Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні: 14. 11. 2011 Тақырыбы: дж. Су айналым. Мұхит Мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі78,96 Kb.
#11018
түріСабақ
Сабақ: №20

Сынып:5


Күні:14.11.2011

Тақырыбы: ДЖ. Су айналым. Мұхит

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Гидросфера-Жердің су қабығы екендігі туралы түсіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-үйге тапсырма беру

2 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 5 кезең- бағалау

3 кезең- бекіту 6 кезең- қорытынды

Сабақ барысы:



Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушыларды тыныштыққа шақырады.

Тәртіпке келеді.

2

Сабақтың келесі кезеңінде гидросфера сөзіне түсінік беріледі. Оның бөліктерін оқушыларға түсіндіріп картадан көрсетеді. Мұхит және теңіз суларының қасиеттерімен оқушыларды таныстыру.

«Арасан» сөзін оқушыларға түсіндіреді. Қазақстанның емдік қасиеті бар санаторилерінің маңызын айту.



Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Мұғалімді тыңдайды керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.


3

Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мұғалім 3 минут уақыт беріп параграфты оқытады. Сосын карточка таратылады.

Оқушылар тақырыпты оқиды. Карточка сұрақтарына жауап береді.

4

Үй жұмысы: §19 оқып мазмұндау . Кескін картаға мұхиттар мен ірі теңіздерді түсіру.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады, түсінбеген жерлерін сұрайды.

5

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейіне байланысты бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады.

6.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады.

Қоштасады.



Қоштасады.

Сынып: 5 Күні:25-28/11/2011

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Ауыз суды тазалау, Судың маңызы

Мақсаты:

Білімділік: Су- ерекше қайталанбас зат екенін әңгімелесу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Судың пайдасын, қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, тәжірибе келтіру арқылы ой-іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Сабақты бекіу.

  4. Үй тапсырмасын беру.

Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Табиғаттағы су айналуы қалай болады?

2.Су табиғатта қандай күйде болады?

3.Таудағы мұздықтар неден түзіледі?

4.Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл шаруышылығында, көлікте қандай маңызы бар?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:



  1. Адамдардың суды пайдалануы.

  2. Су-ерекше қайталанбас зат.

  3. Суды қорғау.

Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз.

Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерде тазалық сақтау үшін де су қажет.

Адам су жолдарымен қайықтар, теплоходтарға мініп сапарға шығады, азық-түлік, ағаш және машиналарды тасымалдайды. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-анасы «Суды сабама-балығын шошытасың», «бұлақты майлама-құсын кетіресің», деп өсиет айтқан. Суды таза ұстау-оны қорғау деген сөз. Қазіргі дүние жүзіндегі халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Бекіту кезеңі:

1.Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

2.Сұйық, қатты және газ күйіндегі судың қасиеттерін салыстырыңдар?

3.Судың көлемі қыздырғанда және салқындатқанда қалай өзгереді?

4. Қыста су өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігін сақтауда мұздың қандай 5.қасиеттері септігін тигізеді?

6.Суда еритін бірнеше заттарды атаңдар. Олардың суда еритінін немен дәлелдейсіңдер?

7.Суда ерімейтін заттарды атаңдар?

8.Суды неліктен және қалай қорғайды?



Үй тапсырмасы:§20 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Тақырыбы: Мұхиттар

Мақсаты: Төрт мұхиттар туралы қысқаша сипаттама беру.

Карта арқылы түсіндіру білімдерін кенейту.

Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ


Барысы: 1.Үй жұмысын тексеру.

2.Жаңа материялды баяндау

3.Сабақты бекіту

4.Үй жұмысын беру

1. Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл-шаруашылығында, көлікте қандай маңызы бар?

2. Судың қасиеттері бар?

3. Табиғатта қандай жағдайларда су қатты, сұйық және бу күйінде болады?

4. Не үшін суды қорғау керек ?

5. Таудағы мұздықтар неден түзіледі?


  1. Дүниежүзілік мұхит.

  2. Тынық мұхиті.

  3. Атлант мұхиті.

  4. Үнді мұхиті.

  5. Солтүстік мұзды мұхиті.

Мұхиттар өзара жалғасып жатады, ал барлығы бірігіп біртұтас Дүниежүзілік мұхит құрайды. Мұхиттардың ішіндегі ең үлкені және ең терең Тынық мұхиті.

Көлемі жағынан оның бір өзі жер шарының барлық құрлығынан асып түседі.

Үлкенді жағынан екінші орында Атлант мұхиты алады, ал Тынық мұхиттан екі ені ең кіші.

Солтүстік Мұзды мүхиті басқа мұхиттардан, анағұрлым кіші, оның орта бөлігінде Солтүстік полюс бар.

Камчатка түбегі мен Куриль аралдары тізбелі охот теңізін Тынық мұхиттан бөліп тұр.Сахалин аралы Охот теңізі мен Жапон теңізінің аралығында жатыр.

Жапон теңізін мұхиттан Жапон аралдары бөліп тұр. Азияның шғыс жақ жағалауынан Тынық мұхиты арқылы Америка мен Австралияның жағалауларына баратын теңіз жолы өтеді.

Тынық мұхит суларында балық аулаумен теңіз кәсіпшілігі дамыған, лосось балықтарын, майшабақ, треска, сардиналарды, сондай-ақ крабтарды көп аулайды. Беинг тнңізінен киттер ауланады.


  1. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?

  2. Батыс жарта шарлар картасына қарай отырып, бұл аймақтын негізгі бөлігін қандай мұхит алып жатқанын анықта.

  3. Көлемі жағынан ең үлкен және ең терең жайлы түсінік бер.

  4. Қай мұхиттын суының температурасы жылы?

  5. 217 1-4 сурет, 57 бетте


Тақырыбы: Теңіздер мен көлдер.

Мақсаты:

Білімділік: Теңіздер мен көлдер туралы және шеткі және ішкі теңіздері туралы сипаттама беру. Шығанақ, бұғаз жайлы анықтама беру.

Дамытушылық: Карта туралы жұмыс жасау арқылы іскерліктерін, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Бекіту.

5. Үй тапсырмасын беру.
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?

2.Көлемі жағынан ең үлкен және ең терең мұхит жайлы түсінік беру.

3.Қай мұхиттың суының температурасы жылы?

4.Төрт мұхит туралы айтып беріңдер.

5.Батыс жарты шарлар картасына қарай отырып, бұл аймақтың негізгі бөлігін қандай мұхит алып жатқанын анықта.
Жаңа тақырып.


  1. Теңіз дегеніміз не?

  2. Ішкі теңіздер.

  3. Шеткі теңіздер.

  4. Шығанақ

  5. Бұғаз

Теңіз дегеніміз-дүние жүзілік мұхиттың бөлігі. Дүние жүзінде 30 теңіз бар. Ең үлкені Саргасс теңізі,Атлант хитының Солтүстік Америка жағалауына орналасқан. Бұл теңіздің Саргасс деп аталуы оның су бетін Саргасс балдыры жауып жатыр. Теңіз соның атымен аталған. Барлық теңіздер 4 мұхит алабына бөлінген. Теңіз түбінен ең бірінші 19 ғасырда Каспий теңізінің Баку маңында құдықтан алған.


Ішкі теңіздер- құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп мұхитпен немесе жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасады. Оларға Жерорта, Қара, Азов, Балтық, Қызыл теңіздер жатады.

Ең үлкен көл –Каспий, ең терең- Байкал.

Сабақты бекіту үшін келесі сұрақтарға оқушылар жауап береді.

1.Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?

2.Еураияның жағалауларын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

3.Қазақстанда қандай көлдер бар?

4.Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?

5. Көл дегенді қалай түсінеміз? Көлдің теңізден қандай айырмашылығы бар?


Үй тапсырмасы: § 22 . 61 беттегі 1-5 сұрақтар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет