Республикалық ғылыми практикалық орталық “Дарын” Биология пәнінен Облыстық олимпиада – 10-11 сынып Теоретикалық тур (Әр сұрақ 2 балл)(100 минут) Жанурлар анатомиясы мен физиологиясы



бет1/3
Дата01.08.2017
өлшемі363,21 Kb.
#22513
  1   2   3
Республикалық ғылыми - практикалық орталық “Дарын”

Биология пәнінен Облыстық олимпиада – 10-11 сынып



Теоретикалық тур (Әр сұрақ 2 балл)(100 минут)
Жанурлар анатомиясы мен физиологиясы


  1. Молекуланың қандай қасиеті, оның мембрана арқылы жай диффузиямен тасымалдануын жеңілдетеді?

  1. Үлкен болуы

  2. Зарядталған болуы

  3. Липофильді болуы

  4. A+B

  5. A+B+C




  1. Жасуша мембранасының тыныштық күйіндегі потенциалы -70мВ болуының себебі неде?

A. Тек калий иондарының мембрана арқылы тасымалдана алатыны үшін

B. Тек натрий иондарының мембрана арқылы тасымалдана алатыны үшін

C. Мембрананың, калий иондарының натрий иондарына қарағанда көбірек өткізгіштік қасиетінің болуы себебінен

D. Мембрананың, натрий иондарының калий иондарына қарағанда көбірек өткізгіштік қасиетінің болуы себебінен



E. Мембрананың екі ионға да бірдей өткізгіштік қасиетінің болуы себебінен
3. Төмендегі құлақтың суретіне қарап дұрыс жауапты анықтаңыз.

Құлақ құрылысының қай бөлігі құлақ пен атмосфера арасындағы қысымды қадағалауға бейімделген?

A. 1 және 8

B. 5 және 7

C. 8

D. 9


E.10


  1. Адамдарда (және басқа омыртқалыларда) мидың қай бөлігі алғашқы сенсорлық, интеграциялық орталығы және дене температурасын қадағалау рөлін атқарады?

A. Таламус

B. Гипоталамус

C. Сопақша ми

D. Орталық ми

E. Варолиев мосты


  1. Нейротрансмиттерлердің синапс қуысына секреттелгеннен кейін олардың қайта синапс қуысынан алынып тасталу механизмін анықтаңыз?

A. Диффузия арқылы синапс қуысынан шығуы

B. Ферменттер арқылы ыдырау

C. Нейротрансмиттерлерінің көрші жасушалармен қайта сіңірілуі арқылы

D. A және B

E. Барлығы дұрыс



  1. Бұлшықет компоненттерін кішіден үлкенге реттеңіз

A. Саркомер, жуан филаменттер, миофибриллдер

B. Саркомер, миофибрилдер, жуан филаменттер

C. Миофибриллдер, саркомер, жуан филаменттер

D. Жуан филаменттер, миофибриллдер, саркомер

E. Жуан филаменттер, саркомер, миофибриллдер



  1. Төмендегі заттардың қайсысы каппиляр эндотелиалары арқылы әдетте везикулярдық транспорт (эндоцитоз, экзоцитоз) арқылы өтеді?

A. Оттегі мен көмірқышқыл газ

B. Натрий мен Калий иондары

C. Су

D. Стероидты гормондар



E. Плазма ақуыздарынан басқа ақуыздар



  1. Лимфаның лимфатикалық жүйе арқылы қозғалысын сиппатаңыз

A. Лимфалық тамырлаырының перистальтикалық жиырылу арқылы

B. Сүйек бұлшық еттерінің лимфатикалық тамырларды жан-жағынын қысуы арқылы

C. Екі қуысты лимфатикалық жүректің соғылуы арқылы

D. A және B

E. Барлығы дұрыс


  1. АДГ гормонының гиперсекрециясы нәтижесінде байқалатын құбылысты анықтаңыз.

A. Жинағыш түтікшелердің су өткіздігіші жоғары болғаны үшін, зәр тым сұйық күйінде шығады

B. Жинағыш түтікшелердің су өткіздігіші төмен болғаны үшін, зәр тым сұйық күйінде шығады

C. Жинағыш түтікшелердің су өткіздігіші жоғары болғаны үшін, зәр мөлшері аз болып, байытылған күйінде шығады

D. Жинағыш түтікшелердің су өткіздігіші төмен болғаны үшін, зәр мөлшері аз болып, байытылған күйінде шығады

E. Маскүнем адамға айналады


  1. Көмірқышқыл газы концентрациясының өзгеруіне тәуелді вентиляторлық жауап, орталық пен перифериялық хеморецепторлар арқылы жүзеге асырылады. Осы рецепторлар ең жоғары қандай молекулалар концентрация өзгеруіне әсерін көрсетеді?

A. карбамин қосылыстары

B. еріген СО2

C. Н+

D. HCO3



E. H2O


Өсімдік Анатомиясы мен Физиологиясы




  1. Төмендегілерден қайсысы дән жарнағының физиологиялық қызметіне кірмейді?

A. Эндоспермнен көмірсуларды сіңіру

B. Фотосинтез

C. Ақуыз қорын жинау

D. Липид қорын жинау

E. Вегетативті көбею


  1. Ксилема құрылымы сипаттамасына жатпайды

A. Жасушалары созыңқы пішінді

B. Жуан қабатты қосалқы жасуша қабықшасы

C. Жасуша перфорацияларының болуы

D. Жасуша соңдарында кең диаметрлі пораларының бар болуы

E. Ядро мен цитоплазмалары аутолизге шалдыққан


  1. Төмендегі факторлардың қайсысы алма ағашы жапырағы арқылы өтетін транспирация мөлшерін азайтады?

A. Әлсіз соққан жел

B. Қатты күн сәулесі

C. Түстен кейінгі жаңбыр

D. Көп мөлшердегі топырақ суы

E. Түс уақытысы кезіндегі ыстық ауа


  1. Кактус өсімдіктері Қазақстанның шөлді мекендерінде өмір сүруіне бейімделген. Төмендегі құрылыстардың қайсысы кактус өсімдктеріне қатты ыстық пен аз жауын шашынды аймақта бейімделуге көмектеспейді?

A. Қалың балауызды кутикула

B. Сабақ ауданының көлеміне қатынасының үлкен болуы

C. Жапырақ саңылыауларының күндізгі уақытта жабық болуы

D. Жапырақтарының ине тәрізді пішін алуы

E. Су сақтағыш ұлпаларының бар болуы


  1. Төмендегі құрылымдарының қайсысы өсімдікті механикалық тірекпен қамтамасыз етеді?

A. Трахеидтер, склеренхима, колленхима

B. Склеренхима, тоз, қабық

C. Ситовидті түтікшелер, өткізгіш ұлпа элементтері, эпидермис

D. Склеренхима, өзек жасушалары, эпиталиалды жасушалар

E. Өзек, қабық, ксилема


  1. Өсімдіктің қартаюы мен жемістердің пісуіне әсер ететін басты өсімдік гормонын анықтаңыз.

A. Цитокинин

B. Ауксин

C. Гиббереллин

D. АБК


E. Этилен


  1. Төменде көрсетілген графиктер әр түрлі өсімдіктердің транспирация жылдамдығы мен жапырақ температурасының байланысын көрсеткен. Осы графиктерге сүйене отырып, ыстық климатта мекендеп, суды үнемді жинайтын өсімдікті анықтаңыз.



A. Күнбағыс

B. Үйеңкі

C. Креозот

D. Жасыл шөп

E. Қарағай




  1. Барлық саңырауқұлақтар:

A. паразиттер

B. фотосинтез арқылы қоректенеді

C. гетеретрофтар

D. өлі ағзаларда өмір сүреді

E. патоген болып саналады


  1. Төмендегі құрылымдардың қайсысы керекті ұлпалармен дұрыс жұптастырылмаған?

A. тамыр қылшықтары-жабынды ұлпа

B. жасыл бағаналы жасышалар -негізгі ұлпа

C. тыныс саңылаулар жасушалары-жабынды ұлпа

D. сүзгілі жасушалар-негізгі ұлпа

E. трахеид-өткізгіш ұлпа


  1. Тыныс саңылаулар жасушаларының қызметі неде?

A. эндодермисті қорғау

B. Калий иондарын жинап, саңылауларды жабу

C. хлоропласстар арқылы калий иондарын жасуша ішіне импорттау

D. минералдардың саңылаулар арқылы жоғалмауын бақылау

E. фотосинтез және транспирация балансын бақылауға жәрдемдесу


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет