Сабақ : «Эмпатикалық түсінудің үшінші немесе төртінші деңгейінде сабақ өткізуді аффективті дағдыларға сәйкес жүзеге асыру»



Дата21.07.2017
өлшемі69,28 Kb.
#21763
түріСабақ
Сабақ жоспары


САБАҚ: «Эмпатикалық түсінудің үшінші немесе төртінші деңгейінде сабақ өткізуді аффективті дағдыларға сәйкес жүзеге асыру»

Мектеп:

61 Г.С.Титов атындағы НОМ



КҮНІ:

Мұғалімнің есімі: Тлеубердиева Г.С.

категория: Мұғалім

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар

саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Эмпатиалық жағдайларды сезініп, әріптестерінің ішкі жан күйзелісін түсіну

Сабақ мақсаттары:

Барлық мұғалімдер: Әріптестеріміздің басындағы қандайда бір проблемаларды түсінеді..




Мұғалімдердің басым бөлігі: Ішкі жан дүниесіндегі күйзелісті еркін жеткізе алады.




Кейбір мұғалімдер: Эмпатикалық жағдайларды өзі сезініп көмек бере алады.

Тілдік мақсат

Мұғалімдер:

Әріптестерінің, оқушылардың ішкі жан дүниесін,проблемасын түсіне алады.




Негізгі сөздер мен тіркестер:Эмпатикалық түсіну. Аффективті дағды.




Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

сұрақ- жауап,жеке әңгімелесу,сауалнама алу

Алдыңғы оқу

«Тұлғааралық қатынас үшін маңызды сапалар»әдістемесі болған. Коммуникативтік тренингте қатысушылар өздерінің тұлға аралық қатынастарын зерттейді және топтың басқа мүшелерімен қарым қатынас жасайды



ЖОСПАР


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Жағымды ахуал қалыптастыру

II.Топқа бөлу (жүректер арқылы)


жүректер

Ортасы

30 мин

20мин

III. Тыңдай білу жаттығулары № 5 (н.Ю.Хрящева бойынша)

Топ қатысушылары жұптарға бірігеді.

Нұсқаушы: Қазыр әріптестердің әр қайсысы кезек бойынша өздерінің көршілерінің немесе достарының қандай да бір проблемалары туралы айтады. Екіншісінің міндеті проблеманың мәнін түсіну, оны талдау, бұл кезде тек белгілі ғана тәсілдерді: үнсіз тыңдауды, нақтылауды, қайта айтуды, пікірлесінің ойын ары қарай дамытуды қолдануға болады.

Жаттығу шамамен 30-минутқа есептелген.

Бұл жаттығуды үштіктерде жүргізуге болады. Бұл жағдайда екеуі жоғарыда сипатталғандай әңгімелеседі, ал үшінші «бақылаушы» рөлінде болады.

Талқылау барысында топқа келесідей сұрақтар қоюға болады:

- Әңгімелесу барысында сізде қандай әсерлер пайда болды?

- Сіз көршіңіздің проблемасын айтқан кезде көңіл күйіңізде өзгеріс болды ма?

- Көршіңізге деген аяушылық сезімі байқалды ма?

- Егерде сіздің басыңызда осындай оқиғалар болса сіз қайтер едіңіз?

- Осы жағдайға байланысты сіз көршіңізге немесе досыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

Сонымен бұл жаттығу сабақтың қатысушыларына басқа адамдарды тыңдау қалай болғанын, осы кезде қандай қателіктерге бой алдырғанын және неліктен екендігін саралаумен талдауға мүмкіндік береді.
«Жағымсыз әсерлерден арылу» жаттығуы

Топ мүшелері шеңбер бойына айнала тұрады. Қатысушылар ақ параққа көздерімен өздерінің бойындағы жағымсыз проблемаларын жазады.

Ақ қағаздағы ойша жазылған проблемаларын ұсақтап жыртады. Болашақтағы өмірлері гүлдей жайнасын деген ниетпен,ұсақталған қағаздан бірігіп гүлдің бейнесін құрастарады.



әуен

Аяқталуы
5мин

Рефлексия
Тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

Босаңсу жаттығулары қаншалықты нәтиже берді?

Тренингтен алған асерлерін стикерлерге жазып, бақыт ағашына жабыстыру


Бақыт ағашы,стикерлер

Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары мұғалімдерге тапсырманы күрделендіруге қалай жоспарлайсыз?

Бағалау мұғалімдердің үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбектік қорғау ережелері АКТ мен байланыс құндылықтардағы байланыс

Жеке кенес береміз

Би терапияларын жүргіземіз. 30 мин



Смайлик арқылы көңіл күйлерін бағалау





Рефлексия Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін мұғалімдер не білді?

Топтағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақтың мақсатына толық жеттім.

Уақытымды толық игердім.



Мұғалімдер ішкі жан күйзелісін шығара білді.

Болашақта эмпатика деңгейлерін анықтау қажет


Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда,оқуды да ескеріңіз)?
1: Топқа бөлінді
2: Тапсырманы жақсы түсініп,нәтиже берді
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту да,оқуда да ескеріңіз)?
1: « Жағымсыз әсерлерден арылу» жаттығуы
2: Топтың сабаққа белсенділі
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген мұғалімдер туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Аффективті дағдыларды білдім.

Эмпатикалық түсінуді білдім.

Сәлемдесу! Тренингтың тақырыбымен таныстыру.



  1. Сергіту сәті.

  2. Топқа бөлу. ( Түрлі түсті жүректер арқылы топұа бөлу)

  3. Негізгі бөлім.

« Тыңдай білу» жаттығулары. (Н.Ю.Хрящева бойынша)

Топ қатысушылары жұптарға бірігеді.

Нұсқаушы: Қазыр әріптестердің әр қайсысы кезек бойынша өздерінің көршілерің немесе достарының қандай да бір проблемалары туралы айтады. Екіншісінің міндеті проблеманың мәнін түсіну, оны талдау, бұл кезде тек белгілі ғана тәсілдерді: үнсіз тыңдауды, нақтылауды, қайта айтуды, пікірлесінің ойын ары қарай дамытуды қолдануға болады.

Жаттығу шамамен 30-минутқа есептелген.

Бұл жаттығуды үштіктерде жүргізуге болады. Бұл жағдайда екеуі жоғарыда сипатталғандай әңгімелеседі, ал үшінші «бақылаушы» рөлінде болады.

Талқылау барысында топқа келесідей сұрақтар қоюға болады:

- Әңгімелесу барысында сізде қандай әсерлер пайда болды?

- Сіз көршіңіздің проблемасын айтқан кезде көңіл күйіңізде өзгеріс болды ма?

- Көршіңізге деген аяушылық сезімі байқалды ма?

- Егерде сіздің басыңызда осындай оқиғалар болса сіз қайтер едіңіз?

- Осы жағдайға байланысты сіз көршіңізге немесе досыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

Сонымен бұл жаттығу сабақтың қатысушыларына басқа адамдарды тыңдау қалай болғанын, осы кезде қандай қателіктерге бой алдырғанын және неліктен екендігін саралаумен талдауға мүмкіндік береді.


«Жағымсыз әсерлерден арылу» жаттығуы

Топ мүшелері шеңбер бойына айнала тұрады. Қатысушылар ақ параққа көздерімен өздерінің бойындағы жағымсыз проблемаларын жазады.

Ақ қағаздағы ойша жазылған проблемаларын ұсақтап жыртады. Болашақтағы өмірлері гүлдей жайнасын деген ниетпен,ұсақталған қағаздан бірігіп гүлдің бейнесін құрастарады.

IV.Рефлексия:

Тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

Босаңсу жаттығулары қаншалықты нәтиже берді?

Тренингтен алған асерлерін стикерлерге жазып, бақыт ағашына жабыстыру


Орындағандар: А.Рүстемова

Л.Шаймухаева



М.Маманова
Каталог: uploads -> doc -> 09e7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e7 -> Сабақтың тақырыбы: Африканың географиялық орны. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет