атап айтқанда, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасылық социограмма» тесті, «Қажеттілік базасын анықтау» тесті жүргізілді.

«Қажеттілік базасын анықтау» әдістемесінің мақсаты құрсақ дамуынан бастап, үш жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Сыналушыларға: Төрт түрлі сурет салуды ұсындық, онда: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .

Сурет мазмұнының психологиялық талдануы былай болып келеді:

Өсімдік - тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.

Қару жарақ – қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алшақтатады.

Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ үлкен көлемде болса- агрессияның басымдығын білдіреді.

Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді болса, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.



Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басым бөлігі жүзеге асырылмауда. Бақылау тобы анықтау экспериментінің нәтиже көрсеткішін 1-кестеден байқауға болады.
1 – кесте. Бақылау тобының нәтиже көрсеткіші


Сыналушының реттік саны

1- субтест

2-субтест

3-субтест

4-субтест

1

+

+

+

+

2

+

+

+

+

3

-

+

-

-

4

-

-

-

+

5

+

+

+

+

6

+

+

-

+

7

+

+

+

-

8

+

-

-

-

9

-

+

-

+

10

+

-

-

+

11

-

+

+

+

12

-

-

-

-

13

+

-

-

+

14

+

-

+

-

Тәжірибе тобы бойынша анықтау экспериментінің нәтиже көрсеткіші 2 кестеден көре аламыз:

Осы әдістеме екі топта жүргізілуіне байланысты нәтиже көрсеткішіне тоқталсақ:



Бақылау тобында өмір сүруге деген құлшыныс төмендеуі толық отбасында 30% көрсетсе, ал жарты кеш отбасында 50%құрады. Жасөспірімдердің мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 10%, ал жарты кеш отбасында 75 % көрсетті.
2 – кесте. Тәжірбие тобының нәтиже көрсеткіші


Сыналушының реттік саны

1 - субтест

2 - субтест

3 - субтест

4 - субтест

1

+

-

-

+

2

-

+

+

-

3

+

+

-

-

4

+

-

+

-

5

-

+

+

+

6

-

+

+

+

7

-

+

-

+

8

+

-

+

-

9

-

-

+

+

10

-

+

-

+

11

+

+

-

+

12

+

-

-

+

13

-

-

-

-

14

-

-

-

-

Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 50%, ал жарты кеш отбасында 75% көрсетті. Өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі толық отбасында 30%, ал жарты кеш отбасында 50% екендігі анықталды.




1– сурет. «Қажеттілік базасын анықтау нәтижесі» тестінің нәтижесі

Ал, эксперименттік топтың нәтижелері өмір сүруге деген құлшыныс төмендеуі толық отбасында 60 % көрсетсе, ал толық емес отбасында 60% құрады. Жасөспірім жасындағы балалардың мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 30 %, ал жарты кеш отбасында 60% көрсетті.



Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 60%, ал толық емес отбасында 75% көрсетті. Өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі толық отбасында 40 %,ал толық емес отбасында 25% екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері 2 – суретте көрсетілген.


2 – сурет. «Қажеттілік базасын анықтау нәтижесі» тестінің нәтижесі
Екінші тараушада «Отбасы бала дамуындағы қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану» ерекшеліктері» сипатталады.

Анықтау эксперментінің нәтиже көрсеткішін негізге ала отырып, ко ррекциялық жұмыс жүргізуді мақсат еттік. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу, тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі. Психокоррекциялық топтарда сыналушы көзқарастары мен мінез – құлқына ықпал етуші факторлар анықталады, топ қатысушысы ұқсас проблемасы немесе тәжірибесі бар топ мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алуына мүмкіндік беріледі.

Бұл тарауда біз бірнеше тренингтердің техникалары мен жаттығуларын келтіреміз, оларды ортақ атаумен «Коммуникативті қабілеттер мен мәселені шешу дағдылары тренингі» жаттығулар мен техникалар К. Фогельдің «Команда құру» және «Топтағы бірлік пен білімділік» атты еңбектерінен алынған.

Қазіргі таңда топта әрекет ете білу қабілеті бұл сенімділік, көмек көрсетуге даярлық, сезімталдық, көз қарасының кеңдігі, шыдамдылығы және өзін -өзі сыйлау сыйлау сияқты қасиеттермен бірдей қатарда тұр. Бұл қасиеттер басқалармен қарым – қатынас өзара сыйластық, коммуникация және қызметтестік негізінде құрауға ұмтылыстардың барлығына қажет. Қазіргі өмір бәсекелестікке бағыттала дамиды.



Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет