Ренген сәттерде сен



Дата27.11.2019
өлшемі72,56 Kb.
#52520
Байланысты:
Сағынамын, сенi ойлап тебiренем

14.02.1992.

Сағынамын, сенi ойлап тебiренем,

Тебiренген сәттерде сенi көрем,

Сенiң ылғи қабағың қатыңқылау

Егесiп бiр қалғандей менiменен.
Сенi көрем, өңiмде сенi көрем,

Дүрдараз боп отырған менiменен.

Ендi бiр сәт жанарды жасқа толған,

Құрғатасың көйлегiң жеңiменен.
Ендi бiр сәт жаным - ау көңілдісің,

Көңілдене сүйсiнiп өмiрге шын.

Тағдырыңа жатасың алғыс айтып,

Менiменен кездескен кез үшiн.
Тағы бiрде көремiн әніңменен,

Әзіліңмен әдемi сәнменен,

Құлағымның түбiнен кеп жатады,

Аймалаған лебiн жалын денең,

Сыбырлаған сөздер "жаным" деген.
Қашан-дағы сен менiң ойымдасың,

Ойыма алсам оралдың қойынға шын,

Табысқандай болатын сенiменен,

Сезiмiмн сәттерi жойылмасын.
Неткен ғажап сен мен қасымдасың,

Көңiлдесiң, көздегi жасымдасың,

Саған деген қашанда сағыныштың,

Бiлшi жаным мәңгiлiк басылмасын.
Солай... Сен мен жанымдасың!

Жүректесiң, бойдағы қанымдасың,

Қандағы зат қашанда бiлес бе?

Оңайлықпен ешқашан алынбасын,

Аламын деп еш пенде жалынбасын,

Ал махаббат мәңгiлiк жалындасын!!!

Домбаяқ Ахметжан Хадисұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет