Сабақ: №23 Сынып: 11 а тақырыбы: Ұлыбритания. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы



Дата13.02.2017
өлшемі34.46 Kb.
түріСабақ
Сабақ: №23 Сынып: 11 А

Тақырыбы: Ұлыбритания. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Ұлыбритания ірі қалаларымен, халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсатыЭкологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы , дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІVкезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тақырыпты игеру мұғалім Ұлыбританияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беруден бастайды.

а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы

ә) аумағының құрамы

б) табиғат ресурстары

в) табиғатты қорғау

г) халқы


ЭГЖ және саяси жағдайын саяси картадан анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Ұлыбританияның теңіз және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі. Осы елдің геосаяси жағдайына, НАТО ұйымына кіруі, Ұлыбритания бірігуі туралы толықтай мәлімет келтіреді.

Аумағының құрамы туралы айтқанда жерінің ауданы, Батыс Еуропадағы алатын орнының ерекшелігі туралы, мемлкеттің құрылымына, басқару формасына сипаттама береді.

Табиғат ресурстарын сипаттағанда, атлас карталарын пайдаланып, Ұлыбританияның табиғат жағдайларының басты ерекшеліктерін анықтайды. Одан соң кен орындары мен пайдалы қазбаларға мысал келтіреді.

Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады.

Халқы туралы айтқанда: саны, табиғи өсімі, ұлттық, діни құрамы, қала мен ауыл халқы мен агломерациялар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты басты мәселелер нақты мысалдар негізінде сипаттайды.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.

Сосын Ұлыбритания туралы қысқаша конспект жазып отырады.


Атластарын пайдаланып, Ұлыбритания сипаттама береді.


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

3.Ұлыбританияның қандай табиғат ресурстарына бай?

4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?



Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.

ІV

Үй жұмысы:

1. §6 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға кеме жүретін маршруттары мен ірі теңіз порттарын түсіру.

3. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізімін жазу.




Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Каталог: uploads -> doc -> 0b40
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b40 -> Сабақтың тақырыбы Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы. Мақсаты
0b40 -> Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет