Сабақ №22 Мектеп С. Кәттебеков атындағы жом. Тақырыбы



Дата03.11.2019
өлшемі22,18 Kb.
#51041
түріСабақ
Байланысты:
7кл №22 Ұлу
7кл №22 Ұлу
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы

С.Кәттебеков атындағы жапы орта мектеп



Сабақтың тақырыбы:
Айқұлақ немесе інжуір және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы ролі және практикалық маңызы.
Лесова Сапаркул Шәріпбайқызы

Биология пәнінің мұғалімі.


lesova_saparkul@mail.ru

2016-2017 оқу жылы


Бекітемін Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі: Қ.Қожахметов.


Сабақ №22


Мектеп

С.Кәттебеков атындағы жом.



Тақырыбы:

Айқұлақ немесе інжуір және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы ролі және практикалық маңызы.

Мерзім

-----------------------

Мұғалім: Лесова Сапаркул Шәріпбайқызы.

Сынып 7

Қатысқан оқушылар саны

Осы сабақтың оқу мақсаты

SMART

  1. Айқұлақтың құрылысы мен физиологиялық процестерін оқушыларға оқыту, меңгерту.

  2. Биологиялық термин сөздерді үш тілде оқыту.

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

Оқушылардың өзіндік оқу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларда ЖАДА дағдысын қалыптастыру.



Табыс критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

Ұлулар туралы жалпы түсінеді, оқып біледі, танысады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Топтық жұмыста белсенділік танынып, материалды меңгереді.

Ұлулардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін жетік меңгеріп, тақырып аясында өзіндік материалдар тауып, үлес қосады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жаңа ақпаратты білу үшін өз бетінше ізденеді.

Топтық жұмыста топ басышылығын өзіне алып, топтағы оқушылардың белсенді оқуына ықпал етеді. ЖАДА жүзеге асады.

Тақырып бойынша оқулықтан тыс материалдар табады, оны басқа оқушыларға түсіндіреді, мұғалімге көмекші бола алады.



Тілдік мақсаттар

Терминологиялық сөздік. Тақырып бойынша жаңа сөздерге мән беріп, оның түсіну.
Раковина – sink. Мантия – cloak, Щупальце – feeler, глаз – eye, голова – head, дыхательное отверстие - respiratory opening, нога – foot, печень – liver, кишка – gut, желудочек – stomach, предсердие – auricle, анальное отверстие - anal aperture, пищевод – gullet, нервы – nerve.

Бұған дейін меңгерілген білім

Ұлулар типінің жалпы сипаттамасы. Оладың алуан түрлілігі. Типтің кластары. Морфофизиологиялық процестері.

Жоспар




Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Басы

3-5 мин


Оқушылардың сабаққа зейінін аудару. Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларды топқа бөлу, сабақты бастау.



Ресурстар



5 – 15 мин

  1. Ыстық орындық әдісі.

  2. Топтық жұмыс.

Топтық тергеу әдісі.

Үй жұмысы бойынша:

  1. Миға шабуыл. Сұрақ-жауап.




  1. Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуан түрлілігі.

1-топ. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

2-топ. Бауыраяқты ұлулар класы.

3-топ. Қосжақтаулы ұлулар класы.

4-топ. Басаяқты ұлулар класы.

Әр топ өзіне берілген топтық тапсырманы постер арқылы қорғайды.


Плакаттар, фотосуреттер, қосымша материалдар.

Ортасы

15-25 мин

Жаңа материалды меңгерту.

Презентация.


Айқұлақтың және мидияның мекен ортасы, құрылыс ерекшелігі.

  1. Дене құрылысы.

  2. Асқорыту жүйесі.

  3. Тыныс алу жүйесі.

  4. Қан айналым жүйесі.

  5. Жүйке жүйесі.

  6. Жыныс мүшелері, көбеюі.

115-беттегі қорытынды кестемен салыстырмалы сипаттамасы.

Слайд арқылы түсіндіремін.



Плакаттар, слайдтар, бейнеролик

Соңы

30-35 мин

  1. Сәйкестестендіру тесті.




  1. Идеялар дәлізі.

Сәйкестігін тап кестесін орындау.

Суретпен жұмыс (ауызша тапсырма)

Қорытындылау.

Оқушылар бір біріне ашық сұрақ қоя отырып, оған жауап беріп, диалогқа түседі.



Интернет материалдары.

Таныстырылым.



Қосымша ақпарат

Оқушылардың оқулықтан тыс материалдары.

Ұлулардың адам өміріндегі маңызы.



Интернет материалдары. Таныстырылым.

Бағалау.

Модерация әдісі.

35-40 мин.



Тақтаға оқушылардың тізімі ілінген. Номері бойынша сабақ барысында жинаған ұпайларын қоса отырып, бағаланады.

  1. Үй жұмысы бойынша: ыстық орындық, топтық тергеу әдісі бойынша;

  2. Сәйкестендіру тесті бойынша;

  3. Суретпен жұмыс бойынша жинақтаған ұпай санын есептей отырып сабақ бойынша алған бағасын журналға қоямын.



Рефлексия.

Тазалық ойыны.

40-45 мин.

  • «Тазалық» ойыны 

  • бүгінгі тақырып бойынша керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар

  • бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар

  • Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) .



Қосжақтаулы былқылдақденелілердің өкілі - айқұлақ



Айқұлақ судың түбінде мекендеп, сондағы құмға денесінің доғаланған алдыңғы бөлігімен көміліп жатады. Дене тұрқы он сантиметрдей. Жотасынан майысқақ сіңірмен байланысқан екі жақтаулы бауыр жағынан ашылып - жабылатын бақалшағы болады. Бақалшақтардың арасынан ай не құлақ тәріздес пішіндегі аяқтары көрінетіндіктен айқұлақ деп аталады.

Айқұлақтың бақалшағынан былқылдақ денесі көрінеді, басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралады. Аяғының қасында айқұлақтың аузы көрінеді. Ауыздың екі жағында қармалауыштары және тіл тәрізді аяғының екі қапталында тақташалы желбезектер болады. желбезектерді кірпікшелер қаптап жатады. Сол кірпікшелер қимылдағанда су кіріс симфонынан еніп, шығару сифонынан сыртқа шығады. Сифондар айқұлақтың артқы жағында бірінің үстінде бірі орналасады. Су астыңғы кіріс сифонымен енгенде, онымен қоса ұсақ жәндіктер де айқұлақтың бақалшағына енеді де, судың ағынымен аяқтың үстіңгі жағындағы ауызға барып, үлкен тоспаұлуға ұқсас- асқорыту жүйесіне түседі. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі, жұтқыншағы жоқ, сондықтан қорек алдымен өңешке, одан қарынға және ішекке өтеді. Айқұлақтың бауыры жақсы жетілген , оның өзегі қарынға ашылады.

Айқұлақтың астыңғы сифоны желбезек сифоны деп аталады, өйткені сырттан енген су шапаншадан желбезек арқылы сүзіліп, айқұлақтың тынысалу қызметін атқарады. Жәндіктің желбезектерінде газ алмасады. Айқұлақтың қанайналым жүйесі жүректен және содан таралатын қантамырлардан тұрады. Оның жүрегі жәндіктің арқа жағында орналасады, ал қан ішкі мүшелер аралығындағы саңылауға құйылады, яғни оның қанайналымы- ашық жүйелі.

Айқұлақ бүйрегі арқылы зәр шығарады.

Қосжақтаулы былқылдақденелілер баяу қозғалып, белсенді қоректенбегендіктен, олардың жүйке жүйесі нашар дамыған. Жүйке жүйесі бірімен-бірі жүйке талшықтарымен жалғасатын үш жұп жүйке түйінінен құралады. Бұлардың сезім мүшелері дамымаған. Айқұлақта арнаулы сезім мүшелері болмайды.

Айқұлақ-дара жынысты жәндік, бірақ оның аталығын аналығынан айыру оңай емес. Аталық айқұлақ сперматозоидтарын тікелей суға шашады, су арқылы сперматозоидтер аналықтың кіру сифонымен оның денесіне енеді. Осы арада олар ұрықтанып, жұмыртқадан дернәсіл дамиды. Дернәсілдер шығару сифоны арқылы сыртқа шығады. Олар балықтың денесіне немесе желбезегіне жабысып, сөлімен қоректеніп жетіледі. Біраз уақыттан соң дернәсілдер жас былқылдақденелі жәндікке айналып, иесін тастап, су түбіне түседі. Бұл айқұлақтың даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететінін көрсетеді.



Басқа қосжақтаулы былқылдақденелілер тәрізді айқұлақ бақалшақтың жақтауларын түйістіргіш бұлшықеті арқылы ашып жабады. Бақалшақ әктен түзіледі, оны меруерт қабаты астарлайды,бірақ айқұлақта меруерт қабаты нашар дамиды, сыртқы мүйіз тәрізді қабатының түсіне байланысты айқұлақ қоңыр жасыл реңді болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет