Сабақ №53 Күні 19. 01. 16 ж. Пән: алгебра Сынып: 7



Дата08.09.2017
өлшемі72.4 Kb.
түріСабақ
Березняк жалпы білім беру орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы:
«Екі өрнектің қосындысының және айырмасының кубы»


Өткізген: Борлат Ақерке

Қызылқайың, 2016

Сабақ № 53 Күні 19.01.16 ж.

Пән: алгебра

Сынып: 7 «А»

  


Мақсаты:

  • Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың теориялық білімдерін тұжырымдау.

  • Дамытушылық: Білетін мәліметтерді есептер шығару барысында жаңа мәліметтермен толықтыру.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды есептер шығару барысында ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру, қалыптастыру сабағы.

Оқу әдісі: Практикалық, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқулық, таратпа карточкалар, «ЭКСПО 2017» сөзі жазылған плакат, тренажерлік тест, кластер, сабақ презентациясы, картон, степлер.
Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.




Сәлеметсіңдер ме, отырыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы». Яғни қайталау сабағы.

  1. Мақсат қою кезеңі.




«Математиканы үрену – бұл есеп шығарудың идеясын аша білуге үйрену» -бұл біздің бүгінгі сабағымыздың ұстанымы болмақ. Олай болса бүгінгі сабағымызда сендердің алдарыңа мынадай мақсаттар қойылады ->

  • Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру

  • Формулаларды есептер шығаруда қолдану

  • Формулаларды теңдеулер шешу мен өрнектерді ықшамдауда қолдана алу

  • Жеке және топпен жұмыс істей білу

  1. Қызығушылықты ояту

-балар экранға қараңдаршы, мынау санның елімізде қандай оқиғаға байланысы бар. Ол туралы не білесіңдер?

Жақсы сонымен бүгінгі сабағымызды алдағы уақытта еліміздегі өзекті жобаның бірі болатын Экспо -2017 Астана көрмесіне арнайық.

Ал енді оқушылар бізде осы көрмеге өз үлесімізді қосайық. Қазір әрқайсың жобаға қатысатын инвесторлерсіңдер. Сендердің орындаған әр бір тапсырмаларыңа ұпай беріледі. Кім көп үпай жинаса, сол көрмеге ең көп үлес қосушы инвестор болып есептеледі. Олай болса алға. Мен әр тапсырманы мына тақтадағы бағалау парағына тіркеп отырамын


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Бірінші үй тапсырмасынан бастаймыз. Мен үй жұмысының жауаптарын таратам ал сендер дәптерлеріңді ауысып тексеріңдер.

Тақтадағы бағалау парағына белгілеу.

5. Өткенді қайталау.

Ал балар енді қысқаша көбету формулаларын еске түсірелік кім анықтамасын толық айтып береді сол оқушы кластер құрастырады.

Бағалау парағына белгілеу

6. Тақырып бойынша жұмыс

Жақсы барлық формуланы еске түсірдік. Енді оларды практикада қолданып көрейік. (Карточкалар тарату)

Карточкалардағы мысалдарды қатесіз орындасаңдар Экспо көрмесі туралы қызықты мағұлмат аламыз.



Бағалау парағына белгілеу

7. Сергіту сәті




8. Оқулықпен жұмыс

№ 405

№ 407


№ 408

Бағалау парағына белгілеу

9. Білімдерін пысықтау

Компьютер арқылы тест тапсыру

11.Үй тапсырмасы

№ 406

№ 408


10.Оқушыларды бағалау

Оқушылардың ұпайын санап, сәйкес баға қою

12. Қорытынды

Сонымен оқушылар көріп тұрғандай сендер де Экспо 2017 көрмесіне білімдерің арқылы өз үлестеріңді қоса алдыңдар. Әсіресе....

Еліміздің болашағы-білімді ұрпақ. Олай болса балалар білім алудан ешбір жалықпайық.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет