Сабақ : №64 Мектеп: Первомай орта мектебі Күні: Мұғалім: Игисенова У. С



бет1/2
Дата13.06.2018
өлшемі438,52 Kb.
#42246
түріСабақ
  1   2
Қостанай облысы

Меңдіқара ауданы

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Первомай орта мектебі»ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Игисенова У.С.


Сабақ : № 64

Мектеп:Первомай орта мектебі

Күні:

Мұғалім: Игисенова У.С.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:18

Қатыспағандар:0


Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Судың пайдасы


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.



Сабақ мақсаты:

Тақырыптың аясында қазақша сөйлемдер құрату арқылы судың пайдасы жайлы ақпарат беру.

Сабақ барысында интербелсендіәдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдыққа білетінін дамыту.



Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ): судың пайдасы, судың қасиеті туралы қазақ тілінде ақпарат береалады.

Оқушының орташа жетістігі(ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы судың пайдасын айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындаудакөрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұптабелсенді жұмыс жасауында көрініс табады.Патриотизм және азаматтық жауапкершілігі мәтіндегі мәселені түсіне отрып, жұбына жеткізуде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, экология

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы

Бағалау критерийлері:

Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады.



Дескрипторлар:

Берілген мәселені топта талқылайды;

Мәтіндегі ақпараттарды, жаңа сөздерді қолданады;

Мәселені шешудің кем дегенде 3 жолын көрсетеді;

Өзге топтарға таныстырады.



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Тұщы су тапшылығы, ауыз су мәселесі, су жетіспеушілігі, су бизнесі, су үшін соғыстар


Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Бұл мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынамыз:.........



Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта судың, шомылудың адам денсаулығына пайдасы туралы мәтіндермен танысып, тақырыпқа қатысты сөздік қорларын байытты.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер



Психологиялық дайындық

-Сәлеметсізбе балалар!

- Сәлеметсізбе

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, артта қонақтар отыр, қонақтармен барлықтарымыз бірге амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер.

-Балалар, бүгін сендердің көңіл-күйлеріңіз кандай?

-Тамаша.Жақсы балалар,енді сабақтың

психологиялық дайындығына көшейік (Барлықтарымыз бірге) айтамыз

-Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Суын,жерін қорғайтын,

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам.







Сабақ басы

5 минут



Қызығушылықты ояту

«Көңілді доп» ойыны арқылы «Сусыз өмір жоқ»-тақырыбын сұрақ-жауап арқылы қайталамыз.

Өткен сабақтардағы сөздерді еске түсіру мақсатында оқушылар шеңбер бойында тұрып, бірінші оқушы бір сөз айтып, допты екінші оқушыға лақтырады. Екінші оқушы сөзден сөз тіркесін құрайды немесе сөйлем құрап айтады.

1.Не?

-Су.


2. Су қандай?

-Су мөлдір, түссіз, ащы, тұщы.

3.Судың түрлерін ата?

- Судың түрлері: (мұхит, өзен, көл, теңіз, қар, мұз, жауын-шашын, бұлт, бұлақ)

4.Су ненің байлығы?

-Су - өмірдің байлығы.

5.Су туралы қайдай мақал-мәтелдер білесің?

-Сусыз өмір жоқ.

-Судың да сұрауы бар.

Күнделікті жұмысымыз бойынша топқа бөліндік

1топ-жасыл түстілер

2топ-сарылау тустілер

3топ-көк түстілер

4топ- қызыл түстілер

Ал, балалар топтың ережесін еске түсірейік.



  1. Тәртіп

  2. Тыныштық

  3. Талап

  4. Бір-бірімізді тыңдау

Жақсы балалар, енді қазір бағалау критерийлерімен танысып, бағалап отырамыз.


Доп

Қима суреттер



Сабақ ортасы

36 минут

Ал балалар, жаңа тақырыпқа көшу үшін біздің тақырыптың сөздері шатасып кетті. Оны біз дұрыстауымыз керек.

У Ң С Д Ы С А А Й П Д Ы , дұрыс балалар дұрыстадық бүгінгі сабақтың тақырыбы «Судың пайдасы»



Мақсаты: Тақырыптың аясында қазақша сөйлемдер құрату арқылы судың пайдасы жайлы ақпарат беру.

Сабақ барысында интербелсендіәдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдыққа білетінін дамыту.

100бетте. 1-тапсырма бойынша жұмыс.

Судың пайдасын айтып, диаграмманы толтырамыз.





Судың пайдасы неде?

Дәрігерлер судың пайдасы туралы не айтады?



Видеоролик көрсету

3-тапсырма. Мәтіннен сурет бойынша дұрыс сөйлемді табамыз.

Сөз

Сурет

өмір



тұщы су



температураны



тасымалдау



бүйрек



бауыр



қалдық



жарақаттану



ылғалдандыру



бұлшық ет



су жетіспеушілігі





Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет