С. Симбаева,1 Ғ. Манай2 1 «Тұран-Астана»



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі39,02 Kb.
#82582
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
макала Жыраулар поэзиясындагы кұндылық

УДК 821.512.122




С.Симбаева,1 Ғ. Манай2
1 «Тұран-Астана» университеті, ф.ғ.к, доцент, е-mail:Salima.Simbaeva@mail.ru
2 «Тұран-Астана» университеті, магистранты, е-mail: mania_2015@mail.ru


ҚҰНДЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖЫРАУЛАР ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ


Аннотация. Берілген мақалада құндылық, оның түрлері, адамзат тарихында алатын орны мен оның философиялық, психологиялық мәні туралы ғалымдардың іргелі еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік тұжырым жасалған. Құндылықтың жыраулар поэзиясында берілуі, олардың пайымдаулары нақты мысалдармен көрініс тапқан. Жырауларды көбірек толғандырған жер, атамекен, адамгершілік туралы ойлары сол замандағы маңызды мәселе екендігі айтылған. Жалпы адамзаттық құндылықтарға да тоқталған.


Кілтті сөздер: құндылық, маңыздылық, жалпыадамзаттық, еркіндік, рух, материалдық құндылық, рухани құндылық

КІРІСПЕ



Құндылық туралы нақты бір жазылып қалған ереже, қатып қалған қағида жоқ деуге де болады. Себебі, оның маңызы мен мазмұны түрлі жағдайға байланысты өзгеріп отыруы ықтимал. Жалпы құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай қарағанда құндылық дегеніміз зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда, оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, нысанның ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауынан орын алады.
Аксиология ілімі бойынша (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтар негізінен:
- өмірге,
- еңбекке,
- шығармашылыққа,
- адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар дегеніміз қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырып, реттеу. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтарды қасиеттер деп ұққан жөн. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде қалыптасады. Құндылықтарды тану жолы оңай емес. Ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әрттүрлі болып келеді. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Себебі адам өмірі қозғалысқа, ізденістерге толы. Петракова Т. құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік [1, 53] Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар адам бойында тәрбие үдерісінде қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін құндылық - бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізі психолог, философ ғалымдардың пайымдаулары бойынша бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтуға болады:

  • ақиқат,

  • сүйіспеншілік,

  • дұрыс әрекет,

  • ішкі тыныштық,

  • қиянат жасамау .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет