С. Барлыбаева, Е. Лейман Глобализация и конвергенция медиа-развития



бет2/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#33020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ӘОЖ 070:17.
Жақсылықбаева Римма

Баспасөздегі Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси имиджі
Автор мақаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатындағы бүгінгі қоғам мен мемлекеттің дамуын, олардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін айқындайды.

Түйін сөздер: президент, журналист, ақпарат, газет, айдар, ақпараттық қоғам, жаһандану, демократия, саясат, тәуелсіз мемлекет.
Жаксылыкбаева Римма

Политический имидж Президента Н.А. Назарбаева в печати
В статье рассматриваются актуальные на сегодняшний день аспекты освещения в средствах массовой информации политики Президента Республики Казахстана Нурсултана Назарбаева. Изучаются проблемы развития взаимосвязи государства и общества.

Ключевые слова: Президент, журналист, информация, газета, рубрика, информационное общество, глобализация, демократия, политика, независимое государство.
Zhaxylykbayeva Rimma

The political image of President N.A. Nazarbayev Print
In the article author deals with issues of today lighting in the media policy of the President of Kazakhstan Nursultan Nasarbayev for the development of the relationship of state and society.

Key words: president, journalist, information, economic analysis, newspaper, rubric, information society, globalization, democracy, policy, independent state.

Жақсылықбаева Римма

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

E-mail: jak-rimma@mail.ru
Баспасөздегі Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси имиджі
Жаһандандыру – қоғамдық санаға берік бекінген құбылыс. Қазіргі кезде жаһандық кеңістікте мемлекет ұстанымына барған сайын көп көңіл аударылып келеді.  Бәсекелестік күрес экономикалық, сондай-ақ, саяси құралдармен жүргізілуде. Осы күресте әлемдік аренада кімнің ұстанымдары анағұрлым тұрақты болса, сол жеңеді. Ал тұрақты ұстанымды қалыптастырудың маңызды аспабы елдің имиджі болып табылады.  Имидж қалыптастыру – әрбір ел үшін көптеген факторларды ескеру арқылы жүретін ұзақ және күрделі процесс, олардың арасында: географиялық орын, экономикалық және саяси даму, мәдениет, менталитет және т.б. ерекшеліктері.

Жағымды имидж қалыптастыру әлемдегі саяси процестерді демократияландырумен, имидждік сипаттамаларды бұқара санасына енгізу саласында жаңа технологиялардың пайда болуына және кеңеюіне, сонымен қатар ақпарат көлемдерінің күрт артуына байланысты. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси имиджін жағымды деп атауға болады. Оның мемлекет Басшысы орнында көрнекті қызметін ел тұрғындарының абсолютті көпшілігі тұтастай қолдайды (бұл туралы майын тамызып айтады, атап айтқанда, соңғы президенттік сайлау нәтижелері – 95,55% дауыс) және халықаралық институттар деңгейінде де, мемлекет басшылары мен әлемдік саясат саласында көрнекті сарапшылар деңгейінде де бүкіл әлем мойындады.

Қазақстан Кеңестер одағы құлдырағаннан кейін және басқа елдер сияқты тәуелсіздігін алғаннан соң, өзінің алдына жеке мемлекеттілік құру, нарықтық экономикаға ауысу, демократиялық қоғам құру және ұлттық өзіндік санасын нығайту мақсатын қойды. Біздің еліміздің басшылығы алдында реформалар реттілігін таңдаудың, даму басымдықтарын таңдаудың қиын мәселесі тұрды. Президент Н.Ә. Назарбаев саяси өзгерістер алдында экономикалық даму міндетін қойып, экономиканы біртіндеп реформалау жолын таңдады. Тарихи өлшем бойынша қысқа уақыт аралығы ішінде Қазақстан саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекетке айналды.

Президент Н.Ә. Назарбаев жаңа мемлекет құру туралы өзінің теориялық ойларын 1996 жылдың басында жариялаған «Ғасырлар тоғысында» және 1999 жылы жариялаған «Тарих толқынында» атты еңбектерінде кеңінен баяндаған. Алғашқысында Н. Назарбаев КСРО-ның күйреу себептері мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жүріп өткен жолды пайымдай отырып: «Нағыз саясатшыға ең кемі үш қасиет керек: теориялық дайындық, экономикалық қызмет тәжірибесі, қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілік», -дейді [1].

Тәуелсіздік алған соң осы бағытты құқықтық тұрғыдан нығайту және сыртқы саясатта басқа мемлекеттердің көзін Қазақстанның президенттік билік жолына түскеніне жеткізу қажет болды. Бұл бағыттағы елеулі және сәтті қадам 1993 жылы 28 қаңтарда егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдауы еді. Ал, 1995 жылы 30 тамызда Батыс үлгідегі демократиялық Конституцияны қабылдаған Қазақстан бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйеден жаңа санаға аяқ басуды көздегенін дәлелдеп берді.

Бүгінде Қазақстан Президенті – халыққа ғана бағындырылған мемлекеттік дара тұлға. Президент Н.Ә. Назарбаев еліміздің демократиялық бағытқа бет бұруын: «Қазақстан Республикасында демократия барған сайын өмір нормасына айналып келеді деп асқақ сезіммен айта аламыз. Бұл енді біржолата жасалған таңдау, біз үшін басқаша жол жоқ», - деп атап көрсетті [2]. Демек, демократия – қоғамның өмір сүру ережесі. Бұл халықтың рухани деңгейіне, тарихи дәстүріне, мәдениеті мен менталитетіне байланысты. Заңға бағынып, оны құрметтеп, мүлтіксіз басшылыққа алу дәстүрі қоғамда терең қалыптасуы керек.

1997 жылы Малайзияның 2020 перспективасы», Қытай мен Оңтүстік Кореяның стратегиялық жоспары, Рузвельттің 30-шы жылдардағы экономикалық жолы сынды дүниежүзінің тәжірибесіне сүйене отырып, елдік дамудың құжаты – «Қазақстан-2030» Стратегиясы өмірге келді. Терең ойластырылған осы стратегия біздің бүгінгі іс-қимылдың және болашақта асатын асулардың жол нұсқаушысы болып отыр. Президенттің «Қазақстан-2030» атты авторлық даму стратегиясын жасап шығуы, қоғамдағы танымалдығы, жақтастарының санын көбейту мен адамдарға әсер ету қабілетінің болуы Н. Назарбаевтың «ЛЛ» қатарына кіруіне мүмкіндік берді. Бұл Ж. Блондельдің лонг-лидерлер теориясына сәйкес.

Мемлекет басшысы ядролық қаруды жою жөніндегі пікірін табанды түрде қорғап, оның тәуелсіздік үшін аса маңызды екенін дәлелдеді. Бұл шын мәнінде бүкіл дүниенің, Қазақстанның болашағын бейбіт еткен өте құнды шешім еді. Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі бірінші тарихи шешімдерінің қатарында Семей ядролық полигонын жабу мәселесі тұрды. Бұл шешім әлемдік қауымдастықтан жоғары баға алды.

Президент жауапкершілігінің жүгі ауыр. Статистикалық мәліметке жүгінсек, бір жыл ішінде мемлекет және шетелдік 450-ден астам іс-шара жүзеге асырылған, соның ішінде 20 шетелдік сапар, он халықаралық форум, шетелдік мемлекеттер басшыларының Қазақстанға 15 сапары, ел бойынша 14 өңірлік сапар бар. Сонда орташа алғанда күніне 2 іс-шарадан келеді екен [3].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» деген еңбекте: «... Әрбір лидердің өз шығар биігі, арманына айналған алар асуы болуы тиіс. Сол мақсатқа жету үшін бар беделіңді, болашағыңды бәске тігуге тура келмек. Жас тәуелсіз мемлекетті және оның жаңа астанасын орнату идеясы осылайша жүзеге асты», - деп атап өтті. Мемлекет басшысының саяси болмыс-бітімін Қасым-Жомарт Тоқаев былайша атап көрсетеді: «Нұрсұлтан Назарбаев – ерекше санаттағы мемлекеттік қайраткер. Қазіргі дәуірдің қабілетті де талантты басшылары арасында ол болашақты алыстан көретін сирек қабілетімен және мемлекет ісінің барынша басым және маңызды бағыттарына күш-жігерді шебер жұмылдыра білумен дараланады» [4].

Баспасөз өкілдерінің қоғамдағы өзгерістерге тигізер әсері орасан зор екендігі даусыз. Кез келген журналист баспасөз бетіндегі мақалалары арқылы қоғамдық сананың қалыптасуына өзіндік үлес қосады, белгілі бір мәселеге бұқарының назарын аударып, соның төңірегінде пікір туғызады, ұсыныс айтады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білігіне байланысты. Менің пайымдауымша, күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздерінің әрбір сөзі үшін моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек»,-дей келіп: «Сөз бостандығы шексіз емес. Ол – табындыратын ғана емес, талқандайтын да қуатты күш. Тәуелсіз БАҚ дегеніміз – аса қымбат құндылық. Сондықтан ол ешқашан «ақпараттық соғыстардың» «сойылына» айналмауға тиіс. Журналист қандай мәселені қаузаса да, парасат шеңберінен шықпауы керек»,-деп атап өтеді [5].

Журналистика қашанда хабар таратып, насихат жүргізудің баспасөз, радио, телевизия, кино сияқты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық өмірдегі жаңалықтар мен оқиғалар, болмыс құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, пікір айтатын қоғамдық қызмет түрі екендігін есте ұстағанымыз жөн. Өйткені, ол белгілі бір халықтыңнақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесін, оларда жарияланатын материалдардың жиынтығын, баспасөздің тарихын, теориясы мен тәжірибесін оқып үйретеді. Осы тұрғыдан байыптап қарасақ, Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзі 1991 жылғы 28 маусымда «Баспасөз және Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұңғыш Заңға қол қойды. Осы Заң аға ұрпақ өкілдері, тек журналистер ғана емес, басқалар да күні кешеге дейін ұзақ жылдар бойы армандап келген көкейкесті мәселелерді шешіп берді: цензураны жойды, сөз бостандығын жариялады және журналистердің құқықтарын кеңейтті. Сол арқылы еркін демократиялық қоғам құру ісіне неғұрлым белсене атсалысуға нақты мүмкіндік туды. Сондықтан да, Президенттің пікірі: «Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғамдағы, экономикадағы және іскер топтардағы күштердің ара салмағын да айқындайтын құрал. Газеттер жеке тұлғалар мен корпорациялардың иелігінде болса да, сөз бостандығы тек халықтың құзырында екенін еш уақытта естен шығармаған жөн. Журналистер елдер мен халықтар арасын жалғастыратын жарқын кәсіп иелері болып есептеледі»,-дегенге саяды. Сөз бостандығы ойды еркін айта алуымен ерекшеленеді, бұның құндылығы баспасөз арқылы берілетін ой-пікірлер, халықтың ой-толғағының жемісі ретінде көрінеді.

Президент туралы әр жылдары баспасөз беттерінде Ермек Зәңгіровтің «Елбасымызды қорғау – тәуелсіздігімізді қолдау» (Заң, 3 шілде 2002), Қуаныш Сұлтановтың «Саясат мұраты – өркендеу» (Егемен Қазақстан, 20 желтоқсан 2003), Мәруа Боржымбайдың «Ұшқыннан» басталған ұзақ жол» (Заман Қазақстан, 2 шілде 2004), Мархабат Байғұттың «Тұңғыш» (Егемен Қазақстан, 23 желтоқсан 2005), Кенжеғали Сағадиевтің «Алдымен экономика...» (Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2006), Махмұт Қасымбековтың «Президент таңдаған Әнұран» (Егемен Қазақстан, 6 шілде 2007), Қанат Саудабаевтың «Елбасы» (Егемен Қазақстан, 29 қараша 2008), «Әлем таныған Елбасы» (Айқын, 25 желтоқсан 2010), Әбдеш Қалмырзаевтың «Тәуелсіздік және демократия» (Егемен Қазақстан, 23 ақпан 2011) т.с.с. сынды мақалар жарық көрді.

Қазақстан жаһандық ақпарат ағысына да есігін айқара ашты. Спутниктік теледидар мен әлемдік интернет желісі қазақстандықтар өміріндегі үйреншікті құбылысқа айналды. Соның нәтижесінде отандық баспасөз нарығында интернет серпінді даму жолына түсті. Оны тұрақты тұтынушылардың саны қазірдің өзінде бір жарым миллионнан асып отыр

Н. Назарбаев: «Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчестволық ойлау әлеуеті шешуші мәнге ие болады. Әр 10 жыл сайын адам білімінің көлемі еселене түседі. Соның нәтижесінде білім барынша құнды және әрдайым талап етілетін ресурсқа айналады. Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші», - деп атап өтті [6]. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне асыратын болса ғана, шешілетін болады. Демек, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың түйінді бір көзі білім мен ғылым саласында екендігін атап өтті.

Қорыта келгенде, белгілі саясаткер, Францияның дара азаматы, генерал Де Гольдің кеңесшісі болған Алекс Московичтің: «...тіпті зер сала зерттелмей-ақ, Президенттей адам бұйырмағанда, анығын айтсам, Қазақстанның өзі де болмас еді»,-деп саяси имиджіне баға беріп өтеді. Шетелдік саясаткердің оң пікірі мемлекет қайраткері ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тарихта елеулі із қалдырғанын айқындап тұр. Өткені, ол елді тұрғызып, 25 жыл ішінде күшті жасампаз мемлекет етті. Ел басқарудың өте күрделі жағдайда тұрған кезде өз мойнына алды.

Әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. –Алматы: Өнер, 1996. 127 б.

  2. Бүгінгі күннің өзекті мәселелері – экономика және алдағы сайлау // Егемен Қазақстан, 2 қыркүйек 1999.

  3. Өтемұратов Б. Үйренерлік үздік үлгі // Егемен Қазақстан, 3 шілде 2008.

  4. Тоқаев Қ. Президенттің жасампаз жеңісі // Егемен Қазақстан, 3 шілде 2008.

  5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ІV Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзі // Ана тілі, 28 көкек 2005.

  6. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына // Егемен Қазақстан, 27 мамыр 2006.


References

  1. Nasarbayev N.A. Gasyrlar togysynda. -Almaty: Oner, 1996. 127 b.

  2. Bygingi kynnin osekti maseleleri – ekonomika zhane aldagy sailau //Egemen Qazaqstan, qyrkyiek 1999.

  3. Utemuratov B. Yirenerlik ysdik ylgi //Egemen Qazaqstan, 3 shilde 2008.

  4. Tokaev K. Presidenttin zhasampas zhenisi //Egemen Qazaqstan, 3 shilde 2008.

  5. QR Presidenti N.A. Nasarbayevtin ІV Eurasialiq media-forumda soilegen sosi // Аnа tili, 28 kokek 2005.

  6. Innowazialar men oqu-bilimdi zhetildiru arqili bilim ekonomikasina //Egemen Qazaqstan, 27 mamyr 2006.



ӘОЖ 81'367

Абдрахманова Ж.А.1, Аширова А.Т.2



Мерзімді баспасөз жарияланымдарындағы мақал-мәтелдердің трансформациялануы
Аңдатпа. Қазіргі баспасөз бетіндегі ақпараттық мәтіндердің барлығы қоғамдық сананың қабылдауына мүдделі. Тілдің коммуникативтік талаптарына сәйкес ақпарат оқырманға түсінікті, стилі жатық болуы шарт. Cоңғы кезде кейбір мақал-мәтелдердің орынсыз, мағыналық құрылымынан уәжсіз ауытқу құбылысын жиі байқаймыз. Бұл тілдік норманы бұзып қолданудың, тілдік бірліктердің мағынасын қате ұғынудың сипатын көрсетеді. Мұндай құбылыс жергілікті немесе тәуелсіз газеттер ғана емес, республикалық, мемлекеттік басылымдардың өзінде кең орын алған.

Газет тілінде берілетін мақал-мәтелдердің бұзылып қолданылуы, құрылымдық жағынан ықшамдалуы, мағынасының өзгертілуі, авторлық қолданысқа тән компоненттерінің түсірілуі немесе компоненттерінің арасына сөз қосып қолданылуы арқылы құбылту өте жиі кездеседі және олар автор тарапынан белгілі бір мақсатқа сай құрылады. Осындай «құбылудың» әсерінен мақал-мәтелдердің мәні, мазмұны өзгеріп, кейбірі тілдік қолданыстан түсіп қалса, кейбірі жиі қолданудың әсерінен стандарт қалыпқа түседі.



Түйінді сөздер: Бұқаралық ақпарат құралдары, мақал-мәтелдер, авторлық қолданыс, баспасөз тілі, сөйлеу жанры.
Абдрахманова Ж.А.1, Аширова А.Т.2,

Трансформация пословиц и поговорок в периодической печати

Сегодня все информационные тексты зависят от того как их воспримет общественное мнение. По требованиям языковой коммуникации информация и стиль передачи должны быть понятны читателям. В последняя время можно заметить такие явления как изменение структуры сущности некоторых пословиц. Это показывает характер нарушения языковых норм и ошибочное понимание языковых единиц. Такие явления часто встречаются не только в местных или независимых газетах, но и в республиканских и государственных изданиях.

Изменение сущности пословиц в языке газет, упрощение их структуры, потеря авторских компонентов и добавление слов между компонентами часто встречаются и используются авторами с определенными целями.

В последствии таких «видоизменений» сущность и содержание пословиц меняется и если некоторые из них исчезают из языкового использования, то другие, в результате частого использования, принимают стандартную форму.



Ключевые слова: Средство массовой информации, пословицы и поговорки, авторское использование, язык периодической печати, речевой жанр.

Abdrakhmanov Zh.A. 1, Ashirova A.T. 2,



Transformation of proverbs in the periodical press

Resume. Today, information texts depends on how they perceive public opinion. According to the requirements of language communication and information transfer their style should be clear to readers. At last, we can see such things as a change in the structure of the essence of some proverbs. This shows the nature of the violation of linguistic norms and misunderstanding of language units. Such phenomena are often found not only in the local or independent newspapers, but also in national and state publications.

Changing the nature of proverbs in the language of newspapers, the simplification of their structure, the loss of the components of copyright and the addition of words between the components are very common and are used by the author for a particular purpose.

In consequence of such "modification" the nature and content of proverbs is changing and if some of them disappear from the language used, the other as a result of frequent use they taking a standard form.

Keywords: media information, proverbs and sayings, author`s usage, language periodical press, speech genre.
Абдрахманова Ж.А.1, Аширова А.Т.2,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің



1ф. ғ .к. доценті, 2ф. ғ. к., доценті, Алматы қ., Қазақстан,

e-mail: zhaz_abd@mail.ru; anara_314@mail.ru @mail.ru



Мерзімді баспасөз жарияланымдарындағы мақал-мәтелдердің трансформациялануы
Мақал-мәтелдер газет тілінде болсын, көркем әдебиет тілінде қолданылсын мәтін мазмұнына ерекше мән беріп, сөйлемнің тілдік құрылымы мен стиліне айрықша мазмұн береді. Десек те баспасөз тіліндегі мақал-мәтелдер әрдайым «орайын тауып» қолданыла бермей, мұндай сөз айшықтарының бір сөйлемде бірнеше рет қабаттаса жұмсалуы да жиі кездеседі. Мысалы: «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқтыққа еттері әбден үйренген колледж басшылығы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген мәтелді қағида қып берік ұстанғандай. (Ж.А.02.01.11.); «Күштінің көтені диірмен тартқан» тұста бір болмасақ, бірге болмасақ, бізде бір бидайдың дәні тәрізді, диірменге жұтылып, ұнтақталып, талқанымыз шығып, «аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесінге» жетеміз. (Түркістан.22.02.2012); «Жас келсе іске», «ақыл жастан шығады» деген қағиданы ұстанған іскер басшы Ерсін Қойбеков адам жағдайын түсінетін азамат. (Айғақ. 22.08.2012) деген сөйлемдерде мақал-мәтелдер бір-бірімен қабаттаса келіп, мәтін мазмұнын ашып тұрғанымен, сөйлемге реңк беруде стиль жағынан құрылымын бұзып қолданылып тұр.

Халық даналығына толы мақал-мәтелдер газет тіліндегі айшықты сөз орамдарының бірі. Мақал-мәтелдердің ойды бейнелі, ұтымды жеткізуде стильдік қызметі ерекше. «Мақал-сөздің мәйегі демекші, қазіргі баспасөз тілінде мақал-мәтелдің қолданылу белсенділігі басым. Зерттеуші Ә. Хазимова баспасөз тілін зерттей келе: «Бүгінгі таңда мақал-мәтелдердің де ұлт болмысының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін сипаттауда таптырмайтын көркемдік құрал ретінде жұмсауда»- дейді [1;45]. Мәселен, «Жақсы сөз-жарым ырыс» (Е.Қ. №47 8б.); «Жығылып жатып сүрінгенге күлмейік»(Е.Қ.№57 5б.). «Аузы күйген үріп ішер» (Қаз.әд.№12 7 б.); «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» (Заң. №8 3 б.) т.с. тақырыптағы мақалалар кеңінен орын алған. Сонымен қатар қазіргі қолданыста мақал-мәтелдердің әлеуметтік жағдайға байланысты өзгертіліп қолданылғанын да кездестіруге болады» деген тұжырым жасайды.

Жоғарыда айтылғандай мақал-мәтелдер де баспасөз бетінде белгілі бір мақалаға тақырып бола алады. Сондай-ақ тақырыпқа арқау болған мақал-мәтелдер арқылы контекстегі мәтін құрылымы мен мазмұнынан ақпарат алу қиын емес. Біз қарастырып отырған республикалық немесе тәуелсіз баспасөздің қай-қайсысы болсын, олардың тақырыптық, семантикалық ерекшеліктерін мұндай құбылыстың жиі кездесетінін аңғаруға болады. Бұған мысал: Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ (Түрк.25.10.2012). Өзіңді-өзің жаттай сыйла (Түрк.14.04.2013); Жер астынан жік шықты (Түрк.14.04.2013); Сасқан үйрек артымен сүңгиді (Ж.А.№19.2012); Темірді қызған кезінде соқ (Е.Қ.05.02.212); Арпа ішінде бір бидай (А.Қ.12.02.2012); Бірлік түбі береке (АҚ. 16.02.2012) т.б.

Белгілі ғалым Н.Уәлиев: «Тілімізге ажар беріп, сөзімізге жан бітіретін мақал-мәтелдер, шешендік сөз оралымдары, айшықты сөз тіркестерінің суреткер шығармасында алатын орны ерекше. Жазушы қаламы із-өкшесі халық тілінде жатқан сөз оралымдарының көркем үлгілерін, сирек түрлерін, ұмыт қалғандарын қолданыс үйіріне қосып, сөздік қордың қорабын молайтып отырады» деп көрсетеді [2; 62].

Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде баспасөз тілінің ерекшеліктерін талдап көрсететін болсақ, мұндағы басты тірек – ақпараттық қызмет. Бұл қоғамдық ақпаратты жеткізетін бірден-бір құрал. Сондықтан да тілдің функционалдық стильдері ішінде публицистикалық стиль өзінің мақсаты мен қоғамдағы қызметі және содан туындайтын тілдік ерекшеліктері жағынан басқа стиль түрінен өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Негізінде функционалдық стильдің қай-қайсысы да дамуы жағынан әр деңгейде. Стильдік тармақтарының бірі актив дамыса, екінші бірінің белсенділігі төмен. Осы жағынан публицистикалық стиль даму жағынан басқа стиль түрлерінен төмен. Дегенмен қазақ тілінің дамуы мен оның коммуникативтік функциясы үшін ерекше қызмет атқарады. Әсіресе ақпаратты қарапайым тілмен жеткізіп, фактіні ойнатып беруде баспасөз тілінің рөлі зор. Себебі БАҚ-тың тілі қоғамдық санамен коммуникацияға түседі. Сондықтан қазақ тіліндегі бейнелі сөз орамдарының, әсіресе мақал-мәтелдердің қызметі ерекше. Әрине мақал-мәтелдердің қалыптасқан, логикалық жағынан тұжырымды формаларын қолданған өте дұрыс. Дегенмен мұндай сөз орамдарын құрылымы жағынан уәжсіз өзгертіп инварианттың нұсқада қолдану және оны талап деңгейінен түбегейлі, әрі жиі ықшамдау коннотаттық мағынадағы тілдік таңбалық экспрессивті-эмоционалды, стильдік қызметіне кері әсер етеді.

Қазіргі публицистикадағы сөзжасамның типтері алуан түрлі. Соның ішінде мақал-мәтелдерді құрылымдық жағынан ықшамдау, мағынасын өзгерту немесе авторлық қолданысқа тән окказионал жасау өте жиі кездеседі. Мұндай құбылысты «Жас Алаш», «Ана тілі», т.б. баспасөз беттерінен байқауға болады. «Жас Алаш» газеті «Нөмірдің нақылы» айдарымен окказионал мақал-мәтелдерді беріп тұрады. Мысалы:

Шөмішпен сорпа ішкізіп,

Сабымен көзін шығарма (29.03.2013)

******

Террористе туыс болмайды. (13.09.2012)



******

Шыдамсыз шыбын сүтке түседі . (19.12.2012)

******

Қойды шартық бүлдіреді,



Елді қортық бүлдіреді. (09.11.2012)

******


Сиырдың көркі желін,

Елдің көркі келін. (30.11.20012).

Беріліп отырған мақал-мәтелдер авторлық сөзжасам үлгісінде пайда болған бұл контекстерде норманы бұзу немесе компоненттерін ауыстыру құбылысы байқалмайды. Себебі мұндай инварианттар жалпы халықтық формамен сабақтас. Болмаса:

Кім құдайдан безсе,

Шайтан соны сүйеді (23.03.2013)
******

Шіріген мақтадан мата шықпайды. (25.05.2012)

******

Сыйлағанды-сыйла, илегенді-иле (18.09.2012)



тәрізді мақал-мәтелдерден де осы тәсілді айқын аңғаруға болады.

Баспасөз тіліндегі мақал-мәтелдердің лексикалық құрамын өзгерту арқылы контаминация жасау құбылысы да жиі кездеседі. Бұл екі түрлі мақал-мәтелдің кейбір сыңарларын элипсиске бейімдей отырып контекстің мазмұнын кеңейтіп беру. Мысалы: Ендігі жерде екі жерге ынтымақ керек, шекара бүтінделді. Ел мен ел тату болса, төбедегіні келтірер. (А.Орда 16.07.2000). Тілімізде ел мен ел тату болса, төбедегіні келтірер тәрізді мақал жоқ. Бұл ағайын тату болса ас көп, төртеу түгел болса төбедегі келер деген мақалдардың контаминацияланған түрі.

Контаминацияланған окказионалды мақал-мәтелдер көп мағыналы болып келеді. Бұл көпмағыналылық бірнеше мақал-мәтелдердің мағынасын біріктіре отырып жеке бір ойды жеткізуді мақсат етеді. Контаминацияланған мақал-мәтелдер адресат пен адресанттың арасындағы байланысты тексерудің өзіндік құралы болып табылады.

Зерттеуші ғалым Н.Уәлиев фразеологиялық оралымдардың форма тұрғысынан тұрпатын жаңғыртуға байланысты нормадан жөнсіз ауытқуға мыналарды жатқызады: «Фразеологизмдердің құрамындағы архаизмдерді жаңғырту; деректі ұғымды білдіретін сөздерді дерексіз атаулармен ауыстыру; дыбысталуы ұқсас, мағынасы әр басқа сөздерді жаңсақ қолдану; фразеологизм сыңарларын синонимдес я болмаса мазмұндас сөздермен жаңғырту; фразеологизмдердің грамматикалық тұлғаларын өзгерту және фразеологиялық түйдектердің «неге бұлай айтылатындығына» мотив іздеу т.б.» [2;194]

Мысалы: Қырық кісі қырға тартқан тірлікті кейде бір өзі-ақ сайға домалата салатын қырсық шалдың немересі көбейді.(Ж.А.16.16.2012) деген сөйлемдегі мотив тіліміздегі «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақалдың негізінен алынып отыр.

Мерзімді баспасөздің ішінде «Ана тілі» газетінде окказионалды мақал-мәтелдердің үлгілері жиі кездеседі. Мысалы: М.Әлімбаевтің:

Көңілің бөліне берсе,

Шабытың шөгіне береді.

***

Сүттің дәмін татып ал.



Шырын сонсоң сатып ал.

***


Екі ойдың қуаттысын таңда,

Екі сөздің сыйпаттысын таңда.

***

Нала-азаптан шошымаймын,



Шала қазақтан шошынамын.

***


Топас та толғанады, тек өрісін айт. (Ана тілі. 15.03.2013)

Бұл жерде автордың өзіндік қолтаңбасынан шыққан окказионал мақал-мәтелдер берілген. Яғни нормадан ауытқу немесе мотив іздену құбылысы байқалмайды. Тек ақынның экспрессивті бағалауыштық мәні бар сөз оралымдары өзектелген.

Мұндай мақал-мәтелдерді С.Ерікбаевтың мұрасынан да кездестіруге болады:

Жау шақырғың келсе, аттан сал,

Дау шақырғың келсе, барымта ал.

***


Шаруа болар әйелдің етегі кең,

Шаруа болмас әйелдің етегі кем.

***

Сұлудың жолына сұм тұрар,



Судың жолында құм тұрар.

***


Әйелдің көзінен сақтан,

Ақылдының сөзінен сақтан.

***

Күріш азса күрмек болады,



Әйел азса жүрдек болады. (Ана тілі 03.05.2012)
Осындай авторлық қолданыстағы модификация құбылысын саралай келіп профессор Г.Смағұлова: «Фразеологиялық тұлғалардың авторлық өзгерістерімен өңделуі, окказионал тіркестердің жасалуы, олардың классификациясы, стильдік құбылыстың түрі болатындығы туралы қазақ филологиясында әлі зерттеу нысаны ілінбеген дүние. Сірә, фразеологиялық авторлық өңдеулер тым күрделі және әртүрлі. Әрі бұл жазушы немесе айтушының өзіндік бітім болмысына да тәуелді [4;125] деген пікір айтады. Расында қазақ баспасөзіндегі публицистика саласында мұндай авторлық окказионалдар мен фразеолгизмдердің авторлық өзгеріске ұшырауын, оның стильдік мақсаттарын зерттеу енді-енді қолға алынуда.

Мақал-мәтелдерді авторлық қолданысқа икемдегенде көбінесе оның стильдік, коммуникативтік қызметіне әсері ерекше болады. Жалпы мақал-мәтелдер авторлық қолданыста компоненттері түсіріліп, бір компоненті өзгеріске ұшырап немесе компоненттерінің арасына сөз қосып қолдану түрлері жиі кездеседі.


Әдебиеттер

1. Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. – 121 б.



2. Н.Уәлиев Фразеология және тілдік норма. – А.1989 ж.

3. Г.Смағұлова Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. –А.1998.

4. «Жас Алаш», «Түркістан», «Алматы», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Айғақ», «Ана тілі» газеттері.
References

1. Xazïmova A. Kazakh frazeologïzmderiniñ national and cultural Details: philology. PhD. Candia. disc. - Almaty, 2002. - 121 p.

2. N.Wälïev phraseology and language norm. A.1989.

3. National synonymous G.Smağulova idioms and cultural aspects. -A.1998.

4. "Jas Alash", "Turkistan", "Almaty", "Egemen Kazakhstan", "Golden Horde", "Material", "Native language" newspapers.

УДК 070
Байгожина Д.Ө.1, Мамырова К.С.2



Аудандық медиабизнестің дамуы: теориялық қағидалар мен

тәжірибелік мәселелер
Аңдатпа: мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық мәселелері айқындалып, қазіргі қазақ жарнамаларындағы тіл мәселесінің деңгейі, шет аймақтардың шаруашылығындағы менталитеттік, әлеуметтік ерекшеліктер және жарнаманың үйлесімділігі, өңірлік БАҚ-тағы жарнаманың рөлі мен PR-мәтіндердің қолдану мен ерекшеліктерін сипатталады. БАҚ-тағы өңірлік жарнамалардың жасалу ерекшеліктерін, сонымен қатар теориялық қағидалары мен тәжірибелік қолдану аясы сипатталады.

Түйін сөздер: жарнама, медиабизнес, PR-мәтіндер, медианарық, аудан.

Байгожина Д.О., Мамырова К.С.



Региональное развитие медиабизнеса: теоретические и

практические вопросы

В статье рассматриваются психологические аспекты рекламной деятельности, ее влияние на культуру и общество. Авторы анализируют текущий уровень казахского языка в рекламе, специфику и ментальность социальной совместимости, роль региональной рекламы в СМИ. Изучены процесс создания рекламы в региональных медиа, функции, теоретические основы и практическое применение языка в рекламных текстах.



Ключевые слова: реклама, медиабизнес, PR-статьи, медиарынок, область.

Baigozhina D.O.1, Mamyrova K.S.2


Regional development of the media business: theoretical and

practical questions
Abstract: the article discusses the culture and society of promotional activities in terms of the psychological problems that have been identified and the current level of the problems of the Kazakh language ads, advertising specifications and mental social compatibility, the role of media regional advertising. Creation of advertising in regional media, functions and describes the theoretical basis and practical application.

Key words: advertising and media business, PR-article, the media market, the region.


Байгожина Д.Ө., Мамырова К.С.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

e-mail: baigozhina777@mail.ru;

mgs1801@mail.ru

Өңірлік медиабизнестің дамуы: теориялық қағидалар мен

тәжірибелік мәселелер
Бұқаралық ақпарат құралдарының қай салада болмасын орны ерекше. Еліміздің Конституциясында: «Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті [1], - деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында оның мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқада нысаны [2] табылатыны айқындалған.

Көптеген әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, БАҚ-ның қоғамдағы жалпы қалыптасқан құбылыстар мен оқиғалардан ауытқу туралы үнемі хабарлап тұруы, оқырмандарды, тыңдаушыларды, көрермендерде қалыптасқан әлемдік тәртіп, өмірдің ағымының бұзылуы туралы, қоғамда,ы өз орны мен өз болашағы туралы қорқу мен уайым туғызады. Сонымен қатар егер адамдар БАҚ-ның қызметіне жиі бой ұсынатын болса, қоршаған әлемге байланысты негативті жағдайға көп ұрынады екен. Егер тиімді пайдалана білсе, БАҚ-ры қоғамдық пікірлерді өзгертуге орасан зор ықпал ететін алпауыт күш. Саяси жағдайларды шынайы суреттейтін, дамыған демократиялық тұрғыда ұйымдастырылған БАҚ-ның болуы, қоғамды тиімді басқарудың, тұрақты демократиялық мемлекет болуының ең негізгі кепілдіктерінің бірі екендігі даусыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарын «төртінші билік», -деп санап, көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені сияқты, журналистикада жаңа көзқарас, ұғымдар пайда болып отыр. Кейбір саяси қайракерлер, кім бұқаралық ақпарат құралдарын бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деген ой тұжырымдаған. Шынымен де, БАҚ-тың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, әлемде не болып жатқанын көріп біліп отырады.

Ақпарат құраладырының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі. Сонымен қатар, ақпарат құралдарымен бірге билік жүргізуде ақпараттық қордың да маңызы өте зор. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік институт ретінде – басқа қоғамдық институттармен қарым-қатынаста болуы заңды. Сол арқылы ол әр саламен, жан-жақты жұмыс істей алады. Демократия мен плюрализмді пайдаланады. Қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етеді.

Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік-саяси топтар. Қоғамдық пікір – өз кезегінде әлеуметтік-саяси өмірдің маңызда мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінгіге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады, актуалды оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеяла бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болды. Білім мен ғылыми мағлұматтарды алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға ие.

БАҚ мемлекет пен ірі корпорация жағынан бақылаудан тәуелсіз бола бастады. Жарнама БАҚ-ты қаржыландыру мен оған кіріс әкеліп отырған басты қайнар көзі болып табылатын, оның рухани және саяси тәуелділігіне кедергі болып отыр. БАҚ-ның көптеген мен ұйымдардың негізгі коммерциялық бастау, ақпаратты неғұрлым кең аудиторияға сату үшін нарықтық пайдалану болып табылады.

Қандай да бір қоғам, саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметі мен рөлі зор. Өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама мәліметтер яғни ақпарат жатады.

Жалпы, қоғамның саяси институттары қатарында айрықша мәні бар, басқаларымен салыстырғанда саяси билігі мен қызметі бөлектеу тұрғаны бұқаралық ақпарат тарату жүйесі болып табылады. Бұл жүйе тікелей өндіруші сала болмағанымен, қоғамдағы саяси-әлеуметтік ықпалы жағынан басым болатыны белгілі. Қоғам өмірінің қай саласында да мемлекеттік ақпараттық саясаты болады. Ішкі-сыртқы саясаттың күрделі міндеттерінен бастап, күнделікті ауа райына дейін ақпараттың қамтамасыз етпейінше, алдағы мақсатқа қол жеткізу, одан күткендей нәтиже тосу қиын. БАҚ-ның қоғам өміріндегі ақпараттық, коммуникативтік, танымдық, қоғамдық пікір туғызушылық функциялары мемлекет мүддесін қоғам мүшелеріне жеткізіп, олардың ой-пікірін байқатады, қоғамдық институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Медианарықта БАҚ-ның өсуімен қатар қоғамның ақпараттық сұраныстарына сәйкес тақырыптық ауқымының да кеңейе бастағандығы байқалады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге байланысты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемінің арқасында 2003 жылдан бастап мемлекеттік тапсырысты республикалық деңгейінде 31 газет, 21 журнал және 48 орталық және аймақтық телерадиокомпания орындайды [3].

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік басылымдар коммерциялық-ақпараттық, салалық басылымдармен бәсекеге түсті. Кеңес кезіндегі баспасөз ретінде қоғамды белгілі бір науқанға, қоғамдық-саяси мәселелерге үгіттейтін идеологиялық қару рөлі өзгеріп, ұлттық мүдде туралы қалам тербейтін болды. Бүгінде мемлекеттік тапсырысты құрайтын аудандық, облыстық газеттердің кірісінің басым бөлігі құрайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды мәселе – мемлекетітк саясатты БАҚ арқылы жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс беру әдісі, тақырыптарды жүйелі түрде көрсетіп, насихаттап отыруға мүмкіндік береді. Еліміздің БАҚ нарығындағы үрдістер коммуникация индустриясының дамуына ықпалын тигізеді.

Әлеуметтік-саяси пікірдің сарапшысы бола білу өңірлік басылымдардың журналистеріне жауапкершілік міндеттелері сөзсіз. Кеңес өкіметі кезеңімен салыстыра келе, өзінің өңірлік басылымда жұмыс істеген кезін журналист Д. Қуат былай сипаттайды: «... ешнәрсе өзгерген жоқ, бәз-баяғы қалпы. Әдеттегідей актив жиналыстары мен бұрынға бірінші хатшының деңгейіндегі әкімнің сөзі, қаулы-қарары алдымен облыстық газетте жарияланады. Одан аудан қалсын ба? Ауданның да өз активтері мен әкім-хатшысы бар. Олар да бірдеңе деуі керке. Міне, осындай масқара!», - дейді [4].

Алматы қаласында 2007 жылдың 16-17 мамырында өткен ІІІ-ші халықаралық PR-форумда «Мемлекеттік тапсырыс қажет па? БАҚ нарығына әсері қандай?», - деген сауалдар талқыланды. Екі жақтық көзқарас айтылды. БАҚ-тағы медиабизнес тек табыс табуды көздесе, әлеуметтік мәселені, тіл мен қоғам мәселесін кім көтереді? Әрине, тәуелсіз басылымдардың бұл мәселеге аз көңіл бөлетіні белгілі. Кейбір қазақастандық орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарының пікірлерімен де келісе алмаймыз. Олардың пайымдауынша, елімізде қазақ тілі мәселе болғандықтан, қазақ тілді жарнама жоқ болғандықтан мемлекеттік тапсырыс мәселесі шыққан. Қазақ тілді бағдарламаларды дамытуға арналған. Бұл – әрине қате түсінік. Мемлекеттік тапсырысқа тілдің қандай қатысы бар? Өңірлік басылымдарға мемлекеттік тапсырыс едәуір қаржы түсіріп отырған шығар, дегенмен идеологияны күштеп таңу, бұйрық беру, әкімдік тарапынан ұсыныс пен пікір білдіру деген мәселесе бар. Өңірлік басылымдар өз материалдарынан ғана қаржыға күн көре алмайды. Бұндағы мемлекеттік тапсырыс ретінде басылымның көтеруі тиіс тақыптарды облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерін жариялау, түрлі мәжілістері мен іс-шараларын жүйелі жазу, облыстың әлеуметтік-экономикалық, даму келешегін насихаттау, мемлекеттік және облыстық бағдарламалар бойынша материалдар ұйымдастырып отыру, мәдениет және спорт сияқты маңызды мәселерге көңіл бөлу болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау органдарының қызметі, есірткімен күрес, экология, отбасы мен жастар мәселесі да қамтылған. Осы айталған мәселелердің барлығы басылымда көтерілуге тиісті көкейкесті әлеуметтік мәселелер болып табылады. Негізі мемлекеттік тапсырыспен жазылған материалдар оқырманға қажет. Бұл тапсырыстардың 70 пайызы экономика тақырыбына арналған. Одан кейінгі кезекте, тіл, жастар мен білім мәселесі, спорт тақырыптары жарияланып тұрады.

Мемлекеттік тапсырыс уақыт өткен сайын өсетін баспахана мен газетті тасымалдау, оны оқырманға жеткізу шығындарын өтеуге, редакцияның өз қаржысы есебінен қызметкерлердің жалақыларын арттыруға, оларға материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, кейде екі, үш бетті бірақ алып жатқан әкімдіктің материалдары көлемі онсыз да шағын аудандық басылымдардың өңін солғындандырып жібереді. Мысалы, «Хромтау» газетінің № 47 санында Хромтау мәслихатының «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 177 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қазақ және орыс тіліндегі материалдардан өзге ақпарат жоқ [5].

Жоғарыдағы аталған бас қосуда сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстың БАҚ-тың кәсіби дамуын тежеп, газеттің стиліне кері әсер ететіндігі, БАҚ-қа мемлекетік тапсырыс материалдарынан гөрі орында жарнамаға сатудың тиімді екендігі баса айталды. Алайда бұның қазақ тілді газеттерге қатысы жоқ, жарнама берушілердің онсыз да қазақ газеттеріне жарнама бермейтіндігі белгілі. «Мемлекеттік тапсырыс материалдарын жазудан журналистің кәсіби деңгейі төмендейді» деген пікірмен де келісуге болмайды, жоғарыда мемлекеттік тапсырыс материалдары мен мәселені тиімді тоғыстырудың жолдарын атап өттік. Егер мемлекеттік тапсырыс болмаса, көптеген әлеуметтік мәнді тақырыптар көтерілмеген болар еді.

2000 жылы Алматы облысында 21 аудандық және қалалық, 2 облыстық газеттер шықты. Аудандық газеттердің жалпы таралымы 49141 дана, облыстық газеттердің жалпы таралымы 40478 дана болған.

Облыстық әкімдік меншікті жекешелендіру, салық төлеу салаларындағы халықтың мүддесін көздейтін нормативтік актілерді, жаңа нарықтық қатынастарды, кәсіпкерледі насихаттау, жастар арасындағы тоғышарлық, маскүнемдікті сынау мәселелерін көтеруді белгілегенімен, құрылтайшылары болып табылатын аудандық және қалалық әкімдіктер газет редакциясымен байланысын жоғалтты. Газеттердегі 3-4 журналист барлық саланы қамтып жаза алмады. Қаламақы берілмегендіктен, штаттан тыс тілшілердің белсенділігі төмен болды. Әкімдіктердің алдында облыста бірыңғай, басқарылатын ақпараттық кеңістік құру міндеті тұрды. Ол үшін жергілікті әкімдіктер БАҚ-пен байланыс жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуі керек еді. Аудандық, қалалық әкімдіктің БАҚ-пен байланыс жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуі керек еді. Аудандық, қалалық әкімдіктің нақты қызметкерлеріне БАҚ-пен байланыс жасап, қызметін бақылап, жетекшілік ету бекітіліп берілді. Журналистермен тұрақты түрде кездесулер, брифинг, баспасөз мәслихаттары өткізіле бастады. Жергілікті газеттердің қызметі әкімдік жиналыстарында қаралып, журналистерге қамқорлық жасау, жұмыстарын бағалау жүзеге асырылды. Бұл жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының алдындағы маңызды міндет – экономикалық реформаның тиімділігін насихаттау болатын. Осыған байланысты жергілікті әкімдіктер түрлі сала өкілдерімен және журналистермен ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізіп, олардың пікірін баспасөз бетінде насихаттауды, БАҚ жұмысын бағыттайтын идеологиялық қызметтің нарықтық негіздерін қалыптастыру концепциясын да қарастыруды көздеді. Мысалға, облыстық «Жетісу» газеті өзінің таралымын 2007 жылдың басында 35 мыңға жеткізді. Алматы облысының әдеби, мәдени өміріне байланысты шаралар жайлы көбіне-көп осы газет жазады. Жалпы, газеттің 1-3 беттері мемлекеттік тапсырыстың материалдарынан тұрады. Мемлекеттік тапсырыстан түсетін қаржы редакция қызметкерлерінің жалақысы мен баспахананың қызметін өтеуге келеді, яғни мемлекеттік тапсырыс басылымның жарыққа шығу шығынан толық жабады. Редакция атқарылған жұмыстар жайлы әкімдіктің тиісті бөлімдеріне есеп беріп отырады. Жалақы, баспахана шығынын – әкімдік, іс-сапар, ұсақ-түйек шығындарды редакцияның өзі төлейді, ал мемлекеттік тапсырыс газеттің шығу шығынын толық жабады. Жарнамадан түсетін пайда мен жазылымнан түскен қаржы редакцияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға, журналистердің іс-сапары, басқа да қаржылық мәселелерді жабуға жұмсалады. Мысалға, «Жетісу» газетінің жауапты хатшысы Нүсіпбай Әбдірахымның мәліметі бойынша, 2007 жылдың қаңтар-тамыз аралығында ақылы қызметтен 3,2 млн. табыс түсті.

Осылайша өңірлік мерзімді баспасөз бизнеске бет бұрды. Жарнамадан едәуір пайда түседі, полиграфия жанданып, медиатехнологияның жаңа құралдары белсенді қолданылуда. Өңірлерде жарық көретін жарнамалық газеттің барлығы орыс тілінде. Сондай-ақ коммерциялық мекемелер жарнаманы көбінесе орыс тілді басылымдарға беретіні жасырын емес. Қазақ тілді басылымдардың еншісінде туған күнмен құттықтау, еске алу, көңіл айту тәрізді хабарландырулар болады. Бұл бүгінгі таңда қазақ газеттері үшін үлкен мәселе. Осы орайда жарнама беруші мекемелердің қазақ тілді газеттерге де жарнама беруге міндеттеу қажет.

Көптеген маркетингтік зерттеулер өңірлік басылымдардағы жарнама беру ерекшелігіне жарнамалық мәтіннің 1,5-2 ай үзбей беріліп, едәуір үзілістен кейін оқырмандар шектеулі болғандықтан беру жиілігін мүлдем азайтатындығын жатқызады [6]. Мемлекет қарамағынан келген тапсырыс ақпараттық-әлеуметтік мәні басым, БАҚ өкілдерінің шығармашылығына тұсау болмайды, автор көзқарасы мен пікірін ашық білдіре алады. Дәлел ретінде, сауалнама жүргізген журналистердің 17,7 пайызы мақаланың жазылуына редактордың тапсырмасы, 39,8 пайызы өз қалауымен, 38,2 пайызы әрі өз қалауы, әрі едактордың тапсырмасы, 1,4 пайызы ұлттық мәселелердің түрткі болатындығын айтты. Оқырманның қажеттілігін қанағаттандыру арқылы газет редакциясы кірісін арттырып, шығынды азайтуды көздейді. Алдымен тұтынушының нарығын зерттеп, қаржылық-материалдық, шығармашылық мүмкіндіктерін таразылуы тиіс. Бірақ та өңірлік газетте нарықты сегменттеу көп қажет бола бермейді. Себебі, әр түрлі жастағы оқырмандарға арнап шығарылатын басылым түрлері көп емес. Бүгінде өңірлік газеттер, телеарналарда көрермен мен оқырманның талап-тілегін қанағаттандыруда түрлі инновациялық технологияларды қолданылуда. Бұл басылымдар мен эфир безендірулерінен байқалады.

Теле-радио, мерзімді басылым ең басты ақпаратпен қамтамасыз ету құралы болып табылады. Енді осы ақпарат құралдарының қаржылық көзінің бірі – жарнаманы енгізуге болады. «Егемен Қазақстан» газеті аудиториясының кеңдігіне қарай бес-алты жыл аралығында жарнаманың барлық түрін қорқанда 800-ге жуық жарнама таратыпты. Жарнаманы негізінен мемлекеттік және коммерциялық деп қарастыруға болады. Жарнаманың коммерциялық түріне: кәсіпорын мен мекеменің өнімдерін насихаттауға, оның имиджін қалыптастыруға бағытталған жекеленген тұлғалардың ақылы жарнамалары жатады. Мемлекет тарапынан қаржыландыратын жарнамалар аукциондар, тендер сияқты жарнамалар мемлекеттікке жатқызылады. Жарнама БАҚ-та орналасуы мен көлемі, уақыты жарнама берушінің талап тілегіне сай болуы қажет. Сол себептен, жарнаманың жасау тәсілдері мен берілу әдістері де, көлемдері де әртүрлі болып келеді.

Мерзімді басылымдарда бұл іспен айналысатын арнайы бөлім жұмыс атқарады. Жарнама бөлімінің мәліметтері сүйенсек, жарнаманың 1 см2-нің құны 70 теңгеге бағаланады екен. Республика көлемінде тарайтын басылымдар жалпы мемлекет тарапына қызмет көрсететін кәсіпорын компаниялардың жарнамаларын жариялайды. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып жүрген жарнамалардың берілу мәнісі де бар. Түрткі болып отырған жарнаманың өзіне келсек. Мемлекеттік жарнамаларға жатқызылатын аукцион, тендерлердің де берілу тәртібі бар. Мысалға алсақ, «Егемен Қазақстан» газетінде бұрындары «Назар аударыңыз, аукцион» және «Назар аударыңыз тендер» айдарларымен жарияланып тұратын. Тендерлер де, аукциондар да екі әдіс қолданылады: ағылшын әдісі мен голланд әдісі. Тереңірек түсіндіре түссек, «Назар аударыңыз тендер! Шығыс Қазақстан аумақтық комитеті мемлекет меншігін сату жөнінде коммерциялық тендер өткізеді. 1998 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00- де Өскенмен қ., Уильинский к. 61-де сауда-саттыққа қойылады. Нан зауытының мүліктік кешені. Үлкеннарын ауылы, Қатонқарағай ауданы Нан зауытының ғимараты. 1976 жылы іске қосылған, гараж ұн қоймасы, жабдық, мүлік. Бастапқы бағасы – 4 млн. теңге. Кепілдік жарнасы – 220 мың теңге», - деп келіп, соңынан тендер шартын айтып кетеді.

Ал енді екі әдіске келер болсақ, мысалы 1998 жылдың 28 тамызында өтер аукционның ақпараттық хабарламасынан үзінді келтірейік. «Сауда – саттықтың голланд әдісі. 1 МГАЗС-18, Шымкент қ, 18 ш/а. Жеке тұрған, 1979 жылы іске қосылған. Бастапқы бағасы – 2,5 млн. теңге. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі. 1. Балалары паркі. Шардара қ, Абай қ, Н/ж. 1962 жылы пайдалануға берілген, құрылыс алаңы – 487.7 шаршы метр. Бастапқы бағасы – 80 мың теңге». Берілген мазмұнынан еш айырмашылықтар көрінбейді. Бірақ айырмашылықтар аукционды өткізу барысында байқалады. Жалпы, бұл басылымда ай сайын 15-16 аукцион мен тендерлер жарияланып тұрады. Сонда екі жылдағы жалпы санын есептеп көрер болсақ, шамамен 360-тай бұл тектес жарнама беріледі екен. Сол сияқты, коммерциялық емес жарнамалардың қатарына газет бетінен «Егемен Қазақстанның» «Демеушілік жарнамасы» атты айдарымен берілген бірқатар жарнамалар енеді. «Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы жанындағы Ислам университеті және Меркі медресесі талабалар қабылдайды», - деп аталған хабарламаның бірі болса, тағы бірі – «Жаңа зейнетақы заңы: құқықтарың мен міндеттеріңізді біліңіз» атты тақырыпта. Бірінші жарнамадағы «талабалар» деген сөз емес, «талапкерлер» болуы тиіс. Себебі, бұл сөз ешбір заңдылықтар нормасына сыймайды. Демеушілік етуді мақтан тұтып, бұл типтес жарнамаларға онша мән берілмеген деп түсінуге бола ма? Бірақ бұлай деуге тағы бір мысал кереғар келіп тұр.

Енді бір түрі – коммерциялық жарнамалар. Бұл жарнамалардың басты кемшілігі – орыс тілінен аударған да қазақ тіліне шорқақтығы, немқұрайлылығында болып отыр. Сол себептен коммерциялық және шетелдік жарнамаларды түсіну кей жағдайларда қиындық туғызады.

Жалпыұлттық мәртебелі жарнамалар қатарында «Табыспен жүздесейік», «Уақыт және Казкоммерцбанк» ААҚ депозиттерін, өздерінің жеке қызмет үлгілерін ұсыну арқылы аудиториясын кеңейтуді көздеген. Аталған компанияның өз ұсынысын бірде былай жарнамалаған. «Еліміздегі төлем карточкасы мен оңай қол жеткізетін несие карточкасы халыққа мынадай артықшылықтар береді:


  • Карточкада ақтаушы ақша кедендік декларациялауға жатқызылмайды, сонымен қатар карточкадағы ақшаны ұрлау мүмкін емес.

- Бір валютадан екінші валютаға айырбастау қажеттілігі болмайды.

- Ортақ амиян қызметін пайдалануыңызға болады. Тауарларға қызмет көрсету түрлеріне төлем жасаудың бүкіл әлемдегі анағұрлым тәсілі. Сақтандыру депозитінсіз!

Үнемі тұрақты жарнама берушілердің қатарында «Халық банкі» мен «Банк Центр Кредит» бар. Олардың жарнамасы тоқталсақ. Өйткені екі банктің функциясы бір-біріне өте ұқсас, сондықтан да көзден талап-тілектері де бір болмақ. Сол сияқты өнім-тауар жарнамасын жариялауда «Шымкент мұнай-газ, синтез кәсіпорны» және де шетелдік жарнама қатарына жатқызуға болатын «Bond street» темекісі, «Philip Morris» темекі компаниясы және «Teхaco» орталығы алдыңғы қатарда.

Денсаулыққа зиян екенін біле отырып, бірақ та жарнаманың берілу жарнамасы ұтымды жарияланған «Бонд стрит» темекісінің жарнамасын атауға болады. «Сатып алатын сен – төлейтін Bond street! Сен өз амияныңның түбін қақпайтын да күн тауар. Армандаған затыңның бәрі де сенікі болады. Асығыңдар, қосымша сыйлықтар саны шектеулі!». Жарнаманы бір бетке тегіс орналастыру тәсілін «Филип Моррис» компаниясы да қолданған. Сонымен қатар, «Тексако жұлдызы сізді және сіздің автоны рахатқа бөлейді!», - деп ұрандатқан әлемдік «Тексако» қызмет көрсету орталығының жарнамасы жоғарғы екеуіндей бір бетті алмаса да, көлемі айтарлықтай үлкен. Жарнаманың көлемі үлкейген сайын, жарнаманың құны да өседі. Шетелдік жарнамалардың қатарында әлемге аты шулы «Eххon» және «LG» компанияларының жарнамаларына тоқталып өтейік. «Жүз жылдан астам уақыт бойы жолбарыс бейнесі «Эксон» компаниясының оның қуаты мен халықаралық тәжірибесінің, технологиялардағы озаттығының және өндірістің жоғарғы деңгейіне жетуге құштарлығының белгісі болып келеді», - деп шыққан жарнамасы өздерінің беделдеріне оң ықпал тигізгені сөзсіз.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: 1998.- 56 б.

  2. Қазақстан Республикасының Заңы «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы. // «Егемен Қазақстан» газеті.-1999. - 6 тамыз

  3. Қозыбаев С.Қ. «Масс-медиа – как индикатор свободы общества» // Вестник ҚазҰУ. – 1997. - №1 -11 б.

  4. Қуатайұлы Е. «Пікір еркіндігін кепілдік азайып барады». // Жас қазақ. – 2007- 23 қазан

  5. Газет тілшісі. // Хромтау газеті. - №47. -2007.-15 қараша

  6. Матанцев А.Н. Эффективность рекламы. – М., 2002. – с. 243


References:

1.Kazakhstan Respublikasi Konstitusyasi. – Almaty: 1998.- 56 b.

2.Kazakhstan Respublikasi Zani «Bukaralic akparat kuraldary» turaly. // «Egemen Kazakhstan» gazety.-1999. - 6 tamiz

3.Kozibaev S.K. «Mass-media – kak indicator obshestva» // Vestnik KazNU. – 1997. - №1 -11 b.

4.Kuatayuli E. «Pikir erkindigin kepildik azaip baradi». // Zhas Kazak. – 2007- 23 kazan

5.Gazet tilshisi. // Xromtay gazety. - №47. -2007.-15 karawa

6.Matansev A.N. Effektivnost reklamy. – М., 2002. – s. 243

II - БӨЛІМ

Ақпарат әлемі
РАЗДЕЛ II

Мир информации
SECTION II

World of information

ӘОЖ(070)
Г. С. Cұлтанбаева1., А. М. Тойлыбаева2



САНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮРДІСТЕР

Мақалада қазіргі сандық және жаңа медиа технологиялар дамуындағы заманауи, жаңа үрдістер сөз болады. Қазіргі ақпараттық қоғам мен нарық жағдайындағы сандық және жаңа медиа технологиялардық өзіндік рөлі айқындалып, осы тақырыпқа байланысты тұжырымдамалар ұсынылады. Шетелдік басылымдардың зерттеулеріне өзіндік көзқараспен келген автор ең соңғы деректер бойынша жаңа ақпараттар береді. Ақпарат ағынының қазіргі заманғы дамуының жылдам жүзеге асып жатқанын, сандық технологиялар мен жаңа медианың күннен-күнге жаңа қосымшалармен толығып жатқанын ескерсек, автор мақаласының маңыздылығын бірден айқындауға болады. Бірнеше үрдістердің әрқайсысына жеке тоқталып, жеке анықтама бере отырып, автор заманауи үрдістердің сипаттамасын жасап шығарған. Сонымен қатар сандық және жаңа медиа технологиялардың негізгі үрдістерін топтастырған. Сол арқылы заманауи үрдістердің топталған, ғылыми негізделген жүйесі шығарылған.



Кілт сөздер: сандық технология, нарық, жаңа медиа, медиа технологиялар, сандық медиа, интернет, жаһандану, ақпаратты басқару.
Г. С .Cултанбаева., А.М.Тойлыбаева
Новые тенденции в развитии цифровых и новых медиа
В статье рассматриваются новые тенденции в развитии цифровых и новых медиа. Изучены концепции новых медиа, определена роль цифровых технологий в развитии мирового информационного рынка. Авторы анализируют материалы зарубежных источников, описывают новые приложения к мобильным и другим смарт-устройствам. Определяя каждую тенденцию отдельно, авторы дают определения самым новым тенденциям в этой сфере. А также группируют основные тенденции в развитии новых и цифровых медиа, формируя научно-обоснованную систему.

Ключевые слова: цифровые технологии, рынок, новые медиа, медиа-технологии, цифровые медиа, интернет, глобализация, управление информацией.
G.S.Sultanbaeva1, А.M. Toilybayeva 2

NEW TENDENCIES IN THE DEVELOPMENT OF DIGITAL AND NEW MEDIA

In article is considered new tendencies in development of digital and new media. Comes to light the main tendencies in development of digital and new media. It is offered the known concepts about new tendencies and the main role of digital and new media in the present information world and the market of information comes to light. Considering and stating the point of view to materials of foreign sources the author analyzes the newest theories and gives the newest information. Proceeding from the fact that new applications to mobile and to others a smart to devices are updated every day and the bystry flow of information is performed, article of the author has the big importance in the sphere of digital and new media. Determining each tendency separately the author gives definitions to the newest tendencies of this sphere. And also groups the main тенденцияив development of new and digital media. From this it is possible to determine the main current trends and scientifically based system.



Keywords: digital technology, market new media, media of technology, digital media, Internet, globalization, management of information.
Г. С. Cұлтанбаева1., А.М.Тойлыбаева2

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ,

E-mail: a.toilybayeva@mail.ru


САНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮРД ІСТЕР

Сандық және жаңа медианың қазіргі өзгерісі көз ілеспес жылдамдықпен жүзеге асуда. Әлемнің ақпарат алаңы секунд сайын жаңарып, қоғамның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуде. Осыдан он шақты жыл бұрын ғана ақпаратқа дәл қазіргідей қол жетімділік болмаған. Қазіргі уақытта әлемдегі сандық технологиялардың дамуының арқасында «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызып», адамдар өзара үлкен ақпарат алаңының тұрғындарына айналды. Бұл ойымызды өткен ғасырдың басында Максвелл: «Бүгінде әлем үлкен алып деревняға айналды» [1] деп шегелеп айтып та кеткен.

Сандық және жаңа медиа ақпараттық қоғамның жеткен жетістіктерінің нәтижесі. Қоғамның ақпаратқа, жаңалыққы деген мұқтаждығы барлық жаңа технологиялардың өмірге келуіне әкелді. Е.Масуда [2] ақпараттық қоғамды материалдық құндылықтарға қарағанда, ақпараттық құндылықтарды тiрек ететiн қоғам ретiнде және материалдық түрдегi капиталға қарағанда, бiлiмге жiберiлген капиталды бағалайтын экономика түрiнде қарастырады. Американдық экономист В.Мартин ақпараттық қоғамды: «…өмiр сапасы, әлеуметтiк өзгерiс мүмкiндiгi және экономикалық дамуды көп дәрежеде ақпаратқа, оны қолдануға тәуелдi қоғам» [3] деп қарастырады. Ал әрi қарай ақпараттық қоғамның бес критерийлерiн келтiредi:

1) экономикалық, ақпараттық бөлiмiн В.Мартиннiң қарастыруы бойынша, бiрiншiден, ақпараттық қоғамға қарай қозғалыс ретiнде, ал екiншiден, қазiргi экономикалық өмiрдiң құрамды бөлiгi ретiнде;

2) технологиялық: берiлген критерий жеке адамның барлық iс-әрекетiне қаншалықты технология енгiзiлетiнiн көрсетедi;

3) әлеуметтiк: жеке адамдардың әлеуметтiк iс-әрекетi ақпараттық технология әсерiнен өзгередi;

4) саяси: қатардағы азаматтар басқаруға тiкелей қатыса алатын жаһандық жиын өткiзудiң өзiндiк түрiн қалыптастыруда;

5) мәдени: ғаламдық көлемде мәдениеттiң өзара әрекетi мен өзара араласуы болады.

Осылайша, ақпараттық қоғамның теориясын қалыптастыру кезiнде, қоғамдағы ақпараттық өнiмдердi өндiру материалдық құндылықтарды игеруге қарағанда жоғарырақ болуы заңды болып саналды.

Ал енді сол ақпараттық қоғамның қазіргі жаңа тенденциялары ол жаңа медианың дәстүрлі медианы өзіне кіріктіруі, конвергентті журналистиканың дамуы бұл қазіргі журналистика мен коммункациялық теорияның басты үрдістері. Осы тақырып аясында әлемдік дерек көздерін қарастыра, салыстыра отырып, 2016 жылғы негізгі үрдістерді саралап көрген едік. Бірінші дерек көзі, 2 ғасырға жуық тарихы бар, Ұлыбританияның беделді The Guardian басылымы [4]. Басылым арнайы зерттеудің нәтижесінде осы жылы сандық және жаңа медиада болып жатқан үрдістерінің тізімін ұсынады. Тізім мынадай үрдістерді атап көрсетеді:



  • Виртуалды шындық;

  • Қосымша шындық;

  • Ағындық ақпарат тарату қызметтері;

  • Сапалы контент;

  • Мобильді жанды ағынды ақпарат тарату;

  • Сәттік маркетинг;

  • Хабарландырулардың жекешеленуі;

  • Хабарландыруларға тосқауыл қою;

The Guardian ұсынған бұл тізімді әртүрлі ғалымдар мен жаңа медиа зерттеушілері, оқырмандар түрлі қабылдап өз ойлары мен пікірлерін жолдаған. Кері байланыс арқылы олардың пікірлерін оқи отырып, түрлі қызықты деректерді де кездестіруге болады. Алайд біз осы тізім бойынша әлемдік ақпарат алғаындағы нақты мысалдарды негізге ала отырып, 2016 жылғы сандық және жаңа медианың үрдістеріне сипаттама беріп кетсек.

Тізім бойынша алғашқысы, виртуалды шындық. Виртуалды шындыққа жетудің бүгінде сан алуан жолдары жасалып жатыр. Үш өлшемді (3D) фильмдерді жасаудан бастап, жеті, бес өлшемді көзілдіріктер арқылы кез келген адамды сандық ойындардың, бейнелердің ішіне кіргізіп жіберуге мүмкіндік бар. Ең соңғы бүкіләлемдік сандық технологияның жетістігі ретінде, виртуалды шындыққа жетудің соңғы қадамы ретінде әлем халқының назарын аударған Pokemon Go ойынын айтуға болады. 2016 жылдың тамыз айының дерегі бойынша алғашқы іске қосылған күннен бастап (6 маусым 2016 жылы іске қосылды) 100 млн қолданушы осы ойынды өз смартфондарына жүктеген. iOs, Android қолданушыларының барлығына бірдей тегін жүктеуге болғанымен, ойынның арнайы қосымшалары ақшалай негізде жүктеледі. Бүгінде ойын қолданушылары осы ойынды ойлап тауып, іске қосқан компанияға күн сайын 10 млн доллардан табыс келіп отыр. Әлем халықтары арасында үлкен резонанс тудырған бұл ойын бірнеше елдер үшін жүктеп алынбайды. Дегенмен олар өзге ел аккаунттарынан тіркеліп, ойынның қызығын көруде. Қытай билігі ойынды тым шынайы болғаны үшін қолданушыларға жүктелмейтіндей етіп, қарсылық шарасын қолдануда. Біздің елімізде бұл ойын әзірге жастар арасында ғана танымал болып отыр. Үлкендер арасында Pokemon Go ойынын жүктеп алып, виртуалды шындық іздеп жүргендерді кездестіре қоймадық. Алайда бұл уақыттың еншісіндегі ғана дүние деп болжайды ойын шығарушылары. Олардың ойынша үш жастан асқан кез келген қолданушы үшін бұл ойын қызық болуы тиіс.

Екінші үрдіс, қосымша шындық. Бұл виртуалды шындыққа қосымша болып келетін, тұтынушылар мен оқырмандар үшін ақпарат таратудағы, сауда жасаудағы, тауар өткізудегі қолданылатын қосымша элементтердің жиынтығы. Күнделікті теледидар қарап отырып немесе көшедегі электронды-сандық жарнама билбордтарын қарап отырып тұтынушы негізгі ақпараттан бөлек, қосымша шындық ақпараттарын алады. Google, Microsoft сынды ірі корпорациялар осы үрдісті келер жылдардан бастап дұрыстап қолға алып, сандық және жаңа медиа технологиялардың арасындағы үздіктер қатарына енгізуде қолға алуды жоспарлап отыр. Қосымша шынайылық немесе қосымша шындық деп аталатын бұл үрдісте технологияны ұсынушылар тұтынушылар, оқырмандар көзқарасына қосымша элементтерді бере отырып, сананы өзгертуге тырысады. Оқырмандар мен тұтынушылар бұл үдерістің қалай жүзеге асқанын байқамауы да ықтимал.

Ағындық ақпарат тарату қызметтері деп аталатын келесі бір үрдіс, бұл Youtube және өзге де видеоконтенттен тұратын сайттардың үстемдік құрып тұрғанынан хабар беретін үрдіс. Зерттеулерге сүйенсек бүгінде адамдар теледидарға қарағанда ғаламтор арқылы бағдарламалар көруді жөн санайды. Себебі уақытты бақылау өз қолыңда, орынды таңдау да өз еркіңдегі шаруа. Демек адамдар өз уақыттары мен ыңғайлылық тұрғысынан сандық нұсқада видеоақпарат көруді дұрыс деп санайды.

Сапалы контент. Әрине қазіргі уақыт санмен бірге сапаға жұмыс істеуді талап етіп отыр. Тұтынушылардың талғамы жылдан жылға оғарылап және алуан түрге бөлініп келе жатқандықтан, сандық және жаңа технологияларды жасап шығарып, ұсынушылар сапалы контентті ұсынуға тырысады. Мысалы танымал Netflix компаниясы 2017 жылдан бастап өз контентінің екі есе жасампаз етуге тырысатынын мәлімдеді. Демек көрермендер келер жылдан бастап өз қажеттіліктерін одан әрі сапалы түрде таба алатын болады. Айта кетейік Netflix 1997 жылы негізі қаланған көрермендерге кино және бейне өнімдердің ұсынушы, ағындық мультимедиялық компания.

Мобильді жанды ағынды ақпарат тарату деп аталатын келесі бір үрдіс, 2016 жылдың еншісіндегі үздіктер қатарына кіреді. Бастапқыда Twitter желісінің қосымшасы болып іске қосылған Periscope ағынды жанды ақпарат таратудың үздігі болып отыр. Бір мезгілде бірнеше көрерменді тікелей байланысқа шығара отырып бейнехабар таратуға әрі бірден кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін бұл қосымша Twitter-ге қарағанда 10 млн қолданушыны артық жинаған. Қазіргі таңда Facebook компаниясы да мобильді жанды ағынды ақпарат тарату платформасын жасап жатқанын мәлімдеді. Тұтынушлар шынайы уақытта, белгілі бір орында болып жатқан оқиғаны тамашалауға мүмкіндік алатын мұндай платформа сандық медианың үлкен жетістіктерінің бірі болары сөзсіз.

The Guardian басылымының тізіміне өз анықтамамызды бере отырып, осы тізімдерді топтауды жөн деп таптық. Біздің пікіріміздегі сандық және медиа технологиялардың қазіргі үрдістері жылдамдық, ауқымдылық және сапа. Жылдамдық милисекундтар ішінде ақпараттың әлемге таралуы. Қазірде бір жаңалықтың бірнеше секунд ішінде Periscope немесе Instagram арқылы бүкіл әлемге таралуы қалыпты құбылыс болып кетті. Бұл жылдамдықтың нәтижесі. Мысалы Apple компаниясы 2003 жылдың сәуір айынан бастап iTunes Store алғашқы миллиард әнді сату үшін тура үш жыл уақыт кеткен болса, он жылдан кейін, яғни 2013 жылы ай сайын осы қосымша арқылы тұтынушылар миллиард өлең сатып алатын болған. 2000-жылдардың орта тұсында Facebook 42 апта ішінде 50 млн қолданушыға ие болса, бірнеше жылдан кейін-ақ WhatsApp осы көрсеткішке 12 айда жетті. Демек әр жыл жылдамдықтың артуына үлес қосуда. Болашақта ақпараттың жылдам таралуына арналған платформалардың саны артқан уақытта, сапаға назар басымырақ аударылатыны сөзсіз. Себебі қазіргі ақпарат таратушылар арасында аздаған техникалық ақаулар бар. Ауқымдылық ақпараттың өте үлкен көлемін бір ғана нүктені баса отырып жүктеу. Бұл сандық технологиялардың үлкен жетістіктерінің бірі. Әрі бұл үрдіс ұдайы өз биігінен түспесі анық. Қазіргі таңда көптеген нанотехнологтар, биотехнологтар мен дәрі жасаушылар, медицина ғалымдары бір-бірімен ауқымды зерттеулерді өзара бөлісе отырып, уақыт пен қаражат үнемдеуді қолға алған. Қарапайым оқырман мен тұтынушыға қолжетімсіз болғанымен, әлемнің екі түкпірінде отырған ғалымдар қазіргі таңда сандық технологияның осы бір үрдісін тұрақты пайдалана отырып, өз қызметтерін жүзеге асыруда. Сапа сан көбейе бастаған сәттен бастап компаниялардың жұмыс істейтін негізгі бағыты. Яғни бәсекелестерден озу үшін сапаға басты назар аударады. Аудара отырып, тұтынушыларға қажетті өнімнің жасампаз болуын қамтамасыз етеді. Сапалы өнімді тұтынушылар сандық және жаңа медиа жетістіктерінің бұдан әрі дамуына қарай ұмтылады. Осылайша дамудың үздіксіз үдерістері жүзеге асып отырады.

Сандық жәні жаңа медиа технологиялардың дамуы бүгінде үздіксіз әрі өте жылдам үдерістердің бірі болып отыр. Оның даму барысын бақылау үшін тұтынушылар тұрақты түрде әлеуметтік желілердің, белгілі бір сайттардың тұрақты қолданушылары болса болғаны. Ал біз осы мақалада 2016 жылғы негізгі үрдістерді тізіп шығуға тырыстық. Зерттеулер нәтижесі бойынша келген қорытындымыз, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру үшін сандық технологияларды жасап шығарушы, жаңа медианы бақылаушы компаниялар өзара бәсекелестік жасай отырып, тұтынушыларға сапалы контент ұсынуда. Заманауи үрдістердің барлығы оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандардың өмірінің бір бөлшегіне айнала отырып, ақпарат ағынын оңай қабылдап, оны таратып өңдеуші ақпараттың бір бөлшегіне айналдырып отыр.

Әдебиеттер:

1. Максвелл Д. 21 неопровержимый закон лидерства. – Минск.: Попурри, 2005 ж. – 167 б.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет