Құрманғазы Бастауыш сынып мұғалімі



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі129.83 Kb.
1   2
Бастауыш сынып мұғалімі:

Рашова Эльмира Төребайқызы

Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.

Мақсаты: Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Тұрар әңгімесінің мазмұнын сұрау

Сұрақ – жауап: «Бәйге» ойыны



  1. Бала Тұрар әңгімесін жазған жазушы кім? Ш. Мұртаза

  2. Мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия)

  3. «Қызыл жебе» романының басты кейіпкерлері кімдер? Тұрар мен Айтмырза

  4. Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?

  5. «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?

  6. Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?

  7. Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?

ІҮ. Қызығушылығын ояту:

1. Балалар біз музыка сабағында қандай жанрлармен танысамыз? –Ән, күй, би, жыр

2. Бұлар неге жатады? -Өнерге.

3. Өнер жайлы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Өнерлі бала – сүйкімді

Өнерліге – өріс кең

Жігітке жеті өнер де аз

4. Осы әнді, күйді, биді, жырды орындайтын кімдер?

- Өнер адамдары

Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім? –атақты күйші



Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады.

2. Оқулықпен жұмыс.

Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.



Суыт – асығыс.

Кілтипандарын – құпиясын.

Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті.

Құқайбұл жерде: қиындық.

Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.

«Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты: Музыкалық аспаптармен күй аттарын ажырата білу, шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу.

Сергіту сәті

Домбыра күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Суретте саламын.
Ұқсатып кілемге
Кестеде тігемін.
Актерше рөлде
Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн,
Жасаймыз мүсін де.
Өнер көп бойымда
Мақтану маған жат.
ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Топтастыру стратегиясы

Домбыра аспабының қасиеттілігін айтайық.



Еңбекқорлыққа үйретеді

Шежірені білуді талап етеді

Иманды болуға жол ашады

Адамның ішкі жан дүниесін емдеп көңілді көтереді




ҮІІ. Сабақты қорыту.

1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?


2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
2. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. түсініп оқу



2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз.

3. Бағалау.
Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Тақырыбы: “Халыққа жеткіз күйімді” Бастауыш сынып мұғалімі: Сүлейменова Зухра Білімділігі: Ә. Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді»
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақ Тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!»
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы:
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
bastaysh3 -> Мақсаты: а білімдік мақсаты
bastaysh3 -> Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет