Сабақ: №38,39 Пәні: Биология Мектеп: № орта мектебi Күнi: 24. 01. 2017 ж. 25. 01. 2017ж



Дата04.08.2017
өлшемі98,46 Kb.
#22712
түріСабақ
Бекітемін

___________




САБАҚ: №38,39

Пәні: Биология

Мектеп: № орта мектебi

Күнi: 24.01.2017 ж.

25.01.2017ж.

Мұғалiмнiң есiмi:

СЫНЫП: 11 «А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Сабақ негiзделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметіне тоқталып өту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мезозой заманының ұзақтығын,осы заманда пайда болған жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін біледі.

Оқушылардың басым бөлiгi:

  • Мезозой заманын кезеңдерін толық айта алады.

Кейбiр оқушылар:

  • Тақырыпқа сай күрделенген тапсырмаларды орындай алады.

Тiлдiк мақсат

Оқушылар:

  • Мезозой заманында байқалған күрделі эволюциялық өзгерістерді айта алады.

Негiзгi сөздер мен тiркестер:Мезозой, триас, юра, бор, динозавр,ихтиозавр,гаттерия,протоавис,листозавр,археоптерикс,жойқын жойылу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшiн пайдалы тiлдiк бiрлiктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сiз мезозой заманының кезеңдерін ажырата білесіз бе?

Сiз мезозой заманының маңыздылығы туралы түсіндіріп бере аласыз ба?

Мезозой заманында жер бетінде қандай өзгерістер орын алады, сол

туралы айта аласыз ба?

Алдыңғы оқу

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелердi жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 мин


2 мин

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

«Тілек алқасы» әдісі. Оқушылардың мойнына түрлі түсті жіптен жасалынған алқа тағылады. Оқушылар сыныптағы оқушыға барып тілек айтып сол оқушының алқасынан жіп байлайды.

3.Топқа бөлу. Қағаздағы сөздерден тіл туралы өлең жолдарынан үзінді құрастырады. Сол бойынша топқа бөлінеді. Топтың атын қояды және ережесін жазады




А4 түрлі түсті қағаз
Сурет

Ортасы

35 мин


10 мин

5 мин


15 мин

5 мин


5 мин


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Сыныпты топқа бөлу.

1. топ Палеонтолог ғалым - Кембрий, ордовик

2. топ Археолог ғалым - Девон

3. топ Биолог ғалым -Таскөмір



ІІІ. Пысықтау. Құпия хат

1.Архей

Ежелгі заман

3600 млн жыл бұрын

2.Протерозой

Алғашқы тіршілік заманы

2600 млн жыл бұрын

3. Палеозой

Ертедегі тіршілік заманы

600 млн жыл бұрын

4. Мезозой

Ортадағы тіршілік заманы

230 млн жыл бұрын

5. Кайназой

Жаңа өмір

63 млн жыл қазіргі тіршілік
VІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы: §16. Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы мағұлмат беру

Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235, 10 — 66, 3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.

Триас жүйесі' (кезеңі)- триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр - түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Орбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.¢Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра кезеңі – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат - қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. Д .Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын - шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік - шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш - Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15 – 20 С болса, оңтүстік бағытта 18 – 20 С - қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26 – 28 С, ал тропиктік белдеуде 21 – 24 С ауқымында өзгерген.

Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.

White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.

Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.

Мезозой заманы

1. Триас кезеңі 35 млн жылға созылған

2. Юра кезеңі 60 млн жылға созылған

3. Бор кезеңі 70 млн жылға созылған

Этология - жануарлардың мінез - құлқының биологиялық негіздері туралы ғылым

Экология - организмдердің олар түзетін бірлестіктердің өзара және қоршаған ортамен қарым – қатынасы туралы ғылым

Экогигена - қоршаған ортаның тазалығын сақтау шаралары

Экологиялық мониторинг - табиғаттағы өзгерістерді бақылау, баға беру және болжау жүйелер



ІҮ. Бекіту. Зерттеушілер жаңалығы

Палентолог ғалымдарға сұрақ

1. Өсімдіктерге жасыл түс береді (Хлоропласт)

2. Амебаның қозғалуы (Жалған аяқтары)

3. Төменгі сатыдағы өсімдік (Балдыр)

4. Жасушаны алғаш көрген кім (Гук)

5. 20 - 30 метр тереңдікте өсетін балдыр (Ламинария)



Археолог ғалымдарға сұрақ

1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (Ботаника)

2. Жануарларды зерттейтін ғылым (Зоология)

3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (Микология)

4.«Тіршіліктің пайда болуы» еңбегінің авторы (Холдейн)

5. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи

сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт жүретін әрекет (Ароморфоз)

Биолог ғалымдарға сұрақ

1. Организмдердің нақты тіршілік ортасына

сәйкес алуан түрлі бейімділіктерге ие болуы

(Идиоадаптация)

2.«Құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл» деген ғалым (Ф. Реди)

3. Тіршіліктің пайда болуы неше кезеңнен тұрады ( 4)

4. Жер бетіндегі тіршілік уақыты (3 - 3, 5 млн жыл)

5. Үш есе үлкейтіп көрсететін құрал (Қол әйнек)



V. Қорытындылау.

Мезозой заманын «бауырымен жорғалаушылардың ғасыры» деп аталу себебін түсіндір...

Осы заманға сипаттама бер...

VI. Үй тапсырмасы.

Меозой заманындағы тіршіліктің дамуы.



Интерактивтi тақта

Слайд

Плакат


Аяқталуы

5 мин


ҮІI. Бағалау.

ҮІІІ. Керi байланыс

«Алақан» кері байланысы. Әр қатысушы өз алақандарын парақ бетіне салып, әрбір саусақ бөлігіне, берілген критерилер бойынша өз ойларын жазады.

Мысалы:


1.Басбармақ: Не ұнады?

2.Балан үйрек: Жаңа не білдім?

3. Ортан терек:Не жөнінде ойландыңыз?

4. Шылдыр шүмек: Өз қоржыныма не аламын?

5.Кішкентай бөбек:Не білгім келеді?

Бағалау кестесі, стикерлер

Қосымша ақпарат: Ж- жеке жұмыс, Жж-жұптық жұмыс, Тж-топтық жұмыс

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет