«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша анықтама



бет1/5
Дата27.02.2020
өлшемі0,82 Mb.
#58446
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Ақпарат

және қоғамдық даму министрлігінің

хатына қосымша


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша анықтама

(2019 жылғы қазандағы мониторингі)
Облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы а.ж. қазан айына келесі бағыттар бойынша ақпарат ұсынды:

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларды ақпараттық тарату жөніндегі деректер.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
«Туған жер» арнайы жобасы. Барлығы 365 746 адамды қамтумен 1168 іс-шара өткізілді. Іс-шаралардың ең көп саны Қызылорда облысында (барлығы 34 іс-шара 164 627 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (барлығы 105 іс-шара 31 5735 адам).

Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, қазан айында Ақтөбе облысында ең көп меценаттар қаражаты 58 жоба сомасы 268,2 млн.теңгеге тартылған. Ақтөбе қаласындағы ірі жобалардың бірі - Жалаңтөс Бахадүр батырға ескерткіштің ашылуы (ескерткіш «Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы» қайырымдылық қорының қаржысына құрылды, оған 110,0 млн.теңге бөлінді).

Шалқар ауданының Ақтоғай ауылында «Элитстрой сервис Ақтөбе» ЖШС директорының қолдауымен 2,3 млн.теңгеге кенттер арасындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Темір ауданында «Сәт» ш/қ басшысының қолдауымен Бірлік ауылына кіре берісте көпір салынды (жобаның құны – 10,0 млн.теңге). Жеке кәсіпкер К. Айбосынов және «Тесла+» ЖШС Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының саябақтары мен ойын алаңдарын жарықтандыруға 3,2 млн.теңге бөлді. «Достық» шағын ауданында «Кентавр» ЖШС демеушілік көмегімен 5,0 млн. теңге сомасына тротуарлық плитка салынды.

Ақмола облысында «Нұр Астық» ЖШС Мықтыкөл мектебінің ғимараты 45 млн.теңгеге жаңартылды. Егіндікөл ауданының Көркем ауылында «Сарымсақты» ЖШС 17,1 теңге сомасына ангарлық үлгідегі спортзал салды.

Солтүстік Қазақстан облысында «Дайындық Агро» ЖШС демеушілік қаражат есебінен Аққайың ауданы Дайындық ауылының кентішілік жолына 60,0 млн.теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Агроном Тайынша» ЖШС қаражаты есебінен 9,8 млн. теңге сомасына Тайынша ауданы Агроном селосында жол инфрақұрылымы дамыған. Мамлют ауданының Минкесер ауылында демеуші есебінен жасанды жабынды және қоршаумен 12,4 млн.теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды.

Түркістан облысында демеушілік қаражат есебінен Бәйдібек ауданының Қызылкөпір ауылында «Сіргелі тілеуге Қарабатыр» ескерткіші, Алғабас ауылдық округінде 35,0 млн. теңгеге шағын-жазғы футбол алаңы ашылды, Келес ауданының Ұшқын ауылдық округінде 39,0 млн. теңгеге жол жөнделді.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Степное ауылында демеушілік қаражат есебінен 16,0 млн.теңгеге жөндеуден кейін ауылдық клуб ашылды.

Демеушілік қаражат есебінен барлығы 204 іс-шара өткізілді.

Есепті кезеңде арнайы жоба аясында Атырау облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында іс-шаралар өткізілген жоқ.





п/п

Өңірлер

Іс-шара-лары саны

Халық. қамту

1 іс-шараға қатыс-р саны

Демеушілер есеб. өткз. іс-шара

саны

Демеушілер мен меценаттар қаражатынан қаржыландыру көлемі

с.і.объект-дің жалпы саны

са-лын-ған

жөн-дел-ген

1

2

3

4

5

6

7

8

9



Ақмола

158

22941

145

1

162 030 000

4

8



Ақтөбе

92

11981

130

65

268 217 000

15

11



Алматы

94

10728

114

6

66 000 000

5

1



Атырау

34

7250

213

-

-

-

-



ШҚО

30

2645

88

8

34 600 000

6

5



Жамбыл

165

29 989

181

-

19 000 000

2

-



БҚО

35

3910

111

4

4 500 000

4

-



Қарағанды

12

10070

839

6

16 000 000

-

1



Қостанай

102

16320

160

11

55 352 000

-

10



Қызылорда

34

164627

4841

9

73 400 000

5

0



Манғыстау

75

16423

218

35

72 100 000

6

3



Павлодар

33

13433

407

7

2 410 000

1

6



СҚО

105

31573

300

51

245 230000

2

24



Түркістан

165

5289

32

1

117 450 300

7

2



Нұр-Сұлтан қ.

13

2065

158

-

-

-

-



Алматы қ.

12

1742

145

-

-

-

-



Шымкент қ.

9

14490

1610

-

-

-

-




Барлығы__1168__365476__312__204'>Барлығы

1168

365476

312

204

1 136 289 300

57

71


«Қазақстанның 100 жаңа есімі». Жоба аясында барлығы 59 472 адамды қамтыған 145 іс-шара өткізілген. Халықты іс – шаралармен барынша көп қамту Қызылорда (барлығы 20 іс – шара, қамту-25 424 адам, Қарағанды (барлығы 1 іс-шара қамту 15 000) байқалады.

Арнайы жоба жеңімпаздарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, еңбек ұжымдарымен, студенттермен кездесулер өткізіледі, сондай-ақ арнайы жоба жеңімпаздары телевизиялық жобаларға қатысады.

Жобаны іске асырудың берілген форматын ескере отырып, мыналарға көңіл бөлген маңызды:

1) арнайы жобаның жеңімпаздарын әлеуметтік маңызы бар және бұқаралық іс-шараларға қатысуға тарту. Негізгі тақырыптарымен жастардың әлеуетін іске асыру және дамыту, оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау болатын мотивациялық кездесулер, пікірталас алаңдары, дебаттар өткізу;

2) университеттердің ашық есік күндерін өткізу аясында жеңімпаздардың кездесуін ұйымдастыру, жоба жеңімпазы еңбек ететін мамандық бойынша кәсіби бағдар беру және танымал ету мақсатында Оқушылар сарайының пәндік үйірмелеріне қатысу;

3) жеңімпаздарды өздерінің жас топтары үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктері шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге тарту. Бұл жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеңімпаздар мемлекет тарапынан ұсынылған қандай мүмкіндіктер олардың алға жылжуы мен мансаптық жетістігінде шешуші болғандығын көрсете алады.

Есепті кезеңде өңірлерде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының үшінші кезеңі шеңберінде үгіт-насихат іс-шаралары өткізілуде.

Есеп беру кезеңінде Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында арнайы жоба аясында іс-шаралар өткізілген жоқ.




п/п

Өңірлер

Іс-шара-лары саны

Халықты қамту

1 іс-шараға қатыс-р саны

1

2

3

4

5

1.

Ақмола

13

7223

555

2.

Ақтөбе

9

2997

333

3.

Алматы

11

784

71

4.

Атырау

-

-

-

5.

ШҚО

19

1510

79

6.

Жамбыл

7

645

92

7.

БҚО

-

-

-

8.

Қарағанды

1

15000

15000

9.

Қостанай

9

600

66

10.

Қызылорда

20

25424

1271

11.

Манғыстау

26

1364

52

12.

Павлодар

2

2153

1076

13.

СҚО

5

470

94

14.

Түркістан

19

540

28

15.

Нұр-Сұлтан қ.

1

100

100

16.

Алматы қ.

-

-

-

17.

Шымкент қ.

3

662

220




Барлығы

145

59472

410

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет