Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары



бет1/9
Дата04.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15418
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақ №1

Күні:


Сынып: 9

Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.



Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның өткен, қазіргі кезедгі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ



Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Экономикалық-әлеуметтік география, экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік-таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табғиғ-ресурстық әлеует, даму стратегиясы.

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.

1. Географиялық зерттеулер бойынша

2. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша

3. Еуразия материгіндегі Қазақстанның орнын оррны.




Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1. жердің ерте кездегі зерттеулерінен бастап қазіргі кезге дейінгі Жер шарының зерттеулеріне қатысқан зерттеушілер.

2. Қазақстанның жер көлемі, халқы, халық санағы.

3. Қазақстанның көршілес елдері, Еуразияның нақ ортасында орналасуы.



3.Жаңа материалға көшу кезеңі


9-сынып курсымен, мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу.

9-сынып курсымен, мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мүғаліммен талдап, кіріспеге көшеді.

4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын беру.

2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.

Тапсырмалар (4-сурет бойынша):

1) Қазақстанның етті мал шаруашылығы дамыған жерлері.

2) Электр станциялары бар аудандар.

3) Павлодар облысында қандай өндіріс түрлері бар?

4) ОҚО-да қандай өндіріс дамыған?

5) СЭС-ры бар облыстар.

6) Алтын өндіретін облыс.

7) Тамақ өндірісімен айналысатын облыс.


1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын анықтау.

2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.

1) батыс, орталық, оңтүстік, шығыс

2) БҚО, Қостанай, СҚО, Ақмола, Риддер, Шымкент, Алматы.

3) Кірпіш, тамақ өнеркәсібі, сабын

4) тамақ, мақта, кірпіш



Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлеует.

1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама беруге талпындыру. Аумағы, аумағы бойынша д.ж-де алатын орны, кқршілес мемлекеттері, саяси-географиялық аймағын, оның жер аумағының үлкен болуы және географиялық орналасуының артықшылықтарын анықтауға бағыттау. Басты қалалары мен әкімшілік бөлінісін түсіндіру.

ЭГЖ – елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру:

2.Табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру:

1) табиғи ресурс д/з - ...

2) Қолданылуына қарай.....

3) Оларды тиімді пайдалану д/з - ....

4) Табиғи ресурстарға шаруашылық баға беру:.......

5) ТР-дың аумақтық үйлесімі ...........


Жаңа тақырыппен танысады.

1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама береді (картаға қарап). Сипаттама бергеннен кейін ЭГЖ-ын бағалау.

2. Кейін табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін анықтайды.


5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Оқулықтың 15-16 бетіндегі 2-3-5 тапсырмаларды орындау. 25 беттегі 14-суретті талдау. 28-бет: 1-тапсырмасы.




6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстанның орналасу жағдайының сипаты қандай?

Оның жер аумағының артықшылығы?






7. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.




8. Үйге тапсырма беру кезеңі

1 пар. сұрақтарына дайындалу. 14-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру. 15-сурет, 3-4 кесте бойынша кесте толтыру.




Сабақ №2

Күні:


Сынып: 9

Тақырыбы: Экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлует



Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның дүние жүзі картасында алатын орнын, экономикалық-географиялық жағдайын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы

Негізгі ұғымдар: географиялық орын, әкімшілік-аумақтық құрылым, облыс, аудан, округ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық әлеует, табиғи жағдай, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі

Номенклатура: Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.

1. Экономикалық география атауын берген ғалым:

2. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер:

3. Қазақстан шаруашылығының кезеңдері

4. Экономикалық әлеует д/з не?

5. Экономикалық әлеуетінің құрамдас бөліктері қандай?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1. М. В. Ломоносов

2.

3. 4 кезеңі – дәстүрлі эк. (б.э.д. 1 жылдықтар басы – ХІХ ғ. орт.), нар.эк. п.б. (ХІХ ғ. орт. - 1920 ж. аяғы), жосп. эк. (1920 ж. аяғы-1990 ж. басы), нар.эк. өту.(1990ж. Бастап)



3. Жаңа материалды меңгеру кезеңі.

Келесі сұрақтарға тоқалып кету:

1. Қазақстанның географиялық орнына сипаттама беру:

Республика аумағына сипаттама беру, басқа шетелдермен салыстыру, Еуразия маткригіне қатысты орнының ерекшелігін анықтау.

2. Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы:

Жер көлемі бойынша басқа елдермен салыстырғандағы алатын орны, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау, басты республикалық маңызы бар қалаларға тоқталу.

3. Экономикалық-географиялық жағдайы: плюстері мен минустары:

шаруашылық пен экономикалық-географиялық орнының өзара байланысын анықтау, ЭГЖ-ға баға беру критериін сипаттау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

4. Табғиғ-ресурстық әлеует: құрамы мен өзіндік ерекшеліктері:

табиғи жағдай дегеніміз не? Оның шарушалыққа әсерін анықтау. Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстардың бөлінуіне тоқталу, табғиғ ресурстарға шаруашылық баға беру, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі туралы айту.





4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.




5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?

Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?

Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?





6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.




7. Үйге тапсырма беру кезеңі

2 пар. сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап беру.



Сабақ №3


Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: Халық саны мен табиғи өсімі
Мақсаттары:

Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халық саны және динамикалық өсу қарқыны, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстан халқының табиғи өсімінің аумақтық бойынша айырмашылығын, қозғалыстарын, табғиғ қозғалыс типтерін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Демография, этнография, миграция, табғиғ өсім, халықтың механикалық қозғалысы, демографиялық революция, демографиялық саясат, эмиграция, иммиграция, репатриация, вахталық көші-қон

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?

Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?

Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?

Тапсырмаларды тексеру.






3.Жаңа материалға көшу кезеңі


Кіріспедегі қазақстанның экономикалық-әлеуметтік экономикасының құрылымын еске түсіріп, оның әлеуметтік география құрамдас бөлігіне зер салу. Бұл бөлігінде республиканың халық жағдайы қарастырылатынына назар аудару.




4. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Демография, этнография ұғымдарына анықтама беру:

2. Халық саны және динамикалық өсу қарқыны:

Халық санының қазіргі жағдайы, халық санағы, халықтың табиғ өсімі, халықтың механикалық қозғалысын сипаттау.

3. Халықтың табиғи қозғалысы:

халықтың табиғи қозғалысы үш демографиялық революциядан өткені туралы айту, демографиялық көрсеткіштерге тоқталу, промильмен есептеуді үйрету, демографиялық жарылыс, демографиялық революция, демографиялық саясатқа тоқталу.

4. Халықтың көші-қоны (миграция):

халық көші-қонының маңызын түсіндіру, оның себептері, ұзақтығы, бағыты, түрі бойынша бөлінуін айтып кету





5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.




6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Демография ғылымы нені зерттейді?

2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?

3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?





7. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.




8. Үйге тапсырма беру кезеңі

3 пар. Сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.



Сабақ №4


Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: Халықтың құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы
Мақсаттары:

Білімділік. Халықтың құрамы мен құрылымы ұғымдарына түсініктеме беру, Қазақстан халықының жыныстық және жас құрамдарын, еңбек ресурсын, еңбек нарығы мен халқының жұмыспен қамтылуын, кәсіби және әлеуметтік құрылымын анықтау. Қартаю коэффициенті, еңбек нарығы ұғымдары туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның халық құрамы мен еңбек ресурсын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Халықтың жыныстық және жас құрамы, қартаю коэффициенті, еңбек ресурсы, еңбек нарығы, кәсіби және әлеуметтік құрылым.

Номенклатура: Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстанң облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Астана, Алматы, Атырау облыстары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



1. Демография ғылымы нені зерттейді?

2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?

3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?





3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Құрам мен құрылым ұғымдарына түсініктеме беру.

2. Қазақстан халқының жыныстық және жас құрамына шолу: демографиялық пирамиданы талдау. Жасына қарай үш топқа бөлінетінін айту. Қартаю коэффициенті туралы түсініктеме беру.

3. Еңбек ресурсы: негізгі үш құрамдас бөлігі: еңбек ресурсы дегеніміз не деген сұраққа жауап беру.

4. Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы: Еңбек нарығы ұғымына түсініктеме беру.

5. Кәсіби құрылымы: Кәсіби құрылымының үш секторы туралы жалпы түсініктеме беру.

6. Әлеуметтік құрылымы: әлеуметтік құрылым туралы жалпы түсінік беру.



1. Құрам мен құрылым ұғымдарын түсіндіру

2. Жыныстық пирамиданы талдайды. Жас құрамына қарай үш топқа бөлінеді: І – 14 жасқа дейінгі балалар, ІІ – 15-59 ересектер, ІІІ – 65 асқан егде адамдар.

3. Үш компоненттен тұрады: І – 15 жасқа жеткен жасөспірімдер, ІІ – 16-58 (ә), 63 (е), ІІІ – зейнеткерлер.

4. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жұмыссыздық, жұмыс күшінің жетіспеушілігі.

5. І – а.ш., ІІ – өнеркәсіп ж/е құрылыс, ІІІ – қ.қ..

6. Төменгі, орта және жоғары деңгейлер.



4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау.




5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?

Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?

Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?

Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?






6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.




7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4 пар. сұрақтарына дайындалу. 53-54 -беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.



Сабақ №4 Сынып: 9

Тақырыбы: Халықтың ұлттық және діни құрамы

Мақсаттары:

Білімділік. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы көзқарастарын қалыптастыру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның халықтың ұлттық және діни құрамын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)



Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.

Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?

Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?

Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?

Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?


3.Жаңа материалға көшу кезеңі


1. Этнография ғылымы нені зерттейтінін еске түсіру.

2. Дүние жүзінде қандай әлемдік діндер таралған?

3. Қазақстан жеріне ислам діні қашан келген?


4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру

2. Қазақстан халқының ұлттық құрамына шолу: Қазақстан халқының ұлттық құрамының қалыптасуына сипаттама беру. Халықтың тілдік ұқсастықтарына байланысты линагвистикалық жіктемесін түсіндіру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту.

3. Діни құрамына шолу: Халықтың ұлттық құрамы мен дінінің тығыз байланыстылығын түсіндіру. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.


5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау. Кескін картаға Қазақстан халқының ұлттық құрамын түсіру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Этнография ғылымы нені зерттейді?

Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?

Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?


7. Үйге тапсырма

5 §,оқып,кескін картаға ҚР халқының көші-қон географиясын салып келу.

Сабақ №6


Күні:

Сынып: 9


Тақырыбы: Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі
Каталог: uploads -> doc -> 0097
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0097 -> Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Топ: №47. Күні: Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0097 -> Сабақтың тақырыбы: Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
0097 -> Сабақ Тақырыбы: Төтенше жағдайларды жою Оқытушы: Абдраманова Ж.Ғ
0097 -> Күні: 13. 10. 2016 жыл Тақырып: «Азаттық жырының ақтаңгері» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет