Рефлексивті есебі: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»



Дата18.02.2017
өлшемі129,75 Kb.
#9935
рефлексивті есебі: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы


№6 орта мектебінің тарих

пәні мұғалімі Досмағамбетова Айым



рефлексивті есебі: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Оқушылардың сыни ойлау және ізденушілік дағдыларын қалыптастыру менің алға қойған мақсаттарымның бірі болып табылады. Ойлау туралы ойлана отырып, маңызды мәселелерді оқушылармен, әріптестеріммен талқылау мен тәжірибе жүргізу арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды. Білім беру жүйесінде тарих пәнін оқыту үшін: «Пәнді қалайша терең меңгертуге болады? Оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?» деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қодану арқылы алуға болады деген тоқтамға келдім.

Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет)

Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуды диалог арқылы жүргізіп отыруға жоспарладым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі деңгейде сұрақтар дайындадым. Бақылау, талдау, қорытынды және интерпретация дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың сыни ойлана алуын зерттедім. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын ЖИГСО, ротация, ассосация, эссе жазу, семантикалық кесте, тұжырымдамалық кесте, Блум таксаномиясы, кластер жасау, зерттеушілік конференциясы, бортты журнал әдістерін таңдадым. Әр сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Соның ішінде Оғыз мемлекетінің тарихын өткізуде ЖИГСО әдісін пайдаландым. Сыныпты қиынды суреттер арқылы бес топқа бөлдім. Әр топқа оқушыларды бес оқушыдан топ арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін орналастырдым. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Әр топ талдау жасап болғаннан кейін оқушылар орындарын ауыстыру арқылы басқа топ мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір опта бес оқушыдан айналдыра отырып тақырыпты ашуға тырысты. Оған қосымша диалог орнату арқылы тақырыптың ашылуына бағыт бердім. Қимақ мемлекеті тақырыбына сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының ротация әдісі бойынша сынып құрамын төрт топқа бөлдім. Топтарға берілетін тапсырмаларды алдын-ала түрлі түсті маркерлерді қолдану арқылы плакатқа дайындап төрт бұрышқа іліп қойдым. Әр топ өз түсті маркерін таңдап алды. І топ – қызыл, ІІ топ – жасыл, ІІІ топ – көк, ІҮ топ – қара маркерлерді қолданды. Қимақ қағанатының тайпаларын жаз, қимақ қағанатының қоғамдық құрылысын сыз, қағанаттың саяси жағдайын тірек – сызба арқылы көрсет сынды тапсырмалар бердім. Оқушылар жаңа тақырыпты менің бағыт беруіммен өз беттерінше оқу дағдысын қалыптастыра бастады. Тапсырмалардың жауаптарын жазып болған топтардың постерлерін басқа топтарға орын ауыстыру арқылы өзара тексеру, дұрыстау, толықтыру жұмыстарын жүргізді. Өткен сабақтағы жағдаймен салыстырғанда оқушылардың белсенділі жоғары болды. Оның ішінде оқу үлгерімі орташа Үміт пен Қазыбектің сабаққа деген қызығушылықтары артқанын байқадым. Тақтаға әр топтан көшбасшы оқушылар баяндаушы ретінде өңделген постерлерін қорғап шықты. Сондағы байқағаным, дұрысталған, толықтыру енгізілген тұстарына оқушыларым жете мән беріп, қызу талқылауға түсірді. Сонымен қатар, сабақты бекіту мақсатында тұжырымдамалық кесте мен эссе жазу түрлері бойынша өткіздім. Тұжырымдамалық кесте әдісімен өткен тақырыппен салыстыру жүргіздім. Әр оқушыға тапсырма парақшаларын таратып бердім. Оқушылар әуелі жеке, жұптық кейін топтық талдау жүргізді. Интерактивті тақтаға талдау, талқылау жасалған жауап нұсқасын жазып шықты. Оғыз және қимақ мемлекеттері бойынша мемлекет басшылары, шаруашылығы, қолөнері бөлімдеріне салыстыру арқылы мәтінмен, ақпаратпен жұмыс жасады. Көшбасшы оқушыларым кестені күрделірек толтыруға тырысқан. Мұнда үй тапсырмасын қалай орындағаны байқалды. Тақтаға жазу алдында топ болып және сынып болып диалогты талдау арқылы нақты жауаптарын жазып шықты. Соның ішінде Әнуар тақтаға шығып екі елдің шаруашылығы бойынша талдады. Оқушылар арасында сабаққа бұрын селсоқ қарайтын Қазыбек сабақ барысында қызығушылық танытып, өз ойын айтып, сұрақ қойып отырды. Қазыбектің дәстүрлі сабақ беру кезінде байқамаған тұстарымды анықтауға болатынын білдім. Оны сұрақ қоюдың түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Сынып оқушылары тұжырымдамалық кесте толтыру барысында үш шапалақ арқылы бағалап отырды. Қосымша тапсырма ретінде «Қимақ тайпаларының қазақ тарихында алар орны» тақырыбына оқушыларға эссе жазуға тапсырма бердім. Эсседе оқушылар өз ойтолғауларын жазуға тиіс болды. «Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері» тақырыбындағы үшінші сабағымда зерттеушілік конференциясы, бортты журнал әдісі және ассоциация жасау әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға тырыстым. Зерттеушілік конференциясы бойынша оқушылар рефлексия, зерттеу жасау, талдау, талқылау, интерпретация беруді білді. Ол үшін сынып оқушыларын үш топқа бөлдім. Топ оқушыларына рөлдік ойынға ғылыми кеңес түрін қолдандым. Сабақтың мақсатын анықтаған оқушылар профессор, ғылыми жетекші, рецендент, кеңесшілер болып рөлдерін өзара бөліп алды. Мұндағы ерекшелік оқушыларға өзін-өзі реттеу мақсатында қалай зерттеу қажеттігін айтпай қойдым. Тек қана тапсырмалар ретінде әртүрлі тақырыпшаларды бердім. І топқа – көшпелі өмір салты, ІІ топқа – отырықшылық өмір салты, ІІІ топқа – сауда айналымы. Өз-өздерін қалай реттейді екен?, Ситуациядан топ болып қалай шығады? деген сұрақтарға жауап іздедім. Сыни ойлау дағдылары қалыптасып келе жатқанына көз жеткіздім. Топ арасында профессор қылып үздік яғни дарынды оқушылар ие болғаннын анықтадым. Сонымен қатар өзін кеңесшімін деп сезінген үлгерімі орташа және төмен оқушылар өз ойларын ортаға салып, топпен ой бөлісті. Өз тобының пікірлерін қағазға түсіру істерін топтың талантты, суретші оқушылары қолдарына алды. Бір-бірлеріне сұрақтар қоя білді. Сабақтың келесі бөлігінде бортты журнал әдісімен жалғастырдым. Мұнда да оқушыларға әрқайсысына жүк журналын таратып бердім. Әуелі жеке, кейін жұптық, топтық талдау жүргізді. Жүк журналы бойынша болжам жасап, жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасады. Сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берді. Қосымша тапсырма ретінде «Көшпелілер» сөзіне ассоциация жасауды тапсырдым. Бұл тапсырманы оқушылар үйден жеке-жеке орындап келуі қажет болды. Келесі сабағымда Ертегі кейіпкерлерін араластыру арқылы сабағымды қызықты өткізуге талпыныс жасадым. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының Блум таксаномиясын пайдаландым. Интерактивті тақтаға Блум таксаномиясын маршрут картасына орайластырып, ертегілер еліне саяхат жасадық. Саяхат жасамастан бұрын балаларға әуелі тақырыпты бір қарап шығуды тапсырдым. Балалар тақырыпты оқып шыққан соң, тақырыпты меңгеру мақсатында сұрақтар қойылды. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері бойынша сұрақтарды жіңішкеден жуан сұраққа бағыттап бердім. Әр кезеңдегі кедергілер арқылы, сонымен қатар сұрақтарды күрделендіру арқылы жауап беріп мәреге жету басты мақсат болып табылады. Мұндағы ертегі кейіпкерлері ретінде Алладин мен Жасминді алдым. Оқушылардың жаңа тақырыпты сыни ойлау арқылы меңгеруі өте қызықты болып шықты. Саяхат негізінде кейіпкер Алладин Жасминге жету үшін әртүрлі кедергілерге кездеседі. Барлық кедергілерді өзінің білімі мен жету керек. Сыныптан «Алладинге көмектесе аламыз ба?» «Сұрақтарға жауап бере аламыз ба?» деп сұрағанымда, оқушылар бір ауыздан қуана келісетіндерін айтты. Оқушылар қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана топтық талдау жасай отырып, қызыға жауап берді. Оқушылардың сындарлы сөйлеуге, зерттеуге ынталандыру, қызығушылығын ояту, сыни тұрғыдан ойлауды ойлауға ынталандыру мақсатында қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Оның ішінде қате жауап берген жағдайда тақырып түсінікті болу үшін немесе оқушымның қателесіп тұрғанын ұғындыру үшін: «Қане, кімнің тағы қандай ойы бар? Көмектесе аласындар ма?» тәрізді сұрақтар арқылы сыныпта қайта бағыттау тәсілімен диалог өрбіттім. Сыныпта диалог өрбіту арқылы сыни тұрғыдан ойлана алуға қалыптасты. Сонымен қатар, оқытудағы қиындықтарды және түсінбестіктерді сыныппен, топпен бірлесе отырып анықтап, шешіп отыруға мүмкіндік алдым.

Жаңа тақырыпты меңгерген оқушыларға келесі сабақ түрінде сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының семантикалық кесте әдісін пайдаландым. Интерактивті тақта бетінде семантикалық кестеге сәйкес бес топ бойынша: архитектура, діни сәулет өнері, бейнелеу өнері, мүсін өнері, қолданбалы өнер салалары бойынша дайын жауаптар берілді. Сәйкес келетін жауаптарды тақта бетіне оқушылар «+» белгісімен белгілеп шықты. Тақырып бойынша оқушылардың түсінуін сыни бағалауды қарастырдым. Бұнда оқушылардың жоғарырақ деңгейде сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында сұрақтар берген болатынмын. Қосымша тапсырма ретінде тақырыпқа кластер жасауды тапсырдым. Дегенмен, сабақтың өтілу барысын мазмұнды өткізуді жоспарлағаныммен, оқушылардың өзіне деген сенімнің аздығы, өз ойларын ашық айта алмауы, бірін-бірі тыңдай, бағалай алмауы, өз беттерінше ізденістің аздығы, кей жағдайда тыңдаушы ғана болуына байланысты оқушылар үйренгендерін тез ұмытуы сияқты қиындықтар тәжірибемде кездесіп тұрды. Осындай қиындық тудырған мәселелерді шешудің жолын тапқан соң ғана – оқушыға сапалы да, тиянақты білім беру үшін өз пәнімді жан-жақты игеріп, оңтайлы тәсілдермен оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатына көп ізденіс пен әріптестеріммен ой бөлісіп, тәжірибе алмасқаннан соң көз жеткіздім.

Сыни тұрғысынан ойлаудың өзіне тән рефлексиялық ойлау дағдылары бар. Соның ішінде пікірлерімен, ойларымен, сұрақтарымен жұмыс жасау шеберлігі шыңдала бастады. Сонымен қатар басқа оқушылардың пікірлеріне салыстырмалы баға бере білуді үйренді. Сабақтарымда қоданған сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістері оқушылардың қызығушылығын арттыра білді деген сенімдемін. Себебі, келесі сабақты қалай оқимыз, бүгін де басқаша сабақ өтейікші деген ұсыныстар оқушылар тарапынан түскенде, менде сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуге деген талпыныс арта бастады. Сонымен қатар алдағы уақытта күнделікті дәстүрлі сабақтан гөрі сыни ойлай отырып тақырыпты ашу арқылы және жаңа сабақты осындай әдістер арқылы түсінгілері келетінін айтты. Оқушылар қалай оқу керектігін өздері анықтап, өздері сабақтың мақсатын анықтап оқу әлдеқайда тиімдірек екенін түсіндім.

Сабақтарымда оқушыларым өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыра бастады. Бұған дейін менің түсіндіруіммен ғана тақырыпты түсінуге дағдыланған оқушыларым әуелгі уақытта қиынсынып, үйренісе алмай жүрген бес-алты оқушыларым болды. Сабақ барысында өз ойын айта алатындай мүмкіндікке ие болғанын түсінген оқушыларым оқу ретін өздері қалыптастыра бастады. Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таңғалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Мұндай зертеудің кішігірім түрін оқушыларыма зерттеп көрдім. Зерттеу нәтижесінде оқушылар сыни ойлай алды. Сындарлы пікірлер айта алды. Сыни қабілеттерін көрсете алды.

Күнделікті сабақ жоспарларын жеті модульді ескере отырып өзгертіп беру арқылы сабақтарым қызықты өтті. Мектептегі іс-тәжірибемде енгізген жаңа тың идеяларым сабақтың мазмұнын ашуға көмек берді деп нақты айта аламын.

Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың бойындағы сыңаржақтылықтың болмауына жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдлануға дағдылануды қолға аламын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік» ДББҰ, 2012

  2.  «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010


САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ЫҚПАЛДАСТЫРУ

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. 

Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған.


1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
1-слайд «Көбелек»
2. Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар.
«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады.
2- слайд
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. Бағалау техникасының түрлері «Өзін - өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»
3 - слайд
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда сандық технологияларда құзырлық таныта білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту


Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Талант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.
4 - слайд
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы негізінде сипатталады.
5 - слайд

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.


Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бола алады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.
Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді.
Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді.
Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
6 - слайд
Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. «бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрті болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдірген, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»
Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау « Көмектесе алатындар бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет