Сабақ №1 Пән: Қазақ әдебиеті Күні: 9 қазан Сынып: 9 «а» (14-15 жастар) Барлық оқушылар: 9



бет4/4
Дата22.08.2017
өлшемі483,25 Kb.
#24649
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақты бекіту.

«Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушыларды шеңберге тұрғызады.

Шеңбер бойымен бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды.




Үй тапсырмасы.

Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын жаттап келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады




Сабақты бағалау.

Жиынтық баға шығарады.

Бағалау парағын тапсырады.

Жиынтық баға

Рефлексия


БББ парағын таратып береді.

Бүгінгі сабаққа дейін не білетіндерін, не білгендерін, не білгісі келетіндерін жазады.






Сабақ №1

Пән: Қазақ әдебиеті

Күні: 15 қазан

Сынып: 9 «а»

(14-15 жастар)


Барлық оқушылар: 9

Қатысқаны: 8



Тақырыбы:

«Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер.

Сілтеме:

Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005

Жалпы мақсаттар:

Жырдағы салт-дәстүрлерді талдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтану, халықтық мұраларды құрметтеу.

Ресурстар:

Түрлі-түсті маркерлер, бейнетаспадан үзінді, АКТ, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдері:

Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен

Әдісі: «Болжау» әдісі, INSERT әдісі, кесте толтыру, ой шақыру, рөлдік ойын. көңіл-күй аралдары.

Оқыту нәтижелері:

Болжам жасай отырып тақырыпты анықтайды, салт-дәстүр туралы білімдерін толықтырады, зерттеу жүргізіп, ой бөліседі, өз пікірлерін еркін жеткізе алады,- бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады, сабақтағы көңіл-күйінің дәрежесін жеткізеді, топпен, жұппен жұмыс жасай алады, бағалай біледі.

Түйінді идея:

Салт-дәстүр - сарқылмас қазына, өшпес мұр

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

«Мен ана тілін сүйемін, себебі...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Оқушыларды салт-дәстүрлер атауымен топқа бөледі.

Бағалау парағын таратады.


Оқушылар сөйлемді өз ойларымен аяқтайды.






Үй тапсырмасын тексеру.

Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын сұрау.

Жаттауды жатқа мәнерлеп айтады

Мұғалім бағасы

Жаңа сабақ.


Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болатынын болжату.

Жырдағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқулықтан таптырту. (жекелей жұмыс)


Салт–дәстүр мағынасы жырда, оқиғада.

Кесте таратады, слайдтан толтыру үлгісін көрсетеді.


Сергіту сәті.

Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады.


Ой қозғау.

1 топ. Ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс.

2 топ. Сақтау міндет емес.


Өз болжамдарын айтады.

Оқулықтан оқи отырып, INSERT әдісін қолданады.

Топта зерттеу жүргізіп, ой бөліседі.
Жаттығуды қайталай отырып жасайды.
Оқушылар сыни ойлай отырып, өз пікірлерін білдіреді.


Топтың бағалауы


«Бағдаршам» әдісі арқылы

Сабақты бекіту.

Рөлдік ойын. Жырдағы кездескен салт-дәстүрлердің бірін көрсетіп берулерін сұрайды.

Рөлдік ойын көрсетеді.

Әр түрлі фигуралар арқылы

Үй тапсырмасы.

Салт-дәстүр түрлерін қарастырып келу.

Күнделікке жазады.




Сабақты бағалау.

Бағалау парағын есепке ала отырып, жиынтық баға шығарады.

Бағалау парағын тапсырады.

Жиынтық баға

Рефлексия


«Дейін-кейін» стратегиясы

Тақырып бойынша «дейін» бағанасына не білетіндерін, «кейін» бағанасына бүгін не білгенін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.






Сабақ №1

Пән: Қазақ әдебиеті

Күні: 16 қазан

Сынып: 9 «а»

(14-15 жастар)


Барлық оқушылар: 9

Қатысқаны: 8



Тақырыбы:

«Қыз Жібек» жырындағы ғашықтар бейнесі.

Сілтеме:

Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005

Жалпы мақсаттар:

Жырдағы ғашықтар бейнесін тану, сыни тұрғыдан ойлай білу, махаббат, достық мәселелерін ұғыну.

Ресурстар:

Слайд, бейнетаспадан үзінді, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы

Әдіс-тәсілдері:

Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен

Әдісі: «Миға шабуыл», «ойлан, жұптас, пікірлес», постер құру, ой шақыру, тест жұмысы, «Бүгінгі күннің сөйлемі»

Оқыту нәтижелері:

Шығарманы толық меңгереді; ой бөліседі, тапсырманы меңгеріп шығады, ортақ шешім қабылдайды; сыни тұрғыдан ойланады, түйінді идея айтып, ой қорытады;

шығармашылық қабілеттері артады; шығарма бойынша білімдерін жинақтайды;

тақырыпқа байланысты түйінді сөйлем жаза алады; топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді.


Түйінді идея:

Шынайы махаббаттың қос шынары.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

Шаттық шеңберіне тұрғызып, тілек айтқызыды.


Оқушыларды «Пазл» арқылы топқа бөледі.

Бағалау парағын таратады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Шағын 2 топ құрады.




Үй тапсырмасын тексеру.

«Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы алдыңғы қойылған сұрақтарды, оған берілген жауаптарды қосып айтып, өз сұрағына жауап береді және келесі оқушыға сұрағын қояды




Жаңа сабақ.


Mp3 нұсқасында «Қыз Жібек» әнін тыңдатады.

Слайд арқылы бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.


Ойлан, жұптас, пікірлес. ( жеке, жұптық, топтық )

Жырдан Төлеген мен Жібектің бейнесі суреттелген жерді тапқызу.

Постер құру. ( топтық жұмыс )

1 топ. Төлегеннің бейнесі.

2 топ. Жібектің бейнесі.

Сергіту сәті.

«Ғашықтық дастандар» деген сөз тіркесінен 30 секунд уақыт ішінде мағыналы, мәнді сөз құрау керек.
Интервью әдісі.

Оқушылар арасынан фильмде Төлеген мен Жібектің рөлінде ойнаған актерлер Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешованы таңдап алады. Радионың тікелей эфирінде сұхбат жүргізеді.


5 жолды өлең.

  1. Зат есім. (1 сөз)

  2. Сын есім. (2 сөз)

  3. Етістік (3 сөз)

  4. Сөйлем.

  5. Синоним.


Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, тапсырманы меңгеріп болған соң, ой бөліседі, ортақ шешім қабылдайды;


Сыни тұрғыдан ойлана отырып, түйінді идея айтады, постер қорғайды

Оқушылар жылдамдық таныта отырып, сөз жазады.


Радионың тікелей эфиріне қоңырау шалып, сұрақ қояды.

Өзіндік түсінікті нақта сөздермен келтіре отырып өлең құрастырады.

Жетондар арқылы бағалау


Үш шапалақ

Топтың бағалауы



Сабақты бекіту.

Тест жұмысы. ( Жеке жұмыс )

Тест сұрақтарын интерактивті тақтадан көрсетеді.




Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтайды.




Үй тапсырмасы.

«Махаббаттың мәңгілік жүлдыздары» тақырыбына эссе жазу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.




Сабақты бағалау.

Бағалау парағын ескере отырып, жиынтық баға шығарады.

Бағалау парағын тапсырады.

Жиынтық баға

Рефлексия


«Екі жұлдыз, бір тілек»

Өз пікірлері мен тілектерін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет