Сабақ №59 Химия Сынып: 10 Күні: 17. 04. 2017 Тексерілді: Тақырыбы



Дата08.06.2018
өлшемі35,35 Kb.
#41256
түріСабақ

Сабақ 59

Химия Сынып: 10 Күні: 17.04.2017

Тексерілді:

Тақырыбы:

Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы

Оқу мақсаты:

Йодты VІІ А топ элементтері ретінде сипаттау, физикалық және химиялық қасиеттерімен, практикада қолданылуымен танысу.

Алдыңғы оқу

Галогендер ХЭПЖ орны

Оқу нәтижелері

Йодтың биохимиялық маңызы, оның қосылыстары, йод тапшылығынан туындайтын аурулар түрлерін біле алады жоғары ой кеңістігін дамыту.

  1. Оқушылардың барлығы: йодтың периодтық жүйедегі орнына сай сипаттама бере алады.

  2. Басым бөлігі: йодтың физикалық қасиетін және биологиялық маңызын сипаттай алады.

  3. Кейбір оқушылар: Химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады. Есептер шығаруды біледі.

Ресурстар

Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная, Г.Абрамова. Күнтізбелік жоспар. Нұрахметов Н.Н, Қ.Б.Бекішев, Н.А. Заграничная Химия оқыту әдістемесі, Нұрахметов Н, Қ.Б.Бекішев, Н.А. Заграничная Химия, дидактикалық материалдар, Алматы «Мектеп», 2010 ж

Әдіс-тәсілдер

Ұжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақтар, өзіндік жұмыс, оқулықпен жұмыс, СТО стратегиялары

Көрнекіліктер

Кеспе қағаздар, слайд, суреттер

Жоспар

Басталуы

Қызығушылықты ояту. Ой шақыру

Жағымды психологиялық ахуал туғызу:

- оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақ бойынша "Сәттілік!" тілеймін;

-кезекшіден оқушылардың сабаққа қатысын және үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушыларға алдыңғы тарауды қорытындылау мақсатында үлестірме тапсырмалар үлестіріледі, тапсырмадағы жауабы бойынша топтарға бөлінеді.

Әрбір топқа сұрақ қою арқылы топтың атын анықтаймын.

І. Сұрақтар:


  • Дүние жүзі соғысында химиялық қару ретінде қолданған газ /хлор/

  • Жүйкені тыныштандыратын дәрі құрамына кіреді /бром/

  • Қан тоқтатын сұйықтық /йод/

  • Галогендердің ішінде тотықсыздандырғыш қасиет айқын байқалады? /фтор/

І топ: хлор ІІ топ: бром ІІІ топ: йод IV топ: фтор

ІІ. Өткенді қайталау. Үй жұмысын қайталау

Тест тапсырмасын орындау

1. Галогендер үшін дұрыс тұжырым:

а.молекулалары қ.ж екіатомды

ә.барлық галоген атомдарының жоғары валенттігі VII ге тең

б. оттекпен қосылыстарында барлық галоген атомдарының тотығу дәрежесі оң



в.барлық галоген атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейлерінде негізгі жағдайда 7 электрон болады.

2.Сәйкестендіріңіз:

1.НСІО а.хлорат

2.НСІО2 ә.перхлорат

3.НСІО3 б.гипохлорит



4.НСІО4 в. Хлорит

Жауабы: 1-б, 2-в, 3-а, 4-ә



3.Төмендегі реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттер саны:

2СаОСІ2 +СО22О = СаСО3 +СаСІ2 +2НСІО

а. 4 ә. 2 б. 10 в. 8

4. СІ22О ↔НСІ +НСІО реакция теңдеуіндегі түзілген өнімдер:

а.тұз қышқылы және хлорлы қышқыл

ә.тұз қышқылы және хлор қышқылы

б.тұз қышқылы және хлорлылау қышқылы

в.тұз қышқылы және хлорлау қышқылы



5. 1.Галогендер сумен, сутекпен, оттекпен, мырыш оксидімен, мыспен, фосформен, бензолмен әрекеттеседі. Осы тұжырымда қанша қате бар?

а. 1 ә. жоқ б. 3 в. 2

6.Адам организмінде /масса бойынша/ хлордың мөлшері ... % тең :

а. 0,5 ә. 0,2 б. 0,25 в. 0,50



7.Галогендердің ядро заряды өскен сайын атомдарының радиустары ...., себебі энергетикалық деңгей саны .......

а.артады, жоғарылайды ә.артады, төмендейді

б.төмендейді, кемиді в.кемиді, артады.



Ортасы

  1. Мағынаны тану «Жаңа сабақ құпиясы»

Ой қозғау: жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Мен ерекшемін, қара қоңыр түстімін

Тек теңіз өнімдерінен ғана табыламын

Арғы атам галоген

Мен сонда кіммін? /йод/

Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз: «Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы»

Ал, балалар, йод туралы не білесіздер?


  1. «Кітап-досың, ақылшың» «ЖИГСО» әдісі қолданады. Оқулықтағы §7.14 берілген мәтінді оқушыларға бөліп беріледі.

І топ Хлор Ашылуы, табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері «Мен туралы не білесің? әдісі

ІІ топ Бром Йодқа сапалық реакция, йодтың алынуы

ІІІ топ Йод «Фишбоун» әдісі

Проблемалық сұрақ? «Йод неліктен өмірлік маңызы бар элемент болап саналады

IV топ Фтор Йодты қайдан аламыз? Йод жетіспеушілік аурулары және оның алдын алу шаралары «Фотогалерея» әдісі

Сергіту сәті

“Тез қимылда” ойыны Оқушылар формулаларға қарап қатты зат болса – оң қолын, сұйық зат болса – сол қолын көтереді, газ болса мұрынын ұстайды. 
H2Sм,  HIм, H2SO, КIo, I2о

Жаттығулар мен тапсырмалар:


  1. Йодтың маңызды қосылыстарындағы:

І топ Хлор йодтау ангидриді І2O5;
ІІ топ Бром йодтау қышқылы HІO3;
ІІІ топ Йод калий йодаты KІO3;
IV топ Фтор йодсутек HI
йодтың массалық үлесін есептеңіздер.

  1. Төменде берілген реакция теңдеулерін электрондық балан әдісі арқылы теңестіріңіз:

І топ: Хлор I2 + HNO3 → HIO3 + NO + H2O

3I2 + 10HNO3 → 6HIO3 + 10NO + 2H2O

ІІ топ Бром  KI + H2SO4 =  K2SO4 +  I2 + H2S + H2O

8 KI + 5 H2SO4 = 4 K2SO4 + 4 I2 + H2S + 4 H2O

ІІІ топ Йод CuI + H2SO4 = I2 + CuSO4 + H2O + SO2

2 CuI + 4 H2SO4 = I2 + 2 CuSO4 + 4 H2O + 2 SO2

IV топ Фтор KI + HNO2 + H2SO4 = NO + I2 + H2O + K2SO4

2 KI + 2 HNO2 + H2SO4 = 2 NO + I2 + 2 H2O + K2SO4



  1. 6,2г натрий йодиді мен 13,7г хлордың әрекеттесуі нәтижесінде алынған йодтың массасын есептеңіз.

Қосымша тапсырма: 1 Жараларды, операция орындарын зарасыздандыру үшін 5% йод ерітіндісі қолданылады. 5%-ды 200г йод ерітіндісін дайындау үшін қанша йод және су алу қажет?

2 Йодтың ауа, оттек, сутек бойынша тыңыздығын табыңыз.




Аяқталуы

Бекіту. Ой толғаныс

СИНКВЕЙН


1 жол – зат есім  (синквейн тақырыбы)

2 жол – екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын)



  1. жол – үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)

  2. жол – сөйлем н\е фраза (тақырыпқа байланысты айтылған)

5 жол – синоним (резюме-сөз)

Мысалы, 1 жол – йод

2 жол –қатты, қара түсті металдық жылтыры бар зат


  1. жол – сутекпен әрекеттеседі, суда наша ериді, органикалық еріткіштерді ериді

  2. жол – Йод — өмірлік маңызы бар элемент.

5 жол – галоген

Қосымша: «Йод тапшылығы» бейнебаян



Бағалау: 15-18 балл – «5», 14-10 балл – «4», 9-6 балл – «3», 5-0 балл – «2»

Үйге тапсырма: §7.14 оқу, есептер жинағы 258-бет 4,5-жаттығу йодқа байланысты материалдар жинақтау /реферат, слайд дайындау/

Кері байланыс

«Сөз соңында менің айтарым... » әдісі бойынша өз ойларын білдіреді


Каталог: uploads -> doc -> 1103
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1103 -> Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет