Сабақ 6-сынып Пәні: ф изикалық география



бет1/3
Дата29.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#12632
түріСабақ
  1   2   3
Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі

Ашық сабақ

6-сынып

Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.

Өткізген: География пәні мұғалімі: Искаков Н.Н


2014/2015 оқу жылы

Тақырып: Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін арттырып білімділігін дамыту. , 3.Тәрбиелілігі:ынтымқтыққа тәрбиелеу. ізденімпаздыққа баулу,суды қорғауға,оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Қазақстанның физикалық картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, корточка.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: жаңа сабақты көрнекіліктерді қолдану арқылы түсіндіру, баяндау,картамен жұмыс, сұрақ-жауап,сөзжұмбақ,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Сұрақ-жауап

1. Көлдер дегеніміз не және сіз қандай көлдерді білесіз?

Ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуына байланысты тектоникалық, мұздық, мұздық - тектоникалық, қалдық (реликт), карсты, жанартаулық т. б. болып бөлінеді. Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі шығу тегі жағынан тектоникалық көл болып табылады

2. Жер асты сулары дегеніміз не және олардың түрлері?

Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.Жер асты сулары. Дүние жүзіндегі қалаларда 70 %- дан астамы сумен жер асты суы есебінен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарында жер асты суы көп пайдаланатын аудандарда грунт суының деңгейі төмендеп, оның ластануы байқалуда.

3.Мұздықтар дегеніміз не және қандай мұздықтарды білесіз?
Мұздық деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабатын атайды. Аляскадағы Хабборт мұздығының ұзындығы 145 км - ге жетеді.

4.Қазақстанның көлдері жайлы не білесіз?
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдер басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% алып жатыр.
- Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар, ҚР 45%
- Орталық және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 17550 көл, 36%
5.Қазақстанның мұздықтары жайлы не білесіз?

Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, Ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады. Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14 км ауданы 36 км², мұздың қалыңдығы шамамен 300 м-дей. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м.
ІІІ. Мақал - мәтел
Су туралы мақал-мәтелдерді аяқтау.

  1. Судың кепкені -…………………………………….

  2. Сулы жер — ………………………………………….

  3. Су тіршілік — ………………………………………………………….

  4. Сусыз өмір жоқ — ………………. ……………………

  5. Су-ырыстың көзі — ………………………………………………

  6. Түнгі су-су — ……………………………………………………


ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:(Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

1.Су қабығы?(Гидросфера)

2.Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?(Мұхит,өзен,теңіз,көл және мұздықтар)

3.Судың негізгі қасиеттері қандай?



4.Суды құрамына қарай нешеге бөлеміз?(Ащы және тұщы)
Жаснды су қоймалары.


Тоғандар

Каналдар

Бөгендер


Бөгендер жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады . Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді:

50 км2-ге дейін - кіші

250 км2-ге дейін - орта

1000 км2-ге дейін - ірі

одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км2 тұщы су жиналған. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Шерубай-Нұра, Кеңгір және т.б.

Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамассыз етеді. Бөгенге жиналған су СЭС-тердің турбиналарын айналдырады. Су жол қатынасы үшін де бөгеннің маңызы үлкен. К а н а л дегеніміз жасанды өзен. Адамның қолымен жасалған арнаға өзен немесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзен мен екінші өзен жүйесі жалғасып қолайлы жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Бұған Ертіс-Қарағанды каналы мысал бола алады. Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м. Ал тереңдігі 5-7 м



Адамзат тарихында адам қолымен жасалған каналдар көп: Мысалы Ұлы Қытай каналы 5 ғасырда жасалған. Ұзындығы 1776 км. Бұл канал әлі күнге дейін Қытай халқы үшін маңызды канал болып саналады.

Египеттегі Суэц каналы 1859-1869 жылдар аралығында жасалған жалпы ұзындығы 193 км. Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғау арқылы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитын жалғайтын ең қысқа жол болып саналады. Бұл канал Египет мемлекеті үшін өте маңызды, себебі мемлекетке мұнайдан кейінгі пайда осы каналдан түсіп отыр.
Каталог: uploads -> doc -> 0ad9
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ad9 -> Білім беру саласы: «Шығармашылық«, «Әлеуметтік» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология, жапсыру
0ad9 -> Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: Күні: Бекітемін: С. Мажитова
0ad9 -> Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің айнымалы типтері Сілтеме
0ad9 -> «Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»
0ad9 -> Сабақтың тақырыбы: Виложарыс жеңімпазы (Күрделі етістік) Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет