«Рөлге бөліп оқу әдісі» дауыс ырғағы, кейіпкер мінездемесі,музыкалық қойылым, театр образдарын жасау ерекшелігін талдап көрсет



бет1/2
Дата04.01.2022
өлшемі28,23 Kb.
#109502
  1   2
Байланысты:
«Рөлге бөліп оқу әдісі»
Пікір мугалимге, receipt

«Рөлге бөліп оқу әдісі» дауыс ырғағы, кейіпкер мінездемесі,музыкалық қойылым, театр образдарын жасау) ерекшелігін талдап көрсет

Ана тілдің қадірін түсіну туған тілінде жазылған кітап оқудан басталады. Өйткені оқу-ойлау мен ақыл ой дамуының, қайнар көзі. «Оқуды тоқтатқан адам, ойлауды тоқтатады», - дейді Дени Дидро.

Сол себепті де бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру. Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:


  1. Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).

  2. Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).

Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені оқу техникасы жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.

Іштей оқу мен дауыстап оқуға қойылатын талаптарды жүйелей келіп, әдіскер ғалым С.Рахметова оны 4-ке бөледі:

1.Дұрыс оқу

2.Шапшаң оқу

3.Түсіну оқу

4.Мәнерлеп оқу

Оқу жылдамдығын дамыту дегенімізді –ғалымның «шапшаң оқу» деген терминге берген анықтамасымен байланыстыруға болады. Жылдам оқу дегеніміз – текстегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу. (1.52)   Оқушы – кішкентай оқырман.

Жылдам оқудың жай оқудан өзіндік маңызы бар екенін білеміз. Жылдам оқитын, «оқырман» мәтіннің құрылымы мен  маңызына тез бойлап, оның мағыналық бөліктерін пайымдап, салыстыра алады. Жылдам оқудағы негізгі мақсаты- ақыл – ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады. Төменде жай оқушы мен жылдам оқушының ақыл – ой әрекетінің салыстырмалы сипаты көрсетілген.



Кітаптың аты.

Авторы кім?

Басты оқиғалар.

Мәселелер.

Ерекшелік.

Дәлелдер.

Жаңалық.








Айдос тамақ іш!

Оқысам ба?

Әлде оқымасам ба?

Теледидарда қазір не болып жатыр екен?

Мынаны оқып шығу керек.

Ол!


1-сурет. Сол жақта жай оқитын оқушы.          2-сурет. Оң жақта жылдам оқитын оқушы

Жылдам  оқу   дағдыларын бекіту арнаулы уақыт бөлініп, мынаған назар аудару керек.

1.Көз бен кітаптың арасындағы қашықтықты сақтау.

2. Мәтінді алдын ала іштей оқып шығу.

3. Шамамен қандай жылдамдықпен оқу керектігін көрсету.

4. Класты  барлық оқушыға бірдей мәтін беріп оны бірдей уақытта бастатып, бір уақытта аяқтап оқу.

Жылдам оқудың тағы бір түрі –класты дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда жеке- жеке тақтаға шығарып, мәтін беріп дауыстап оқу арқылы оқушының оқу жылдамдығын бақылаймын. Жылдам оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе –күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Жылдам оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Бұл ретте оқушыларға мәтінді хормен де, жеке- жеке оқытып көремін. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды  қайта-қайта   айтқызамын. Ол  әрі  дұрыс  оқуға, әрі жылдам   оқуға  септігін  тигізеді. Мысалы:

Шеше, шеше,

Неше кесе

Сынды кеше?

Біл, бұл –піл,

Бұл – бір ірі піл.

Шын еңбекшіл - өрмекші,

Өрмекші – шын өрнекші.



Алдымен оқушыларды дыбыстарды ажыратуға, одан кейін дыбыстарды біріктіріп дауыстап оқуға үйретемін. Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет. Дауыстап оқу – оның, кідіріссіз, қажетсіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады. Іштей оқу көзбен оқудан тұрады. Оқу техникасысын жеделдетуге Федоренко мен Пальченко мынандай жаттығуларды ұсынады.

  1. Қайталай бірнеше рет оқу.

  2. Жаңылтпаш қарқынмен оқу.

  3. Оқып  келе жатып оқымаған бөлімге ауысып  мәнерлеп оқу.

  4. Қиын сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс.

  5. Суреті көп кітаптарды көрсету, балалар оқығысы келеді.

  6. Кластан тыс оқуды ұйымдастыру.

  7. Слайдтарды пайдалану.

  8. Ойын ойнату – сөйлемде қойылмай қалған сөздерді табу.

  9. Жұптасып оқу. (2 адам оқу).

  10. Сабақта үйге берілген текстен үзінді оқу.

  11. Мәтінді түгел оқу.

  12. Мәтінді оқу,бөлімдерге бөлу,жоспар құру.

  13. Белгіленген жоспар бойынша оқу.

  14. Мысалдардан мақал-мәтел,нақыл сөзге айналған жолды тауып оқу.

  15. Мәтіннен лепті,сұраулы,хабарлы сөйлемдерді табу.

  16. Мәтінді іріктеп көркем сөз,теңеулерді тауып оқу.

  17. Мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді оқу.

  18. Мәтіннен 2,3,4 буынды сөздерді табу.

  19. Мәтіннен сұраққа жауапты іздеу,үзіндіні табу.

  20. Мәтінді оқу,әңгіме несімен ұнағанын,ұнамағанын айту.

  21. Мәтінді оқу,оқығанын қимыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу.

  22. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

  23. Мәтіннен жылдам,жай,көтеріңкі дауыспен оқылатын сөйлемдерді табу.

  24. Мәтінді оқу, шағын мазмұндама жазу.

  25. Мәтінді оқу,шағын шығарма жазу.

  26. Мәтінді оқу,жай,күрделі жоспар оқу.

  27. Мәтінді оқу,мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.

  28. Мәтіннен өкінішті,аянышты,мысқылмен,қуаныш,ренжіп,т.б.эмоциалды кейіппен оқылатын сөйлем,үзіндіні тауып оқу.

  29. Мәтіннен іріктеп көркем сөз,теңеулерді тауып оқу.

  30. Оқу арқылы көру диктантын жаздыру.

Көру диктанттарын алғаш құрап шығарған И.Т.Федоренко.

  1. Көру диктанттары 18 құрамнан тұрады.Ерекшелігі:бірінші құрамдағы бірінші сөйлем-8 әріптен, он сегізінші құрамдағы соңғы сөйлем-46 әріптен тұрады, яғни әр сөйлемдегі сөз бір әріпке көбейіп отырады. Жұмыс жасау уақыты 18 құраммен-2 ай. Бұл мерзім ішінде баланың қабылдауы жақсарады, ол 8-9 сөзден тұратын сөйлемді оқи алады, мағынасын түсінеді. Оқу баланы қызықтырады, сондықтан оқыту процесі тез жүреді, жақсарады.

  2. Диктант күн сайын жазылуы тиіс.Сонда ғана нәтиже береді. Балалар сөөйлем мазмұнын тез ұғады, қызыға оқиды. Сөйлемдерді сабақ тақырыбына сай өзгертуге болады. Сөйлемдегі әріп саны өзгермейді.

Көру диктанты.

№1

8 әріп-4 сек.:Күз-диқан.



9 әріп-4 сек.:Ашу-дұшпан.

10 әріп-5 сек.:Білім-теңіз.

11 әріп-5 сек.:Ата-асқар тау.

11 әріп-5 сек.:Білім-сұңқар.

12 әріп-4 сек.:Оқыған-білгір.

Бастауыш класты аяқтар кезде оқу жылдамдығы қандай болу керек?

Мынандай 3 пікір бар:

1.Білім Министрлігі бекіткен талапқа сай 80-90 сөз минутына.

2.Лошкарева пікірінше 4 кластың аяғына 120 сөз минутына.

3.А.В.Сухомлинский: 150-300 сөз оқуы тиіс деп есептеген.

Бұл талапқа мынандай жаттығу түрлері де жауап береді.

1.Сөйлемдегі түсіріліп қалған сөздерді толықтыру.

Мысалы: Ертеде Мадан деген ... болыпты.

Ханның қырық .... бар екен.





2.Жартыдан бүтін құрастыру.

Әрбір сөз екіге бөлініп, екі бөлік карточкаға  жазылады.

Мысалы: кошақан, дәптер, өрнек сөздері қоша- қан, дәп-тер, өр-нек.


 

Баланың міндеті –сол жағындағы сөздердің басқы қатары мен оң жағындағы сөздердің соңы берілген карточкаларды   жылдам құрастырып, дұрыс мағыналы сөз шығару.



3.Мәтіннен берілген сөздерді іздеу.

Бұл жаттығуда бала мәтіннен тез тауып ала қоятындай 3 сөз беріледі. Тек берілген сөздер мәтінде бірнеше рет кездесуі қажет. Баланың міндеті –оларды тез тауып, астын сызу немесе шеңбермен қоршау.



 

4.Көбелек пен ебелек.  (мысал).2кл. Ана тілі.

Мысалда,бірлікке,сыйластыққа,достыққа,тұрақтылыққа байланысты берілген нақыл сөзді тауып оқы.

1.Жүрген жеріңіз сіздің де береке.

2.Сіз-аға,мен-жаға боп,

Тізе қосып,бірге жүрелік.

3.Тату-тәтті өмір сүрелік!

4.Тиянақты бол,

Болма,“ұшып-қонба”!

5.Өлең ішінен шешендік сөзді тауып,әрі қарай жалғастырып оқы.

Алтын ұя-Отан қымбат

Құт берекең-атаң қымбат.

Бұл жаттығулардың мақсаты – оқушыларға қызықты сөздер мен сөз тіркестерін анықтату арқылы оқудың дағдысын меңгерту.

Жаттығулар баланың көңіл – күйін көтереді, оқуға деген қызығушылығын арттырып, тіл байлығын, сөздік қорын молайтады, зейінінің тұрақталып, есте сақтау қабілетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Жаттығуларды сабақтарда, сабақтан тыс мерзімдерде жарыс – ойыны түрінде, 10-30 минут көлемінде жүргізуге болады.

Ескеретін жай, жаттығуларды орындау барысында қателесіп, жаңылысқан балаға наразылық кейіп көрсетпеу, керек, керісінше, олармен бірге қызықты, күлкілі сөздердің пайда болғанына шын көнілден қуана білген жөн.

5-жаттығу: «СИҚЫРЛАНҒАН» СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Баларға әртүрлі сызық, штрих, қарапайым суреттердің кедергісінен оқылуы қиынға түсетін сөз жазылған карточкалар таратылып беріледі. Сөздердің неліктен күрделі беріліп отырғандығы түсіндіріледі.Берілген түсіндірме оқытушының айтқан әнгімесінің мазмұнына, ойының ұшқырлығына, тапқырлығына байланысты. Мысалы, бұл сөзді сиқыршы әдейі оқи алмастай етіп сиқырлап қойды, соған қарамастан біз бұл сөзді оқып, сиқыршы құлығының шешімін табамыз деуіне болады.

Мұндай мысал - әңгімелер баланың оқуға деген ынта – ықыласын арттыруға септігін тигізеді.

6-жаттығу: ҮЗДІК СЫЗЫҚПЕН ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Балаларға әріптерінің кейбір сызықшылары түсіп қалған сөз жазылған карточкалар таратылып беріледі. Сөздер біртіндеп күрделеніп отырады.

Ойын барысында балалардың белсенділігін арттыру мақсатыңда, әріптердің өзіндік жазылу ерекшелігіне байланысты әртүрлі әңгімелер айтып беруге болады. Мысалы: мына сөздегі әріптердің кейбірін қатты жауын жуып кеткен, әйткенменде «Тапқышбек» бала үшін ол әріптерді тез табу қиындыққа соқпайды. Арамыздағы «Тапқышбек» сонда кім? Және т.б.

7- жаттығу: БІРІНІҢ ҮСТІНЕ БІРІ ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Оқытушы балаларға бірінің үстіне бірі жазылған сөздері бар карточкаларды таратып береді. Сөздердің бұлай ретсіз берілуі тосыннан соққан қатты дауылға – байланысты деп түсіндіріледі.

Балалардың міндеті – араласып жатқан сөздерді ретке келтіріп, оқып беру. Карточкада берілетін сөздер саны мән – мағынасына қарай біртіндеп құрделене береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет