Сабақ 6 "Б" сынып Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы



Дата07.02.2017
өлшемі10,08 Kb.
#8892
  • №1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі
  • Ашық сабақ 6 “Б” сынып
  • Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.
  • Тарих пән мұғалімі: Бақкелдиева А.
  • Сабақтың мақсаты:  Білімділік:Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып , жаңа сабақты меңгерту. Дамытушылық: Жыл мезгілдеріне , төрт түлік малға байланысты, ырым тиым беріп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту.  Тәрбиелік: Қазақ халқының салт дәстүрін, тарихын, тыныс тіршілігін білуге құрметтеуге баулу. Сабақтың әдісі: СТО старатегиясы (ой қозғау, топтастыру, кубизм, ассоциация, ойталас, қызығушылықты ояту,венн диаграммасы), шығу парағы,бағалау парағы. Сабақтың түрі: инновациялық сабақ. Оқытудың формасы: топтық жұмыс. Көрнекілігі: Интерактивті тақта , слайдтар,шар, карта. Пәнаралық байланыс: Тарих, география , әдебиет, биология, технология. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. ІI.Қызығушылығын ояту кезеңі: « Кім жылдам ?» ойыны.(әр топқа сұрақтар қойылады,тез жауап беруі керек). Ой қозғау.( оқушыларға сұрақтар қойылады, олар ойланып жауап беруі керек). а) Осыдан 3 мың жылдай бұрын Қазақстан даласындағы тіршілік орта өзгерді Адамдар соған орай шаруашылықтың қандай тәсілін ойлап тапты? б) Көшпелі мал шаруашылығы пайда болуының себептерін атап көрсетіңдер: III.Жаңа мағынаны тану: IV.Ой толғаныс. (топпен жұмыс) Топтастыру әдісі Сабақты бекіту сәті: Шығармашылық тапсырма VІ. Үйге тапсырма VІІ. Бағалау
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Қола дәуірі қай жыл аралығын қамтиды?
  • (2800-900ж)
  • Қола дәуірінде қазақстанда өнер туындылары қалыптасты?
  • (Зергерлік өнер)
  • Абыздар – дінбасылар қай дәуірде пайда болды?
  • (Қола дәуірі)
  • Беғазы – Дәндібай мәдениеті қай жерде орналасқан?
  • (Қарағанды обл. Ақтоғай кентінде 40 шақырым жерде орналасқан)
  • Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде кездеседі?
  • (Орталық Қазақстан)
  • Әлкей Марғұлан қай мәдениетті зерттеген?
  • (Беғазы – Дәндібай)
  • Беғазы – Дәндібай мәдениетінен табылған заттар қай ғасырға жатады?
  • (9-8ғ)
  • Беғазы – Дәндібай тұрғындарының кәсібі қандай болған?
  • Беғазы
  • Алғашқы адамдардың баспанасы?
  • (Үңгірлер)
  • Темір дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
  • Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі?
  • “Кім жылдам”
  • 2 кезеңге
  • Ой қозғау
  • Осыдан 3 мың жылдай бұрын Қазақстан даласындағы тіршілік орта өзгерді. Адамдар соған орай шаруашылықтың қандай тәсілін ойлап тапты?
  • III.Жаңа мағынаны тану: Жоспары:  1.Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші – қон.  2. Көшпелілердің баспанасы.  3.Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау
  • IV.Ой толғаныс. (топпен жұмыс) Жұмыс барысы: 1.Жеке жазады. 2.Шағын топта талқылайды. 3.Спикер қорғайды. Әр топтан спикер шығып, өз ойларын жеткізеді. Кубизм стратегиясы. 1. Зерттеңіз. Көшпелілер нені білуге тиіс еді зерттеп,анықтама беріндер. 2. Суреттеңіз. Көшпелілердің киіз үйі туралы суреттеп айтып беріңіз 3. Талқылаңыз. Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін талқылаңыз. 4. Салыстырыңыз. Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстырып, сипаттама беріңіз.
  • «Ой толғаныс» Топтық жұмыс І-топ. «көшпелілік», «отырықшылық», «күздеу», «жайлау» сөздеріне сипаттама. ІІ-топ. Жылдың төрт мезгіліне немесе төрт түлікке байланысты мақал – мәтелдер. ІІІ-топ. Жылдың төрт мезгілі тақырыбына арналған өлең жолдарын айтып беріңдер. IV- топ.Төрт түлікке байланысты жұмбақтар айтып беріңдер.
  • Сабақты бекіту сәті. Шығармашылық тапсырма 1-тапсырма а) Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі малшылық үшін таңдаған мал түрлерін жазыңдар. 1._____________________________ 2.______________________________ 3.______________________________ 4.______________________________ б)Олар неліктен осы малдарды таңдады? ____________________________________________ ____________________________________________ 2-тапсырма. Қойлар, жылқылар тебіндеп жайылады.Тебіндеп жайылу деген не? ____________________________________________________________ 3-тапсырма. Сөз табыңдар: «КӨШПЕЛІ» сөзінің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз құрап көріңдер.
  • Үйге тапсырма: 1. «Көшпелі өмір салт» тақырыбына тарихи эссе жазу. 2. “Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы, шаруашылықтың негізгі түрлері”
  • тақырыбын мазмұндау.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет