Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті



Дата02.07.2018
өлшемі4,91 Mb.

панорамалық сабақ

  • Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
  • Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
  • Сабақтың тақырыбы:
  • "Абайды білмек парыз ойлы жасқа"

  • Білімділік:
  • Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу. Мәтіндерді оқу, өлеңдерін айту, әндету. Қазақ тілінде анық сөйлеу машықтарын қадағалау.
  • Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық:

  • Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік:

  • Оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту. Еңбекқорлыққа , талаптылыққа , білімқұмарлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.

дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс, ауызша журнал

  • дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс, ауызша журнал

Сабақтың әдіс - тәсілдері:

  • «топтастыру» стратегиясы, «ассоциациялық аймақ» кестесі, «сандар сыр шертеді» кестесі, хронологиялық кесте, «еркін жауап » стратегиясы, «жұлдызды сағат» ойыны, «автор орындығы» стратегиясы, сұрақ – жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығармаларын талдау, әндету, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

Оқыту түрі

  • бірлескен ұжымдық іс – әрекет

Көрнекілігі:

  • интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер

Пәнаралық байланыс

  • қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

  • Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
  • Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
  • Мені мен, менікінің айырылғанын,
  • “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
  • Көп адам дүниеге бой алдырған,
  • Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
  • Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
  • Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Ауызша журнал

  • бірінші бет: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы
  • екінші бет: Абай - лирик ақын
  • үшінші бет: Абай – білім жаршысы
  • төртінші бет: Абай-сазгер
  • бесінші бет: Абай-аудармашы
  • алтыншы бет: Абай-философ

«Ой қозғау» стратегиясы

бірінші бет

  • Абайдың өмірбаяны, балалық шағы

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

  • Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

  • Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

  • Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

  • Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

«Ассоциациялық аймақ» кестесі

  • Абай
  • Абай
  • ақын
  • дана
  • ойшыл
  • сазгер
  • ғалым
  • аудармашы

екінші бет

  • Абай - лирик ақын
  • Абай өлеңдерінің
  • аттарын атап беріңіздер?

Абайдың өлеңдері

  • Абай және ғылым.
  • Абай және қазақ елі.
  • Достық – махаббат тақырыбы.
  • Абай және сөз өнері.
  • Табиғат лирикасы.

Достық – махаббат лирикасы

  • “Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат”
  • “Кейде есер көңіл құрғырың”
  • “Бір дәурен кемді күнге бозбалалық”
  • Табиғат лирикасы.
  • Азаматтық-саяси лирикасы
  • “Жаз”
  • “Қыс”
  • “Күз”
  • “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”
  • “Қалың елім, қазағым”
  • “Болыс болдым, мінеки”
  • “Сегіз аяқ”

Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік

  • Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік

Абайдың өлең үлгісіне енгізген жаңалықтары

  • 1) Махаббатсыз дүние бос,
  • Хайуанға оны қосыңдар.
  • Қызықтан өзге қалсаң бос,
  • Әйелің, балаң, досың бар.
  • 2. Алыстан сермеп, 
  • Жүректен тербеп,
  • Шымырлап бойға жайылған;
  • Қиуадан шауып,
  • Қисынын тауып,
  • Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл.
  • Егіз ұйқас
  • Шалыс ұйқас

үшінші бет

  • Абай – білім жаршысы

Абай және ғылым

  • Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
  • Ғылым таппай, мақтанба.
  • Интернатта оқып жүр.
  • Әсемпаз болма әрнеге.
  • Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

Ақынның айтпақ өсиеті

  • Ақынның айтпақ өсиеті
  • Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер
  • Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
  • Абайдың әр өлеңі бізді
  • жақсы болуға, жаман әдеттерден
  • жиренуге тәрбиелейді.

Ғылым таппай мақтанба

  • Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге.
  • Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз.
  • Өсек, өтірік, мақтаншақ,
  • Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз.
  • Талап, еңбек, терең ой,
  • Қанағат, рақым ойлап қой-
  • Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі,
  • Суытып көңіл тыйсаңыз.
  • Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
  • Оны ойға жисаңыз.
  • Ғалым болмай немене,
  • Балалықты қисаңыз?
  • Болмасаң да, ұқсап бақ,
  • Бір ғалымды көрсеңіз.
  • Ондай болмақ қайда деп,
  • Айтпа ғылым сүйсеңіз.
  • Сізге ғылым кім берер,
  • Жанбай жатып сөнсеңіз?
  • Дүние де-өзі, мал да -өзі
  • Ғылымға көңіл берсеңіз.
  • Білгендердің сөзіне,
  • Махаббатпен ерсеңіз...

Білімдіден шыққан сөз

  • Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез.   Нұрын, сырын көруге Көкiрегінде болсын көз.  
  • Жүрегі — айна, көңiлі — оят,   Сөз тыңдамас ол баяу.   Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?  
  • Әблет басқан елерме Сөзге жуық келер ме?   Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез?  
  • “Айтшы-айтшылап” жалынар,   Ұққыш жансып шабынар.   Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсікқой,
  • Байлаулы емес ақыл ой, Ойлағаны — айт пен той, Ыржаң-қылжаң ит мінез„ Сұлу қыз бен я батыр   Болмаған соң, тәңірі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл — арам без. Жақсыға айтсаң, жаны еріп,   Ұғар көңіл шын беріп,   Дертiң ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез. “Ой, тәңір-айшыл” кер есек,   Қулық, сұмдық не өсек   Болмаған соң, бір есеп — 
  • Мейілі қамқа, мейілі бөз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

  • Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
  • Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
  • Көкірегі сезімді, тілі орамды
  • Жаздым үлгі бермек үшін.
  • Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
  • Көңіліңнің көзі ашық, сергек үшін.
  • Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
  • Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
  • Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
  • Өскен соң, мұнда сөзді бұрын көрмей.
  • Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
  • Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
  • Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз»,
  • Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».
  • Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
  • Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
  • Әсіресе қызыл емес деп, жиренбеңіз,
  • Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
  • Батырдан барымташы туар даңғой.
  • Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
  • Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
  • Елермелі маскүнем байқалған ғой.
  • Бес-алтымисыз бәңгі күлсе мәз боп,
  • Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой!
  • Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге
  • Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
  • Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
  • Есіл өнер қор болып кетер түзге...
  • Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

төртінші бет

  • Абай-сазгер

Абай - сазгер

  • “Көңіл құсы құйқылжыр”
  • “Құлақтан кіріп бойды алар”
  • “Көзімнің қарасы”
  • “Желсіз түнде жарық ай”
  • “Айттым сәлем Қаламқас”

Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі

  • Құлақтан кіріп бойды алар,
  • Әсем ән мен тәтті күй.
  • Көңілге түрлі ой салар,
  • Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген
  • Көзімнің қарасы
  • Көзімнің қарасы,
  • Көңлімнің санасы.
  • Бітпейді іштегі,
  • Ғашықтық жарасы
  • Жылайын жырлайын,
  • Ағызып көз майын.
  • Айтуға келгенде,
  • Қалқама сөз дайын
  • Жүректен қозғайын,
  • Әдептен озбайын,
  • Өзi де бiлмей ме,
  • Көп сөйлеп созбайын?

бесінші бет

  • Абай-аудармашы

Абай және орыс ақындары

  • А. Пушкин
  • М. Лермонтов
  • И. Крылов

алтыншы бет

  • Абай-философ

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

  • Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Абайдың қара сөздері

  • 1-сөз.
  • 7-сөз.
  • 31-сөз.
  • 37-сөз.
  • «Топтастыру» стратегиясы
  • Абай туралы не білдік?

«Сандар сыр шертеді» кестесі

  • 1845
  • 1857
  • 1886
  • 1904
  • 1890-1898
  • 1888

Хронологиялық кесте

  • 1845
  • Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
  • 1857
  • 12 жасынан бастап өлең жаза бастаған
  • 1886
  • 1888
  • “Желсіз түнде жарық ай” өлеңін жазған
  • 1890-1898
  • Қара сөздерін жазған. Саны: 45
  • 1904
  • Қазақ халқының ұлы ақыны дүние салған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Жидебай қонысында жерленген

«Еркін жауап» стратегиясы

  • 1.Ғылым таппай мақтанба,
  • ( ... ... ... ... ... .)
  • 2.Талап, еңбек, терең ой,
  • (… … … … .)
  • 3.Досы көппен сырлас
  • (… … … … .)
  • 4.Өсек, өтірік, мақтаншақ,
  • (… … … … .)
  • 5.Сен де бір кірпіш дүниеге
  • (... ... ... ... .)

«Жұлдызды сағат» ойыны

  • 1.Абай Құнанбаев кім?
  • 2.Ол қай жылдары өмір сүрді?
  • 3.Абайдың неше қарасөзі бар?
  • 4.Абайдың шын аты кім?
  • 5.Жеңгелері қалай атаған?
  • 6.Ұлы ақынның руы кім?
  • 7.Абай неше жасынан бастап өлең шығарды?

«Автор орындығы» стратегиясы

  • Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
  • Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
  • КӨП РАХМЕТ!

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет