Сабақ 2 Сабақ тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті



Дата19.02.2017
өлшемі272,2 Kb.
#10832
түріСабақ
Қазақ тілі 8сынып. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.






Күні: 26.01

Сабақ 2

Сабақ тақырыбы:


Синтаксис.  Сөз   тіркесі  туралы түсінік. Есімді, етістікті  сөз   тіркесі 

Жалпы мақсаты:


  • Синтаксис»  сөзінің  мағынасын сөздік жұмысы арқылы меңгерту; 

    Қосымша, оның түрлері, септеулік шылаулар, олардың түрлері туралы «ес картасы» арқылы еске түсіру; 

    Метатану әдісі арқылы есімді, етістікті  тіркестің  ерекшелігін меңгерту; 


Күтілетін нәтиже:


Оқушылар біледі:

-Сөз   тіркесі  туралы түсінік алады; 


Есімді және етістікті  сөз   тіркесін  біледі; 
 Сөз   тіркесінің  4 түрлі тәсіл арқылы байланысатынын біледі; 
Байланысу түрлерін біледі; 
Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу жанасулардың әрқайсысының грамматикалық белгілерін біледі; 
Сөз   тіркесін , тұрақты  сөз   тіркесін , күрделі  сөздерді  бір-бірінен ажырата біледі; 

Сабақ түрі:


Жаңа материалмен таныстыру;

Тапсырма:


 Флипчарт жасау, фронталды сұрау, жұппен, топпен жұмыс.

Көрнекілігі:


«Ой қозғау» стратегиясы  Диалог  Ес картасы 

Метатану  Проблемалық сұрақтар  Венн диаграммасы 



Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі:


Мұғалімнің қызметі:


Оқушының қызметі:


Ұйымдастыру кезеңі:1 мин

1.Ұйымдастыру Психологиялық ахуал тудыру. Тренинг «Мен саған сенемін....». Оқушылар шеңбер құрайды, ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар —қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Қобдишадан әр оқушы кезекпен бір сыйлық таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған сыныптасына сыйлайды.

Бір-бірімізге қарайық,


Жылы лебіз айтайық.

Мен саған сенемін, өйткені сен, Дияс, .......\ ақылдысың, тәртіптісің, мейірімдісің, ізеттісің, әдептісің, мықтысың, жігерлісің, жүйріксің, адалсың, төзімдісің, шыдамдысың, сабырлысың, кішіпейілсің, мейірбан, шыншылсың, қайырымдысың, жақсысың\.



Барлық адам сәттілікпен жетістікке ұмтылады. Бүгін бізде Сәрсенбі -«Сәттілік күні .Ал бүгінгі сабағымыз «Жетістік баспалдағы » деп аталады , себебі бүгінгі білім ертеңге апарар жол.

Ұраны «Әр сабақ өмірге сабақ болсын» 

( топқа есімдерінің бас әріптерімен бөлінеді)



Ыңғайлас Себеп салдар Қарсылықты


Оқушылар әдемі тілек білдіреді.


Оқушылар жасалған жаттығуды қайталайды. Үш топқа бөлінеді





І-бөлім. «Біліміңді байқап көр»

5 мин

ІІ бөлім. «Үйренгенім табысым»

Талдау- табыс кілті .

«Білімпаздар қалашығы» ТЕСТ ТАПСЫР

МАСЫ


Ыстық орындық» . Отырған оқушылардың біреуін «Ыстық орындыққа » отырғызып, сұрақтар қоямыз.
1.Құрмалас сөйлем деген не ?

2.Құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3. Салалас құрмалас сөйлем деген не?

4. Салалас сөйлем қалай жасалады?

5.Ыңғайлас сөйлем деген не? Жалғаулықтарын ата!

6.Ыңғайлас салалас нешеге бөлінеді?

7.Себеп-салдар салалас сөйлем деген не?

Жалғаулықтарын ата!

8. Себеп-салдар салалас сөйлем нешеге бөлінеді?

9. Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгілер қойылады? Себебі бірінші тұрса ше?Салдары бірінші тұрса қандай тыныс белгі қойылады?




ІІ бөлім. «Білемін. Білдім. Білгім келеді»

1-топ

Қарсылықты сөйлемнің жасалуы, тыныс белгілері



2-топ

қарсылықты салалас пен ыңғайлас салаласты салыстыр(ВЕННдиаграммасы)



3-топ

қарсылықты салалас пен себеп-салдар салаласты салыстыр «Жетістік деңгейі» арқылы бағалау



Талдау- табыс кілті .Дәптермен жұмыс

Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құрау, сөйлем мүшесіне талдау.

1- топ

1.Жел саябырлаған сияқты, бірақ (екпіні әлі де қатты болып тұр.



2. Теңіз тынышталды, дегенмен (су бетінде әлі де толқын иірімдері бар.

2- топ


3.Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, дегенмен (де көп жүруге тура келді.

4. Бұрын бай еді, бірақ( қазір сіңірі шыққан кедей болып қалды.



3- топ

5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, алайда (ешқандай шудың белгісі де естілмейді.



6. Жаз ортасы болып қалды, әйтсе де (күзге дайындық әлі басталған жоқ.

Семантикалық карта


.Сөйлемдер

Ыңғай

Себепсалд

Қарсылықты салалас

1.Биыл жайлауға бардым да, ауылдағы ағаларымның үйінде болдым.










2. Далада жел соғып тұр әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.










3.Оның дауысы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды.










4.Жақсы сөзді ел жаттар, өйткені ел жаттар сөзде салмақ бар










5.Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де сөзде салмақ бар.










6.Үлкендер жұмысқа кетті де, мен үйде қалдым.










7.Сыртың сұлу екен, алайда сөзің сылдыр жігітсің.










8.Бас болмақ оңай,-бастамақ қиын.










9.Сіздің қолыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер.










10.Шұғылдың сөзін Хакім де естіген, бірақ үндемеді











«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы мақал- мәтелді жалғастыру

1. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты....

2. Үйлену оңай,-....

3. Сөзің тәтті болсын,-ашуың ...

4. Ана тілің –арың бұл, ...

5. Өзге тілдің бәрін біл,-өз ...

8. Бірге тумақ бар,-
… жүрмек жоқ.


ТЕСТ
11.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. В) Өлең, жыр- қазақтардың жан серігі. С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік. Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.

Е) Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң – артыңда қалған ізің.



2.Себеп-салдар салаласты табыңыз. А) Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді. В) Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен. С) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. Е) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.



3. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің неше түрі бар. А) 3 В)5 С)6 Д)2 Е) 7.

4.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады? А) сол, сондықтан, соншама; В) бірақ, алайда, дегенмен; С) да, де, та, те, және, әрі; Д) бірде, біресе, кейде; Е) не, немесе, әлде, я;

5.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Үйде оны бәрі де тамаққа күтті, бірақ Әсия өте жай келді. В) Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән беріледі де, бала әкесін сыйлап өседі. С) Жақсы бала әке-шешесін қуантады. Д) Дала тым-тырыс. Е) Көктем. Таңғы самал.

6. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары қандай? А) да, де, та, те, және, әрі;

В)не, немесе, әлде, я; С) бірде, біресе, кейде; Д)бірақ, алайда, дегенмен, сонда да;

Е) сол, сондықтан, соншама;

7Құрмалас салалас сөйлемнің түрін табыңыз. А) Хабарлы. В) Сұраулы. С) Толымды. Д) Ыңғайлас.

Е) Лепті.



8.Себеп-салдар құрмалас сөйлемнің шылауларын табыңыз. А) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да;

В) да, де, та, те, және, әрі; С) не, немесе, әлде, я болмаса, әйтпесе; Д) бірде, біресе, кейде; Е) себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті;



9.Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? А)Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. В) Кемінде екі сөздің мағыналық және тұлғалық жақтан байланысуы.

С) Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Д) Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Е) Іс –әрекетті білдіреді.



10.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады? А) сол, сондықтан, соншама; В) бірақ, алайда, дегенмен; С) да, де, та, те, және, әрі; Д) бірде, біресе, кейде; Е) не, немесе, әлде, я Бір-бірін бағалау \ Түрлі-түсті стикерлер арқылы бағалайды. Қызыл түсті — өте жақсы. Сары түсті-жақсы. Жасыл түсті — орташа.

« Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен ........................ білдім, бірақ

......................................................................

..............................қызықты болды, дегенмен

.............................................................................

..............................қиын болды, алайда.................

Тапсырманы мен орындадым, дегенмен ................

............екенін түсіндім, алайда ол менің қолымнан келді.

Мен............................ жасай алмадым, бірақ ...................

Мен.................. жасап көруге талпынамын, дегенмен............

............ мені таң қалдырды, бірақ ..................

Сабақ маған ....................., алайда...................

 

«Ыстық орындық» әдістері арқылы өтілген тақырыптарды толық пысықтайды

топ оқушылары өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды, жауап береді,тұжырымдамасын айтады.

Дәптерге тақырыпты жазу.

талқылайды, постер дайындайды.

«Карусель» әдісі бойынша топтар постерімен алмасады, бағалайды.

«Семантикалық карта» әдісі арқылы сәйкестендіру жұмысын жасайды

Балалар есте сақтауға тырысады, есте қалғанды жазып алады, сөйлемді ажыратады Жеке жұмыс. Жұппен бағалау

Топтар өзара мақалды жалғастырады

Оқушылар тест тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізеді.Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалайды.


Қорытынды

лау:


2мин

Рефлексия:

1 мин

2мин




Қорытынды.

«Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем» бойынша ассоциялық карта құрғызу.

Бағалау . Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әдісі бойынша бағалайды.Бағалау парағы бойынша жиынтық бағалау қойылады


Балалар стикерда кері байланысты жазып береді.

Ү/т жазып алады.





А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

8-сыныпта қазақ тілі пәнінен «LESSON  STUDY» зерттеу сабағы

Тақырыбы: Ыңғайлас салалас құрмалас



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Тайпакова С.М

2016 жыл , қаңтар
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет