Сабақ: № Өсімдіктердің вегетативті және генеративті көбею жолдары. Мектеп: «Ғ Мұратбаев» жалпы орта мектебі



бет1/10
Дата24.08.2020
өлшемі101,65 Kb.
#76697
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
өсімдік физ.сабақ жосп.
химия тарихы 8 класс дайын, Тарих айлық есебі, 10 БЖБ ЖМБ 4t, Бұйымды безендіру, Ашық сабақ, 7 нуска

Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Биология курс

Сабақ: № 2. Өсімдіктердің вегетативті және генеративті көбею жолдары.

Мектеп: «Ғ Мұратбаев» жалпы орта мектебі

Күні: 26.09

Мұғалімнің есімі: Уалихан Б

Сынып:6 А/Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өсімдік тіршілігінде вегетативті және генеративті мүшелердің маңызы тұралы біледі

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктің ағза екенін біледі, оның мүшелерін ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өсімік мүшелерінің функциясын біледі. Зертханалық жұмысты орындап қорытынды жасай алады

Кейбір оқушылар: Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі

Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай алады



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өсімдіктердің құрылысы мен көбеюі туралы, вегетативті және генеративті ммүшелерді ажыратып сипаттай алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:Функция, биожүйе, жоғары сатыдағы өсімдіктер, төменгі сатыдағы өсімдіктер, вегетативті мүше, генеративті мүше, споралы және тұқымды өсімдіктер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Өсімдік біртұтас ағза дегенді қалай түсінесің?

Өсімдіктердің мүшелерінің құрылысына байланысты қандай топтарға бөледі?

Жоғары сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады, олардың ерекшелігі неде?

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге сипаттама беріңдер?

Өсімдіктің вегетативті мүшелеріне нелер жатады олардың атқаратын қызметтері қандай

Өсімдіктің генеративті мүшелеріне нелер жатады олардың қызметтері қандай?

Тұқымды және споралы өсімдіктердің айырмашылығы қандай?



Жазылым бойынша ұсыныстар:Өсімдік топтарына сипаттама беріп мысалдарын жазу.

Алдынғы тақырып

Бастауыш сыныпта және жаратылыстану сабақтарында алған білімдері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

.Ұйымдастыру 1.Сәлемдесу. 2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын сұрау. «Робен-роуд»әдісі бойынша сұрау. 1 қатардағы оқушы өтілген тақырып бойынша не білгенін 1 сөйлеммен айтып әрі келесі оқушы оны жалғастырады, алдыңғы айтылғандарды қайталамайды




http://www.youtube.com/watch?v=o92QMX1PRd8 –

Ортасы


Қызығушылықты ояту сатысы. «Ой-қозғау» әдісімен жұмыс

Өсімдіктердің тіршілігінде қандай құбылыстарды байқауға болады?

Өсімдіктерде қандай мүшелер кездеседі?Бұл мүшелер өсімдікте қандай қызмеьтер атқарады

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер деп аталады.

Мақсаты: өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты топтарын білу; генеративті және вегетативті мүшелер туралы білу.

Оқушылар оқулықтағы 11 беттегі мәтінді оқып келесі сұрақтарға жауап береді:

Өсімдік біртұтас ағза дегенді қалай түсінесің?

Өсімдіктердің мүшелерінің құрылысына байланысты қандай топтарға бөледі?

Тірек сызба құрастыру
Өсімдіктің мүшелері

Вегетативті мүшелер(өсу ) Генеративті мүшелер(көбею)

Тамыр, сабақ, жапырақ гүл тұқым, жеміс

Өсімдіктердің жіктелуі

Төменгі сатыдағы өсімдіктер Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Сабақ, жапырақ, тамыры болмайды Сабағы жапырағы тамыры бар

Қына, балдыр споралы тұқымды

Мүктер, қырықжапырақтар, қырықбуын, плаундар

Ашықтұқымды Жабықтұқымды (гүлді)

Шырша, қарағай, самырсын алма, өрік. раушан қияр арпа бидай



Оқулықпен жұмыс.4-5 бет оқу

Дәптермен жұмыс Тірі табиғаттың өлі табиғаттан ерекшелігін жазу:

Тірі табиғаттың негізгі белгілері:Зат алмасу, қоректену, тыныс алу, бөлу, тітіркенгіштік, қозғалыс, көбею, өсу мен даму.

Тірі табиғат дүниелері.Өсімдіктер.Жануарлар.Саңырауқұлақтар. Бактериялар .Вирустар.

Өсімдіктер туралы ғылым неліктен ботаника деп аталады?

Қазақстанның жері қандай белдеулерге бөлінеді?



Оқулық, ноутбук, кеппешөтер жинағы

Аяқталуы

№ 1 зертханалық жұмысты орындау Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктер: көкек зығыры, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, жұмыршақ, қызанақ. Қорытынды жасау.

Жоғары сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады, олардың ерекшелігі неде?

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге сипаттама беріңдер?

Өсімдіктің вегетативті мүшелеріне нелер жатады олардың атқаратын қызметтері қандай

Өсімдіктің генеративті мүшелеріне нелер жатады олардың қызметтері қандай?

Тқұымды және споралы өсімдіктердің айырмашылығы қандай?

Үйге тапсырма: Аулада өсіп тұрған өсімдіктерден кеппешөп дайындау 11-15 бет оқу. 7 сурет салу. Сөзжұмбақ құрастырып келу

Кері байланыс: «ұнады, ұнамады» стратегиясы бойынша






Қосымша ақпарат




Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Деңгейлік тапсырмалар беру

Сөзжұмбақ құрастыру.


«Саусақ» әдісі арқылы формативті бағалауды жүзеге асыру, оқушылар бірін-бірі бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет