Сабақ -әдебиет Қазақстан Республикасы Атырау облысы Атырау қаласы Талғайран селосы Талғайран негізгі мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каукарова Заря Маратқызы



Дата14.04.2017
өлшемі0,77 Mb.
#13975
түріСабақ
Ашық сабақ -әдебиет

Қазақстан Республикасы Атырау облысы

Атырау қаласы Талғайран селосы

Талғайран негізгі мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каукарова Заря Маратқызы





Ашық сабақ . Сыныбы 6. Пәні Әдебиет


Сабақтың тақырыбы : Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы »

Сабақтың мақсаты: білімділік- оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы,туған елі мен жері үшін күрескен жауынгерлердің ерлігі туралы білімдерін тереңдете отырып,автор мұратын ұғындыру, автор туралы кеңінен мәлімет беру;



дамытушылық- мәтіннен жауынгерлердің іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын , пікірін жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтау дағдысын дамыту; тәрбиелік- шығарма арқауы – тарихи шындық екенін ұғындыра отырып, жауынгерлердің бойындағы түрлі қасиеттер арқылы бауырмалдыққа, ынтымақтастыққа, қайсарлыққа, шыдамдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Түрі : қорыту сабағы

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Әдісі : «Топтастыру» стратегиясы, талдау, сұрақ-жауап, көркем мәтінмен жұмыс, «Шығарма кестесін» толтыру, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы проблемалық ізденіс.

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекілік:Интербелсенді тақта, слайд. Б. Момышұлы портреті,Ұлы Отан соғысы туралы суреттер.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру.

І.Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Тараулары бойынша мазмұндау.

  2. Отан , туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу.

Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз?

«Топтастыру» стратегиясы


Кеңес Одағының Батыры даңқты жауынгер

Соғысқа дейін

м
Бауыржан

Момышұлы
ектеп мұғалімі

Жазушы Гвардия полковнигі
Панфиловшы
Қазақстанның Халық Қаһарманы
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
1. Оқиға қай кезде, қай жерде болған ұрыс туралы? Сол ұрыста Бауыржанның жанында небары неше жігіт болған? Олар неден ұтты, немістер неден ұтылды?Полковник Серебряков не себептен дивизия штабына шақыртты? Қарт генерал Бауыржан Момышұлынан нені толық баяндауын өтінді? Риза болған генерал батасын беріп аттандырып жатып, оны қандай лауазымға тағайындады?Кескілескен шайқаста Баукең жауынгерлеріне қандай талап қойды, нендей жарлық берді ?Жараланған Бауыржан неліктен емделуге кетпей қалды? Күші басым жаудан тосылған жауынгерлерін қалай қайрады? Қобалжыған қиын шақтарда ер намысына тидіре айтқан қазақтың екі ауыз мақалы қандай?Жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан жауынгерлердің есімін кім атайды?Б: Момышұлының соғыс тақырыбына жазған тағы қандай шығармаларын білесің?

Бауыржан аталарың туралы жазған жазушыларды кім біледі?Қазақтың Қаһарман Батыры туралы қандай кинофильмдер көрдіңдер?Ұлы Отан соғысы туралы өз беттеріңмен оқыған шығармаларың бар ма? Жауынгердің бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?


ІІ.Көркем мәтінмен жұмыс

1.Қызығушылықты ояту.

«Шығарма кестесін» толтыру


Ұлтжандылық, бауырмалдық туралы ұлағатты сөздер

Тұрақты тіркестер

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам- опасыз, оңбаған адам.

...Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады.Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді.



Сыбағасын бердік, ет жемесе де, сорпа ішкендей болып,беті қайтты.

Шүйдеден соғу, түсін жылыту, сәті түсу,түкірген түкірігі жерге түспеу, жолы болу, т.б.



Мың қабат торқаңнан, тоқтышағымның терісі артық.

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады».

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


2. Мағынаны тану



  1. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы




Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікірің

Сіз батальон командирі, сіз сықылдыларды қазақ мыңбасы дейді.


Қол бастаудың қиындығын, ұйымдастыруға ақылы мен шеберлігі мол болғандықтан Бауыржан ағаға үлкен сенім артып отырғанын түсіндім.

3.Термин сөздерді табу ( әскери)




  1. Өзіндік жұмыс

Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен өсу жолдары


Жылдар

Болған оқиғалар







Өз пікірін дәлелдеу

Баукеңнің өзі айтқандай: «Бұл соғыс- біздің жігіттердің жалпы батырлық, батылдық көрсеткенінің бірі».Әсіресе, көзсіз батырлық танытқан тұсы қай кезде болды? Кіші лейтенант Мұқаметқұл Исламқұловтың Бауыржанның сенімін ақтауы , намысқа тырысуы туралы не айтар едіңдер?
Ой шақыру

Бауыржан Момышұлы 25 жыл әскери қызмет атқарған кездеріндегі қолбасшылары туралы қандай пікірде?



Қорыту.

Бауыржан Момышұлы ел басына күн туған сын сағаттарда елін сүйген жауынгерлердің ер жүрек тұлғасы арқылы қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңді суреттеді.Сонымен бірге өз халқының намысын,оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жанып тұрған отқа талай түскенін шынайы әрі әсерлі етіп жеткізген. Сабағымызды ұлтын сүйген ұлы жүректен шыққан Қазақтың Қаһарман Батырының : «Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтымды сүюші адаммын,» деген өсиетке толы өнегелі сөзімен аяқтаймыз.


Үйге тапсырма : «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» (шығарма)

Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау,марапатттау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет