Сабақ №66 Өту мерзімі: Топ: Сабақтың тақырыбы



Дата24.04.2017
өлшемі205,88 Kb.
#15140
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ № 66

Өту мерзімі:

Топ:

Сабақтың тақырыбы:

Антропогенез – адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге адамның шығу тегі мен эволюциясы, антропогенездің қозғаушы күштері, нәсілдер туралы түсінік беру.Анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерін салыстыруға,талдауға үйрету. Адамдардың қоғамдағы орны,халықтар арасындағы достық қарым-қатнастарды көрсету.

Дамыту:

Студенттердің логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру және дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік:

Студенттерді ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, жылы достық қарым-қатнасқа тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Құзыреттіліктер

Базалық:

өмір бойы білім мен дағдыларды жаңарту; мінез- құлық мәдениетін сақтау;

коммуникативті әдеттерді ұстану; нәтижеге қарай сапалы жұмыс істеу.



Сабақ типі:

аралас.

Құрал-жабдықтар:

сызбалар,таратпалар, презентация.

Пәнаралық байланыс:

биология,геология, тарихи геология,әдебиет,география

Оқыту әдістері:

түсіндірмелі-әңгіме, пікірталас.


Сабақ барысы

р/с №

Сабақ кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны



Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа даярлығын тексеру.




Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Антропогенез – адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім.



Үй жұмысын тексеру

Ауызша жалпы сұрау

  1. Қанша заман бар, олар қалай аталады?

  2. Архейде пайда болған прокариоттар туралы айтындар. Прокариоттар деп аталу себебін түсіндіріңдер.

  3. Протерозой заманында тіршілік еткен жануарларды атаңдар.

  4. Архей заманының ерекшеліктерін тізіп көрсетіңдер.

  5. Протерозой заманының ерекшеліктері және өсімдіктерін сипаттаңдар.

  6. Палеозой заманында қанша кезең бар және олар қалай аталады?

  7. Силур мен девонда пайда болған өсімдіктер мен жануарлардың түрлері.

  8. Мезозойда қандай өсімдіктер кең таралды? Негізгі себебін түсіндіріңдер.

  9. Триас кезеңінде дамыған жануарлар туралы айтыңдар.

  10. Алғашқы сүтқоректілер мезозойдың қай кезеңінде шықты: оның кең таралып кете алмауының себебін түсіндіріңдер.

  11. Кайназой заманын неліктен «жаңа өмір заманы» дейді?

  12. Адам қашан пайда болды?

Таратпа материалмен жұмыстар «Тізбекті жалғастыр» ойыны


р\с

Заман, ұзақтығы

кезең

Болған маңызды өзгерістер

1

архей







2

протерозой







3

палеозой

кембрий




4

ордовик




5

силур




6

девон




7

Тас көмір




8

пермь




9

мезозой

триас




10

юра




11

бор




12

кайназой

палеоген




13

неоген




14

антропоген





«Эстафета» ойыны 1 топ

Рет саны

Төмендегі өсімдіктер мен жануарлар

қай кезеңде дамыған?

Пайда болған кезең

1

археоптерикс

юра

2

адам

антропоген

3

динозаврлар

юра

4

ашықтұқымдылар

пермь

5

псилофиттер

силур

6

гаттерия

триас

7

қырықбуындар

девон

8

стромолиттер

архей

9

бактериялар

архей

10

Бунақденелілер:минога,миксиналар

силур

11

шыбын

бор

12

тасбақалар

бор

«Эстафета» ойыны 2 топ

Рет саны

Төмендегі өсімдіктер мен жануарлар

қай кезеңде дамыған?

Пайда болған кезең

1

гаттерия

триас

2

архозаврлар

бор

3

гүлдер

бор

4

папортниктер

девон

5

Бал арасы

бор

6

латимерия

триас

7

сәулеқанаттылар

девон

8

ұлулар




9

губкалар

протерозой

10

Теңіз кірпісі

кембрий

11

ихтиозаврлар

бор

12

өрмекшілер

силур

«Эстафета» ойыны 3 топ

Рет саны

Төмендегі өсімдіктер мен жануарлар

қай кезеңде дамыған?



Пайда болған кезең

1

оттегі

протерозой

2

брахиозавр

юра

3

түйеқұстар

палеоген

4

плаундар

девон

5

Адамтектес маймыл

палеоген

6

прокариоттар

архей

7

көбелектер

бор

8

Сауытты балықтар

силур

9

трилобиттер

пермь

10

Көк жасыл балдырлар

протерозой

11

жабықтұқымдылар

юра

12

бақакесіртке

пермь

Білімді бағалау, нақтылау.



Студенттердің білімін өзектілеу.

Адам қайдан жаралған?

Осынау бір сұрақты

Топшылаймыз сан-алуан,

Жауабы жоқ тұрақты.


Ұғынамыз ғылымнан,

Топшылаймыз діндерден.

Адам қайдан туылған?

Тәйірі, оны кім көрген.


Судан ба әлде оттан ба,

Жерден бе әлде күннен бе?

Бардан ба әлде жоқтан ба,

Маймылдан ба, пілден бе?





Жаңа білімді игеру.

Жоспар:

  1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар

  2. Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

  3. Антропогенездің қозғалушы күштер

  4. Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау



Бекіту.

Бекіту сұрақтары:

  1. Антропогенез нені зерттейді?

  2. Рудиментті мүшелер дегеніміз қандай мүшелер?

  3. Жануарлар мен адам ұрықтарының дамуында қандай ұқсас белгілер бар?

  4. Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін атаңдар.

  5. Адамның дене құрылысында адамтектес маймылдардан қандай айырмашылықтары бар?

  6. Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?

  7. Ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары алғаш қай жерлерден табылған?

  8. Ертедегі адамдардың дене құрылысындағы басты белгілерді атаңдар.

  9. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылған?

  10. Адам эволюциясындағы биологиялық факторларды атаңдар.

  11. Адамның тік жүруіне байланысты дене құрылысында қандай белгілер қалыптасқан?

  12. Қазіргі кезде қандай әлеуметтік фактор шешуші рөл атқарады?

  13. "Нәсіл" деген ұғымға анықтама беріңдер.

  14. Нәсілшілділік көзқарас деген нені білдіреді?


Кестелер толтыру

Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар мен пікірлерді айтқан

ғалымдарды жазыңыз:

Пікірлері мен көзқарастары

Ғалымдардың аты-жөні

Приматология ғылымымен айналысты. Орангутандар туралы еңбек жазды.

Ж.Бюффен

Адам адамтектес маймылдардан шыққан, адам мен маймыл арасында өтпелі форма болуы мүмкін деген.

Ж.Б.Ламарк

Қазба қалдықтар, тастан жасалған құралдардың қазбаларын зерттеп, мамонттардың кезімен сәйкес зерттеді

Буше де Перта

“Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі”, “адамды адам еткен- еңбек” түсінігін тұжырымдады

Ф.Энгельс

Адамның дамуындағы әлеуметтік фактордың рөлі, “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” атты еңбекті жазды

Ч.Дарвин

Антропология терминін алғаш ғылымға енгізді

Аристотель

Адамдарды сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, саналы адам түріне жатқызды

К.Линней


«Қызыл жасыл» ойыны

Дұрыс жауапқа жасыл, қате жауапқа қызыл карточка көтеру



  1. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады. +

  2. Антропология сөзі гректің «οἶκος» - «уй, баспана», «logos» - «ілім» деген сөздерінен алынып, «адам туралы ғылым» деген ұғымды білдіреді. Антропология терминін алғаш ғылымға Ч.Дарвин енгізді.

  3. Ф.Энгельс“Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі”, “адамды адам еткен- еңбек” түсінігін тұжырымдады. +

  4. Адамдар қосмекенділер отрядына, бауырымен жорғалаушылар класына жатады.

Сызба құрастыру

Ертедегі адамдарды дене құрлысы, өмір сүру салты бойынша салыстырыңдар



1 топ

Ежелгі адамдар

2 топ

Ертедегі адамдар

3 топ

Осы заманғы адамдар

Архантроптар питекантроп, синантроптар

Палеонтроптар

неандертальдықтар



неонтроптар

кроманьондықтар



Пікірталас «Адам қайдан жаралған?»

Адам қайдан жаралған?

Осынау бір сұрақты

Топшылаймыз сан-алуан,

Жауабы жоқ тұрақты.
Ұғынамыз ғылымнан,

Топшылаймыз діндерден.

Адам қайдан туылған?

Тәйірі, оны кім көрген.


Судан ба әлде оттан ба,

Жерден бе әлде күннен бе?

Бардан ба әлде жоқтан ба,

Маймылдан ба, пілден бе?


Әр нәрсеге үңілдік,

Ұқсап бақтық әркімге.

Ақыры кеп жүгіндік,

«Ғұлама» шал Дарвинге.


…Мен адамнан жаралдым,

Ниетім жоқ айнуға.

Баласымын адамның,

Ұқсағым жоқ маймылға

(Кісі емеспін, Адаммын)

М. Мақатаев





Үй тапсырмасы

Конспект оқу, 6тарау, §28-32, Биология оқулығы Р.Сәтімбекова 11 кл



Қорытындылау

Бағалау

Рефлексия




Тақырып 3.12 Антропогенез – адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім.

Жоспар:

  1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар

  2. Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

  3. Антропогенездің қозғалушы күштер

  4. Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің «anthropos» - «адам», «logos» - «ілім» деген сөздерінен алынып, «адам туралы ғылым» деген ұғымды білдіреді. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Антрополгия ғылымының негізгі бір саласы – антропогенез. Ол адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін және нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.

Адам ұрығының даму кезеңінде барлық хордалы дануарларға тән белгілер – хорда, жүйке түтігі және жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылаулары болады. Бұл белгілер адамның басқа хордалы жануарлармен арғы тегінің бір екендігін дәлелдейді.

Омыртқа жотасының, жұп қолдары мен жұп аяқтарының болуы, жүрегінің кеуде жағында орналасуы, адамның омыртқалылар тип тармағына жататынына дәлел. Адамның да жүрегі 4 қуысты (камералы), ми қыртысы өте жақсы дамыған, сүт бездері, денесінде түктері бар. Тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ және азу тістер) бөлінген. Бұл белгілер адамның сүтқоректілер класына жататындығын айғақтай түседі.

Адам ұрығы анасының арнайы мүшесі – жатырда дамиды және ол ұрықжолдасы арқылы қоректенеді. Бұл белгілер сүтқоректілер класының ұрықжолдастылар (плаценталылар) класс тармағына жататынын білдіреді. Адамның басбармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан, саусақтарында тырнақтары, бұғана бұғана сүйегі бар, сүт тістері тұрақты тістермен алмасады. Бұл белгілері адамның маймылдар (приматтар) отрядына жататынын көрсеиеді. Адам қаны да 4 топқа бөлінген, ымдау бұлшық еттері жақсы дамыған. Бұл белгілер – адамның адамтектес маймылдар отряд тармағына және олардың тартанаулылар тобына жататынын дәлелдейді.

Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелерінің құрылысына бір-біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша – «rudimentum» арғы тегінен қалған қалдық белгілер) мүшелерді жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90-ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшық бөлімін, соқырішекті, т.б. жатады.

Адам мен омыртқалы жануарлардың ұрықтарының дамуында да көптеген ұқсаст белгілер бар. Адам ұрпағының ең алғашқы кезеңі ұрықтанған жұмыртқа жасушасы – зиготадан басталады. Ұрықтың бұл кезеңі бір жасушалы қарапайым жануарларгға ұқсайды, келесі кезеңде ұрық бөлшектену арқылы бір қабатты көп жасушалы (клеткалы) бластулаға айналады. Бластула (шоғырлы) қарапайым жануар – вольвокске ұқсайды. Ұрықтың ары қарай дамуы кезінде екі қабатты көп жасушалы гаструла пайда болады. Гаструла көп жасушалы денесі екі қабаттан тұратын ішекқуыстыларға ұқсайды. Ұрықтың дамы барысында бірте-бірте балықтарға ұқсас жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады. Ұрықтың жүрегі алғашында қабырғасы оқтын-оқтын жиырылып-босаңсып тұратын, қандауыршаның құрсақ қолқа мен қан тамырына ұқсайды.

Адам ұрығындағы мидың дамуы да алғашында үш, келесі кезеңінде балықтың миына ұқсас бес көпіршіктен тұрады. бірте-бірте алдыңғы ми сыңарлары бірнеше бөліктерге бөлініп, оның сыртында ми қыртысы түзіледі. Ми қыртысындағы көптеген иірімдер, сайшалар мидың беттік көлемін ұлғайтады. Ұрықтың алғашқы даму кезінде клоаканың пайда болуы да, адамның жануарларға ұқсастығын дәлелдей түседі.

Адам және адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері:



  1. Сыртқы құрылысында

  2. Мінез құлығында

  3. Көңіл күйінің өзгеруінде

  4. Ұрпақтарына қамқорлық жасауында

  5. Жүйке жүйесі

  6. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған

  7. Сезім мүшелері

  8. Терісінің құрылысы

  9. Қан топтары

  10. Жалпы аурулары және оларды денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады

  11. Қабырғаларының саны 12-13 жұп

  12. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар.

Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір-біріне жақын екенідігін дәлелдей түседі.
13 сызба













Адам эволюциясының қозғаушы күштері





































































































































Биологиялық










Әлеуметтік










































































































Тіршілік үшін күрес




Тұқым қуалайтын өзгергіштік




Табиғи сұрыпталу













Еңбек әрекеті




Ақыл-ой, сана




Сөз




Еңбектің қоғамдық сипаты





























































































































































































Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүейелеуде саналы адам (Homo sapiens) деп айырықша құрметті атаумен атайды. Бұл атаудан адамның басқа да организмдерден ақыл-ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын байқалады.

Қазіргі адамдардың әр түрлі құрлықтарда тіршілік етуіне қарамастан, олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей. Әрбір жеке адамның өсіп дамуы, биологиялық заңдылықтар бойынша жүріп отырады. Барлық адамдардың жалпы дене құрылысы мен ақыл-ойының дамуы бір-біріне ұқсас.

Қазіргі кезде адамдар үш нәсілге (еуропеоидтік, монголоидтік, негроидтік) бөлінеді.

Нәсілдердің шығу тегі туралы моноцентризм және полицентризм тұжырымдары бар.

Қазіргі кезде көптеген ғалымдар моноцентризм тұжырымын қолдайды.



Әлеуметтік дарвинизм теориясы – табиғат заңдылықтарын қоғамға пайдалануға ұмтылған теріс пиғылдағы теория.


Оқытушы: Оспанова А.К. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________

Каталог: uploads -> doc -> 0b73
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b73 -> ОҚушылардың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру «Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға»
0b73 -> Ұйымдастырылдған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы
0b73 -> 85 лет великому акыну М. Макатаеву. Цели


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет