Сабақ №: 11 Күні: Тақырып: Інжіл. Христиан ілімінің негіздері



Дата02.02.2017
өлшемі30,6 Kb.
#8540
түріСабақ
Пәні: Дінтану Сыныбы: 9 Сабақ №: 11 Күні:
Тақырып: Інжіл. Христиан ілімінің негіздері

Сабақтың мақсаты: Христиан дінінің қасиетті жазбасы, кітабы – Інжіл, Христиан ілімі жайлы жаңа мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Інжіл кітабының христиан дініндегі мәнін, маңызын аша отырып, түсіндіру.

Дамытушылық: Қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік қатынастар түрлерінің ерекшелігін көрсету.

Тәрбиелік: Танымдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі: кесте, схема
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Христиан дінінің пайда болуы


ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Інжіл

  2. Христиан дініндегі ғұрыптар


Христиан дінінің негізгі догмалары. Шіркеудің шығуымен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. - Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы - Інжіл.
Інжіл




Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады.

Екінші бөлімі Жаңа өсиет (Новый завет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйене отырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парыз есебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздық діни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды.


Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. Олар:

  1. шоқыну, шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сену Христиан дінінен кейіннен енген.

  2. хош иісті май жағу, шоқындырудан кейін орындалатын ғұрып. Адамның денесін арнайы иісті маймен (миромен) майлайды, сонда адамға құдайдың рахметі көшпек.

  3. жалбарыну, Жалбарыну діншілдер өздерінің әр түрлі күнәларын шіркеу иелеріне айтуы керек. Ал ол құдай атынан кешірім береді. Бұл ғұрып адамның күнәларын дәлелдеуге негізделген

  4. құдаймен қатысу, Христиан дінінің аңызы бойынша Құдай қатысуды Христостың өзі атаған, нан мен шарапты әулиелі қасиетке толтырған.

  5. некелесу, ертедегі діни ырымдардан алынған Бұл ғұрып, құпия сыр қатарына бертін XIV ғ. енген. Жас семияның бақытты, болашағы беріктігі шіркеулік неке қиюда деп үйретті дін иелері

  6. қол қусырып мінәжәт ету

  7. шырша майымен тазарту, Бұл ғұрып ауырып жатқан адамға шырша майын жағу арқылы құдай рахметін әпереді дейді. Католиктер май жағуды өлейін деп жатқан адамды шығарып салудың ерекше формасы деп есептейді



IV. Жаңа сабақты бекіту.

        1. Інжіл қандай кітап?

        2. Інжілдің қандай бөлімдерден тұрады?

        3. Христиан дінінің ғұрыптарын ата.


V. Үй тапсырмасын беру: тақырыпты оқып келу

VI. Бағалау.
Каталог: ylgi
ylgi -> Сабақ: 1 Күні: Тақырыбы: Кіріспе
ylgi -> Сабақтың тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымы, мақасаттары мен міндеттері
ylgi -> Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
ylgi -> Сабақтың тақырыбы және оқып үйренудің негізгі мақсаттары Сағат саны Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер
ylgi -> Сабақ тақырыбы Сағат саны Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта қамтылатын модульдер
ylgi -> 11 сыныптағы Дүние жүзі тарихы пәні бойынша орта мерзімді жоспары
ylgi -> Бекітемін: Күні: Сыныбы: 11. Пәні: География. Сабақтың тақырыбы
ylgi -> Сыныбы: Күні: Пәні: География. №1сабақ Сабақтың тақырыбы
ylgi -> Сабақ сынып апта күн 3 сабақ Сабақтың тақырыбы Географиялық білім көздері Сілтеме
ylgi -> Сабақтың тақырыбы және оқып үйренудің негізгі мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет