Сабақ №9 Сабақтың тақырыбы : Кешірімділік-көңіл кеңдігі. Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиет і:ізгілік,мейірімділік



Дата25.08.2017
өлшемі168,54 Kb.
#27645
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Бекітемін:

Мектеп : Ш.Еркінов орта Мерзiмі: 7.11.2016 ж .сабақ №9

Сабақтың тақырыбы: Кешірімділік-көңіл кеңдігі.

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеті:ізгілік,мейірімділік.

Мұғалім:Нұрғалиева Гүлдана Сынып: 8 «ә,б» Оқушы саны:18


Сабақтың мақсаты:

Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен,түсінісушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету.



Міндеттері:

-«Кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру;

-Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;

-Кешірімділікке тәрбиелеу.



Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталау.Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талдау:


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Пікір алысу» стратегиясы


Ш.Құдайбердиевтің «Талап пен ақыл» өлеңін оқып сұрақтарға жауап беру.36-37 бет. «Өзін-өзі тану» оқулығы.8-сынып

-Талаптың неше түрлі ноқтасы бар?

-Оларды ата?

-Талап пен ақыл қандай қасиеттер?





3.Дәйексөз

« Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқт,кемшілігі жоқ адамда болмайды». Лютер

-Хормен оқыту.Ұл бала мен қыз балаға бөлек оқыту.

-Жұмыс дәптерге жаздыру.

-Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?

-Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып,қорытындылау.




4.Әңгімелеу (мұғалім сыйы).

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағанды,ұрлық қылған кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. 


- Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді. 
- Бұл қолда менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға. 
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.

  • Адам баласы не үшін өмір сүреді?

  • Өмір адамға несімен қымбат?

  • Сенің өмірдегі мақсатың қандай?

  • Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?






5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3-топқа топтастырып,біріктіремін.Жайлы баяу әуен қойылады.Жұмыс жасу үшін 8-10 минут уақыт беріледі.

Берілген өлең жолдарын оқыңдар.Ондағы ой тұжырымдарды көзқарас-себеп-мысал- қорытындылау әдісін пайдаланып,өз пікірлерін айту.

Ә.Рудаки

Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі,

Қарап тұрсаң,өмір-ақыл теңізі.

Өмір айтты:бақытты деп өзгелер,

Күйінбесең,саған рақат кез келер.

Қанағат көр басындағы бағыңды,

Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды.

Өмір айтты:

Тоқтата біл ашуды,

Опа таппас бұл дүниеде ашынған.

Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,

Бұғаулатар екі аяғын түбінде.



М.Мақатаев

Өкінбе,өкпелеме бүгініңе,

Өмір,өмір

Болмайды түңілуге.

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып,қақың бар жүгіруге.



Д.Байрон

Жауымыз досқа айналса-сол ғанибет!

Сонымен солай қалса-абырой,құрмет!

Жаманы өшігудің-кекке айналу,

Бір кешіп,өшігуге қайта бару.

«Ребус шешейік»






6.Топпен ән айту.

Т.Молдағалиев. «Адам»

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін,

Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы:

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң,

Мақсатқа жетейік ,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін

Сәл қуанса шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.





7.Үй тапсырмасы.

«Өзін-өзі тану» оқулығы.8-сынып.№10 сабақ. А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 43- бет.

Сұрақтар:


  • Мәтіннің ең басты мағынасы неде?

  • Кешіре білген адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

  • Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өкпе, реніш, ашу адам өмірін неге әкеп соқтырады?

  • Өзгелерді кешіргенде бойымыздан не байқалады?



8. Соңғы тыныштық сәтi.

Оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі, баяу музыка қоюға болады.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет