С. Барлыбаева, Е. Лейман Глобализация и конвергенция медиа-развития



бет10/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#33020
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
List of references:
1. http://www.wikiwand.com/ru

2. Sungurov A. the Concept of public policy. Public policy as a field of interaction. M. 2014

3. Political science. Brief encyclopedic dictionary / Ed. ed. by S. Wrestlers. – Rostov-on-don: Phoenix, 1997. – P.137.

4. Chebotarev A. System of ideological work in Kazakhstan: features and mechanisms // Kazakhstan in global processes. Scientific publication. – 2013. - №1 (35). - P. 58.

5. http://astana.gov.kz/ru/modules/material/2261

6. Gross M. D. a Virtual world system of government// Public service 2001. No. 3.

7. Public relations in politics and state administration. Under the General editorship of V. S. Komarovsky, M. 2001.

ӘОЖ 070


Э. С. Сұлтанбаева1., А.А. Дауренбекова2

Медиамәдениет коммуникация жүйесіндегі жаңа бағыт ретінде

Мақаланың негізгі нысаны жаһандық медиаортаның социумға берер әсер етуі медиамәдениеттің БАҚ-пен өзара әрекеттестігі. Қоғамдағы БАҚ мәдениетінің рөлі және оның әлеуметтік, интеллектуалдық, моральдық, көркем- психологиялық аспектілері әлемді барлау кешенінің құралы бола отырып, қарқынды өсіп келеді. Ғылым мен техника шарықтап дамып отырған қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құрып, медиамәдениет қызметінің ерекшелігі медиаортаның белсенді қалыптасуына әсер етуші фактор ретінде талданады. Мақала ақпараттық қоғам, жаңа медианың шынайылық процестер тұрғысында БАҚ-ты зерттеу үшін әр түрлі тәсілдер қарастырылады. БАҚ мәдениетін, оның жұмыс істеуінің ерекшелігін, мемлекеттің жаңғырту және медиа саясатын белсенді түрде қалыптастырудағы БАҚ-тың факторларын талдау. Medialogia ақпараттық коммуникативтік басқару жүйесін біріктіретін менеджмент жүйесі сияқты жаңа кешенді гуманитарлық ғылымды зерттеудің қажеттілігін алға тартады.



Кілт сөздер: БАҚ, мәдениет, бұқаралық мәдениет, медиа, медиалогия, медиабілім беру, медиакеңістік, ақпараттық қоғам.
Э. С. Султанбаева., А.А. Дауренбекова

Медиакультура как новое направление в системе коммуникации

Объектом исследования статьи является глобальная медиасреда и ее влияние на социум. Роль медиакультуры в обществе растет невиданными ранее темпами, являясь комплексным средством освоения человеком окружающего мира в его социальных, интеллектуальных, нравственных, художественных, психологических аспектах. В статье рассматриваются различные подходы к изучению медиа в контексте новой медиареальности, обусловленной процессами развития информационного общества. Анализируется медиакультура, специфика её функционирования, факторы, активно воздействующие на формирование медиасреды, государственной модернизации и на медиаполитику государства. Особый интерес представляет анализ медиаменеджмента как интегрирующей системы управления информационно-коммуникационной сферой, а также исследование новой комплексной гуманитарной науки – медиалогии.

 Ключевые слова: медиакультура, массовая культура, медиа, медиалогия, медиаобразование, медиапространство, информационное общество.
Э. С. Султанбаева1., А.А. Дауренбекова2

Mediaculture az anew direction of communication system

The object of the article is is a global media environment and its impact on society. The role of the media culture in the society is growing unprecedented pace, being a complex means of human exploration of the world in its social, intellectual, moral, artistic, psychological aspects. The article discusses various approaches to the study of media in the context of the new mediareality due processes of the Information society. Analyze media culture, the specificity of its functioning, the factors affecting the formation of the active media environment and modernization of the state government on media policy. Of particular interest is the analysis of the media management as an integrated information and communications management systems, as well as the study of a new integrated humanities - medialogia.



Keywords: media culture, popular culture, media, MASS MEDIA, media education, mediaspace, information society

Э. С. Сұлтанбаева1., А.А. Дауренбекова2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Алматы қ., Казақстан

e-mail: aiana_da@mail.ru


Медиамәдениет коммуникация жүйесіндегі жаңа бағыт ретінде
Мәдениет туралы ұғымды сөз еткенде ең алдымен сол елдің бүтін болмысын айқындайтын мәдени құндылықтарға назар аударамыз. «Мәдениет» ұғымына түсінік беру үшін ең алдымен бұл сөздің этимологиясына, яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. [1]

Халықтың болашағы білікті ұрпағы. Ал ұлттық рухта, жоғары мәдениетте тәрбие беру кез-келген коммуникация құралдарының қызметі, міндеті, мұраты. Олай болса коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру көптеп кездеседі. Осыған байланысты Э.Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп тұжырым жасаған [2].

ХХ ғасыр мәдениеті (соның ішінде әсіресе батысеуропалық мәдениет) даму барысында өзіндік тұрақты бағдарларынан айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М.Маклюэннің айтуы бойынша, мәселенің түп-түркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді [3].

М.Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да, дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. «Мәселенің бәрі – ақпарат құралдарында!» – бұл М.Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған тезисі [3].

Ал көне замандардан, Демокрит дәуірінен билікті қарапайым халықтың бақылай, қадағалай алуы жайлы демократиялық құндылықтар қашан да қай заманда болмасын шешімі табылмаған күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси мәдениет биліктің маңызды контрагенті ретіндегі мәні көне дәуірде белгілі болды. Ежелгі грек философы Пратогор бүкіл қоғамның бұқаралық пікірі туралы айтады. Оның ойынша, жалғаннан шындықты ажырату үшін бұқаралық пікір қажет. Азаматтық қауымнан ол рухани-құқықты күштердің дереккөздерін іздей отырып, әлеметтік шаралардың мүмкіндігін атап өткен болатын [4].

Бұл орайда үнемі кеңейтілген проблемалық контексте медиалық проблемасына айналдыратын әлеуметтік қарым-қатынасын ортақтастыру қатарындағы құрылымының күрделілігін атап өтуге болатын әлеуметтік тұрмыс сипатының өзгерісіне әсер етуші факторлардың қажеттілігі арта түседі. Социогуманитарлық білім саласындағы медиа ортасының проблемасы әлеуметтік тұрмыс саласыдағы ілгерушілікті себепкер болатын бірден-бір басты тетігінің факторы медиакультура феноменінің өзекті болуына алып келді. Медиа және медимәдениет пәнін ұсыну әлеуметтік-философиялық рефлексиясына қаншалықты заңды болып табылады? Егер философиялық білімнің даму тарихына назар салатын болсақ, әрбір кезең өз бетінше жаңа әлеуметтік философияға жатады және осы философия шекарасынан тыс аумағы өте кең.

Бұқаралық мәдениет туралы айтпас бұрын соның дүниеге келуіне тоқталып өткен жөн. Ол құбылысты терең зерттеген Эдуард Шилздің «Бұқаралық қоғам және оның мәдениеті» деген еңбегінің кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық Автордың сараптауы бойынша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізгі-негізгі деген батыс елдерінде «бұқаралық қоғам» деген атау нық орнықты.

Бұқаралық қоғам жаһандану процестерімен тығыз байланысты. Қазір жаһандану заманында өмірдің әлеуметтік-саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де адамзат өзінінің әр алуан тіршілігін бастап көшіріп отыр. Интеграцияның осынау іс жүзінде тежеуге көнбейтін, ерік бермес процесі, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр.

Қазіргі күні еліміздегі кез келген өзекті мәселе, толғандыратын проблема міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс береді. Теледидардан болсын, газет-журнал беттерінен болсын естіген немесе жарық көрген материалдар арқылы бұл мәселелермен танысып, көкейімізде жауапкершілік сезімі оянатын жағдайлар да кем емес.

Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі өркениетті елдердің бәрінде де үлкен саяси күш болып саналады. Бүгінгі таңда журналистикаға «төртінші билік» ретінде қарап, оның алдында нақты бір ел болсын, жалпы алғанда, халықаралық қатынастар арасында болсын үлкен жаңа міндетер қойылады. «Төртінші билік» терминін ХVII ғасырда ағылшын философы Э.Бэрн енгізген болатын. Ол бұл туралы былай деп айтқан еді: «... Міне, осында рухани, аристократиялық және қоғамдық билік өкілдері отыр, ал журналистер бұл – «төртінші билік». Олар қоғамның мүддесіне қызмет ету үшін жаралған» [5].

Әлемдік медиакеңістіктегі жағдай алдын ала болжауға келмейтіндігімен, технологиялық инновацияларды енгізудің шапшаңдығымен, алыстан басқару мүмкіншілігінің болуымен, мультимедиалығымен, интерактивілігімен ерекшеленеді. ХХІ ғасырда электронды медианың басым болып бара жатқандығын атап өтпеуге болмайды.

Орыс әдебиетшісі Ю.М. Лотманның анықтамасын пайдалана отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: мәдениет – ұжымдық түсінік. Жеке адам мәдениетті таратушы болып, оның дамуына белсенді қатыса алады. Әйтсе де, мәдениет табиғатын «қоғамдық, яғни әлеуметтік құбылыс» тіл ретінде таратады. Ресейлік киноматограф Тарковскийдің кинотүсірілімінде сцена былай басталады: Арал жағасына Александр баласымен бірге қураған ағашты отырғызады. Әкесі баласына қураған ағашқа өмір бойына жапырақ жайып, гүлдегенше су құйып отырған монах туралы айтады. Бұл тәмсілге табынушының христиандық немесе мұсылмандық сыйынуында ағаштың өсіп-өнгенше жеміс бере алмайтынын тұжырымдайды. Осындай идея фильмнің желісіне аңыз нобайын келтірген. Мұндағы ағаш туралы аңыз фильмнің басында, ортасында және соңында қайталанып отырған. Леонардо Винчидің «Дуагерлерге табынушылық» картинасында кино кейіпкердің бөлмесінде, титрда осы кескін көрініс ретінде пайдаланылады. Фильмнің аяқталатын сәтінде баланың «Ең басында неге сөз айтылады, неге?» деп әкесіне сұрақ қойғаны адамды ойға қалдырады. Осындай мифологиялық образдарда мәдениеттің тамыры жатыр. Мұндай мәдени ағым осы күнге дейін медиамен байланысы бар[6] .

Элвин Тоффлер өзінің «Үшінші толқын» еңбегінде алда орын алатын жаңа ғасырға болжам жасап кетті. Ол өзінің осы еңбегінің алғысөзінде «Әлем орасан зор әлеуметтік өзгерістер, техникалық және мәдени жаңалықтар қарсаңында тұр. Техника мен ақпараттық құралдардың әлеуеті әлеуметтік өмірдің барлық жағына еніп келе жатыр. Микроэлектрондық революция адамзат интеллектісінің қуатын ұлғайта түседі. Технологиялық және ақпараттық жаңалықтар қоғамның әлеуметтік құрылымына ықпал етеді» деп жазады [1,3].
Ақпараттық қоғамның даму сатысын қарастыру белгілі бір «код» арқылы адамның қоршаған ортасы жайында ақпараттар берілетін, әлеуметтік қызметтік және белгілік (кодтық) жүйе жинағынан тұратын медиамәдениетті тарихи қайта қарастыруға мүмкіндік береді. Медиамәдениетті – қоғамдық сананың қалыптасуына және тұлғаның әлеуметтенуіне түрткі болатын, тарихи-мәдени даму барысында адамзатпен жасалып, өңделген материалды және интеллектуалды құндылықтардың, ақпараттық-байланыстырушы құралдарының жинақталған негізі ретінде анықтауға болады. Сонымен қатар медиамәдениет құрамына ақпаратты беру мәдениеті мен ақпаратты қабылдау мәдениеті қосылады; ол медиа және т. б. арқылы білімді игеріп, медиа шығармашылығымен әрекеттесуге, медиамәтінді бағалап, талдап, оқи алу және даму деңгейінің жүйесін көрсетеді. «Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды, қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді екен. Нәтижесінде, бытыраңқы әріптер сияқты, адамдар бірте-бірте о бастағы қауымдастықтан, бірлестіктен алыстай береді» [7].
Ақпараттық ғасырдың феномені болып отырған «медиамәдениетті» Техас университетінің профессоры, соңғы жылдары медиамәдениет және социология саласында еңбек етіп жүрген Дуглас Келлнер былай түсіндіреді: «Медиамәдениет бейнелер, дыбыстар мен белгілер күнделікті өмірдің негізін жасап, саяси көзқарастар мен әлеуметтік құлықты қалыптастыратын уақытта пайда болды. Радио, теледидар, фильм және басқа да мәдениет өнеркәсібінің салалары әйел не ер болудың, табысты немесе сәтсіз болудың модельдерін анықтап отыр, медиамәдениет материалдарының арқасында адамдар өз табының, этносының, азаматтығы мен жынысының мәнін аша түсуде»[7]. Медиамәдениет қазіргі уақытта әлемге деген көзқарас пен ең терең құндылықтарды қалыптастыруға көмектесуде.

Елімізді өркендетудің 2030 жылға дейінгі дамуының Елбасымыз белгілеген стратегиялық жоспары баспагерлердің, мәдениеттанушылардың алдына үлкен міндеттер қойды. Олар: адамгершілік, отбасындағы тәрбие, ұлтаралық қарым-қатынастарды жақсарту, өмір салтының жағымсыз факторларына (темекі тарту, нашақорлық, СПИД) қарсы күрес проблемалары бойынша, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мәдениет және әдеп, өзін-өзі тәрбиелеу және ойын арқылы оқыту, балаларға жыныстық, дене, құқықтық, эстетикалық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат беретін кітаптар, басылымдар шығаруды жүзеге асыру. Қазіргі таңда әлемдік мәселеге айналған “жаһандану” процесінің енді ғана дамып, іргесін көтеріп келе жатқан халықты жұтып алуынан сақтау үшін, болашақты дәстүрлі мәдениетіміз бен ұлттық рухымызбен сусындатып, рухани көзін ашатын, әлемдік өркениеттер қатарынан көрінуге тырысатын ұлттық өнер әлемінен хабар беретін, зиялылығы басым рухани басылымдар саны әлі де болса мардымсыз. Бүгінгі көкірегі ояу халықтың сана-сезіміне әсер беріп, оны жетілдіре түсетін медикоммуникацияның қоғамдық және саяси мәдениетті қалыптастыратын мықты құрал екені айдан анық.


Әдебиеттер:

  1. Бореев В., Коваленко А. Культура и массовая коммуникация. – М.: Наука, 1986. – С. 215.

  2. Кириллова Н.Б. Медиакультура: от модерна к постмодерну. – М.: Академический Проект, 2005. – С.7.

  3. Маклюэн М. Понимание медиа: внешние расширения человека. – М.: Канон-пресс-Ц, 2003. – С. 176.

  4. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану: Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. / толықтырылған үшінші басылым. – Алматы: «Раритет», 2002. – 408 б.

  5. Құлсариева А.Т. Қазіргі заман мәдениеті. – Алматы, 2008. – 130 б.

  6. Шилз Э. Общество и общества: макросоциологический подход. Электронная библиотека. www.gumer.info

  7. Назаров М.М. Массовая коммуникация в современном мире: методология анализа и практика исследований. – М: УРСС, 2003. – 240 с

References

1. Bareev V., Kovalenko A. Culture and mass communication. – M.: Nauka, 1986. – P. 215.

2. Kirillova N. B. Media culture: from modern to postmodern. – M.: Academic Project, 2005. – S. 7.

3. McLuhan M. Understanding media: external expansion person. – M.: Kanon-press-TS, 2003. – P. 176.

4. Abitov T. H., Mutlow J. M., A. T. CAV Denatran: Goary excellent orindary me College studenterna aralen ouly. / Tollan sh asylym. – Almaty: Raritet, 2002. – 408 b.

5. CAA A. T. Modern Zaman denied. – Almaty, 2008. – 130 b.

6. Shils E. Society, and society: a macrosociological approach. E-library. www.gumer.info

7. Nazarov M. M. Mass communication in the modern world: methodology of analysis and practice research. – M: URSS, 2003. – 240 with

ӘОЖ 070


Әлім Ә.А., Ш.С.Нұржанова

Журналист пен қаламгердің өзіндік стилінің қалыптасуына негіз болатын критериилер

Аннотация.Стиль-көркем шығармада образ үйелерін құру әдістері. Суреткердің шығармасындағы дүниеге көзқарасы, алдына қойған мақсаты, өмір түсінігі мен дүниетанымын ашатын түрі мен мазмұн бірлігі. Көркемдік компоненттерді екшеп, түр ерекшеліктерін талғап, таңдап өз қажетіне асырып, мазмұн байлығын тереңдете түсуде қолданатын тәсіл-суреткердің стильдік ерекшелігі.

Көркем әдебиет пен журналистикада тіл шұрайлылығын, бейнелер жүйесін, көркемдік компоненттердің қиюласу тәсілдерін ашып алмайынша, бір бағыт, бір арнадан көрінетін тақырыптас шығармалардың, мақалалардың өзара айырмашылығы да, суреткер мен журналистің стиль ерекшелігі де онша байқалмайды.

Кілт сөздер: журналистика, көркем әдебиет, стилистика, шынайылық, шеберлік, тіл нормасы, ауызекі сөйлеу стилі, жазба стиль.


А.А.Алим, Ш.С. Нуржанова
Критерии формирования собственного стиля у творческих личностей
Стиль - это создание образных систем в художественном произведении. В творчестве публициста понятие и взгляды на жизнь, при установлении цели, достигаются через единение мировозрения. Способы публициста в написании, использовании художественных приемов, в выборе особенных литературных видов, углубление в целях обогощения смыслогого содержания в случае необходимости формирует его собственный стиль.

В художественной литературе, как и в журналистике, прослеживается общность тем произведений, отличие между ними представлено в одном направлении, пока не определяются методы сочетания богатства языка, систематичности образов и художественных компонентов, не будут заметны и стилевые особенности журналиста и писателя.



Ключевые слова: журналистика, художественная литература, стилистика, реалистичность, мастерство, нормы языка, стиль устной речи, письменный стиль.
Alim A.A., Nurzhanova.SH.S.

The main criterion in formation proper style of journalists and writers
Annotation.Style is a method of formation appearances in fiction literature journalists or writer’s peculiarity of style is to sort out the fiction components.

Journalists peculiarity of style, differences of the articles will be unnoticed, it they don’t define fiction components.

Key words: journalist, literature, stylistic, artful, skill, language standard, colloquial style, written style.
Әлім Ә.А., Ш.С.Нұржанова

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қазақстан республикасы Алматы қ,

missis.alim@mail.ru



Журналист пен қаламгердің өзіндік стилінің қалыптасуына негіз болатын критериилер

Суреткер - идея мен көркемдік компоненттерді жинақтап, әдебиеттің әдіс-тәсілдерін ашып, өзінің қалам мәнерін танытады. Стилист - әдеби стиль өнерін, тәсілдерін меңгерген тұлға, кезінде Аристотель стильдің айқын болуының бес шартын ұсынған:



  1. Жалғаулық пен демеулікті дұрыс қолдану.

  2. Сөйлемдерді алыстан орағытып, ойды түсіндіремін демей, айтайын дегенді дәл атау.

  3. Екіұшты мағыналы сөздерді қолданудан сақтану.

  4. Сөздердің аталатын мәтіндерін дұрыс қолдана білу.

  5. Әңгіме көп адам немесе бір адам туралы ма, соны аңғартатын сан есім жалғауларына сақ, мұқият болу.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының тұтынушылары журналистік мәтіннен білім көкжиегін, ақпарат және шынайы мәлімет алуға ынталы, мыңдаған адам олардан жалпы, арнаулы білім алумен қатар, сөз шеберлігін, сауаттылықты, сөзден сөйлем құраудың жақсы үлгілерін де үйренуге әрекет жасап жүр.

«Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастаған қуанышына арналған Мұхтар Әуезовтің «Сәт сапарға дос ниет» деген мақаласында ол әдебиетке: «Анық өскелең сапаға ие болған өнерлі әдебиет - сөз жұртының тіл өнері жөніндегі тәрбиешісі, көмекшісі. Әрбір жеке ірі шығарма тәрізді жеке баспа орны да өз оқырманын тіл өнеріне тәрбиелейді. Біздің газетіміз ойдағыдай сапалы тілмен шығып тұрса, оқушыны, жас қаламгер мен жазушыларды шешендікке, орамды тіл шеберлігіне баулиды». Оқырманға ондай тілдік тәрбие беретін баспасөз бетінде, радио, телевизия хабарларында әдеби тілдің өнегелі үлгілері аз емес. Мысалы, «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген Абай қағидасын жақсы ұғынған М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты сөз шеберлерінің шығармалары тіл өнерін үйренемін деушілердің мектебі болып отыр.

Журналистикаға келсек, практик журналистердің «журналистика - көркем әдебиет емес» дегенді кесіп айтуы, олардың көркем әдебиет болып саналатын қазақ классикалық туындыларын оқығанда, ана тіліміздің шұрайлылығын қанымызға сіңгенде ғана жақсы мақала туатынын ескермей жатамыз. Журналист әдемі айтылатын, сирек кездесетін сөздің соңында жүріп, мақаланың сыртқы формасы жылтыр, оқырманға еш дерек бермейтін көпірме шешендікке ұрынуы да әбден мүмкін.

Журналист оқырманға өз мақаласындағы шынайы фактілерден құралған картинаны дәл, әрі әсерлі етіп ұсынуы барысында мағыналық салмағы басым, дөп түсетін етістіктерді пайдаланғаны жөн, оқиға ортасында жүргенде өзіңіз қандай әсерде болдыңыз, міне осындай оқиғаларды суреттеу үшін біз көркем әдебиетке жүгінуімізге тура келеді, өйткені оқып отырған адам да сіз кешкен күйді басынан кешіуі үлкен шеберлікті талап етеді, жеңіл, әрі тез оқылады, сондықтан мұндай жағдайда, сөйлемді жеті-сегіз сөзден асырмаған дұрыс. Түсініктіліктің негізі - қарапайымдылықта, бұл туралы орыс жазушысы Л. Н. Толстой «Простота - необходимое условие прекрасного» «Қарапайымдылық - әсемдіктің бір шарты» дейді.

Материалдың қызғылықты, тартымды, юморлық элементтермен, эстетикалық әсер беретін тілмен баяндалған мақала өз өзектілігін жоймайды, мұндайда, сын есімдерді өз орнымен пайдалану да артық етпейді, мәселен, адамның мінезін ашу барысында «қатал кісі» дегеннің орнына, осы мінезін танытатын детальға жүгіну дұрыс, өйткені кез-келген сипаттама детальмен ашылады.

Егер материалыңызда калька: «қалтасы қалың ағалар», «ұлт жанашыры», «нәпақасын тауып жүр», «көкек, безбүйрек аналар», «балық басынан шіриді», «өзіміздің қаракөз қыздарымыз» деген жаттанды сөздер ести-ести жауырын болған сөздерге жатады, сәнге айналған терминдерден де алшақ жүрген дұрыс, өйткені адамның инттелектісі ауыр териндердің көптігінен емес, материалдың сапасынан көрінеді, екі-үш сөйлемнен аспайтын цитата келтіру де мақалаңызға көрік береді.

Кең аңғарлы әдебиетімізде тілге шорқақ болмаса да, тіл мәдениеті төмен шығармалар кездесіп жатады.

Мұхтар Әуезов айтқандай, «... тілдегі жетіспеген олқылық, олақтық, дәмсіз, нәрсіз, сұрғылт жүдеулік пен штамп тәрізді арзан қолды схемалық көп болса, сондай міндерді де түзей отыру керек».

Осындай міні көп кітаптың бірі Кәмен Оразалиннің «Жексен» деген кітабы, көркем сөз күйін шертемін деп жасандылыққа салынған сол автордың кітабынан: «Анна Ивановна... екі иығын тонына сұғылыстырыңқырап түймесін салды. Қала қардың астында, мойнына шейін көміліпті.

-Анна, Анна!-деген қырылдаңқы дауыс естілді. Бодамдағы қысқа кендір арқанын беліне мықтап буды. Айғай-шу бәрі құлағына дыбырласып жамыралы... Бірақ осының бәрі көңілге көрінген елес қана болатын. Тұншықтыра басқан жуан қол Аннаны мегдетті, басы төмен тұқырып астына айналып еді. Аннаның да қолы жан-дәрмен оның алқымына жабысты. Әйелдердің ешкімі де қайта жауап қайырған жоқ. Ыстық сорпа Рейхнаудың кенезесін кептірді. Сүйірленіп біткен қоңқақ танауы таңғы тамақтың жақсы иістерін тегіс жинап алды».

Бұл мысалдағы сөздер дөрекі, тіркестері шәлкес, яғни әдеби тілді пайдалануда бұдан артық олақтық жоқ шығар [1].

Келешегінен көп үміт күтетін бір жас автор «қырық құлаш қыл шылбырдан аттың мойнына тұзақ салды» депті, осы бір сөйлемде екі қате бар: біріншіден, қыл шылбыр құлаш болмайды, қыл арқан қылық құлаш болуы мүмкін, екіншіден, қазақ аттың мойнына тұзақ емес, бұғалық салады, тұзақты құсқа құратыны дәстүрде бар дүние.

Қазақ тіліндегі мәндес сөздердің бәрі бірдей әдеби, қолдану аясы кең бола бермейді.

Основная часть. Main body

Журналист өз мәтінінде әрбір синоним қатарына мән беру керек, яғни ондай сөздер жазған мәтінде де, ауызекі сөзде де, стильдік өң алып тұрады, мәселен, «түріңді көру» сөзі, осы сөздің синонимдік қатары «жүзіңді көруге ынтықпын», «дидарыңды көруге асықпын», яғни, «дидар» сөзі - эмоциялы, поэтикалық сөз, оның қолданысы да әр түрлі, мәселен, бұл сөздің қолданысы «түр, пошым» түрінде ақпараттық жанрларда көрініс тапса, «дидар, жүз» тек көркем - әдеби жанрларда ғана өз орнымен үйлеседі.

Стилистиканың ауқымы кең, қоғамдық қатынас құралы ретінде тілдің түрлі салаларда қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін стилистиканың: ауызекі сөйлеу, кеңсе қағаздарының тілі, публицистикалық, ғылыми, әдеби стильдер деген салалары бар.

Орыс әдебиеттанушы В.В. Виноградовтың еңбектерінде: «Стилистика стильдік құбылыстарды сол тілдің жалпы заңдарына, грамматикалық, семантикалық құрылымына орай зерттейді, яғни, стиль - бір-бірімен әртүрлі формалық құрылымдық элементтердің іштей тұтас, бірыңғай жүйесі» делінеді, демек, әр журналист шығармаларындағы стиль - тілдік сипатты ерекшеліктердің жиынтығы ретінде ғана көрінеді.

Журналист тіл мен стильді теориялық тұрғыда меңгеріп қана қоймай, практикалық тұрғыда өз туындыларында шебер қолдана білсе, белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.

Журналист үшін тіл мен стильді жетік меңгеріп, оларды шебер, әрі орнымен қолдана білу өте маңызды. Ол жеке стилін ашып, көрсету арқылы, шығармашылығындағы басты сипаттарын дөп басып, жетістіктері мен кемшіліктерін ажыратады, журналистиканың әр жанрының өзіне тән стилі мен тілі болатынын ұмытпау керек және осы салада әріптестеріміз мәтіндерін қиыннан қиыстырып, әсірелеп жазғанды, жасанды сөз тіркестерін орынсыз пайдалануды ұнататындығы жасырын емес.

Мәселен, ауызекі әңгімеде «бүгін жаңбыр жауатын сияқты» деп айтамыз да, мемлекеттік телеарналардың ауа-райы анонстарында «жауын-шашын болады деп күтілуде» дегенді жиі естиміз. Заметканы «ауылшаруашылығы саласына берілетін несиенің жылдық пайыздық мөлшері 5 пайыз екен», «бұл ЖШС-ның үлесі-25 пайыз» дегеннің орнына «менің үлесім пәленше пайызды құрайды» деп жазып қоямыз.

Екеуара әңгімеде «үстіміздегі жылы менің ұлым мектепке барады» демей, «биыл балам мектепке барады» дейсіз, онда неге тура солай жазбасқа немесе айтқанда «танысып қой, мынау менің досым» дейміз де, жазғанда «...досым болып табылады» дегенді қосып жазамыз.

Қазақ тілінде жазатын болғаннан кейін мүмкіндігінше қазақи ұғымнан ауытқымауға тырысу керек, мәселен осы тактиканы журналистикада сәтті қолданатын журналист Сәкен Сыбанбай, сұхбат алу барысында, «Пәленше Түгеншеұлы» деп басталатын қаратпа сөзді қолданбауға кеңес береді, қазіргі жаңа нано-технология ғасырында таныстырудың түрлі жолдары бар.

Қазіргі кезде филологтар мен журналистер 60-70 жылдардағы әдеби тілді дамыта отырып, оны бүгінгі күннің тілдік нормасына сыйғызу мәселелерін зерттеу үстінде. Бүгінгі күні олар тілді нормаландыру барысында, тілдің икемділік қасиетін жоятын сөздерді, сірідей сірестіріп қоюмен күрес жүргізуде, сөз қолданысы туралы рецепт беру мүмкін емес, оны әр журналист орысша айтқанда, «со своей вышки», яғни өзінің білім көкжиегінен қарай төселеді.

Қатынас құралы болып қалыптасқан тілге реформа жасау мүмкін емес, бірақ, оны әдеби нормаға түсіріп байытуға, жақсартуға, икемді етуге болады, тілдегі бірқатар сөздердің, сөз тіркестерінің құрылысы дәл осы күнгі логикалық ой тұрғысынан үйлесімді болмауы да мүмкін, бірақ, бұл сөздер қазіргі тілдік санада орнықты орын алып, ойымызды мақсатты, дұрыс айтуға жарап жатса, оны өзгертудің керегі жоқ. Мәселен, «жұмыс істеп жатыр» немесе «қолын тістеп алды» сөздер құрамын бөліп қарасақ, ондағы сөздер пәлендей логикалық байланыста тұрмағанын байқауға болады, жұмыс «істеу» мен «жатыр», «тістеу», «алды» етістіктерінің бөлек тұрғандағы мағыналары бір-бірімен мүлде үйлеспейтінін байқауға болады, сөздерді түрлендіріп тұрған жалғаулар мен жұрнақтардың рөлі ерекше, сонда да, халық тілінде олардың бірін екіншісіне көмекші етіп, ерекше қызметте, жаңа мағынада жұмсалу қолданыста.

Журналистикада сырттан келген, яғни шет сөздердің тілдік нормаға енуі туралы Ресей кітаптанушысы, филолог Н.М.Сикорский «Теория и практика редактирования» оқу құралында Г.В. Плеханов еңбектерін тіл мен стиль тұрғысынан түзету үшін марксизм теориясын насихаттаушы В.Н.Лениннің:«Уменьшение «экономического значения» мелких производителей - слишком абстрактный термин, последствия кризиса-относительное и абсолютное ухудшение положения. Не лучше ли указать прямо: безработица, нищета рабочих и мелких производителей», яғни ол қалам ұстаушыларды екі ұшты ойлы сөздерден алшақ жүруге және іс-қағаздар тілінің шаруадан, бай-шонжандарға дейін түсінікті, қарапайым болуы керек екендігін : «пара лет, клеймят безумием» не по русский, длинные фразы с повторением необходимо переделать в короткие, слог весь, по-моему, надо переделать и сделать более популярным, для сего переписать все заново, сознаюсь, что если меня употребление иностранных слов без надобности озлобляет, ибо это затрудняет наше влияние на массу, то некоторые ошибки пишущих в газетах совсем уже не могут вывести из себя. Не пора ли объявить коверканью русского языка».

Жазушы, журналист, ақынның сөз қолданыс ерекшеліктері олардың өзіндік стильдерін қалыптастырады, мәселен, Б. Майлин еңбектері синтаксисінде тұжырымдап, дәлме-дәл құрастырылған сөйлемдер көріктеу, көркемдеу тәсілдері арқылы, әсіресе метафоралық тіркестермен көп берілген.

М. Әуезовтің синтаксисінде ой қазбаланып, жан-жақты қамтылу көзделетіндіктен, сөйлемдері күрделенген, зілді келеді, мақал, мәтел, теңеу, метафора сияқты көріктеу амалдарының қатарында бірыңғай мәндес сөздерді ұластырып жұмсау жиі кездеседі. Мысалы: «Қораның ішінде Құнанбайды қоршаған кәрі-жас Ырғызбайлардың киім сәні бөлекті және қаладағы саудагер, имам, қалпелердің сәлделі, шапанды, құндыз бөрікті, байлық, барлық көріністері де басқа... Ол екеуі қажып - талған түрлерімен, ашаң, жүдеу жүздерімен өзгеше сұп-сұр, көнетоз, жыртық киімдерімен, ерекше бір азап дүниесінен келгендей».

Жазушы Ғ. Мүсіреповтің синтаксисінде шашау шыққан сөздер болмайды, бәрі логикалық байланыста, әрқайсысы өз орнымен тұр, сөйте тұра ол, өзіне ғана тән, езу тарттыратын, жеңіл әзіл-оспақтарды жиі қолданады.

Журналистика да, әдебиет те тіл мәдениетінің берекесін қашыратын табиғи, жалпы халықтық, ұлттық нақыштың тұрқын қашыратын жаман, әдепсіз сөздерді пайдалануға қарсы, мәселен, Есқара Тоқтасыновтың шығармаларында қарбыздай, сақаба, дүңкіл, шартта-шұрт сөздерін, қазақша айтқанда, «басын жарып, көзін шығарып» жұмсау деп білеміз. Мақаланың зерттеу объектісі - әдебиет пен журналистикада тіл ұстарту, сөз өнері, мәдениетінің қолданыс аясы, стилистика, тілдік норманың заңдылықтары.



Вывод. Conclusion

Әр журналистің, жазушы-қаламгердің шығармашылыққа келу, алғашқы жетістіктерге жету, шеберлік тұғырына көтерілу жолы әрқилы. Кез-келген қаламгердің шығармашылық жолға келуіне, алғашқы жетістіктерге жетуіне оның өз күш-жігерімен қоса, қандай да бір тұлғаның әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан дарындылық пен жаңашылдық көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйеніп, тың ізденіс пен талпыныстан туады. Ол үшін әрине, ең алдымен, қаламгер бойында табиғи қабілет, көркем әдебиетке сүйіспеншілік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер қаламгердің өз ізденісімен кеңейеді, қалыптасады.

Өзінің сара жолымен дараланған сондай журналист Жанболат Аупбаев. Жанболат Аупбаев мақалаға арқау болар өмірлік объекті немесе оқиғаның маңызды, мәнді әрі сыр-құпияға толы бояуы оның қоғамдық-әлеуметтік өткірлігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге уақыт, дәуір шындығын ашып көрсетуде тапқырлық танытады. Журналист еңбектерінің кеіпкерлері тылсым табиғат тіршілігіне қатысты (теңіз бен жер, тау мен тас, т.с.с) кейіпкерлерден бастап өмірлері жүрек тебірентерлік сәтке толы адамдармен аяқталады. Ол-публицистикасының, соның ішінде қыры мен қиындығы мол очерк жанры тілінің іргетасын қалаушылардың бірі. Журналист тілі дегенде, ең алдымен, ойға оралатыны оның суреттеу шеберлігі мен көркемдік әдістерінің өзіндік ерекшеліктері туралы әңгіме болмақ. Жанболаттың өзіне тән қалам ұшқырлығы оның шығармашылық даралығын айқындайды десек, кейде қаламгерлік биіктігін де таныта түседі.

Сөз мақсаты – сөйлеу емес, сөзбен сурет салу десек, ол болмыстағы оқиғалардың қалың тобының арасынан таңдап, талғап алған шындық құбылыстың оқырман жүрегін елжіретіп, сезімін қатар отырып суреттейді [2].

Ұлттық журналистикаға қызмет етуші тәжірибелі журналистер өзіндік стилі мен қолтаңбасын осындай жолдармен қалыптастырады.

Әдебиеттер


  1. М. Балақаев, М. Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті.Оқулық - Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж., 79 бет.

  2. Р. Жақсылықбаева. Публицистің шығармашылық шеберханасы. Оқулық - Алматы: «Қазақ Университеті», 2011 ж., 132 бет.


References

1. M. Balaqaev, M. Serğalïev. Qazaq tiliniñ mädenïeti.Oqwlıq - Almatı: «Zïyat Press», 2006 j., 79 bet.


2. R. Jaqsılıqbaeva. Pwblïcïstiñ şığarmaşılıq şeberxanası. Oqwlıq - Almatı: «Qazaq Wnïversïteti», 2011 j., 132 bet.




ӘОЖ 70

А.А.Садуақасов1, Ш.С.Нұржанова2

Ұлттық өнерді насихаттаудағы маркетинг
Бұл мақалада Қазақ ұлттық өнерінің маркетинг арқылы қоғамда жылжытудың нақты әдіс-тәсілдері зерттеліп, қарастырылады. Осы маркетингтік коммуникациялар арқылы шетелдік саяхатшыларға Қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдары мен сал-дәстүрі насихатталуы керек.

Кілт сөздер: өнер, маркетинг,коммуникация,саяхатшы.


А.А.Садуакасов1, Ш.С. Нуржанова2

Роль маркетинга в пропаганде национального искусства

В данной статье рассматривается продвижение казахской национальной культуры с помощью маркетинга. С помощью маркетинга надо пропагандировать иностранным туристам казахские рукодельные и ювелирные изделия.

Ключевые слова: искусство, маркетинг, коммуникация, путешественник.
A.A.Saduakasov1, Sh.S.Nurzhanova2

The role of marketing in the promotion of national culture

This article focuses on the promotion of Kazakh national culture through marketing. With the help of marketing is necessary to promote foreign tourists Kazakh handicrafts and jewelry.

Key words: art, marketing, communication, traveler

А.А.Садуақасов1, Ш.С.Нұржанова2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

E-mail: abaisadu@gmail.com

Ұлттық өнерді насихаттаудағы маркетинг
Қазіргі таңда бір өркениетті ел екіншісін күштеп жауламағанымен, ұлттық ерекшелігінен, мәдиенітінен, тілінен, дінінен айырылған елдер алпауыттардың ықпалында кетеді. Былайша айтқанда бір мәдениеттің екінші бір өркениетке ықпалы, сол арқылы басымдылық танытып,кірігуі. Сондықтан қазақ халқының да ұлттық мәдени ерекшілігін заманға сай әдіс-тәсілдермен,нарықты зерттейтін маркетинг ғылымымен насихаттау қажеттілігі туындап отыр. Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде XIX-XX ғасырлардан бастап қолданыла бастады. "Маркетинг" сөзі ағылшынша "market" (нарық) сөзінен шыққан және дәлме-дәл мағынасы нарықпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді[1.9]. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл ғылымның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене түсуінен. Ал,біздің елімізге бұл ғылым кеңес үкіметі ыдырап, егемендігімзді алғалы бері ене бастады.Еліміз нарықтық экономика сатысына өткелі бері бұрынғы кеңес тұсындағы экономикалық байланыстар үзіліп,жаңа қарым-қатынас жасау қажеттілігі туындады,бұрынғыдай тауарды тапсырыспен емес,нарықты зерттей отырып нарық сыйымдылығына, сұранысына,сегментіне қарай шығару керке болды. Осы орайда әр ел әлемдік нарықта өз тауарларымен,өзіне тән тауарлық белгілермен (бренд) ерекшеленеді. Мәселен, Швецария-мүлтіксіз дәл сағатымен, Жапония-компьютерлік технологиялары және көліктерімен, Араб елдері - мұнайымен белгілі. Ал, Қазақстан осы қатарда ұлттық ерекшелігімен, салт-дәстүрі, ұлттық өнерімен және осыған байланысты тауарларымен де белгілі болуы керек.

Тарихи деректерге жүгінетін болсақ XVI-XVII ғасырларды қазақ арасында құрылысшылық, теміршілік, зергерлік, аяқ киім тігу сияқты қолөнер түрлері қатты дамыған. Қазақ даласы темір және мыс кендеріне өте бай.Қазақтар өз елі мен жерін сыртқы жаудан қорғау, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ең алдымен құрал-жабдықтары мен сарбадың бес қаруы сай болуы керектігін ұмытпады. Сондықтан темірден түйін түйетін хас шеберлердің атақ-абыройы жоғары болды. Шеберлер (ұсталар) темірден әр түрлі ауыл шаруашылық саймандарын, әскери құрал-жабдықтар мен ат әбзелдерін жасады.Тауар өндірісі мен ақша қатынасының күн санап кеңеюіне байланысты ұсталар мен қолөнерші зергерлер ендігі жерде өз өнімдерін базар жағдайына бейімдеп шығара бастады [2.354]. Міне осы кездің өзінде елімізде сауда-саттықтың,маркетингтің нышаны болғанына көз жеткізуге болады.

Қазақ ішінде темір ұсталарынан басқа,біз атап өткендей,алтын-күмісті ұқсатумен айналысатын шебер зергерлер болды. Олар осындай асыл металдардан білезік,жүзік,срыға, кемер белбеу, ер-тұрман жасады.Олар жүгенді, ауыздықты, ердің қастарын,тебінгілерді, үзеңгі мен үзеңгі бауларды, өмілдірі-құйысқандары алтын-күміспен әшекейлеп, ол әшекейлерге асыл тастардан көз орнатты. Осында зергерлік бұйымдар мен әшекейлер әлі күнге дейін өз қадірін жоймай, қайта арттырып келеді және мұндай бұйымдардың құны бірнеше мың АҚШ долларымен бағаланады.

Еліміз қоныстанған жерлерддің көбі орман-тоғайлы келетіндіктен ағашшылық қолөнер кәсібі де едәуір дамыған. Ағаш шеберлері ағаштан арба, төсек, сандық (әбдіре), келі, шелек, астау,шөміш,тостаған,саптаяқ,касык т.б. жасаған.Сондай-ақ,бағзыдан көшпелі тұрмысты негіз еткен халықтың қолында бар байлығы ең алдымен тері, жүн болатын. Сондықтан қой жүні мен терісін ұқсату кәсібі отбасылық қолөнер кәсібінде айрықша орын алды.Қой,қасқыр терілерінен әр түрлі тондар, ішіктер тікті. Ірі қара мал терілерінен етік, тұлып, тері қобдиша, шелек тігіп, тартпа, айыл, қамшы, жүген т.б. жасады. Асыл жүнді аң терілерінен бөрік, тымақ, сондай-ақ ішік тікті.

Қой жүнін ұстап пайдалану әйелдерге байланысты отбасылық қол өнеркәсібінің ең маңызды саласы-тын.Жүннен әр түрлі киіздер,арқан-жіптер, бау-шулар жасады.

Қазақ халқы үй-ішінің сәнін арттыра түсу үшін өздерінің оюлары арқылы зейін-зердесі мен ақыл-парасатын жұмсады.Түскиіз-текеметтеріне, кілем-кілемшелеріне, ыдыс-аяқтарына көз тартарлық ою-өрнектер сала білді. Мұның өзі олардың дала мәдениетіне қосқан үлесі болып табылады. Сонымен қатар қазақ әйелдерінің кесте тігуі, дүниелерге ою-өрнек салуы-бәрі дерлік қазақ халқының ұлттық ерекшелгігін көрсететіні сөзсіз.

Ұлттық өнердің не екені жайлы басын ашып сипаттадық. Осыған байланысты бүгінгі күні туындаған мәселелерді пысықтайтын болсақ,олар төменлегілей болмақ:


  • Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында ұлттық қадір-қасиетімізді,түркі халықтарының ішінде Қазақ екендігімізді,тілімізді,салт-дәстүрімізді насихаттау (ең бірінщі өзімізге-өзіміз насхаттап мақтан тұту) қажеттілігі тұр.

  • Жаһандану үрдісі белең алып тұрған кезеңде батыстың немесе басқа елдің бұлауында кетпеу.Шетелдіктердің назарына тұрғылықты халық - Қазақ екенін түсіндіріп,тарихымызды қысқаша баяндап,олардың санасына ұлттық қолөнер бұйымдарын ұсыну,сату арқылы мағлұматты берік ұялату.

  • Ұлттық өнерімізді шетел азаматтарына насихаттау арқылы мемлекетіміз-Қазақстан Республикасын әлемдік аренада таныту(мемлекетіміздің рәміздерімен таныстыру).

  • Ұлттық өнерімізді,қолөнершілерімізді мемлекет,жергілікті әкімшілік тарапынан қолдау.

Осы бұйымдар мен зергерлік заттар бүгінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте аз қолданылатыны белгілі,сондықтан бұл заттарды ескерткік-сыйлық ретінде сатып алушы сегмент көбінде-біздің елімізге келген саяхатшылар(туристер) болып табылады. Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша туризм пайда түсіру жағынан мұнай өндірісі және машина жасау салаларынан кейін үшінші орында тұр. Көптеген елдердің экономикалық жағдайын көтеріп тұрған да осы- туризм саласы.Туризм дегеніміз тек қана демалуға келген адамдардың жиынтығы ғана емес. Оған Қазақстан территориясында мәдени-саяси байланыстарды орнатуға және конференциялар мен халықаралық саммит,семинарлар мен жәрмеңкелерге қатысуға келген адамдардың барлығы жатады.Сондай-ақ араларында танымдық, діни мақсаттармен,сонымен қатар спорттық жарыстарғакелгендер де болады.

Яғни, бізге ұлттық өнерімізді насихаттайтын обьектіміз белгілі болды.Маркетингтік тілмен айтқанда сегмент айқындалды.Енді осыған байланысты қандай маркетингтік әдіс-амалдарды қолдануымыз керек?

Жоғарыдағы айқындалған мәселелерге байланысты тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін мынадай маркетингтік (жылжыту) коммуникация жүйесін қолдануға болады:


  • Жарнаманы;

  • Арнайы сатуды;

  • Өтімді ынталандыруды;

  • Қоғаммен байланысты.

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер[1.135]. Маркетингтік коммуникацияның жарнама әдісін қолдану арқылы біз бірінші, ұлттық өнерімізді насихаттайтын аудио-бейне жарнама роликтерін дайындауымыз керек. Олар әуежайдан бастап ұщақтың ішінде,қонақ үйде, музейлерде, театрда,ірі дүкендерде, "Медеу" мұз айдынында, "Көк-төбе" сынды жерлерде ұлттық музыкамен көркемделіп көрсетілуі қажет. Жарнамаға тапсырыс берушілер Мәдениет және ақпарат министрлігі , жергілікті әкімшіліктер болуы керек және оған отандық ірі қаржыгерлер мен корпорацияларды тарту қажет. Екінші,жарнама буклеттері, парақшалары, әдемі плакаттар,үлкен билбордтар, ою түріндегі лайдбокстар жасалып, қаланың әсем жерлеріне безендіріліп іліну керек. Ал, рәміздері бар буклеттер ұшақта,қонақ үйлерде тегін таратылуы тиіс.Үшінші,қызмет көрсету сервисінде жұмыс істейтін ұшақтағы әуесеріктерден(стюардессалар)бастап музей, тетар, қонақ үй т.б. барлық қызметкерлердің киім үлгісі қазіргі заман және жұмыс орнының талабына сай болуы және ол ұлттық ою-өрнекпен ұлттық нақышта безендірілуі қажет. Төртінші, сату орындарындағы жарнама ұлттық ою-өрнек нақыштарымен жасалу қажет. Оған:

  • Витрина;

  • Тауар қорабы;

  • Зат таңбасы;

  • Назар аударуға арналған жазулар,таңбалар (ою-өрнек,анрнамент) жатады.

Келесі маркетингтік коммуникациядағы - арнайы сату әдісі.Арнайы сату әдісі сатушы мен сатып алушы арасында тікелей қарым-қатынас орнатады.Арнайы сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • Сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты өзара қарым-қатынас туралы арнайы кездесу өткізеді;

  • Қарым-қатынас содан кейін тұрақты қалыптасуы мүмкін;

  • Кездесу өз әсерін беріп тауар сатылуы мүмкін.

Басқа әдістерге қарағанда арнайы сату әдісі күрделірек болып, оңайға түспейді. Өйткені бұл әдісті қолдану үшін арнайы садуа агенттері дайындалады әне арнайы сату жоспары жасалады. Бұл әдісті көбіне осы біздің тауарларымызға қатысты арнайы қызығушылық танытқан адамдарға қолдануға болады. Осы арнай сатуда дүкендердің орналасқан орындары да басты рөл атқарады.Олар жоғарыда айтылған мәдени орталықтарда, әуежайда, темір жол бекеттерінде және сән-салтанат өтетін орындарда орналасқан жөн.

Тауар өтімін ынталандыру әдісі. Өтімді ынталандыру үшін келесі шараларды жасау абзал:



  • Тауарға деген тартымдылықты күшейту - ол үшін тұтынушылар арасында лоторея, купондар таратылады және бағаны төмендету арқылы оларды қызықтыру;

  • Сатып алуға байланысты шақыруларды көбейту;

  • Сатып алуға тұтынушыларды талаптандыру- ол үшін тұтынушыға құнды болып табылатын жеңілдіктер, кепілдемелер, бағаны төмендету әдістері қолданылады;

  • Өтімді ынталандыру үшін сауда саласындағы делдалдарды ынталандыру. Делдалдарды ынталандыру үшін мына әдістер қолданылады: баға жеңілдіктері, бірге жарнама жүргізу, сауда жарыстарын ұйымдастыру, тауарды тұтынушыға тегін жеткізу;

  • Өткізумен айналысатын фирма жұмысшыларын ынталандыру. Жұмыс сапасын жақсарту мақсатымен уәждеме қолданылады. Мысалы, ақшалай, заттай сыйлықтар, қосымша демалыс уақыттарын беру т.б.;

  • Тікелей тұтынушыларды ынталандыру. Мұнда тұтынушыларға баға жеңілдіктері, купондар, кепілдемелер беріледі,тауармен ресми таныстырулар өткізіледі.

Маркетингтің келесі әдісі-қоғаммен байланыс (PR).

Қоғаммен байланыс дегеніміз - ол фирма туралы қоғамның жақсы пікірін қалыптастыру мақсатымен кәсіпорынменен оның тауарлары туралы коммерциялық жағымды ақпарат тарату болады. Қоғаммен байланыс фирманың табысты әрекеті тәуелді болатын ізгі қарым-қатынастарды орнатуға бағытталады және фирманың беделін қамтамасыз ету мақсатымен жүргізлетін кез келген коммуникациялы іс-әрекеттерін қамтамасыздандырады.Өйткені ұлттық өнерімізді дамыту әрекетінің эемісті болуы өзінің қызметкерлерінің іскерлігіне, клиентураға,үкіметке, қоғамға, тұрғылықты халықтыңбасым тобына тәуелді болуы әбден мүмкін.Сайып келгенде қоғаммен байланыс дегеніміз қолөнершілер немесе кәсіпкердің бейнесіне не оны қалыптастыратын факторларға тікелей қатысы бар әрекеттерді қамтиды.

Бұл қызмет аясындағы барлық күш-жігердің басты міндеті ұлттық өнерге деген сенімді және түсінушілік ахуалды қалыптастыруға бағытталады.Сондықтан қоғаммен байланыс саясатының негізгі мақсаттары мыналар болады:


  1. ішкі саясатты жүзеге асыру: ұлттық өнер тағдырына оның қызметкерлерінің жауаптылығын, оған қатыстылық сезімін қалыптастыру, өз ұлттық өнерімізді, оның өнімдерін мақтан тұту сезімін дәстүрлі қалыптастыру;

  2. сыртқы саясатты жүзеге асыру: тұтынушыларды қол өнершілер өндіретін өнімдермен таныстыру, олардың сапасын көрсете білу;

  3. ұлттық өнердің беделін көтеру:ұлттық өнердің бейнесін, жақсы атағын, яғни жұмысшылар өздері өндіретін тауарларды ардақтау.

Коммуникация жүйесіндегі басқа әдістерге қарағанда қоғаммен байланыстың мынандай ерекшеліктері бар:

  • Жарнамаға қарағанда ресми таныстырулар,баяндамалар тұтынушыларға шынайы сенімді көрінеді;

  • Тұтынушылар кеңінен қамтылады - сатушыларға,жарнамаға сеніңкіремей жүргендерге жариялау әрекеті кең көлемде жақсы нәтиже береді;

  • Көзге тартымды да жағымды келеді.

Қоғаммен байланыстың негізгі нысандары мыналар:

  • БАҚ-тағы редакция материалдары;

  • Көрмелердің беделді бөлімдері;

  • Кино және бейне фильмдер;

  • Басылым туындылары;

  • Ұлттық өнер,қолөнершілер өкілдерінің маңызды және әйгілі қоғамдық оқиғаларға қатысуы;

  • Тауарларды ресми таныстыру,конференцияларға,семинарларға ұлттық өнер иелерінің қатысуы және баяндама жасауы;

  • Спорт жарыстары,қоғамдық оқиғалары,музыка концерттері,білім бағдарламалары,ғылыми зерттеулері және басқа да демеуші әрекеттері.

Осыған байланысты нақтылы істелетін маркетингтік іс-шаралар БАҚ-та қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ұлттық өнерге қатысты PR-материалдар жариялау қажет, ұлттық өнер тақырыбында халықаралық көрмеле мен конференциялар ұйымдастыру, Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен өнерін насихаттайтын тарихи фильмдерді көрсету, түсіру, халықаралы тілдерде Қазақ халқы, өнері, тарихы туралы түрлі-түсті етіп сапалы суреттермен безендірілген кітап, журналдар шығару, қолөнершілердің шеберханаларында мастер-кластар өткізі шараларын жасау керек.

Бұл шаралар бір күндік жасалатын шара емес, стратегияға негізделіп ұдайы жасалатын шара.Сондықтан еліміздің мәдениетін , өнерін дамытуда бұл маркетингтік іс-шараларды Қазақстанның алыс-жақын шетелдердегі елшіліктері де жүргізі отыруы өте қажет. Осындай маркетингтік іс-шараларды қолданатын болсақ, ұлттық өнеріміз әлбетте дамиды, кері кетпейді. Дамып қана қоймай табыс әкеледі,байлықтың көзіне айналады.



Әдебиеттер :

1. Нысанбаев С.Н. Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері: -Алматы: "Қазақ университеті" , 2002ж.-200б.

2. Су Бихай Қазақ мәдениетінің тарихы.-Алматы,2001.-552б.

3. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2001.-228 б.

4. Қазақ халқының салт-дәстүрі - Алматы: "Рауан" , 1993.-220б.
References:

1. Nysanbaev S.N., Sadykhanova G.A. Marketing negizdery:-Almaty: “Kazakh university”, 2002,page 200.

2. Su Bihai Kazakh madenietinintarihy .-Almaty,2001.-p 552.

3. Asylov U.,NuskabaulyZh. Adeptanu - Almaty: "Mektep" baspasy, 2001.- p228.

4. Kazakh khalkynin salt-dastury -Almaty: "Rauan" , 1993.-p 220.

УДК 070


Байғожина Д.Ө.1, Қалым Ж.2

Алматы қаласындағы PR агенттіктерінің пайда болу,

қалыптасу кезеңдері
Аңдатпа: Алматыдағы қоғаммен байланыс бойынша жұмыс жасайтын компаниялар жайында айтылып, ең басты ерекшелігі ретінде оның әлсіз зерттелуі мен мамандар арасындағы ортақ пікірдің аз екендігі айқындалады. Қоғаммен байланыс нарығындағы демократиялық негіздерінің жариялануы, адамның құқықтары мен сөз бостандығына кепілдіктің берілуі, нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік, ашық қоғамның орын алуы сипатталады.

Түйін сөздер: PR агенттіктер, медианарық, компаниялар, БАҚ.

Байгожина Д.О., Калым Ж.

Появление и развитие PR-агентств в городе Алматы
Статья посвящена изучению истории создания и развития PR-агентств в городе Аламты, изучется практика проведения PR-кампаний в мегаполисах. По данному вопросу нет единого мнения у практиков и экспертов данной области. Авторы также описывают систему рыночных отношений, конкуренции, ранок связи и другое.

Ключевые слова: PR-агентства, медиарынок, компании, СМИ.

Baigozhina D.O.1, Kalym Zh.2

PR agencies occurrence in Almaty formation
Abstract: The article is devoted to PR companies in Almaty, described weak, the most important feature of his study of the grip is not consensus among the experts. communications market published in the foundations of democracy, human rights and freedom of speech guarantees the development of market relations, competition, open society characterized by occur.

Key words: PR agencies, media market, companies and the media.


Байгожина Д.Ө., Қалым Ж.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

e-mail: baigozhina777@mail.ru;

zhanibek21@mail.ru

Алматы қаласындағы PR агенттіктерінің пайда болу,

қалыптасу кезеңдері
Алматыдағы PR саласында қызметтерін ұсынатын компаниялардың нақты санын көрсету мүмкін емес. Мұның басты себебі, соңғы кездері мұндай қызметтерді жарнама агенттіктері де, түрлі газет редакциялары да, тіпті ТҚҰ да көрсете бастаған. Бұл бүгінгі біздің қоғамның PR саласына деген нақты көзқарасының жоқтығының айқын дәлелі. Дегенмен, бүгінде елімізде беделді әрі танымал жобаларды жүзеге асырумен айналысатын бірқатар, нақтырақ айтсақ 7 компания бар екендігін айтуға болады. Олар "Ренессанс", "Promo Group Communications (PCG)", "PR-Management", "Star Media & Ogilvy", «Good! Creative marketing PR» компаниясы, "Media-системс" және "Public Relations & Promotion Central Asia". Бұлардың барлығы да Алматы қаласында пайда болып, бұдан кейінгі қызметін де Алматы қаласында жалғастырып, үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл компаниялар қызметінің тек қана 50% ғана қоғаммен байланысқа маманданғанына қарамастан, отандық PR қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан алматылық компаниялар өз қызметін сәтті жалғастырып келеді дейді мамандар. Және болашақта бұл компаниялар өзінің PR саласындағы қызмет ету саласын барынша нығайтатыны да болжалып отыр [1].

Жалпы, Алматыдағы қоғаммен байланыс бойынша жұмыс жасайтын компаниялар жайында сөз еткенде, ең басты ерекшелігі ретінде оның әлсіз зерттелуі мен мамандар арасындағы ортақ пікірдің жоқтығын айтуға болады. Қоғаммен байланыс нарығының қалыптасуының басты себептерінің бірі-демократиялық негіздерінің жариялануы, адамның құқықтары мен сөз бостандығына кепілдіктің берілуі, нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік, ашық қоғамның орын алуы. PR-қызмет нарығының басты қозғаушы күші – нарықтық экономика, ал бұқаралық баспасөздің дамуы, ақпаратты қатаң бақылау тәртіптерінің жойылуы, саяси тәртіптерінің өзгеруі екендігін ескерсек, оның қазақ қоғамына жаңа үрдістерді алып келгендігімен ерекшеленеді. Бәсекелестік ортада өзінің тауарлары мен қызметтерін ұсынған кәсіпорын немесе мекеменің нарықтың белгілі бір үлесін ұстап қалу үшін, халық арасында қошемет пен жоғарғы беделге ие болу керектігі белгілі. Бұл PR деп аталатын ақпараттық ағымдарды басқару технологиясы арқылы мүмкін болады.

Жарнама саласындағы жаңашылдықтар, медиатехнологиялар, сапасы жағынан әлдеқайда күшті болатын жаңа тауарлардың нарыққа келуі бизнес иегерлерінің бұқараның назарынан тысқары қалмауға күш салуға итермелейді. Жалпы алғанда, көптеген компаниялардың қызметіне шолу жасай отырып, Алматыдағы PR-нарығының қалыптасу уақытын үш кезеңге бөлуге болады. Ендігі кезекте осы қоғаммен байланыстың еліміздің ең ірі мегаполисі аталатын Алматыда дамуындағы кезеңдерге тоқталып өтсек, онда шартты түрде былай деп бөлуге болады:

Бірінші кезең - отандық PR -нарығының пайда болуы (1991-1995 жж. арасы). мемлекеттік құрылымдарда баспасөз орталықтарының ашылуы, кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы бірінші отандық PR-фирмаларының ашылуына әкелді. Бұл ұйымдар қарапайым PR-қызметтерді ұсынып, қоғаммен байланыс әрекетін жарнамалық қызметпен бірге дамытады. Бұл кезеңді институционалдық кезең деп айтуға болады. Яғни PR институтының алғашқы белгілерінің көріне бастауы, қоғам мен бұл институт арасындағы кәсіби орта және қарым-қатынастың бірте-бірте пайда болуы. Мысалы, 1994 жылы Қазақстан баспасөз клубының, ал 1995 ж. «PR & ргоmоtіоn сеntral Аsіа» агенттігінің құрылуын айтуға болады. Экономикалық, нарықтық қатынастар көптеген ұйымдардың қоғаммен байланыс қызметтерін қажетсінуіне алып келді. Отандық ақпарат саласы саяси-ақпараттық технологияларды өз қызметіне енгізе бастады, сондықтан негізінен белсенді түрде жарнама құралдары қолданылады.

Қоғаммен байланыс қызметтерін ұсынған ұйымдар тұсаукесер рәсімдерін, баспасөз мәжілістерін өткізіп, БАҚ-пен қарым-қатынас орнатып, PR-технологиялардың әдіс-тәсілдерін ақырындап, еппен пайдалана бастайды. Ұйымдар мен мекемелерде жарнамалық және PR-қызметтерін үйлестіру арқылы танымалдықтарын арттыра бастайды. «Таза» пиармендер немесе PR-технологтар негізінен шетел PR -агенттіктердің қазақстандық өкілдіктерінде ғана немесе шетелдік кәсіпорындар мен корпорациялардың бұқарамен байланыс, маркетинг немесе жарнама бөлімдерінде болған. Олар алғашында тек PR саласындағы кеңес беру, БАҚ-қа мониторинг жүргізу, жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру, радио, теледидар, мерзімді басылымдармен байланыс орнату, фирмалық стильді әзірлеу, патент мәселелерін шешу, журналистерді аккредитациялау, фирма және жоғарғы топ менеджерлерінің имиджін құру мәселелерімен айналысқан. Екінші кезең ретінде агенттіктердің өсу және орнығу кезеңін атауға болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл кезең 1996-2000 жылдарды қамтиды. Алматыдағы PR-агенттіктері бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын дербес компаниялар ретінде шетелдік тәжірибені игеріп, сол білімді отандық жағдайларға бейімдеп, кешенді PR -шаралар мен ақпараттық кампанияларды өткізе бастағандығымен. Әсіресе саяси консалтинг белсенді дамып, ресейлік пиар-технологтарының семинарлары мен шеберлік курстары жиі кездесетін болды.

Аталмыш кезең институционализация субьектілерінің құрылуы, бұқарамен байланыстың дамуын анықтайтын жеке ұйымдардың қанат жаюымен сипатталады. Осы уақытта заң-құқықтық негіздері құрылып, PR және жарнама әрекетін реттейтін заңдар мен заңнамалық актілер қабылданды. 2003 жылы қабылданған ҚР «Жарнама туралы» заңы, 1999 жылғы ҚР «БАҚ туралы» заңы, ҚР «Тауар таңбалары және тауар шығарлған жерлердің атаулары туралы» заңы, ҚР «Патент туралы» заңы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996), «Авторлық қүқық жэне аралас құқықтар туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдар PR саласының құқықтық және этикалық талаптарға сай әрекет етуіне тікелей әсер етті[2].

Бұл жылдары Қазақстанда, оның ішінде Алматыда жаңа кәсіби PR –агенттіктердің 80 пайызы құрылады, атап айтсақ, 1995 жылы «Ренессанс» коммуникативті менеджмент агенттігі, 1997 жылы «PR-manegment» агенттігі пайда болады. Бұл уақыт ішінде олар көптеген компаниялар үшін қызмет етіп, ауылшаруашылық, өндіріс, заң және жарнама саласындағы ұйымдар үшін жан-жақты PR кеңес беріп, имидж бен абырой-беделді қолдауға көмек көрсетті. Мұндай жағдайлар PR-нарығының бірте-бірте өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, Алматы қаласында пайда болып, қалыптасу жолына түскен тағы маңызды мекеменің бірі PR-кәсіпқойларының PR-шы Клубы. Қазақстандық PR-кәсіпқойларының PR-шы Клубы 2002 жылы құрылған. Клуб бизнес құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен PR агенттіктерінің PR-менеджерлерінің бейресми бірлестігі болып табылады. Бүгінгі күні Клубқа қоғаммен байланыс жөніндегі 30 шамалы кәсіпқой мүше. Клубтың мақсаты – елде қоғаммен байланыс бойынша өркениетті нарықты дамыту, PR индустрия стандарттарын, сондай-ақ, Қазақстанның PR мамандарының беделі мен біліктілік деңгейін арттыру. Клуб мүшелері кәсіби ақпараттар алмасып, өз іс-қимылының проблемаларын талқылайды, өзара ақыл-кеңес алады, Клубтың басқа мүшелерінен кәсіби білім үйреніп, іскерлік қатынасты қалыптастырады. Клубтың негізгі әрі ірі жобаларының бірі PR Форум болып саналады. Саланың ағымдағы тенденциялары мен проблемалары талқыланатын PR индустрияның жыл сайынғы ірі оқиғасы. Форумға PR индустрияның барлық дерлік жетекші сарапшылары, практиктер, өзге елдердің сарапшылары жиналады. Студентер және қатысуға ынта білдіргендердің барлығы үшін қазақстандық ЖОО-лардың бірінің базасында Клуб мүшелері осындай шара өткізеді. Сонымен бірге клуб жыл сайын студенттік жұмыстар байқауын ұйымдастырып отырады.Қазақстанның қоғаммен байланыс жөнінде мамандық/мамандандыруға ие барлық ЖОО-лары үшін жыл сайын өткізіледі. Байқау PR-студенттіктің шығармашылық әлеуетін айқындау мен кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Байқау студенттердің бакалавриат және магистратура категориясы үшін өтеді.

"Ренессанс" агенттігі қоғаммен байланысты, беделдік менеджмент, баспасөз мәслизаттарын өткізу, және БАҚ-тың қатысуымен өтетін кез келген өзге де шараларды өткізу, сонымен бірге ақпараттық материалдарды дайындау мен жариялауды дамыту саласында абоненттік қызмет көрсету қызметтерін көрсететін бірден бір кәсіпорын. Оның қызметіндегі негізгі бағыттар кеңес беру, жоспарлау және PR және жарнамалық шараларды өткізу, презентациялар мен көрмелерді, семинарларлы, дөңгелек үстелдерді жоспарлау, БАҚ мониторингі секілді мәселелермен айналысады. Бұл компания 1995 жылы ашылған [3].

Олар өз қызметін сәтті атқарып келе жатқан агенттік осы уақыт аралығында көптеген шараларды атқарды. 2008 жылға қарай агенттіктің мамандары 400-ге жуық PR-жобаларды іске асырып, 3000-нан аса бизнес-тренингтерді өткізді. Алматыда орналасқан, жұмыс штатында 30-дан аса ғана адам жұмыс жасайтын агенттіктің мақсатты аудиториясы бүкіл Қазақстан аумағын қамтиды. 2002 жылы агенттікте ISO (9000:2000) сериясы енгізілді. Барлық бизнес үдерістер стандарттарға сай келеді. «Ренессанс» агенттігі қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясының бастамашыларының бірі. Агенттік өз қызметі аясында түрлі бизнес құрылымдарда компания басшыларына, PR-менеджерлерге арнап бизнес тренингтер ұйымдастырады. Әсіресе отандық PR-нарықтың дамуына бағытталған дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырады. «Eurasian PR-event» деп аталатын жыл сайын өткізілетін халықаралық конференция да дәл осы аталмыш агенттік тарапынан ұйымдастырылады. Жыл сайын бұл конференцияға Ресей мен Еуразилық кеңістіктегі мамандар шақырылады. Жалпы бұл агенттік тұтастай отандық PR-нарықтың дамуына септігін тигізіп отырған танымал компания болғандықтан, оның қызмет аясының өте кең ауқымда болуы әдбен заңды. Өз тарапынан агенттік WWW.PROPR.KZ атты порталдың авторы мен бастамашысы болып саналады. Қоғаммен байланыс жөніндегі ассоссацияның жеке парақшасында http://www.naso.kz оның құрамына кіретін «Ренессанс агенттігінің» даму мен қалыптасу кезеңінен бастап мынадай деңгейлі бағыттарды жүзеге асыруды өз міндетіне алғандығы жазылған. Мәселен, ол өзінің қызмет етуінің бастапқы кезеңінде мына бағытта жұмыс жасаған болса:

1-деңгей: Локальды жобаларды басқару (пресс-конференциялар, брифингтер).

2-деңгей: БАҚ-пен өзара байланыс.

3-деңгей: қандай да бір мақсатты аудиториямен өзара байланыс жасай отырып, жобаларды басқару (тұтынушылар, билік, серіктестер, инвесторлар)

Кейінгі жылдары оның қызмет көрсету деңгейі 4-5 көрсеткіштерге дейін көтерілді:

4-деңгей: мақсатты аудиториялармен байланыстар бойынша бірлескен жобаларды басқару.

5-деңгей: компанияның бизнестік мақсаттарына жетуге ықпал ететін коммуникативті стратегияны жасап шығару (компанияның материалды емес активтерінің құнын арттыруға қатысу).

Агенттік өз тарихында көптеген шараларды жүзеге асырды, мәселен Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің символын жасайтын дизайнерлер мен суретшілер арасында ірі ауқымды байқау өткізді. Мұндай шаралар компания тарихында жүздеп саналады. Ол туралы мәліметті www.renessans.kz веб-сайтынан көруге болады.

Ал қаладағы ең ірі әрі көне "PR-Management" деп аталатын агенттік ақпараттық және PR-қамсыздандырумен, консалтингпен айналысады. Бұл ұйымның атқаратын қызметтері сан алуан, атап айтсақ, жарнамалық кампаниялардың жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру, сайлау кампаниялар, саяси консалтинг, ақпараттық-сараптамалық зерттеулер, жарнаманың тиімділігін бағалау, тауар, қызмет, брендті жылжыту стратегиялары, дағдарыстық PR, мәдени, қоғамдық-саяси, спорт және өзге де жобаларды ұйымдастыру, халықаралық көрмелерді рәсімдеу, идеологиясын әзірлеу болып табылады [4]. Бұл компания Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ Беларусь, Ресей, Қытай (Үрімші), Өзбекстан, Түркменстан, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан елдерінде өкілдік немесе серіктестік компаниялары жұмыс істеп келеді. "PR-Management" компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстанға рим Папасының ресми сапары, Қазақстан халықтарының спартакиадасы, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы, халықаралық, республикалық көрмелер, жәрмеңкелер, және басқа да ірі оқиғаларға кәсіби компания сәтті қызмет көрсетті.

Алматыдағы компаниялардың қалыптасуының үшінші кезеңі 2001 жылдан басталып, PR дамуындағы сапалы үрдістерімен сипатталады. Бұған қалыптасып келе жатқан ақпараттық нарық пен өзгеріс үстіндегі бұқара санасы өз ықпалын тигізді. Қаржы пирамидаларының нәтижесінде пайда болған жарнамалық серпілістің сәл бәсеңдеуі, PR-консалтингтік агенттіктер қаржы салымы мол саланың бірі болғандықтан сайлау кампаниялар тәжірибесінің кеңеюі мен күрделенуі байқалған. Мұндай сапалы өзгеріске PR саласы бойынша Алматыдағы бірқатар жоғарғы оқу орындарында «Қоғаммен байланыс» мамандығының ашылуын атап өтеміз. 2001 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің білім беру тізімінде аталмыш мамандығының пайда болуы елдегі оң сапаның көрсеткіші болғаны айғақ. Бұл уақытта PR-агентіктердің кәсіби желісі дамып, жаңа субьектілер пайда болды. PR-агенттіктердің Алматы қаласында, яғни өңірлік қаржылық бизнес орталығында қарқынды дамып отырғаны отандық PR-агенттіктер дамуының ең айрықша ерекшелігі болып отырғандығы да содан.

Бұл кезекте 2001 жылы құрылған «Рrоmо Gгоuр Сommunications», 2002 жылы ашылған «репутация» комуникативті технологиялар орталығы, басқа да агенттіктер корпоративті PR, басқарушы комуникацияларды қалыптастыру, имиджді түзету және әзірлеу, дағдарыстық PR, БАҚ-пен байланыс, саяси консалтинг, саяси, экономикалық, мәдени, спорт және өзгеде жобаларды жүзеге асыру, кешенді PR және ақпараттық қамсыздандыру, іс-шараларға ақпарттық қолдау көрсету, саяси кеңістікті талдау сияқты толыққанды қызметтер жүйесі ұсыныла бастады. Сөйтіп, Алматыдағы PR ұйымдары бүкіл Қазақстан аумағындағы ірі коммерциялық және саяси жобаларды іске асыра бастайды. Дәлел ретінде Қазақстан баспасөз клубының ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, БҰҰ, ЮСАИД, Еуразия қоры, Дүние жүзілік банк, Фридрих Эберт атындағы Қор, Майкрософт, Еуразия қоры сияқты халықаралық және донорлық, трансұлтты корпорациялардың тапсырыстарын сәтті өткізеді. Аталмыш ұйым баспасөз мәжілістерін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде ұйымдастыруы елдегі PR кәсібилігінің өсуін айғақтайды. Дәл осы PR-нарығының қалыптасуының жаңа кезеңінде Алматы қаласында пайда болған компаниялардың тағы бірі бизнес-жобаларды ақпараттық қамсыздандырумен айналысатын – "East Point" компаниясы. Қоғаммен байланыс жөніндегі агенттік Қазақстан нарығында 2001 жылдан бастап 13 жыл бойы өз деңгейінде қызмет көрсетіп келе жатқан алматылық компания. «East Point» қоғаммен байланыс жөніндегі халықаралық агенттіктермен серіктестік байланыс орнатқан. Отандық нарықта қызмет етіп келе жатқан агенттік көптеген мемлекеттік құрылымдармен, кәсіпорындық ортамен және қоғамдық институттармен қатынастар орнатты. Сонымен бірге ол қоғаммен байланыс саласында күрделі әрі ірі масштабтағы міндеттерді орындауға тырысады [5].

2003 жылы «PR-Мanagement Company» атты PR-агенттік ресми түрде Алматы қаласында тіркелді. Бүгінде бұл агенттік отандық PR-нарық та сәтті қызмет ететін қатарына еніп, Қоғаммен байланыс жөніндегі Ассосиацияның құрамына енді. Осы күнге дейін компания PR-қызмет көрсету саласында біршама тәжірибе жинақтап, көптеген индустриалдық, өндірістік сектордағы, заңдық және жарнамалық қызмет көрсету нарығындағы компанияларға қызмет көрсетіп, экономика, авиация, экология, мәдениет және спорт салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырды. Бұл агенттік өз мақсаты ретінде PR саласында сапалы қызмет көрсету арқылы түрлі мекемелердің беделі мен имиджін қалыптастыру мен қолдауға қатысу, осы арқылы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру секілді міндеттер деп жариялады. Алматы қаласында аса танымалдылық пен көптеген мекемелер тарапынан сенімге ие болған бұл агенттіктің негізгі қызмет көрсету түрлері мынадай:

1. PR - тұтынушының аудиті мен имиджін (корпоративті) жасап шығару, оның ішінде мына қызметтерді баса айтуға болады:

А) Жарнамалық және PR-стратегияларды тестілеу мен сараптамадан өткізу;

Б) Қоғамдық пікірді зерттеу мен оның жағдайына талдау жасау;

В) Ақпаратты тиімді тарату канлдары мен мақсатты аудиторияны анықтау;

Г) Мекеме слоганын жасап шығарып, оны тестілеу.

2. Қоғаммен байланыс және БАҚ стратегияларын жасап шығару:

А) Тиімді PR-стратегияны жасап шығару;

Б) Медиа-план жасау;

В) Ұсыныстарды талдау және саралау.

3. Баспасөз қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес беру:

А) Құрылымды зерттеу және сараптау, оның тиімділігін саралау;

Б) Ұсыныстар жасап шығару;

В) Баспасөз қызметінің функциясын атқару.

4. Билікпен және өзге мемлекеттік органдармен тиімді байланыстарды орнату:

А) Тұтынушы үшін актуальды болып табылатын тұлғалармен және мемлекеттік органдармен байланыс орнату;

Б) Тұтынушы-компаниялар мен олардың іс-шараларына мемлекеттік органдарды серіктес ретінде тарту.

5. Мекемедегі ішкі корпоративті коммуникацияларды қалыптастыру (ішкі корпоративтік медиа-өнімдерді шығару, корпо-ративті шараларды ұйымдастыруда кеңес беру және т.б.), оның ішінде:

А) Қажеттіліктерді зерттеу және сараптау;

Б) Ұсыныстарды жасап шығару және коммуникациялардың концепциясын ойластыру және т.б.

6. Тұтынушы шараларын ақпараттық демеу, БАҚ-пен жұмыс жасау.

7. Имидждік корпоративтік және қайырымдылық шараларды, акцияларды, жобаларды ұйымдастыру:


  • Копирайтинг;

  • Ұйымдастырушылық қызмет;

  • Ақпараттық қамсыздандыру;

8. Социологиялық және өзге де зерттеу түрлерін негіздемесімен, есеп беруімен және қорытынды сараптауымен жасап шығару және жүргізу.

9. Клиентінің арнайы маманданған, инвестициялық қазақстандық және халықаралық конференцияларға, көрмелерге және т.б. қатысуын ұйымдастыру.

10. Events – мақсатты аудиторияларға арналған шараларды өткізу және ұйымдастыру [6].

Жалпы аталмыш компанияның ұсынып отырған бұл қызметтері осымен ғана шектелмейді. Компанияның сайтына бас сұқсаңыз ондағы қызмет түрлерін алуантүрлігінен көз сүрінеді. Мәселен, Mediaclub (exclusive) қызметтері, Медиабайинг қызметі, БАҚ мониторингі, консалтингтік қызмет, дағдарысқа қарсы PR, кешенді PR-қызметі және т.б. Компанияның www.prm.kz электронды мекен-жайы бойынша орналасқан веб-сайты да айтарлықтай тартымды, яғни жергілікті өз тұтынушыларын бірден тартып әкететіндей етіп жасалынған. Дегенмен бұл агенттіктің қызметіндегі бір кемшілік, оның мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жұмыс жасайтын мамандарының аздығы. Бұл тұста дәл осы алматылық PR-агенттіктерінің көпшілігіне тиесілі жаңа бір мәселе – қазақ тілді PR-дың дамуының әлі де болса кешеуілдеп келе жатқандығын анық байқаймыз. Яғни Алматы қаласындағы осы саладағы агенттіктердің кемшілігі ретінде ретінде олардың қалыптасуындағы мемлекеттік тілдің қолданысында болып отыр.

Жалпы, Қазақстандағы қоғаммен байланыс институтының жеке әлеуметтік саяси мәнді қызметтері Алматыда пайда болғанын айтады көптеген сарапшылар. Әсіресе PR - әрекетін ағарту, жарнамалау және жылжыту қызметтері көбіне-көп миллиондаған тұрғыны мен тауарайналым субъектілері бар мегаполисте өтіп жатуы заңды да.

Жаңа мамандықтың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси рөлін, мәнін көрсету, оның ақпараттық қоғамды құрудағы үлесін ашық анықтау PR-зерттеушілердің алдында тұрған зор міндет болған еді, солардың бірі - қазақстандық PR-ң «туған күнін» атап өту. Соған қатысты 2003 жылдың 15 мамыр күні «PR -ң туған күнін» тойлау жөнінде шешім ұйғарылды. PR-күнін атап өтудің басты мақсаты елде қоғаммен байланыстың өркениетті нарығын дамыту, коммуникаторлардың әлемдік қауымдастығымен бірлесу, Қазақстанда бүл мамандықтың абырой-беделін көтеру және танымал ету болып табылады. Тұңғыш рет барлық PR -мамандардың кәсіби мерекесі ретінде тойланған бұл шаралар корпоративті кездесулер, семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер, сапарлар, қазақстандық PR нарығының әлеуетін көрсетуге арналған.

Мұндай шаралардың барлығы Алматы қаласына шоғырланды. Бұл кезекте жаңа PR -технологияларды ұғынуға, PR мамандар мен клиенттер арасында іскерлік байланыстар орнатуға, бірін-бірі жақсы тануға көмектесетін шаралардың Алматыда өтуі Алматы қаласындағы PR-агенттіктердің жұмыс істеуге деген ынтасын арттырғаны сөзсіз.. Отандық саяси PR институтының, паблик рилишейшнз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау мазмұнның беделін түсіретін, сенімін жоятын бірқатар күрделі қиындықтар бар екені белгілі. Ол ең алдымен, PR саласындағы білім беру мәні мен мазмұнын бұрмалау, білімді оқытушылардың тапшылығы, PR пәні бойынша отандық әдебиеттердің аздығы, қазақ тілді оқулықтардың мүлдем болмауы, PR мамандығының халық арасында жат қылық, түсініксіз құбылыс ретінде қабылдануы сияқты мәселелер. отандық ұйымдардың саяси PR қызметтері әлі де бірбеткейлі сипатқа ие болып отыр.

Бүгінде Алматыдағы PR-нарық біртекті емес болғандықтан оның тұтынушыларын да сарапшылар «толыққандылық» деңгейі бойынша бірнеше негізгі топтарға бөлінеді. Бірінші топқа қоғаммен байланыстың маңыздылығын шын мәнінде саралай білетін, және оны өз тәжірибесінде белсенді түрде жүзеге асырып отыратын компаниялар кіреді. Олар тиісінше өзіндік PR-құрылымдарға және жеке имидждік стратегияларға ие. Бұл топты мұнай-газ секторы, банктер, FMCG және IT-компаниялар қалыптастырған.

Айтарлықтай көпсанды құрылымнан тұратын екінші топқа PR-дың өзектілігін жақсы түсінетін, бірақ түсінсе де оның дұрыс қолданылуын игермеген компаниялар. Сарапшылардың пікірінше мұндай компаниялар коммуникациялардың құрылымын түсіне отырып қолданбайды. Ал үшінші топқа өз қызметінде PR- ды мүлдем қолданбайтын компаниялар жатады. Бүгінде зерттеушілердің айтуына, Алматы қаласында екінші опқа жататын комапинялар өте көп, яғни олар PR-агенттагенттіктерге деген сұраныстың артуына алып келетін басты себепкерлер [7].

Жалпы сарапшылардың пікірінше, статистикаға жүгіне отырып бүгінде бірқатар компаниялар дәл осы қоғаммен байланыс қызметіне өз назарын аударғаны соншалық, олар өз бюджетінің өте көп бөлігін дәл осы PR-қызметтерге бөліп отырған көрінеді. Бұл дегенінің мұндай агенттіккетрдің болашақта да үлкен қарқынмен дами түсетіндігінің белгісі. Жалпы Алматы қаласы үлкен құрылымды, мыңдаған түрлі салада қызметін ұсынатын компаниялар өмір сүретін, тауарайналымы мен қаржылық балансты қамтамасыз етіп отырған республикалық маңызы бар қала болғандықтан мұнда PR-агенттіктердің өмір сүруі үшін аса қолайлы жағдайлар жасалынған. Әсіресе Алматыдағы, сонымен бірге жалпы Қазақстандағы PR-нарықтың дамуына үлкен мүмкіндік берген жағымды факторлардың бірі ретінде сарапшылар қор нарығының дамуын атап өтеді (жекелей айтсақ, «Қазақмыс» пен «Қазақалтын» IPO-лары). Сонымен бірге Алматының аймақтық қаржылық орталық ретінде дамуы PR-қызметінің маңыздылығын арттырып, медиа кәсіпкерліктегі бәсекелестіктің артуына септігіні тигізуде. Дегенмен, бірқатар зерттеушілердің пікірінше, Алматыдағы PR-агенттіктердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетуі оның сапасының да артуына алып келеді деген сөз емес. Олардың бүгінгі таңдағы қызмет көрсету сапасы көп жағдайда өте төмен. Олар көбіне көп тек қана БАҚ-на беделдік материалдарды жариялап бері қвзметінен ұсынумен ғана шектеліп отыр. Әсіресе отандық PR-мамандары көп жағдайда өз клиентінің бәсекелестік артықшылықтарын бағамдауды, имидждік диагностиканы кәсіби түрде өткәзуді, тиімді PR- тәсілдерді қолдануды дұрыс әрі орынды жүзеге асыра алмайды.

Жоғарыда атап өткеніміздей жалпы Алматыдағы қоғаммен байланыс құрылымдарын екі топқа бөлуімізге болады. Біріншісі кәсіпорынның құрылымына кіретін және оның ажырамас бөлігі болып саналатын қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімшелер болса, екіншісі PR-қызметтер көрсететін тәуелсіз агенттіктер. Алматыдағы мұндай бөлімшелерге, яғни бірінші топқа жататын мысал ретінде түрлі банктердің, ұлттық компаниялар мен мекемелердің, сонымен бірге көптеген мекемелердегі бөлімшелерді атауға болады. Ал біз қарастырып отырған екінші топқа "PR & promotion Central Asia" агенттігін, "AVA" агенттігін де атауға болады. Олар қазақстандық PR-нарықта бірнеше жылдың көлемінде жеңісті қызмет етіп келе жатқан алматылық компаниялар. Осы уақыт ішінде олар толықмасштабты түрлі шараларды атқарып үлгерді. Олар ірі компаниялармен ғана емес, сонымен бірге шағын ғана кіәсіпорындармен де жұмыс істейтін агенттіктер. Өз қызметі аясында олар жаңа стратегияларды ойлап табу, осы салада кеңес берулер жүргізу, баспасөз маслихаттарын, семинарлар мен презентациялар өткізу секілді қызмет түрлерін көрсетуге әзір. Олардың қызмет аясын бағамдай отырып, жалпы қазақстандық PR-нарықтың бүгінгі таңдағы даму деңгейін бағамдауға болады дейді сарапшылар. Яғни бұл тұста отандық қоғаммен байланыс саласы әлі де даму үстінде, онда көптеген кемістіктер бар екендігін атауға болады [8].

Жалпы бір қарағанда Алматы қаласындағы PR-индустрияға үстірт қана көз жіберсең ондағы қаптаған жарнама агенттіктерінің, қоғаммен байланыс қызметін ұсынатын агенттіктер мен компаниялардың көптігінен көз сүрінетін секілді. Әсіресе тұтынушылар базасының көбеюі, оған деген сұраныс пен ұсыныстың артуы PR-нарықта айтарлықтай өрлеу бар секілді көрінеді. Дегенмен, жақсылап тұрып олардың қызмет көрсету сапасын санына шаға отырып, зерделеп көрсек, бұл нарықтың халықаралық деңгейде қызмет етіп отыр деп ауыз толтыра айта алмасымыз тағы анық. Сарапшылардың пікірінше бүгінде тұтас отандық PR-нарық қалыптасу баспалдағынан енді өтіп келеді және осы уақытта ол өсу сатысының өзіндік қиындықтарына ұшырауда. Агенттіктер тарапынан ұсыныс көбейе түсіп, Алматы қаласында PR-агенттіктер күннен күнге көбейіп жатқанымен олардың қызмет көрсету сапасы кәдімгідей төмен. Бұны тіпті агенттіктердің өздері де мойындап отыр. Бұрыннан бері бұл салада жұмыс жасайтын компанияларда ізденіс жоқ, олар бұрынғы қызмет түрлерін ғана ұсынумен шектеліп келу тенденциясы байқалады. Жоғарыда атап өткеніміздей жарнама және маркетингтік агенттіктер PR-қызметтерді ұсынғанда, оның маңыздылығына үстірт қарап, тек қана ақылы түрде БАҚ-қа материалдарды жариялаумен ғана шектелгендіктен, тұтынушы ол агенттіктің қызметіне ғана емес, сонымен бірге тұтас PR-технологиялардың да маңыздылығына күмән келтіреді. Осылайша, PR-қызметтерінің сапасыздығы тұтынушылардың оларға деген сенімсіздігін тудырып, оларды азаюына әкеледі. Дәл осы мәселе де біздің отандық, оның ішінде Алматыдағы да агенттіктерге қатысты туындап отыр.

Promo group communications (PGC) агенттігінің бас директоры Әсел Караулова бүгінгі агенттіктер көбінесе ақпараттық-түсіндіру қызметіне баса назар аударатының айтады. Оның айтуынша, бүгінгі тұтынушылар да қызмет көрсетушілер де мекеме қызметін нақты жоспарлап, алдын ала тосыннан болатын дағдарыстық жағдайларға төтеп беру қадамдарын жасауға құлықсыз.

"GALA Invest Сonsulting" компаниясының президенті Галина Шалғымбаева бүгінде коммуникациялық құралдар акционерлердің сенімін нығайту мен сақтау үшін, инвесторлардың санын арттыру үшін, объективті бағаға ие болу үшін, жаңа капиталдар мен қарыздық қаржыландыруға қол жеткізу үшін қажет дейді. Яғни, бұл тұста бүгінгі басым бөлігі Алматыда шоғырланған компаниялар мен агенттіктердің басты қателігі олардың көбіне көп БАҚ-қа тиісінше назар бөлмеуінде, яғни егер БАҚ қоғамдық пікір қалыптастырушы күш болса, отандық PR саласы да осы бағытта жұмыс істегені абзал. Сарапшылардың пікірінше бүгінгі отандық PR-нарықтың көлемі ең аз дегенде 100 млн долларды құрап отыр, бұл әрине біздегі халық санын ескерсек үлкен жетістік болып саналады. Мәселен бұл сан Ресей нарығында 500 млн долларға тең. Ал алматылық агенттіктер бұл көрсеткіштің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр дейді сарапшылар. Яғни бұл тұста Алматы қаласында шоғырланған PR-нарық отандық нарықтың жартысынан астамын құрап отыр. "Ренессанс" агенттігінің директоры Светланы Крутскихтің пікірінше Алматы қаласында келесідей бағытта қызмет ететін компаниялар белсенді түрде дамып келе жатқанын айтады: репутациялық менеджмент, media-relations, ішкікорпоративті коммуникациялар, GR және CSR саласындағы стратегиялар.


Әдебиеттер:

  1. Чумиков А.Н. «Связи с Собщественностью» Мәскеу, – 2001.

  2. Дороти Доти И. Паблисити и паблик рилейшнз. -М: Информационно-аналитический дом «Филинь», 1996.

  3. «Ренассанс» PR-агенттігінің ресми сайтынан алынды //www.rns.kz. 2013 жыл.

  4. Қазақстандағы PR мен БАҚ//мақалалар жинағы. 2-кітап /БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы. - Алматы: Нұр, 2005, 2006.

  5. «East-point» қоғаммен байланыс жөніндегі агенттіктің ресми сайтына алынды//http://www.east-point.net/index.php?option=com_content&view=article&id=11&Itemid=

  6. «PR-Management Company» агенттігінің ресми сайтынан алынды// prm.kz. 2013 жыл.

  7. Копежанова Д.Е.. Болгария мен Қазақстандағы cаяси pr–дың даму тарихы мен жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, № 3 (76) 2010.

  8. Арбабаева Г. Рынок PR-услуг в Казахстане, международный деловой журнал Kazakhstan, 2008.


References:

1.Shumikov A.N. «Public relations» Maskey, – 2001.



  1. Doroty Doty I. Publicity and public relarions. - М: Informatsionny-analityshesky dom «Filin», 1996.

  2. «Renessans» PR-agenttiktiginin resmi saitinan alyndi //www.rns.kz. 2013.

  3. Kazakhstan PR men BAK//makalalar jinagy. 2-kitap /BAK menenjmentyjane jarnama kafedrasy. - Almaty: Nur, 2005, 2006.

  4. «East-point» kogammen baylanis jonindegi resmi saityna alyndi/ http://www.east-point.net

  5. «PR-Management Company» agenttiginin resmi saytinan alyndi // prm.kz. 2013 жыл.

  6. Kopezhanova D.E. Bolgarya men Kazakhstan sayasi pr–din damu tarihi men jagdayi. L.N. Gumilev atindagy Eurasia universytety, № 3 (76) 2010.

  7. Arbabaeva G. Rinok PR-uslug v Kazakhstane, mejdunarodnyi delovoi jurnal Kazakhstan, 2008.



III - БӨЛІМ

Көсемсөз және Көркемсөз



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет