Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі трагизм



Дата19.12.2016
өлшемі85,89 Kb.
#4125

Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі трагизм


Ф.ғ.к Айтбаева Айман Ералықызы Қорқыт ата атындағы ҚМУ

Әңгіме қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік.

Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы «мектептен» ұстартып шықты. Қазіргі реалистік әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгіме жанрының көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламы қарымды қаламгерлер үлес қосты.

1991 жылдан бері қарай бір топ жас қаламгерлер де тәуелсіздік тұсындағы қазақ әңгіме­лерінің көркемдік деңгейін көтере түсті. Осы жанрда жазып жүрген белгілі жазушыларға: К. Рахымжанов, Н. Қами, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз, Р.Отарбаев, Ә. Салықбай, А. Алтай, Д. Рамазан, А. Кемелбаева, Ж. Қорғасбек, Қ. Мұқаш, Д. Амантай, Н. Ақыш, М. Омарова  сынды жазушыларды жатқызуға болады.

Осы қатарда Р. Мұқанованың да «Құбыжық» (2002), «Қаралы төбе», «Өзің», «Тұтқын» (2003), «Композитор», «Мұқағали», «Мәңгі­лік бала бейне», «Қаралы төбе», әңгіме­лері де қазақ әдебиетіндегі жаңашылдықтың бір көрінісі деуге болады.

Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Дәстүрлі ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен жалғасты. Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмо­дернистік ағымдар пайда болды. Бұл жанр кеңестік дәуір тұсында тыйым салынған діни-философиялық, азаттық, интимдік сондай-ақ экологиялық тақырыптағы әңгімелермен, сондай-ақ, жазушылар адам жанының ішкі иірімдеріне үңілуде психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті.

Әрбір көркем шығарманың тақырыбы - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы. Ал шығарманың идеясы – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, немесе өмір құбылысына берген бағасы. Қазіргі жазушы әңгімелері бүгінгі замандас бейнесін суреттеуде олардың жаңа дәуірдегі қоғам ісіне белсене араласуы мен адалдық, достық сезімдерін, еңбек жолындағы күрделі ізденістерін көркемдікпен өмір шындығына сәйкес бейнелеуімен ерекшеленеді. 

Қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістерді тақырыптық ерекшелігіне қарай саралағанда негізгі тақырыптарға сыншылық-философия, діни-философиялық, азаттық, қоғамдағы әлеметтік жағдайлар(қоғамның бет-бейнесі), ұлттық менталитет, экологиялық т.б. жатқызуға болады.

Қазіргі қазақ әңгімелерінің ішінде жазушы Р. Мұқанованың психологиялық тақырыпта жазылған әңгімелері өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жазушының осы тақырыпта жазылған «Құбыжық» (2002), «Қаралы төбе», «Өзің», «Тұтқын» (2003), «Композитор», «Мұқағали» т.б. әңгіме­лерін атауға болады. Жазушы Жүсіпбек Қорғасбек сын-пікірлерінің бірінде былай дейді: «Роза Мұқанова шы­ғармаларын адамның жанына үңілуден туындатады. Адамның жаны үлкен қасіретте ба­рынша ашылады. Роза адам қолымен жа­­­салған хайуани қасіреттен адами мағына іздейді. Сезімге тиетін детальдар табады» [1.4].

Мысалы, «Өзің» атты әңгімесінде өнер адамының жай-күйі, сезімі, толғаныстары мен толқыныстары бір-бірімен астарласып, қиюласып кеткен. Әдетте әңгіме бірінші жақтан баяндалады, ал бұл әңгіме екінші жақтан сипаттамалы түрде баяндалған.

« - Мені жақындатыңыз жаныңызға. Күйкі тірліктен, жасандылықтан азат етіңіз.

Сен таңдана қарадың.


  • Жындымысың... Жалғыздықты Құдайдан қалап алғам. Жалғыздықтан басқаның бәрі бекер, бәрі лас. Қайт үйіңе! Бақытсыздықтан бойыңды аулақ ұста. Қайт, бар! Бара ғой, тезірек жет үйіңе.

Бұл жолы жылап тұрсың... Күлкіңнен гөрі жылағаның осынша әдемі болар ма?!» [2.62]. - дейді жазушы әңгіме соңына таман. Бір қарағанда түсініксіз нәрсе тәрізді болғанмен, өнер адамының, оның ішінде жазушының жан дүниесін ұқтырғандай болады.

Жазушының осы тақырыптағы «Сормаңдай» атты әңгімесі де адам жан дүниесінің қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Отбасылы әйел Банудың басқа еркекпен яни күйеуінің досымен көңіл қосып, бала-шағасын, күйеуін тастап кетуі қандай қасірет екенін ұқтырады.Әңгімені оқи отырып, әйел затына көп нәрсе байланысты екенін, осы сәтсіз махаббаттан бір емес бірнеше жанның жапа шеккенін байқайсың. Мәселен Банудың тастап кеткен ұлы кішкентай Қаныбектің жай-күйі әңгімеде: «Қаныбек таңның атысы мен түннің батысына дейін анасы кеткен ұзақ жолға қарайлай беретін. Алыс сапарға аттанып бара жатқан шешесі мейірленіп, Қаныбегін, күйеуін сағынып келе жатқандай көрінетін. Неге екені белгісіз, әкесінен, «Аға, тәтем қайда кетті?» - деп сұрақ беруге бата алмайтын. «Енді келе ме?» - дейін десе де, оның қайтып оралмайтынын бала жүрек өзі де сезетін сияқты» [2. 162] - деп берілуінің өзі көп жайды аңғартады.

Бұдан байқағанымыз кез келген суреткер өз шығармасындағы суреттеп отырған бейнесін қиялынан тудырып, талғамынан өткізіп, оған өзінше мінез, қимыл-әрекет беріп шығарманың өң бойында жандандырады. Ал Роза Мұқанованың әңгімелерінің дені әйел  психологизмі, адам өмірінің өзгеше қырлары  мен шығармашылығындағы  философиялық түйіндерді шешуге тырысады.

Қазіргі әңгімелердің ішінде экологиялық тақырыпты да өзгеше өң беріп, көркемдік ізденістерімен толықтырып жүрген жазушылардан Р. Мұқанованың «Мәңгі­лік бала бейне», «Қаралы төбе», Д. Рамазанның «Соңғы дем» Н. Ораздың «Жылқының көз жасы» (2007) әңгімелерін айта аламыз.

Р. Мұқанованың «Мәңгі­лік бала бейне» әңгімесінің кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз – Ләйлә. Прототипі – Еңлік атты Семей қаласының тұрғыны. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші тағы да - адам. Әңгімеде жаны жаралы Ләйлә көбінде аймен сырласып, бар мұң-зарын, қайғы-қасіретін соған айтумен болады. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы» [3.119] - деп қамығады.

Ал қазіргі әдеби процесте қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі –адам жанының диалектикасын ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану , тынбай іздену керек болып отыр . Демек, қазіргі жазушылар арасынан эстетикалық талғамы жоғары, танымы кең, оқырманның ойынан шығатын туындылар иесін талдап, саралап, іріктеп отыру әдебиетші ғалымдардың бір міндеті. Осы мақсатта әдебиеттің қызықты да қиын жанрының бірі әңгіме жанрын зерттеу, ондағы жаңашыл ізденістерді айқындау - зерттеуді қажет ететін объекті.

«Мәңгілік бала бейне» атты әңгімесінің кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайтын жаны дертті жандар. «Қызжылаған» драмасы осы күнде М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» деген атпен қойылып жүр. Драма күллі қазақ халқының ғасырлық қасіретіне айналған Семей полигоны тақырыбына арналған.

Пьесаның басты кейіпкері Ләйлә - атомдық сынақтар жасалған жарылыс даласының дәл кіндігінде — Қарауылда туған зағип қыз. Пье- садағы жалпы психологиялық-эмоционалдық ахуал зарлы, шерлі. Сынақтан зардап шеккен жұрт қатары күн санап сиреуде. Қарауылдың басында азалы үн толастар емес. Күн сайын көз жұмып, дүниеден көшіп жатқан ауылдастарының қазасы ауыл-аймақтың еңсесін езіп жібергендей. Осындай уақытта «Қатираның оқудағы баласы келім әкеледі екен», «Той болады!» деген хабар бүкіл ауылға бір қуаныштың бастауы сияқты, өзгеше бір сілкініс әкелгендей. Ал Ләйләнің тіршілігі мүлде бөлек.

Ол күн батысымен сұғанақ кездерден аулаққа, Тереңсайға жасы- рынып, көктегі аймен сырласуды әдет қылған. Мүгедектігінен, жетімдігінен жуасып, жасып қалған шарасыз қыз үнемі жұрттан жырақ жүреді. Оның ішкі зарын, мұң-наласын Ай ғана құлақ асып тындап, ұғып тұрған тәрізді көрінеді. Рухани, физиологиялық тұрғыда бой жетіп келе жатқан қыздың ішкі дүниесі арманға толы. Ертеден қара кешке дейін кекетіп, мұқатқан жұрттың сөзі мен көзінен әбден қажыған бой жеткен терең сайға келіп, мүлде басқаша тіршілік кешеді. Мұнда ол өзін бақытты, үріп ауызға салғандай сұлу деп санайды. Себебі мұнда оның сыртқы мешелдігіне көзін сатып, сұқтана қарайтын адамдар жоқ, Жаны сұлу да таза жас қыз өзін осы жерде ғана еркін сезінеді. «Бүгін менің туған күнім. Жиырмадамын, жарықай! Тұлымшағы желкілдеген жас бала емес, бой түзеген Қарауылдың сұлуы Ләйләмін... Е...е...ей, Ләйлә-қызбын. Бозбаланы ынтықтырып, Тереңсайға қашамын»; «Түрім дейсің бе? Түрім әдемі...і...і...і. Кім сияқты дейсің бе? Кім сияқты десем екен? Роза Рымбаева сияқты сұлу...у...у... Сұңғақ бойлы, биік қабақ, аққұба қыз Ләйлә келе жатады... Әдемі ғой,ә!» [3.129] келесі бетте болуы мүмкін.

Пьесадағы тағы драмалық бейне — Шөкіш. Ол өзінің, отбасының, халқының басына түскен қайғылы халден есерсоқ жындыға айналған. Баласын мүгедек болып туылғандықтан, өскенде елден зәредей қорлық көрмесін, азаптанбасын деп суға ағызып жіберген. Қанды қолының қылмысын, ішін күйдірген қасіретін ұмытамын деп ақыл-естен де айырылған Шөкіштің зары жан түршіктіреді. Ол да өз ішінде қамалған, іштей саналы ғұмыр кешіп, сырттай есерсоқ күй кешкен байбақ. Ләйлә сияқты полигоннан зардап шеккен мүгедек-кемтарлардың көзін жою керек деген пиғыл көкейінен мықтап орын алған. Ләйләнің Аймен сырласуын көріп қалған Шөкіштің мына ойлары есерсоқ жындының емес, қасірет пен зұлымдықтан қабырғасы қайысқан жанның ішкі толғанысы: «Бұл кейпіңнен Қарауыл ғана емес, күллі қазақ түршігер. Аярлары құнжыңдап, білімдісі күрсініп, надандарын оятар. Қарауылдың қасіретін түсініп, оянар болса, сен керексің, мүсіркеп, мазақтар болса... қажеті жоқ, онда» [3.121].

Мына жарық дүниеде ұсқынсыз кейпімен азаптанып күн кешкенше және өзгелердің жанын жаралап азаптағанша мүлде көздерін жойсын деп ойлайды қасіреттен жүрегі шайлыққан Шөкіш. Ол Ләйләнің аянышты тағдырына қинала қарайды. Себебі оны көрген сайын бұның жан жарасы сыр береді. «Орындалмас арманға құлаш сермеп, шаршадың-ау, зарықтың-ау. Күнәсіз ақ періште, кімге сөйлеп отырсың. Телміріп қиялыңды кімге айтасың. Айға?.. Тәңірге?.. Маған?..» Маған ба?.. Маған айтар арызың жоқ. Естіртпе! Өлтіргенмін сол күні... Зарлағанды тыңдамайды бұл Шөкіш. Өлтіргенмін...» [3.125].

Сюжеттік оқиға желісі соншалық ұзақ емес. Автордың көздегені жекелеген адамдардың өмірлік құндылықтары туралы өзіндік көзқарас позициясынан қоғамға зер салу болса керек.

Шығарма оқиғаларының тізбегі XX ғасырдың соңындағы — тоқса- ныншы жылдардағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік жағдайын шынайы суреттейді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары депутаттыққа үміткер азаматтар мен азаматшалар соңынан шашпауын көтеріп, сөзін сөйлер нөкерлері мен сал-сері артистерді ертіп ауыл-аймақты аралауды «дәстүрге» айналдырғаны белгілі. Осындай бір топ пьесада Қарауылға да келіп жетеді. Қайтсе де көп дауыс алуды көздеген топ жергілікті халықтың қайғы-мұңын өз мүдделеріне пайдаланбақшы. Осы мақсатта Ләйләні «бетке ұстап», митинг өткізуді бұлар үгіт-насихаттың таптырмас әдісі деп табады. Мұндай қорлыққа шыдамаған Ләйлә жан күйзелісінен көз жұмды. Әңгіме жанрында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жазушылар Н. Ораздың «Жылқының көз жасы», Д.Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесі де Семей полигонына арналған. «Жын жайлаған меңіреу өлкенің» трагедиялы күйінен хабар берген жазушылар бүкіл адамзат баласын алаңдатқан Семей полигоны туралы әңгімелерге өз үлестерін қосты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қорғасбек Ж. «Мәңгілік бала бейнені іздеу» // «Түркістан» газеті, №19. 2014.

2.Мұканова Р. Муза. Әңгімелер мен хикаяттар. — Алматы: Жазушы, 2014, — 328 бет.



3. Мұканова Р. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.2. — Алматы, 2008.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет