«рим қҰҚЫҒЫ» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/5
Дата08.07.2018
өлшемі348,5 Kb.
#48322
  1   2   3   4   5

ОӘК 042-14-5-07.01.20.07.03-2012

№ 1 баспа

беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК042-14-5-07.01.20.07.03 - 2012

«Рим құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1басылым . .09.2012ж.






«РИМ ҚҰҚЫҒЫ»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған



Семей

2012


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы



  1. Глоссарий



  1. Дәрістер

Дәріс-1. Рим құқығының  ұғымы, жүйесі

Мақсаты: Ежелгі Рим құқығының  түсінігі, рим азаматтық құқығының маңызы және Рим жеке құқығының жүйелерін, соның ішінде  пандектілік жүйе мен институциялық жүйелерді оқытып, үйрету. Студенттерге Ежелгі Рим құқығының шығу тарихы мен оның мәнін, рим құқығының заңгерлер үшін маңызын оқыту. Сонымен қатар, рим құқығының ерекшеліктерін оқыту.

1Рим құқығының  ұғымы, жүйесі

2 Рим құқығының тарихи мәні
1. Римдiк құқық терминiмен көне Рим құқығы Рим мемлекетiнiң құл иелену құқық тұсындағы құқығымен айқындалады. Рим мемлектiнiң даму тарихы және Рим құқығының барлық жүйесi шет мемлекттердiң тарихи құқығы курсында оқытылады. Римнiң азаматтық құқық негiздерi пәнi мүлiктiк құқықтың маңызды мәселеллерiмен, сонымен бiрге отбасылық құқықтың қағидаларын Абсолюттiк монархия тұсындағы мезгiлiн қамтиды. Бiздiң қазiргi қоғамда Азаматтық құқық терминi құқықтың мүлiктiк қатынастарын реттейтiн аумағында қолданылады.

Латын тiлiнде Азаматтық деген сөзге civiles. Алайда ius civile қазiргi азаматтық құқыққа толығымен сәйкес келмейдi. Бұл терминмен бiрден Еж. Римнiң ұлттық құқығы сипатталады. Бұл құқықтың тек Рим азаматтарына – квириттерге ғана таралған. Сондықтан, ол кейде Квириттiк құқық деп аталады. Бұл жағдайда ius civile халық құқығына, яғни  ius gentium-ге қарсы шығады. ius gentium Римнiң барлық тұрғындарына тән, соның iшiнде перегриндерге тән құқық болатын. ius gentium перегриндермен Рим азаматтарының арасындағы туындайтын мүлiктiк құқықты реттейтiн болғандықтан, ол Рим азаматтарының құқықтарының бiрi болып табылатын. Рим құқығы терминiмен Рим заңгерлерi кең философиялық категорияны қамтитын, жалпы барлық халыққа тән, олардың табиғи құқығын айқындайтын құқық деп есептеген – ius, naturale - табиғи құқық. ius civile-кей жағдайда құқықтың кей жүйесiне қарсы шығады. Олар преторлардың тәжрибесiнде және магистраттардың тәжрибесiнде қалыптасқан құқық, кейде преторлық құқық деп аталады. Бұл қарсылықта ius civile – халық жиналысында, кейiннен сенаттан шыққан құқық нормаларын белгiлейдi. Сонымен азаматтық құқыққа бүгiнгi түсiнiк бойынша Римде 3 аталған жүйе кiрген:

1.       Цивильдiк құқық (қарапайым құқық)

2.       Халық құқығы.

3.       Преторлар құқығы.

Бұл үш түсiнiкке жалпы терминi ретiнде ius privatium, яғни жеке құқық деген мағынаны бiлдiредi. Жеке құқық көпшiлiк құқыққа қарсы қарсы қойылады. Римнiң классикалық мерзiмдегi Ульпиан атты заңгерi құқықтың осы 2 саласын былай бұлектейдi: Көпшiлiк құқық - бұл Рим мемлекетiнiң мәртебесiне және жағдайына қатысты құқық, ал Жеке құқық жеке тұлғалардың мұдделерi мен пайдасына қатысты құқық. Сонымен жеке және көпшiлiк құқықтарды ажырататын жағдай Ульпианның ойы бойынша құқықтық қорғаудағы сипаты: Көпшiлiк құқық саласына жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын нормалар, ал жеке құқық саласына мемлекет мүдделерiн қорғайтын нормалар жатады.

Рим заңгерлерiнiң құқықты көпшiлiк  және жеке құқыққа бөлуi тәжiрибесi бүгiнгi күнгi көпшiлiк құқық жүйелерiнде де кейбiр елдерде қабылданған мысалы: Франция мен Германияда, азаматтық құқықты бөлудi талап етедi. Субъектiлердiң өзара мүлiктiк қатынастарын реттеу. Сауда жағдайындағы қатынастардан бөлiп шығарады.Сауда қатынастары арқылы реттеледi. Азаматтық құқық ссуда құқығымен бiрiгiп жеке құқықты қарастырады, ол азаматтық құқық синонимi сипатында қолданылады. Жоғарыда көрсетiлген көпшiлiк мүдделер мен жеке мүдделер құқығын бұлектеу өзiнiң сипаты арқылы да айырмашылықта болады. Жеке қоғамдық қатынастарды реттеуде кұпшiлiк құқыққа келесi принциптер тән:

1.       Көпшiлiк құқықтың мәселелерi жеке тұлғалардың келiсiмi арқылы өзгертiлмейдi.

2.       Құқықтық нормаларды қандай да жағдайда жеке тұлғалар өзгерте алмайды.

Мiне осы көрсетiлген жағдайларда көпшiлiк құқық мәселерiнiң 2 жақтың келiсiмi арқылы өзгертiлуге болмайтындығы дәлелденедi. Бұндай жағдайда бұгiнгi күнгi теорияда императивтiк, әмiршiлдiк мiндеттi тұрде орындалуы қажет деп аталады. Императивтiк нормалар жеке азаматтық құқықта кездеседi. Мысалы: Римдегi қамқоршылыққа алу институты жеке азаматтық құқық институты болып табылады. Дегенмен, құқық институтына қатысты мәселелер мысалы, қамқоршының қамқорлықтағы тұлғаның мүлкiн өз қарамағына алуы императивтiк нормалармен реттеледi. Жеке азаматтық құқыққа тән емес бұл құқық саласына бiр жағынана екi жақ ұз ерiктерiмен келiсiмге келуi тән болса, 12 кесте заңдарында көзделген.

  2. Рим жеке құқығының жүйесі жеке кұқығының құқықтық нормаларының топтастырылуының  анықталған тәртібі.

Теорияда құқықтық нормалардың топтастырылуының екі жүйесін атап көрсетеді: пандектілік жэне институциялық.

Пандектілік жүйе төрт негізгі арнайы бөлімдерді қамтиды:

Заттық құкық

Міндеттемелік құқық

Отбасы қүқығы

Мұрагерлік құқық

Институциялық жүйеде жалпы бөлім болмайды, ал негізгі бөлім мынадай бөлімдерге бөлінеді

Құқық субъектілері

Заттық құқық

Міндеттемелік қүдық

Мұрагерлік құқық.                                

Рим жеке кұқығын топтастырудың негізі жария жэне жеке құқыққа бөлінуіне байланысты. Ерте рим жеке құқығы квирит тайпаларының атымен квириттік деп аталды. Бүл жүйе кейіннен цивильдік құқық деп аталды және ол қатаң ұлттық сипатқа ие болды. Тар мағынадағы цивильдік қүқық деп, заңдармен бекітілген жеке құқыктың тар ұлттық жүйесі танылды. Цивильдік құқықпен қатар преторлық кұқық жүйесі қалыптасты. Құлиеленушілер таптардың- жер иеленушілер мен өңдеушілердің өсуі таптық қайшылықтардың өсуіне әкеліп сокты. Рим емес азаматтардың арасындағы қатынастарды кұқықтық реттеу қажеттілігі туды. Бұл арнайы лауазым иесі- претордың арнайы актіні қабылдауы арқылы жүзеге асырылды. Осы актілердің жиынтығы преторлық құқықты құрады.

Цивильдік кұкық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылык қатынастардьщ өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды қүқықтық реттеу халық қүқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық римдік емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын қорғады.

Бүл құкық жүйесі әртүрлі ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық тауар айналымының қағидаларынан жэне жалпы нормалардан қалыптасты. Халық құқығының мазмұны әмбебап құқықтық жүйесінің -рим классикалық құқығының пайда болуына негіз болды. Бұл жүйенің тауар өндірісінің және тауар айналымының дамуына қосқан үлесі зор.

Рим жеке құқығы өзінің дамуында классикалыққа дейінгі кезеңнен, классикалық кезеңге және кейіннен абсолюттік монархия кезеңінен өтті. Бірінші кезеңде рим құқығы патриархальдық қоғамдық

қатынастарды реттеуге қызмет етті. Классикалық кезеңде рим жеке

құқығы тауар - ақша қатынастарын реттеуге кызмет етті. Абсолютті

монархия кезеңінде жеке құқық нормаларын кодификациялау

жүйелеу жургізілді.



2Бiр кезде рим құқығын “Жазылған ақыл” деп атаған.
әрине бүгiнгi күнi жеке құқығы мүлiктiк қатынастардың, әсiресе сауда айналымында күрделi аумағын шектеуде көп алға кеткен. Дегенмен көптеген жаңа заңды құрылымдар рим құқығында қалыптасқан элементарлық түсiнiктер мен категориялардан тұрады. Рим жеке құқығы азаматтық және сауда заңдылықтарын оқып үйренуде және кәсiби заңгерлердi дайындаудың негiзгi базасы болып табылады. Рим құқығының мәнi оның келешек құқықтың дамуына ғана емес, мәдениеттiң дамуына да үлкен әсерiн тигiздi. Рим құқығы қарапайым тауар иелерiнiң құқықтық қатынастарын (сатушы ,сатып алушы,несие берушi, несие алушуы, келiсiм шарт, мiндеттеме және т.с.с) өте жоғарғы дәлдiкпен сипаттайды. Бұл жайында Ф.Энгельс былай деген: “Рим құқығы жеке меншiк тұсындағы өмiр жағдайларын және қоғам қайшылықтарын классикалық заң ретiнде өте жоғары дәрежеде реттейдi, сондықтан да кейiнгi заңдар оған айтарлықтай жақсартулар енгiзе алмады”.

Рим құқығының бұл ерекшелiктерi орта ғасырдағы Европаның дамып келе жатқан өнеркәсiбi мен саудасы әрi қарай жетiлген құқықтық базаны талап етуi қарапайым құқықтық феодалдық нормалары өмiр талабын қанағаттандыра алмаған жағдайда - рим құқығының рецепциясы деген өте қызық процестiң туындауына әсер еттi.

 Рецепция арқылы ортағасыр мемлекетi тәжiрибесiне енiп, Рим құқығы кейiнiрек басқа да азаматтық құқықтық нормаларды қамтиды. Рим құқығы ұз әсерiн азаматтық құқыққа да тигiздi. Сондықтан да азаматтық құқықты терең түсiну рим құқығын бiлмей мүмкiн емес. Заң теориясы мен тәжiрибесiнде тұрақталған кейбiр терминдер мен түсiнiктердi (Мыс: реституция, вендикация, универсалдық, мирасқорлық, мұрагерлiк және т.б) ұзiнiң туындаған жерiнен бастап оқып бiлмесе, оларды жақсы түсiну мүмкiн емес.

  2. Рим құқығы өзiнiң айқындылығымен, атап айтсақ жақсы заңдылық технологиясымен ерекшеленедi.

 Сондықтан да, олар бұгiнгi заңгерлерге заң категорияларын айқын бөлектеп тұжырымдауға жақсы мүмкiндiк бередi. Заң технологиясын игеру заң шығару жұмысында және заңды дұрыс қолдану iстерiнде де өте қажет. Заңдар әркiмге түсiнiктi тiлмен ғана баяндалып қоймай, олардың редакциясы және мәтiнi заң шығарушының ненi айтқысы келгенiне сай болуы тиiс. Заң жалпы норма, ал жалпылық барлық мүмкiндiктердi дамытуы қажет. Заң шығарушыға қоятын осы талаптарды iске асыру заң технологиясын жоғарғы деңгейде игерудi талап етедi. Заңды қолданушы заңгер заңның жалпы нормаларын және өмiрдегi нақты жағдайлардың құрамын жақсы талдай бiлiп, олардан дұрыс қорытынды шығаруы тиiс. Рим құқығы ұзiнiң нақтылығы және айқындылығымен талаптарға жауапты үлгiсi ретiнде айқындалады.

Рим құқығына тек мемлекет әсері ѓана емес, мәдениеттіњ де дамуы себебін тигізеді. Мәдениет саласыныњ қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездіњ өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алу мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты қ±қықтық элементтер кµріне бастады.

Өзінің мәні мен мањызына байланысты Рим құқығы қазіргі заңгерге өте керекті нәрсе болып тұр. Оны оқып т‰сіну зањ тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларѓа да мањызды.

Бақылау сұрақтары:

1.       Рим азаматтық құқығының ұғымы.

2.       Рим жеке құқығының ұғымы.

3.       Жеке құқықтың көпшiлiк құқығынан айырмашылығы

4.       Рим азаматтық  құқығының  негiзгi жүйелерi

5.       Бiртiндеп  жақындау процесi және бұл жүйелердiң тұтасып кетуi

 

Дәріс 2. Рим құқығының қайнар көзі



Мақсаты: Рим құқығының негізгі қайнар көздерінің құрамын оқыту, рим құқығын пайдалана отырып заңгерлердің қызметін реттеу тәсілдерін үйрету

1.Юстинианның кодификациясы себептері мен процесі

2.Талап қою туралы ілім
1. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады. Әртүрлi халықтардың Рим құқығы заң әдебиеттерiнде құқықтың қайнар көзi әртүрлi мағынада қолданыллады:1) құқық нормаларының қайнар көзi ретiнде; 2) құқық нормаларының пайда болуының әдiсi ретiнде; 3)құқықты танудың қайнар көзi ретiнде.

Құқықтың соңғы қайнар көзi ретқнде қоғам өмiрiнiң материалдық жағдайлары танылады. Бұл жағдайды әрдайым есте сақтау керек, әсiресе құлиеленушi қоғамның тұсындағы құқықты оқыған кезде.

Заң әдебиеттерiнде кездесетiн өзге жағдайларда құқықтың қайнар көзi мағынасы-құқықтың, құқық нормаларының қандай тәсiлмен, қандай жолмен жасалады дегент сұрақтарға жауап бередi. Бұл жағдайда құқықтың қайнар көзi терминiнiң мағынасымен шатасып қалмауы үшiн, құқықтың жасалу түрлерiн айтып өткен дұрыс. Рим құқығы тарихында құқықтың пайда болуы мына жолдармен қалыптасқан:

1.       Қарапайым  құқық ;

2.       Заң (Республика кезеңiнде - халық жиналысының қаулылары, принципат кезеңiнде - сенатконсульттар, абсолюттiк монархия кезеңiнде - император конституциялары);

3.       Магистраттар эдиктттерi;

4.       Заңгерлер қызметi.

   Юстиниан Институцияларында жазылған құқық (ius scriptum) пен жазылмаған құқықтың (ius non scriptum) аражiгi ашылып көрсетiлген. Жазылған құқық - бұл билiк органдарының шығарған заңдары және өзге де құқық нормалары. Жазылмаған құқық - бұл тәжiрибенiң өзiнде қалыптасатын нормалар. Егер мұндай тәжiрибеде қалыптасқан адам iс-әрекетiнiң ережелерi мемлекеттiк билiктiң қолдауы мен қорғауына иеленбесе, олар жәй ғана әдет-ғұрып болып қалады. Ал, егер әдет-ғұрып мемлекеттен қолдау тапса, олар қарапайым құқықты құрайтын заңи әдет-ғұрыпқа, кейде мемлекеттiк билiкпензаң түрiнде қабылданады.

Әр кезеңде құқықтың қалыптасуы бұл тарихи кездейсоқтық емес. ғұқықтық жағдайдың мазмұны оның сыртқы факторларға сәйкес келетiндiгiндей,құқықтың формалары да мемлекеттiк саясатты айқындайтын барлық жағдайларға,уақыт пен орынның әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына тәуелдi болады.

Қарапайым құқық-Рим құқығының пайда болуының көне түрi болып табылады. ғарапайым құқық нормалары Рим құқығында mores maiorum-ата-баба әдет-ғұрыптары, usus - қарапайым тәжiрибе, commentarii magistratium- магистраттардың тәжрибесiнде қалыптасқан ә.ғ, consuetudo - ә.ғ. император кезеңiнде терминдермен сипатталады.

 2. Әдет-ғұрыптардың ұзақ уақыт қолдануына қарағанда,оның мәртебесi жоғары, алайда  ол заңнан күштi болмауы керек. Республика кезеңiнде заңдар халық жиналысынан өтiп leges деп аталатын. Заңның толық күшi болуы үшiн Рим мемлекетiнiң 3 органының қатысуы керек едi.

1.Магистрат- халық жиналысын шақыруға құқығы бар орган;

2.Халық- жобаны қабылдау немесе қабылдамау мақсатында жиналған халық.

3.Заң - магистрат ұсынған, халық қабылдаған заң сенаттың қолдауынан өтуi тиiс.

Рим құқығының қалыптасуының бiр түрi болып Магистраттар Эдиктi болып табылады. Эдикт терминi dico сөйлеймiн мағынаға сәйкес магистраттардың белгiлi iс бойынша ауызша баяндамасы. Уақыт өте келе эдикт қалыптасқан тәжiрибе бойынша республикалық магистрлердiң қызметiне кiрiсу барысында жарияланатын арнайы бағдарлама мағынасында қолданылады. Магистраттар өз эдиктiлерiнде олардың қызметiнiң негiзгi ережелерi, қандай жағдайда талап қойылады,қандай жағдайда қойылмайды және т.с.с мәселелердi жариялайды.Мұндай магистраттың бiр жылдық ызметiнiң бағдарламасын анықтайтын эдиктiлерiн жеке жағдайға байланысты бiр рет жарияланатын эдиктiлерге қарағанда тұрақты деп атаған.

Эдикт шығаратын преторлар да, магистранттар да магистранттар да заңдарды өзгертуге, бас тартуға немесе жаңа заң шығаруға құдыретi жоқ болады. Мысалы: Гайдың айтуынша претор өзге бiреуге мұрагерлiк құқықты бере алмайды. Бiрақ сот қызметiнiң басқарушысы ретiнде претор цивильдiк құқық нормаларына тәжiрибелiк мән беруi немесе цивильдiк құқықтың кейбiр ережесiн күшiнен айыра алатын. Мыс: кейбiр жағдайларларда претор меншiк иесi емес азаматты қорғап, меншiк иесiн қорғаусыз қалдыруы мүмкiн, бiрақ меншiк иесi емес азаматты меншiк иесi ете алмайды.

Юрист Марциан преторлық құқықты өмiрдiң жаңа қажеттiлiгiне тез жауап беретiн және оларды қанағаттандыратын цивильдiк құқықтың жанды дауысы деп атап өткен.

Цицеронның шығармаларында рим заңгерлерiнiң қызметiнiң түрлерi respondere, cavere, agere, scribere терминдерiмен көрсетiлген. Respondere-терминi рим заңгерлерiнiң кеңес беру қызметi, agere-тараптардың iс жүргiзу барысындағы  iс-әрекетiне басшылық жасау және т.с.с. Ерте заманда заңгер қызметiн заңға түсiнiк беретiн, заңи құпияларын көпшiлiкке жарияламайтын жеке кастаны құрайтын понтификтер атқаратын. Заңгерлердiң құқықтық шығармашылық қызметi принципат кезеңiнде нақты мойындалды. Осы кезең Рим құқығының шарықтау кезеңi болатын. Көптеген ғасырларға шығармашылық мағынасын сақтап қалған рим заңгерлерiнiң күшi негiзiнен ғылым мен тәжрибенiң айырылмас байланысынан болатын. Рим заңгерлерi құқықтық құрылымдарын өмiр қажеттiлiгiне сай жасайтын.

Республика кезеңiндегi атақты заңгерлер деп :Марк Манилий, Юний Брут, Публий Муций, Сцевола, Аквилий Галл, Цицерон сияқты заңгерлердi атауға болады. Классикалық кезеңнiң көрнектi өкiлдерi Лабеон, Капитон болды. Осы заңгерлерден заңгерлердiң 2 мектебi бастау алды: Прокулян мектебi, Сабиньян мектебi.Бұл заңгерлерден басқа Юлиан, Помпоний, Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан-атты заңгерлердi атап өткен жөн.

Бiзге кейбiр бөлiмдерi ғана жеткен рим заңгерлерiнiң ғылыми-әдеби шығармаларын келесi бөлiмдерге бөлуге болады. Бiрiншi претолық құқыққа қарсы шыққан цивильдiк құқықтың нұсқасындағы шығармалар. Бұл шығармаларда заңгерлер Сабиннiң “Азаматтық құқық туралы” шығармасындағы жоспарларға сәйкес жасайтын. Заңгерлердiң шығармаларының бұл категориясын libra ad Sabinum деп атайтын.

Шығармалардың екiншi тобын преторлардың эдиктiлерiне түсiнiк беретiн шығармалар құрайды. Мысалы: Лабеонның, Гайдың, Павелдiң, Ульпианның шығармалары.

Үшiншi тобына цивильдiк құқық пен преторлық құқықты байланыстыратын дигестердi жатқызуға болады.

Төртiншi тобын оқулықтар,яғни институциялар болатын. Олардың iшiнде ең атақтысы Гайдың Институциялары.

Бесiншi тобын “Сұрақтар” (Цельза,Помпония), ”Жауаптар” (Папиниан) атты казустардың жиынтығы құраған.Сонымен қатар рим заңгерлерi арнайы сұрақтарға байланысты көптеген монографиялар жазған.

5-ғасырдың орта кезiнде плебейлер патрицилармен күресiп кейбiр жетiстiктерге жетедi. 451 ж 10 адамнан сайланатын (комиссия құру) заң шығару үшiн комиссия құрылды. Ол көрнектi патрицилерден құралып, кең уәкiлдiктермен пайдаланады. 1-жыл бойы iстi кодекстеу бiтпеген соң 2-шi жылы 10 адамнан жаңа комиссия құрылды. Бiрақ бұл жолы оның қарапайым құқықтың жаңа өңделген түрiн жинақтап шығарды. Оны тарихта 12 кесте заңдары деп атады. Олар шындығында да жай ғана құқықтардың жиынтығы едi. Бiрақ оның алдағы жерде Рим империясы үшiн үлкен пайдасы болды. Рим тарихшысы Тит Ливийдiң айтуынша 12-кесте заңдары көпшiлiк құқықтың да, жеке құқықтың да ең басты қайнар көзi болды. 12-кете заңдары өз атын қаланың орталық алаңында 12 ағаш тақтасына ойылып жазылған әдет-ғұрып заңдарына байланысты алды. Кейбiр мәлiметтерге қараған Рим азаматтығын алу үшiн осы 12-кесте заңдарын жатқа бiлу мiндеттi болды. Осы заңдар негiзiнде плебейлер құқығы қорғалды. Заңның толық тұпнұсқасы бiзге толық жеткен жоқ. Оларда тек қана Римнiң көрнектi тарихшылары мен заңгерлерiнiң шығармаларынан көруге болады, әсiресе Цицеронның, Ульпианның, Гайдың щығармаларында жазылған. Осы аталған заңгерлер iшiнде б.э. 2-ғасырда өмiр сүрген заңгер Гайдың сол кездегi Римдегi заңгерлер мектебiне арналған шығармасы  “Институция”-ны атауға болады. Оны кездейсоқ 1816 ж тарихшы Нейбур Италияның Веронна қаласынан тауып алды.

12-кесте заңдарының негiзгi белгiсi мүлiктi екi категорияға бөлiп қарады 1-жер, мал, құлдар т.б. 2-өзге мүлiктер. 12-кесте заңдары мына сөздерден басталады. “Егер сотқа шақырылса келсiн. Бiрақ өкiмет жауапкердi шақыруға ешбiр шара қолданбайды. Оны дауласушының өзi ертiп келуi тиiс.”

 2. Римде кодификацияның басталуы Рим құқығының белсендi дамуының Рим мемлекетiнiң құлдырауымен тұспа-тұс келедi. Құқық бұрынғыдай жедел дамуын тоқтатты. Сондықтан құқық нормалардың саны сапасына көшетiн болды. Империя кезiнде бүкiл толып жатқан императорлардың басқару актiлерiн бiр жүйеге келтiрiп тәрт iптi қатаң формада үстемдiк ететiн, құл иеленушiлiк топтың ерiгiн бекiту керек болды. Ең алғашқы кодификациялауды император конституцияларын жинақтаушы жеке тұлғалар бастаған едi. 5-ғ 1-жартысында император Федосий-2 “Codex Theodosianus” (Феодосий кодексi) атты алғашқы кодификация жарық көрдi. Бұл кодекс 16 кiтаптан тұрды, ал кiтаптар –титулдардан тұратын.

Рим империясының 2-ге бөлiнуiнен соң (батыс және шығыс) батыс бөлiгi ирландық жаулаушылардың қоластында болды. Оның аумағында Вестгот, Остгот, Бургунт корольдiктерi пайда болды. Бұл корольдiктерде рим құқығы өз күшiн сақтап қалды.

Феодосий-2-нiң кодификациясына қарағанда, б.э. 6-ғ.1-шi жартысында, шығыс императорларының iшiндегi ең бiр iскерi Юстинианның тұсында жарық көрген Юстиниан кодификациясы болды. Осы уақытта варварлардың қолында болған Римнiң Батыс бөлiгiмен, Шығыс бөлiгiн қосу жоспарланған едi. Сонымен қатар сол заманға сай, мазмұны айқын құқық керек болды. Осыған орай Юстиниан оған дейiн жиналған барлық заң актiлерiн бiр жинаққа келтiрудi алдына мақсат етiп қойды. Заңгерлердiң ұзақ жұмысының нәтижесiнде толық заңгерлiк жинақ пайда болып, оған “Corpus juris civilus” деген атақ берiлдi. Юстиниан архаизмдердiң барлығын жою, құлиеленушiлiк құрылысты баянды ету және шексiз монархияны бекiту бағытында жұмыстар жүргiздi.

  2. Кодификация жұмыстарын жүргiзген-император кеңесiн басқарған Трибониан және Константинополь мектебiнiң профессоры Феофил болды.

524-534 ж үш жинақ дайындап шығарды.

Институция

Дигестер

Пандектер

Юстинианның кодексi мен бұйрықтары Новеллалар деп аталды.

      Гайдың институциясы-бұл адамдар үшiн түсiнiктi, ең жақсы, қарапайым және бай тiлде жазылған еңбек болды. Ол өз еңбектерiнде Рим құқығының маңызды тұстарын ашып көрсеттi. Еңбектерiнiң құрылысын-жай адамдар, заттар, мiндеттемелер деп үшке бөлдi. Институциялар 4-топқа, кiтаптар титулдарға, титулдар параграфтарға бөлiндi.

       Дигестер- “Corpus juris civilus”-тiң ең үлкен бөлiмi. Бұған Римнiң ең маңызды 40-заңгерлердiң еңбектерi енгiзiлдi. 1570 кiтаптан үзiндi алынды. Олардың iшiндегi ең маңыздылары Ульпиан мен Павелдiң еңбектерi деп есептелiндi.

       Юстиниан кодексi-бұл императорлардың ресми жарлықтары, Юстинианның өзi шығарған 50-жарлығы осы жинақтарға енгiзiлдi. Жарлықтардың негiзгi мақсаты-бұрынғы императорлардың шығарған жарлықтарының арасындағы қайшылықтарды жою болды. Жарлықтар ретке келтiрiлiп, кодекстiң жаңа жаңа редакциясы шығарылды. Осы кодекс бiздiң заманымызға дейiн сақталып, бұгiнде Юстинианның еңбектерiмен танысуға мүмкiндiк берiп отыр. Новеллалар Юстинианның өзi шығарған бұйрықтардан тұрады.

 3. Мемлекеттiк сот жоқ болған кезде рим халқы жеке қол жұмсау кезеңiн басынан кешiрдi. Әр адам егер оның құқығына қол сұқса ол өзi сотсыз құқығын қорғай алатын. Бiрақ бiраз уақыт өткен соң құқық қорғаудың бұл түрi жойылды. Алайда Рим құқығында жеке қол жұмсаудың кейбiр элементтерi сақталды. Рим құқығында өзiн-өзi қорғау бiраз уақыт өмiр сұрдi. Ол құқық бұзушылықтың болмауын реттейдi. Құқықты бұзған кезде оның қайтадан күшпен қалпына келтiруге тыйым салынады. Егер бiр адам соған қарамастан құқықты қалпына келтiрем десе оған қарсы шара қолданылады. Құқықты қорғау функциясы сотқа берiледi. Соттың 2-түрi болады:

Юдиция публика мемлекеттiң мүдделерiн, бұзылған iстердi қарастырады;

Юдиция привата (жеке сот) азаматтық iстердi қарастырады.

Рим азаматтық iс-жүргiзуi 2-кезеңге бөлiнген: Юс және Юдициум. Бiрiншi кезеңде iстi шешiм шығаруға дайындайды. Iстiң қарастырылуы және шешiм шығару 2-кезеңде болады, бұл iс жүргiзу ординарлық болып табылады. Абсолюттiк монархия кезеңiнде iс жүргiзудiң 2-кезеңге бөлiнуi жойылды. Ал процесс төтенше экстра ординарлық деп аталады.

2.  Республика кезде азаматтық iс-жүргiзуi лексакциялық деп аталынады. Бiрiншi кезеңде ( Ин Юрэ) 2-жақ соттың магистраттың алдында белгiленген бiр салт-дәстүрдi жасап, белгiленген сөздердi айтады. Бұл сөзде  талапкер өз талабын айтады, ал жауапкер өзiнiң қарсылығын бiлдiредi. Ин Юрэ соңғы кезеңi Метис Контестацио деп аталады lites contestatio дамудың белгiлеуi.

    2-шi кезеңде магистраттың шешiмi мен тағайындалған судья дәлелдердi тексерiп шешiм шығарады.

  Формулярлық iс-жүргiзу Республиканың соңғы жылдарында (б.э.д 17ж) leges акциялық iс жүргiзуiнiң орнына формулярлық iс жүргiзу келедi. Бұл iс жүргiзу бойынша талаптар мен қарсылықтар салт дәстүрсiз айтылады. Ал (Ин Юрэ) кезеңiнiң аяғында талапкерге судьяға арналған хат берiлген. Бұл хатта судьяға талапты қалай шешу керек екендiгiн айтылған. Бұл хат бұйрық ретiнде қолданылатын және формула деп аталатын. Барлық адамдар үшiн бұл iс-жүргiзу Августың заңдарымен белгiленедi. Б.э.д. (17ж) жаңа iс жүргiзу бойынша претор ескi ережемен жұмыс iстемейтiн, ол жаңа қоғамдық қатынастарды тануға мүмкiндiк алды. Ал ескiрген қатынастарды қорғамауға  құқығы болды. Ол үшiн претор талапкерге заңның формуласын бермейтiн. Әр претор өзiнiң эдиктiсiнде талапты қорғау немесе қорғамау кездерiн жариялайды. Сол себептен Рим құқығындағы талаптар жұйесi, формула бiрнеше бөлiмдерден тұрады:

1. Судьяның тағайындауы;

2. Ad Tolitio мыс: белгiленген бiр мүлiктi бiр адамға беру;

3. Бөлiм гентенция талапкердiң шағымдары;

4. Демонстрация-iстiң құрамы, мазмұнынан тұрады;

5. Конденация-судьяның жауапкердi ақтау немесе соттау құқығы;

              Формуланың құрамына эксцепция және прескрипция қосымша бөлiмдерi ретiнде кiре алтын.

              Эксцепция-бұл жауапкердiң талапқа қарсылығы.

Прескрипция-бұл талапкердiң келешекте жауапкерден қалған мүлкiн қайтарып алуы.

              3. 3-ғасырдың соңында формулярлық iс-жүргiзудiң орнына экстраординарлық iс-жүргiзу келген едi. Бұл iс-жүргiзу екi кезеңге бүлiнбейдi және магистрат судьяға iстi бермейтiн. Экстраординарлық iс-жүргiзудi әкiмшiлiк органдар жүзеге асыратын. Iстiң қаралуы жариялылық болып есептелмейтiн. Егер талапкер iс қаралған кезде келмейтiн болса, iс аяқталған. Ал егер жауапкер келмейтiн болса, онда iс сырттай қарастырылған. Экстраординарлық iс-жүргiзу бойынша апелляцияны беруге мүмкiндiк болды. Сот шешiмiн мемлекеттiк органдар  талапкердiң ұтiнiшi бойынша жүзеге асыратын.

              Легесакциялық iс-жүргiзуiнде талап-бұл белгiленген дәстұр бойынша бiр адамның қызметi. Классикалық рим құқығында талап бұл-белгiленген бiр iстiң сот арқылы шешiлуi. Талаптың түрлерi:

Мүлiктiк және жеке талаптар. Мүлiктiк талаптар бойынша жауапкер ретiнде әрбiр адам бола алады. Жеке талаптар бойынша кредиторға тек ғана қарыз болған адам жауап бере алатын.

Аналогия бойынша талаптар.

Фикциясы бар талаптар.

Айып талаптары және бұзылған құқықтарды қалпына келтiру талаптары.

Интердикт претордың бұйрығы, бұл бұйрық бойынша претор құқығына кедергi жасайтын немесе оларды бұзатын iс-әрекеттерге тыйым салады. Кейбiр кездерде претор реституция деген бұйрық шығаратын. Реституция-бұл бұрынғы құқықарды қалпына келтiру.

       Талаптың ескiруi бұл максималды мерзiм. Бұл мерзiм iшiнде талап қаралуы керек.Талаптың ескiруi 30 жыл болып,оның ұзiлуi мұмкiн едi.Рим құқығында заңды мерзiмдер болған.Заңды мерзiмдердiң ағымы ұзiлмейтiн.

           

  

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет