Сабақ № Сыныбы: 9 Күні



Дата01.04.2017
өлшемі53,47 Kb.
#13017
түріСабақ
Пәні: Химия Сабақ № Сыныбы: 9 Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану.

Мақсаты: Көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдаланылуы жайлы жалпы мағлұмат беру.

Міндеттері:

1.Көмірсутектерді өндіру және өңдеу жолдарын анықтау.

2. Көмірсутектердің қоршаған ортаға тигізетін экологиялықмәселелерді анықтап, ажырату.

3.Көмірсутектерді экономиканың түрлі саласында және тұрмыста пайдаланылуын анықтау.

4. Оқушыларды критериалды бағалау арқылы өзін және бірін-бірі бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар.

А) Көмірсутектерді өндіру және өңдеу жолдарын ажырата білу білігін меңгереді .

Ә) Көмірсутектердің қоршаған ортаға тигізетін экологиялықмәселелерді анықтап, ажыратады.

Б) Көмірсутектерді экономиканың түрлі саласында және тұрмыста пайдаланылуын анықтайды.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабаққа кіріктірілген модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақта қолданылатын әдістер : Сергіту сәті «кедергіден арылу», Джигсо, диалог, АКТ, оқудағы жаңа тәсілдер, .

Cабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, маркер, батман қағазы, суреттер.

Пәнаралық байланыс: экономика,эхкология, география

Cабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Үй тапсырмасын беру.

6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.

7. Кері байланыс.

8. Сабақтан кейінгі ой толғаныс.

Сабақтың барысы

Уақыт

Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын сергіту сәті арқылы қалыптастырамын.

Топқа бөлу.



Оқушылармен амандасып, түгелдеймін. Сергіту сәтін ұйымдастырамын.
Мозайка арқылы 4 топқа бөліп алып, сабақты бастаймын.

Оқушылар ұйымдастыру кезеңіне қатысады,

Әр оқушы досының есімінен сөзді қатыстыра отырып тілек тілейді.Мысалы: Ажар-Аяулымға: «Халықтың аяулысы бол!»




5 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл»




Оқушыларға үй тапсырмасынан сұрақтар қоямын.

  1. Органикалық химия дегеніміз не ?

  1. Алкандардың жалпы формуласы?

  2. Изомерия дегеніміз не?

  3. Алкендердің алғашқы гомологтық қатыры қай көмірсутектен басталады?

  4. Гомологтық қатар дегеніміз не?

Сұрақ жауаптарын смайликтер арқылы бағалап отырамын.

Оқушылар ізденіп сұраққа жауап береді.

5 мин

«Хмиялық диктант»

Интербелсенді тақтаға химиялық диктанттың тапсырмаларын шығарамын.

Оқушылар химиялық диктантқа жауап береді, тексереді.

2 мин

Жаңа сабаққа кіріспе.

Сабақтың тақырыбын ашу.

«Жетістік критерилері»


Көмірсутектерден алынатын заттар салынған себетті ортаға қоямын.
Оқушыларға жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа жетістік критерилерін құру керек екендігін айтамын.

Оқушылар заттарға қарай отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар кезек-кезек шығып жетістік критерилерін құрады.

15 мин


5мин

Жаңа сабақ.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі Жигсо бойынша мен оқушыларға жаңа тақырып төңірегінде мәтін бөліктерін топтарға бөліп беремін.

«Зертханалық көрсетілім».

Суды мұнайдан сүзу әдісі арқылы тазарту.


«Ой түрткі сұрақтар»

Мәтін бөліктерін таратып беремін.

Экология, экономика, география, тұрмыста пайдаланылуы

Мұнайдан суды тазарту әдісіне тәжірибені көрсетемін.
Қалай ойлайсыңдар ластанған теңіз суын осы әдіспен тазартуға болама?


Әр топ мүшесі өзінің рөлі бойынша тапсырманы орындауға кіріседі.

Жасалған тәжірибеден ой қорытады.



5 мин

Жаңа сабақты бекіту.

«Өндірістік және экологиялық есептер шығару» арқылы жаңа сабақты бекіту



Әр топқа есептер дайындап беремін



Есептер шығарады.





Бағалау







3 мин

Кері байланыс.

Бүгін сабақта саған не ұнады/ұнамады?



Сенің пікірің немесе ұсынысың.

Оқушыларға стикер таратып беріп, кері байланыс жасауын сұраймын.

Оқушылар бір-бірін тыңдайды, стикерлерге өз ойларын жазады.

2 мин

Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу.

Мен сабақты аяқтап, үйге тапсырма беремін.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Каталог: uploads -> doc -> 0d59
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d59 -> Психологиялық дайындық, тілек тілеу Шаттық шеңбер
0d59 -> Абуталина Айнур Калиоллиевна
0d59 -> Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің бөлмем»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет