Республикалык аділет газеті Анри Мозер жинақтаған қазақ жәдігерлері елімізге қайтуда



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі77,19 Kb.
#46113
1   2





ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН ШВЕЙЦАРИЯ АЗАМАТЫ


Начало формы

Конец формы


Анри Мозер жинақтаған қазақ жәдігерлері елімізге қайтуда




Қазақ қызы Халисаның портреті. 1870 ж. Фото. Анри Мозер қорынан. Берн тарихи музейі

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасымыз діліміздің институционалдық негіздеріне айрықша назар аударған болатын: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды». Қазақстан мен Орталық Азия өзінің географиялық орналасуы, табиғи ресурстары және төл мәдениетімен еуразиялық саяхатшылардың ерекше назарын жаулағаны белгілі. Сондықтан мәдениетіміз бен тарихымыз жайлы сыр шертетін құжаттар мен мемуарлардың бай қоры шекара асып, бүгінде Батыс (Париж, Франция, Берн, Швейцария, Будапешт, Венгрия) пен Шығыстың (Бейжің, КХР, Ұлан-Батор, Моңғолия) атақты музейлеріндегі құнды жәдігерлерге айналған.

 

Қазақстан мен Орталық Азия тарихына қатысты дереккөздердің ішінде аз зерттелгені – швейцариялық саяхатшы Анри Мозердің қоры. Анри сағат саудасымен аты шыққан, Ресейден дүкендер желісін ашқан атақты швейцарлық саудагер Генрих Мозердің отбасында дүниеге келген. 1868-1889 жылдары Орталық Азияға, Қазақстанға төрт рет саяхат жасап, олардың қорытындысы бойынша құнды мемуарлар жазды. 1914 жылы дүниежүзілік соғыс басталған тұста зерттеуші өзінің жеке мұрағаты мен топтамаларын Берн тарихи музейіне тапсырған. Олар күні бүгінге дейін сонда сақтаулы.



Өзінің алғашқы сапары кезінде А.Мозер генерал Черняев, Ресей империясының Бұхар әмірлігіндегі елшісі Витгенштейн ханзаданың және Санкт-Петербургтағы Франция елшілігінің әскери атташесі, полковник барон де Серменнің жол көрсетуімен «Орынбор – Орск – Қазалы – Ташкент» бағыты бойынша қазақ даласын кесіп өтті. Саяхатшы жол бойы түрлі зерттеулер жасаған, жергілікті басқарушылармен кездесіп, қазақтардың мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмысы туралы керемет суреттемелер қалдырған.

Отандасымыз, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қ. Әбусейітованың білімдарлығының арқасында Батыс Еуропадан, Берн музейінен табылған бірегей жәдігерлер ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде Қазақстанның мемлекеттік тұтастығының бұлтартпас дәлеліне айналды. Мозердің қазақ жеріне саяхаты туралы 472 беттен тұратын үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) иллюстрацияланған жинақ – швейцариялық әріптестерімізбен ынтымақтастықтың жылнамасы жасалды.

Сапалы басылған фолиантта Анри Мозердің қазақ жерінде кездескен адамдары мен тапқан деректерінің түрлі-түсті суреттері берілген. Шығыстану институтының мамандары Ә.Муминов пен Ш.Тоқтабаева жәдігерлердің этномәдени ерекшелігі туралы сараптамалық қорытынды жасады.

Мұның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тарихымыз мен мәдениетіміздің түп тамырын зерттеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жүзеге асқанын айта кеткен жөн. Швейцария тарапынан бұл жобаға Берн тарихи музейінің директоры Петер Йецлер, Анри Мозер қорын сақтаушы Томас Пеот, профессор Анке фон Кюгельген мен нумизмат Симона Сала қатысты. Басылым тарих пәнінің оқытушылары үшін оқу-әдістемелік құрал, ал студенттер мен оқушылар үшін қазақ мәдениетінің энциклопедиясына айналары хақ.

Жинақта көрініс тапқан қазақ дегдарларының киімдері, бас киімдері мен тұрмыстық заттарының қанық түсі таңғалдырмай қоймайды, ақ-қара түсті суреттердің өңі кіріп, құлпыра түскен. Жіті бедерлеудің арқасында күміс пен теріден жасалған, ақықпен көмкерілген әшекей бұйымдар ажарлана айшықталған. Тігін бұйымдары, білезіктер, қамшы мен қару-жарақтарға да еріксіз назарыңыз түседі: пропорциялар дәлдігі, сызықтардың нәзіктігі көздің жауын алады.

Басылым халқымыздың көшпенді тұрмысы туралы бір кітаптан екіншісіне «көшіп» жүретін дәстүрлі көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Орталық Азияның логикасы ғажап! Қазақ мәдениетінің әлеуетін осылай бағалауға болатын шығар. Табылған деректер қиялға қанат бітіріп, ежелгі мәдениетімізге қайта үңілуге, көнерген дүниелерді қайта ақтаруға итермелейді. Елбасымыз айтқан ұлт «кодының» ұмытыла бастаған қалыбы жаңа заманға сай жаңғырғандай.

Қылқалам шеберлері, жазушылар, киногерлер тарихтың бұл табысы туралы әлі талай туындылар тудырары анық. Кезінде саяси көзқарастары үшін Алматыға жіберілген атақты жазушы Юрий Домбровский «Алтын адамның» шыққан тегі туралы өз болжамын айтқаны белгілі. Оның алтын ханшайым туралы нұсқасы әлі күнге дейін ғылымда қолданысын жойған жоқ...

Мозердің сол кезеңдегі беделді адамдар туралы естеліктері, қазақтың салт-дәстүрі, жөн-жоралғылары мен түркі әйелдерінің биязылығы мен бостандық сүйгіштігі туралы әңгімелері аса тартымды. Зерттеушіні қазақ ауылдары құрметпен қарсы алып, дәулетті отбасылар қымбат сый-сияпаттар жасаған: қақталған қылыш, тоқыма кілемдер, әшекей бұйымдары мен киім-кешек, ат әбзелдерін ұсынған. Анри топтамасындағы заттардың бір бөлігін қазақ қонақжайлығының белгісі ретінде Жантөрин, Сейдалин, Баймұхамедов сынды сұлтандар сыйға тартқан. А.Мозер суреттерінде киіз үй жиһаздары, әйелдердің орамалдары мен кимешектері, теріден жасалған заттар (бас киімдер, ішіктер) айқын көрініс тапқан. Тіпті, діни бұйымдарды да кезіктіруге болады.

Егер қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уәлиханов ұзағырақ өмір сүргенде, швейцариялық саяхатшының сұхбаттасы, жолсерігі болар ма еді?! Жат жұрттық зерттеушінің қазақтың мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытқанына сүйсініп, дерек жинауына көмектесер еді, біз білсек. Қалай болғанда да, Анри Мозердің қазақ мәдениетінің насихатшысы ретінде қажырлы еңбегіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазақтың қолөнер бұйымдарын Халықаралық көрмелерде (1900 жылы Париждегі көрме, т.б.) таныстыру арқылы Мозер «ЭКСПО-2017-нің» бастамашысы, ізашары болғандай. Оны бұл іске итермелеген не? Бас пайда емес, әрине. Қазақтың қасиетін дәріптеу жолындағы ыждаһаттылықтың арғы жағында ұлттың «кодына» деген құрмет жатыр. Қазақ қызы Халисаның Мозер түсірген көркем портреті мен ат үстіндегі суреті әлі күнге дейін сақтаулы. Кім біледі, қазақ аруларының бірі зерттеушінің жүрегін жаралаған да шығар.

Берн тарихи музейіндегі Анри Мозер топтамасының ұлттық мәдениет пен тарих үшін маңызы профессор М.Әбусейітованың 2005 жылы Батыс Еуропаға сапары кезінде дәйектелген болатын. «Музейге қойылған заттардың ішінде аппликациялық өрнектермен көмкерілген киіз үйдің арқалығына келушілердің назары ерек түседі. Киіз үй ішінде дөңгелене жайғасқан қонақтардың иерархиялық дәрежесін көрсететін бұл жәдігер жатжұрттықтардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын тудырмай қоймайды», – дейді Меруерт Қуатқызы. Айтпақшы, М.Әбусейітова Швейцария тарапының келісімі бойынша зерттеу кезінде табылған деректер мен олардың көшірмесін ресми түрде таныстыруға рұқсат алған Қазақстандағы жалғыз адам екенін айтпай кетуге болмас. Қазақстан мен Швейцарияның бірлескен жобасының нәтижелерін, зерттеу барысында ашылған ғылыми жаңалықтарды көпшілікке таныстыруға арналған барлық шаралар Бернмен келісілуі тиіс. Мәселен, біз тілге тиек еткен кітап-альбомның тұсаукесері 8-11 қазан аралығында Швейцарияда, Цюрих университетінде өтті. Ендігі қадам – альбомды қазақстандықтарға таныстыру.

«Анри Мозер қорындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалар мен артефактар» деп аталатын жинақтың біздің еліміздегі тұсаукесері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтсе, нұр үстіне нұр болар еді. Жоба Есік қорымынан табылған «Алтын адамның» таныстырылымы сияқты турне түрінде ұйымдастырылар болса, көрме Орталық Азияның барлық республикаларында аншлагпен тамашаланары сөзсіз. Шетелдіктерге қазақ мәдениетін насихаттаған Анри Мозер зерттеулерінің заңды жалғасы ретінде алдымыздағы айтулы шара – «ЭКСПО-2017» барысында да қонақтардың назарына халқымыздың төл дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін танытатын этно-тарихи еңбектердің көрмесі ұсынылады деп ойлаймыз. Бұл ұлттың «кодын» қайта жаңғыртуға бағытталған сатылы қадамдардың бірі болмақ.

Гүлнар МҰҚАНОВА,

тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

 

Алматы қаласы


Добавить комментарий


Начало формы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет